Өзін-өзі тәрбиелеу - бұл адамның өз бойында жақсы қасиеттерді
қалыптастыруға бағытталған жұмыс; өзін-өзі тәрбиелеу жұмысы -
қойылған мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын
қалыптастыруы.
Өз еркімен, өз күші арқылы білім алу, мақсатқа бағытталған
танымдық еңбек, ғылым, техника, мәдениет аясында жүйелі білімді
өздігінен жаңарту, дербес жұмыс істеген кезде еш жерде оқу оқымай
білім алу, бар білімді кеңейту, әрі тереңдету, бар білімді жетілдіру
мен жаңасын алу бойынша оқытушының мақсатты жұмысы. Бұл
құбылыстар адам бойында ол өз ісін сараптай алатын, қоғамдық
маңызы бар мақсат қоя білетін жағдайда қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу және білімдерін жетілдіру - ойлау, жағдайды
сараптау, өз еркімен шешім қабылдап, әрекет ету ретінде ұғынылатын
түсініктермен байланысты.
Өзін-өзі оқыту үдерісі заңдылықтары оқытушының білім жетілдіру
қажеттіліктерін іске асырудан шығады. Ол оқытушының түрлі
бағыттағы мінез, құрылым, тамаша қажеттіліктерін білдіреді. Кейде
өз қажеттіліктерін тану жеткіліксіз, зияткерлік, психологиялық
кедергіден өту қажет. Кедергінің болуы шартты: біріншіден, өзін-
өзі тәрбиелеу және оқыту, себебі оқу-тәрбие жұмыстарында ол оқу-
әдістемелік әдебиеттердің жаңалықтарымен танысады, өзіндік қатынас
тактикасы мен стратегияларын түзету.
Өзін-өзі тәрбиелеу және білім жетілдіру қызметтері:
- орынбасарлық - адам оқу орнында курстан өтіп, мемлекеттікемтихан негізінде құжатталғанда;
- толықтырушы - жаңа білімді игеру үдерісі оқу орнынан тыс
өткен жағдайда;
- байланыстырушы - пәнаралық байланысты орнату;
- компенсаторлық - оқытушының өзге оқытушылардың баяғыда
меңгерген кәсіби функциялардың кәсіби көзқарас аясын кеңейту,
жаңа ақпаратты меңгеру жолымен қабылдауын белгілейді;
- бейімдеушілік - оқытушыға өзгермелі оқу-әдістемелік үдеріске
тез бейімделуге, студенттер жұмысын ұйымдастыруда жаңа
тәсілдерді табуға мүмкіндік береді;
- дамытушы - оқытушының өзін, педагогикалық еңбегін жетіл-
діруде белсенді қызмет ету.