І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш


Қорыта келгенде, тәлім-тәрбие, адамгершілік білім, кісілік туралы өнегені өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра қалдырған Ахмед Йүг



бет35/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Қорыта келгенде, тәлім-тәрбие, адамгершілік білім, кісілік туралы өнегені өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра қалдырған Ахмед Йүгінеки туралы заманында

Ақындардың ақыны, даналардың көш басы,

Гауһардан сөз теретін, одан ешкім озбады – деген өлең жолдары қалған.




ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Берікбай Сағындықұлы «Һибат-ул хақайиқ» – ХІІ ғасыр ескерткіші. – Алматы: Қазақ университеті (транскрипциясы, аудармасы, сөздік берілген), 2002. – 183 б.

  2. Алма Қыраубаева. Мыңжылдық жолаушы. – Алматы: Өнер, 2002. 5-том. – 528 бет.

  3. Ахмед Йүгінеки. Ақиқат сыйы. Түпнұсқаның фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы / Баспаға дайындағандар: Ә.Құрышжанов, Б. Сағындықов. – Алматы, 1985. Хибат-ул хақайық, Ташкент, 1971.

КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ


Қуатбекова А., Ерғазина С.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Ғылыми жетекшісі: Сұлтанова Б.М., ф.ғ.к.

Қазақ тілінде теңеудің бүкіл лингвистикалық болмысын ашып, оның жасалу жолдары мен синтаксистік құрылымын, түрлерін жан-жақты қарастырып зерттеген - Т.Қоңыров. Ғалымның теңеуге берген анықтамасы: теңеу дегеніміз - ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы [1, 7].


Күләш Ахметова шығармаларында адамға қатысты теңеулерді жиі қолданған. Мұндай теңеулердің өзін бірнеше тақырыпқа бөліп қарастыруымызға болады.
Күләш Ахметова – қазіргі қазақ поэзиясының танымал өкілдерінің бірі әрі шын жанашыры. Күләш Ахметова шығармаларында қолданылған теңеулерді жасалу тәсіліне қарай да бірнеше топқа бөлуге болады.
1) -дай, -дей қосымшасы жалғанып жасалған теңеулер:
а) зат есімге -дай, -дей жұрнағы жалғанып жасалған теңеулер. Мысалы,
Жазылған жырлар! Жанымның құйттай құстары,
Жайлап жүрсіңдер тірліктің қайсы тұстарын?
Сендерді көріп сүйсініп жүр ме достарым,
Таңырқап жүр ме, табалап жүр ме дұшпан!» -
деп өлеңі мен өмірін сабақтастыра жырлауы, ақынның әдебиетте өзіндік орны бар екенін дәлеледейді.
Ұшқан құстай асығып самғайды уақыт,
Адамдарды таңдантып, мәңгі ойлантып.
Зуылдаған ғасырда
ӨЗ ДАЛАҢ мен
ӨЗ ОТАНЫҢ болғаны қандай бақыт! [1, 12]
деп сөз сабақтауы ақынның көркемдік қуатын танытып тұр. Бұл мақаламызда Күләш Ахметова өлеңдеріндегі теңеулер арқау болғалы отыр. Қазіргі қазақ поэзиясында жүрегін жер серігіне балаған ақынның өз тебіренісін қандай құбылысқа теңегеніне бірге көз жүгіртейік.
«Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі – теңеу. Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді» . Бұл – әдебиеттанушы ғалым Зейнолла Қабдоловтың теңеуге берген анықтамасы.
Әдетте, теңеулер -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарымен жасалады. Ал Күләш Ахметова өлеңдеріндегі теңеулер жай теңеулер емес, күрделі теңеулер, яғни, эпитеттенген теңеулер. Сөзімізге айғақ болар мына өлең жолдарына назар аударайық.
... Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу, қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында,
Гүл далам-Қазақстаным. [1,12]
(«Қазақстан»), немесе,
Ауылды аңсағанда
Осы бір сәтте ақындық атты бақ дарып,
Шалқытып жатыр жанымнан жалын ақтарып.
Думанды ауыл, дидарың жатыр кеудемде
Тал бесіктегі таққан тұмардай сақталып. [1,13]
Мен сені болашаққа жеткіземін
Май шырақтай үміт те сөнді ме шын,
Ұмытылып барады сол бір есім.
Тым болмаса түсімде көрінші, ана,
Қос жанарым тоймай бір мөлдіресін. [1,17]
Автор «Бір нәрсе жетпейді деу, қате болар, Өзіңдей ұлан байтақ далам барында», «Думанды ауыл, дидарың жатыр кеудемде, Тал бесіктегі таққан тұмардай сақ», деген тіркестері бейнелі, әсерлі. Ақын өлеңдерін оқыған адам оның сұлулығын түйсіне отырып, ақын суреттеген даланың әдемілігін көре алады. Автордың қолданған теңеулері – күрделі теңеулер.
Кездеспе, жаным, кездеспе маған еш жерден,
Кездесіп қалма керуендей кезек кештерден.
Кеудеңде қалса сонау күндерден от егер,
Көрсең де мені көрмеген болып өте бер. [1,23]

Онсыз да, жаным, достарың айтқан өлеңі


Өзіңді жиі есіме сала береді.
Жастық қызығы жаздағы бұлттай тез көшкен,
Тез көшкендіктен ұмытқан дұрыс, кездеспе! [1,23]
Немесе,
Өзгереді осылай мұның бәрі:
Тартылады өзендер түбінде әлі,
Ақ аспан да кейде ашық, кейде бұлтты
Күзгі күндей дүние құбылмалы. [1,28]
(«Бақыт жайлы»)
Теңеулердің тағы бір жасалу жолы «секілді, сияқты» деген шылаулармен өз ойын басқа құбылысқа теңейді.
Жаз да өтті, сұлу салған ән сыңайлы,
«Қош» деуге қалай енді жан шыдайды?!
Жаңбыр иісі... тамыздың тоңғақ түні
жапырақтың көзінен тамшылайды.
(«Жаз да өтті»)
К.Ахметова шығармаларында эмоционалды-эксрпесивті теңеулерді де қолданған. Ақын шығармаларында адамның ішкі дүниесінің өзгерісін айқын беру мақсатында жоғары эмоциялық реңкті білдіретін теңеулер қолданылған.
Елік күндерім
Сәби жанар көзіндей құралайдың
Есігінен жадымның сығалайды.
Кішкентай қыз аяйды мені бір сәт,
Мені бір сәт, қайтейін, кінәлады. [5,43]
Оюлар
Қазақтың оюлары-ай, оюлары!
Даладай бояулары қою бәрі!
Күмбезге, тасқа, шиге көшкен нақыш
Жарайды көрмелерге қоюға әлі! [5,59]
К.Ахметова теңеу жасауда әсіреленген сөздерді қолданбаса да, қандай да бір зат не құбылыс болмасын сол заттың не құбылыстың сапасын, белгісін айқын, оқырман қабылдауына әсер етерліктей етіп береді. Салыстырылып отырған құбылыстың сапасын, белгісін нақты бере алатын заттарға теңейді. Ақын табиғатта болып жатқан құбылысты, қимыл-әрекетті ата, әже, ер, еркек, қарт, шал, үлкен, әйел, қатын, ана, ене, шеше, балаға балау арқылы теңеу формасының негізгі міндеттерін орындай алған. Көркемдігі жоғары әдемі теңеулер сирек болғанмен, қолданылған теңеулер шыншылдығымен, нақты құбылыстарды сипаттауымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет