Compete- негізгі латын термині, ол «білу», «істей білу» және «табысқа
жету» дегенді білдіреді. Бұл мағыналар жалпы түрдегі құзыреттіліктің мәнін ашады. Кәсіби құзыреттілік категориясын әрі қарай өңдеу үшін, берілген мағыналарды нақтылап, ашып қарастыру қажет және оларды жалпы логикалық бір жүйеге біріктіру керек. Білу кәсіби функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті объективті дұрыс
және накты білімді ғана емес, сонымен бірге білім мен іскерлікті қолдануға бағыттап, объективті маңызды болып саналатын құндылықтарды білдіреді. Істей білу педагогикалық үрдісті жүзеге асыруда операциялы
түріндегі әдістерді орындауды ғана емес, сонымен қатар субъект болатын адамның негізгі іскерлігі, өзінің ішкі, рухани тәжірибесінде қалай болса, тура солай сыртқы кәсіби ( педагогикалық ) болмысында өз бетінше және саналы түрде өз тағдырын өзі анықтай білуі. Табысқа жету белгілі бір заңдылыктар, өнегелілік пен мәдениет
аумағында өзінің алға қойған мақсаттарына жете білуіскерлігін білдіреді. Н.В.Кузьмина еңбектін нәтижесі мен оның кәсіби құзыреттілігіне әсер ететін, педагогикалық қызметкерлердіңмаңызды сипаттамасыныңқатарында педаготтың кәсіби іс-әрекетінің сапасы,оның шеберлігі менкәсіпкойлығы, педагогикалық қабілеттер мен педагогқа қойылатын талаптар бойынша сұрақтарды зерттеп қарастырады.Ол педагогикалық құзыреттіліктің негізгі элементтері ретінде келесілерді атап көрсетеді: оқытылатын пәннің аумағындағы арнайы құзыреттілік, оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысының қалыптасу әдістерінін аймағындағы әдістемелік құзыреттілік; оқыту аймағындағы психологиялық-педагогикалық құзыреттілік; оқушылардың қабілеттері, бағыт-бағдары мен себептері аймағындағы дифференциалды-психологиялық және аутопсихологиялық құзыретті- ліктерді қарастырады. Арнайы құзыреттілік оқыту жүргізілетін белгілі бір мамандық
немесе окытылатын пән бойынша терең білімдерді, біліктілік пен өндірістік іс--әрекет тәжірибесін; нақты бір өндіріспен байланысты техникалық шығармашылық есептерді шешу әдістерін білуді қарастырады. Әдістемелік құзыреттілік оқытудың алуан түрлі әдістерін меңгеруі,
дидактикалық әдістер мен тәсілдерді білуі және оқыту үрдісінде оларды қолдана білу іскерлігі, оқыту үрдісінде білім мен іскерлікті меңгерудің психологиялық механизмдерін білуді карастырады. Психологиялық –құзыреттілікпедагогикалықдиагностиканы
меңгеруді, оқушылармен педагогикалық мақсатқа сәйкес қатынасты құра білу іскерлігі, педагогикалық диагностика нәтижелерінің негізінде жеке жұмыстарды жүзеге асыруды жобалайды; сонымен қатар жас ерекшелік психологиясын білуі, педагогикалық және жеке тұлғалар арасындағы қатынас, оқытылатын пәнге немесе оқушылардың таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылықтарын туғыза білу және оларды әрі қарай дамыту іскерлігі жатады. Дифференциалды - психологиялық құзыреттілік оқушыларға
нұсқау және бағыт-бағдар беру, олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін көрсете білу іскерлігі, адамдардың эмоционалды жағдайын анықтай білуі; окушылармен, ұжыммен және басқарушылармен сауатты қарым-қатынасты құра білу іскерлігі жатады. Аутопсихологиялық құзыреттілікөз әрекетіндегі өз қабілеттерінің
деңгейін саналы түрде меңгеру іскерлігін; кәсіби өздігінен жетілу әдістері туралы білуді; өзінде және өзінің жұмысында жіберген кемшіліктердің себептерін көре білу іскерлігін; өздігінен жетілуге ұмтылуды жобалайды. Жоғарыда аталған құзыреттіліктердің барлығы, біздің пікірімізше, болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізі бола алады. Себебі арнайы құзыреттілік бойынша студенттердің пән бойынша білімі, білігі қалыптасады; әдістемелік құзыреттілік процесінде дидактикалық әдіс-тәсілдерді меңгереді; психологиялық- педагогикалыққұзыреттілік негізінде қарым-қатынас мәдениетін игеріп, мамандыққадеген қызығушылықтары артады; дифференциалды – психологиялыққұзыреттілікстуденттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін көрсетіп, оларға бағыт бағдар беруіне ықпал етеді; ал аутопсихологиялық құзыреттллік өздігінен білім алу нәтижесінде студенттердің кәсіби өзіндік жетілуіне, дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіби құзыреттіліктің әр түрлі аспектілерін зерттеу де жүргізілді. Мысалы, М.И. Лукьяновакәсіби құзыреттілікті жоғарылату мәселесін белсендіре отырып,онда психологиялық- педагогикалық құзыреттілікті атап көрсетеді. Себебі, оның пікірінше, білімберудегі ізгілендіру идеяларының таралуына байланысты, оны неғұрлыммаңызды және жалпы кәсіби құзыреттіліктің салыстырмалы дербес құрылысы деп санайды. Болашақта маңызды және кәсіби құзыреттіліктіңқұрылысындағы салыстырмалы дербес жүйесі ретінде психологиялық- педагогикалық құзыреттілік ерекше түрдегі қабілеттілік ретінде көрсетеді және ерскше жағдайларда басқа адамдармен өзара қарым- қатынас жасау мен педагогтың мүмкіндіктерін білдіреді. М.И.Лукьяновапсихологиялық -педагогикалық құзыреттілікті педагогикалық іс-әрекеткекәсіби дайындығының жоғары деңгейі ретінде жеке тұлғаның белгілі бірқасиеттерінің жиынтығы және білім беру үрдісінде оқушылармен тиімдіөзара қарым-қатынас деп түсінеді. Онын негізгі компоненттері ретіндепсихологиялық- педагогикалық бейімделудің үш блогын көрсетеді:
сауаттылық, яғни жалпы кәсіби деп қабылданған білімдер;
іскерлік, педагогикалықіс-әрекетіндежәнеөзара
әрекеттестікті ұйымдастыруда мұғалім өзінің бойындағы бар білімді қолдану кабілеті;
тұлғалықкәсіби маңызды қасиеттер, педагогикалық іс-
әрекет үрдісінің өзінен ажыратылмайтындай болуы. Берілген түрдегі құзыреттіліктің мәндік сипаттамасын, автордың пікірі бойынша, өз еңбегінің негізгі құндылығы ретінде оқушыға бағыттылық, сонымен бірге өзін-өзі тану мен өзін-өзі өзгерту қажеттілігі оқыту-тәрбиелеу әрекетінің тәсілдері, жеке тұлғаның даму заңдылықтарын ескеріп, оқушыларға әсер ету әдістері құрайды. Ал кұзыреттіліктің жүйені құраушы элементі ретінде мұғалімнің жеке тұлғалық кәсіби маңызды қасиеттері алға шығады. Біздін пікірімізше автор құзыреттілікті белгілі бір жүйені құраушылардың негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырады. Сонымен қатар мұнда мүғалімнің кәсіби маңызды және жеке тұлғалық қасиеттері алға шығады. Г.А.Трофимованыңзерттеу мақсаты педагогикалық тәжірибе шартында болашақ мұғалімдердің коммуникативті құзыреттілігі болып табылады. Автор оны педагогикалық қатынас барысындағы жағдайларға бейімделу қабілеті ретінде гуманистік құнды мұғалімнің диспозициясы негізінде тиімді өзара әрекеттесу қабілеті деп түсінеді. E.В.Нәбиева университет студенттерінің зерттеу іс-әрекетіне дайындығын анықтап, педагогикалық зерттеу құзыреттілігін көрсетеді және оны күрделі педагогикалық құбылыс ретінде қарастырады. Ол үш функционалды компоненттердің жиынтығымен сипатталады және зерттеу әрекетінің жағымды себептеріне негізделген, ол нақты білім мен іскерлікте байқалады. Болашақ шет тілдер мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігін С.А.Панина қарастырады. Автор оны кәсіби құзыреттіліктің жеке түрі, білім, іскерлік пен дағды жүйесі ретінде қарастырып, мүғалімнің кәсіби әрекеті үшін қажетті педагогикалық объектерді пайдаланудағы әдістердің сәйкес келуі деп түсіндіреді. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мен оның жеке тұлғаның дамуына әсері тұрғысындағы оқытуды компьютерлендіру мәселесін зерттеуде П.В.Беспалов «құзыреттілік» түсінітін қолданады. Автор адамның белгілі бір есептерді шеше білу қабілеті ретінде және оның бойында бірқатар жеке тұлғалық қасиеттердің бар болуы деп түсіндіреді. П.В.Беспаловтың пікірішше, құзыреттілікбұл күрделі психикалық пайда болу, жекеленген білім меп іскерлікке әкелмейтін, ал, керісінше, жеке тұлғаның интегративті сипаттамасы ретінде алға шығатын, оның бағыттылығын, сәйкес білім мен іскерлікті меңгеру себептерін, оку мен кәсіби іс-әрекетіндегі ойлауесептерін шешу қабілеттерін болжайтын, жеке тұлғаның жетілу шекараларының бірі және тиімді оқытудың нәтижесі болып табылады. В.П.Пугачев кәсіби құзыреттілікті мамандарды дайындау сапасының сипаттамасы, еңбек әрекетінің тиімділік потенциалы ретінде қарастырады. Мұнда автор кәсіби құзыреттілік ретінде мамандандырумен байланысты кәсіби функцияларды орындаудажұмыскердің «техникалық» дайындығын түсінеді. О.Б.Симен-Северская әлеуметтік жұмыс мамандарының педагогикалық құзыреттілігінің қалыптасу процесін зерттейді. Ол кәсіби құзыреттілікті маңызды құрастырушысы ретінде қарастырады және педагогикалық мақсатқа бейімделген кәсіби әрекетті орындау үшін қажетті білім мен іскерлік, интегративті, тұлғалық-әрекеттік жаңадан пайда болған түрі ретінде түсіндіреді. Г.Ж.Меңлібекова болашақ мұғалімдердіңәлеуметтікқұзыреттілігінің қалыптасуына үлкен назар аударады. Автордың пікірі бойынша, әлеуметтік құзыреттілік - субъектінің өзінанықтай білу қабілеті, әрекетті басқару ретінде нақты әлеуметтік білім категорияларын, әлеуметтік болмысты толығымен өзіне біріктіретін адамның интегративті қасиеті және адамның өмірлік әрекетіндегі негізгі аймақтардың әлеуметтік технологияларын жүзеге асыра білу іскерлігі. Әлеуметтік құзыреттіліктің құрылыстық компоненттері ретінде автор келесілерді көрсетеді: рухани-құндылық (аксиологиялық )- қоғамдық және жеке тұлғалық сипаттағы негізгі өмірлік құндылықтар иерархиясынан тұрады; гностикалық - әлеуметтік маңызды мәселелер мен міндеттерді тиімді шешу үшін өз-өзімен (өз-өзін тәрбиелеу, өздігінен даму) және басқа да адамдармен әрекеттесу үшін қажетпі әлеуметтік білімді меңгеруді білдіреді; субъектілік - адамның субъект болуы және өзін анықтай білу қабілеті жатады; прагматикалық - әлеуметтік нормалар жүйесінде және институг қатынастарында әр түрлі әлеуметтік технологияларды адамның іске асыра білу қабілетін білдіреді. Әлеуметтік құзыреттіліктің мазмұны өзінің өмірін және өмірлік жолын алдын ала жоспарлау іскерлігі ретінде уақытымен адам өмірін жазумен байланысты. Әлеуметтік құзыреттіліктің қалыптасуы - бұл студенттердің өз бетінше өмір сүруге дайындық процесі, олардың әлеуметтік қорғануы мен әлеуметтік жетілуі. Т.Е.Исаева көптеген зерттеу жұмыстарын талдауға байланысты «құзыреттілік» түсінігін жан- жақты зерттелгенін анықтайды, оны екі топқа бөліп көрсетеді: философиялық және практикалық. Бұл ұғымды философиялық тұрғысында зерттеушілер құзыреттіліктің жеке тұлға құрылысында алатын орны, оның дамуындағы атқаратын ролі, өмір әрекетінен тәжірибе алуы, әлемдік мәдениет деңгейіне қатыстыру және өнегелі-этикалық байланысты меңгеру немесе қабылдау жағынан қарастырады. Ал практикалық тұрғысындағы зерттеушілер құзыреттілікті бағалауға немесе өлшеуге түскенде анықтау үшін қолданады. Бірақ бұл екеуі де «әрекет» ретінде ғана белгілейді және оның күрделі мәнін ашуға тырыспайды.