І тарау. Педагогтың КӘсіби дамуының теориялық негіздері



бет5/15
Дата23.05.2022
өлшемі93,72 Kb.
#35339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Куурсовой Аяжаннн (1) — копия

Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның тұлғалығын алдына қойған мақсатына
сәйкес қалыптастыруы.
Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілік өзінің қателіктерін саналы ұғынудан
басталады. Өзін-өзі тәрбилеу даралық ерекшеліктерін, қабілеттерін
және мүмкіндіктерін дұрыс талдамай жүргізуге болмайды. Өзін-өзі
тәрбиелеу адам өмірінде үздіксіз жасалады. Өзін-өзі тәрбиелеуді
осылайша түсіну, жалпы түрде, екі негізгі жайтты белгілейді:
- біріншіден; адамның өз жеке басы бойынша жұмысы ерекше
түрдегі іс-әрекет болып табылады;
- екіншіден: өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі өзгертудің ең жоғары
деңгейі болып табылады, бұл тұлғаның саналы да мақсатқа
бағытталған өзін-өзі өзгертуі. Ал кез келген іс-әрекет үшін, әсіресе
өзін-өзі өзгертудегі іс-әрекет үшін жеткілікті дәрежеде дамыған ерік
қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білімдерін жетілдіру - жеке
адамның өзі басқаратын мақсатты танымдық іс-әрекеті; ғылымның,
техниканың, мәдениеттің, саяси өмірдің және т.б. қандай да бар
саласынан жүйелі түрде білім алуы. Өздігінен білімін жетілдіру - өзін-өзі
тәрбиелеу құралдарының бірі. Өздігінен білімін жетілдірудің
нысандары сан алуан. Адамның өздігінен білімін жетілдірудегі мақсаты -
біліктілігін (мамандығын) немесе білім деңгейін көтеру.
1.2. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрылымы
Жаңа психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау қазіргі
уақытта «күзыреттілік» түсінігінің мәнін анықтау процесінде, оның
құрылысы мен мазмұнын толықтыруда бірліктің жоқтығын белгілеуге
мүмкіндікбереді. Көп жағдайда бұл түсінік біліктілік пен кәсіпқойлықтың
жоғары деңгейін көрсету үшін қолданылады. Кейбір авторлар «кәсіби
құзыреттілік» ұғымын түсіндіруде кәсіби іс-әрекетке дайындық түсінігімен
(В.А.Сластенин, Н.Н.Лобанова, А.И.Панарин және тағы басқалар),
сондай-ақ педагогикалық кәсіпқойлық (А.И.Пискунов, В.В.Косарев және
тағы басқалар) түсінігімен өзара байланыстырады.
Егер де құзыреттілікті кәсіпқойлық жүйесіндегі орнын анықтауға
тырыссақ, онда ол мамандықты меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейін
көрсететін орындағыштық пен жетілгендік арасында; көптеген авторлармен
белгілі бір іс-орекетті орындауға дайындық ретінде жеке тұлғаның
«тұлғаның ішкі дайындығы», өзгеше «алдын ала дайындық» жағдайы мен
шеберлігі арасында болады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі туралы барлық
түсініктерді оқу барысында оның бірқатар маңызды өзгерістерге
ұшырағандығын анықтауға болады: мұғалім жеке тұлғасыныңпедагогикалық
бағыттылығын қалыптастыру негізін өңдеуден бастап, сонымен қатар жеке
тұлғаның толығымен және оныңбойындағы кәсіби маңызды
қасиеттердің, педагогикалық шығармашылық көздерінмәнін анықтауға,
мұғалімкәсібиіс-әрекетініңпсихологиялық негізінталдауға(Л.С.Выготский,
А.Н.Леонтьев,А.М.Матюшкин, С.Л.Рубинштейн,Д.Б.Эльконин және тағы
басқалар) және педагогтың кәсіпқойлығын қалыптастыру
(Е.В.Андриенко,К.А.Абульханова,В. В.Косарев, Н.В.Кузьмина,
А.И.Пискунов және тағы басқалар) сұрақтарына дейін өзгеріп
отырды.
Ғылымдағы кәсіби құзыреттілікмәселесінзерттеугедеген
қызығушылық бір өшіп немесе бір жаңа күшпен қайта жандана түседі.
Құзыреттілікті теориялық қамту жәнеолардытәжірибе жүзінде
қалыптастыру сияқты сұрақтарға зерттеушілердің назарын аудару әдетте
экономикамызда, мәдениет пен білім беру саласында болып жатқан
дағдарыстық жағдайларға сай келеді. Осы кезеңдері зерттеушілер жеке
тұлға құрылысындағы ерекше компоненттерді шығаруға көп көңіл
аударды. Бұл компоненттер жеке тұлғаға әлеуметтік өзгерістерге
бейімделуге, білімін толықтыру үшін ішкі ресурстарды табу, кәсіби
іскерліктерін қазіргі жағдайға сәйкес өзгертуге, жаңартуға мүмкіндік беруі
тиіс.
XX ғасырдың70-90-жылдары отандық ғалымдардың Н.В.Кузьмина
А.К.Маркова, И. А.Зимняя және тағы басқалардың зерттеулерінде
құзыреттілік педагогикалықүрдісті басқару менпедагогтың кәсіби іс-
әрекетін қамтитын білім берудің жаңа мақсаты,маңызды компоненті ретінде
қарастырылды.
Кәсіби-педагогикалық құзыреттілік геноныңжекетүрлері
В.А.Адольфтың, Е.В.Бондарев - скаяның, Н.В.Кузьминаның және тағы
басқалардың ғылыми жұмыстарында, сонымен бірге педагогтың кәсіби
құзыреттілігінің басқа да аспектілерін К.А.Абульханова, Н.В.Кузьмина,
М.В.Прохорова, Е.И.Рогов, Д.С.Савельев, В.А.Сластенин, Н.Ф.Талызина,
А.И.Шербаков кәне тағы басқалар зерттеген.
Ғалымдар көбінесе кәсіби құзыреттіліктің жеке жақтарын оқуға көп
көңіл бөледі. Мысалы, Н.В.Кузьмина әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-
педагогикалық, әдістемелік және құзыреттіліктің басқа да түрлеріне.
М.В.Прохорова - басқару құзыреттілігіне, Е.В.Нәбиева университет
студенттерінің педагогикалық зерттеу құзыреттілігіне назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет