І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет38/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер



  1. Абай. Қара сөздер. – Алматы, 2014. – 120 бет.

  2. М.Мырзахметов. Абайтану. – Алматы, «Ғылым», 1988. – 260 б.

  3. Абай. Энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, Атамұра: 1995.


СЫР СҮЛЕЙЛЕРІНІҢ ЖАЗБА АЙТЫСЫ

Қару Нұрзат, магистрант (Қазақстан)
Абай атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Сатемирова Дариға., ф.ғ.к.

Айтыс өнерінің әдебиет тарихынан алатын орны ерекше. Бұл жанр аса бай халық әдебиетінің ертеден-ақ арналы жеке бір саласын құрап келген. Айтыс синкреттік жанр. Айтыстың екі саласы бар: ауызша айтыс және жазбаша айтыс. Тарихта болған түрлі оқиғалардың нәтижесінен және де көне түрік дәстүрі ислам дінінің келуімен жаңғыра отырып, бірнеше ғасырдан соң, айтыстың жазбаша түрі өмірге келді. Ауызбен айтылып, құлаққа құйылып, санаға сәуле берген айтыс уақыт оза келе халық әдебиетінің ауызша да, жазбаша да саласына айналды.


Қазақтың төл өнері, яғни жазба айтысы – қазақ әдебиеті тарихында әлі де толық зерттелмеген тың тақырып. Десек те, жазба айтысты толық қарастырмаса да, Сыр өңіріндегі жазба айтыс өкілдеріне жеке-жеке тоқталып, еңбек жазған зерттеушілеріміз де бар. Себебі, жазба айтыстың басым көпшілігі Сыр өңірінде дамыды десек, Сыр сүлейлері шығыстық стильдегі қисса-дастандарды, қайта жаңғыртумен бірге өздері де, шығыс мәдениетіне, философиясына негізделген толғау-термелерді, өлең-жырларды туғыза білді. Нәтижесінде сүлейлердің өзара жазбаша түрде айтысуы кең тарады да, ақындықтың дамуына жетелейтін үлкен мектеп болып қалыптасты. Қазақ әдебиет тарихында жазба айтыс ұлттық мұрамыздың молая түсуіне ықпал етті. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Сыр сүлейлерінің жазба айтысын тек сол өңірдің шығармашылығының шыңы деп емес, қазақтың жазба айтысының да көркем үлгілері деп бағалаймыз.
Бүгінде егемендік алып, етек-жеңімізді жинаған уақытта ұлттық болмысымызды тануға, төл тарихымыздың қатпарларына үңіліп, сырын ашуға ұмтылыстардың болуы заңды. Әсіресе, қазақ әдебиетінің шығыспен қанаттас саласы - Сыр бойы ақындарының шығармашылығын зерттеуде ғалым Т.Тебегеновтің еңбегін ерекше атап өтуге болады [1, 261]. Сыр сүлейлері көбіне шығыстық сарындағы бағытты дамытуда белсенділік танытты.
ХІХ ғасырда ақындар айтысы кемелденді десек, сол кезеңде және ХХ ғасыр басында жазба айтыс шарықтау шегіне жетіп, айтыс поэзиясының жазбаша түрі сомдала түсті. Әсіресе, бұл салада Сыр бойы ақын-шайырларының – «Сыр сүлейлері» атанып, әдеби мұрамызға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Қазақ әдебиеті ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырларда екі бағытта: 1. Еуропалық әдебиет негізінде, 2. Шығыс үлгісінде дамыды деп жүрміз. Еуропалық, яғни жаңаша үлгідегі әдебиетті Шоқан, Абай, Ыбырай, Мағжан, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт есімдерімен айшықтасақ, шығыс үлгісіндегі әдебиет Сыр сүлейлерінің үлесіне көбірек тиеді. Оған Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882-1939), Шораяқтың Омары (1878-1924), Керейіт Данмұрын (1870-1923), Кете Жүсіп Ешниязов (1871-1927), Қаңлы Жүсіп Кәдірбергенұлы (1873-1923), Қарасақал Ерімбет (1844-1916), т.б. Сыр сүлейерінің шығармалары дәлел.
Жазба айтыстар – белгілі бір әдеби шығармашылық ортаның басын біріктіретін, солардың алдыңғы және кейінгі толқын өкілдерінің өзара байланысын, сабақтастығын танытатын айрықша өнер. Жазба айтыс – мұсылмандық Шығыс әдебиетінің дәстүрлерін бойына сіңіре дамыған шығармашылық түрі. Сондықтан, бұл әдеби шығармалардың өн бойына қатысушы ақындардың барлығының да ислам діні туын тіккен араб елінің тарихындағы атақты адамдарды мысалдама түрінде айтуы – дидактикалық шығармашылықтың қалыптасқан тәсілдерінің бірі.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процестегі жазба айтыстардың мынандай түрлері сараланып көрінеді:
1. Екі ақынның жазба айтысы: «Молда Мұса мен Манат қыз», «Нармамбет пен Жарасбай», «Сырға мен Ашубай».
2. Үш ақын қатынасқан жазба айтыстар: «Кете Жүсіп, Тұрымбет жырау, Жиенбай жырау», «Кете Жүсіп, Жұманияз және Құлназар».
3.Төрт ақынның пікір сайыстық жазба айтысы: «Қарасақал Ерімбет пен Шораяқтың Омарының жұмбақ айтысы».
4. Алты ақынның қатысқан жазба айтысы: «Тұрмағамбет, Омар, Кете Жүсіп, Кете шахар, Керейіт Шәді, Сарықасқа Молдағали ақын».
5. Жеті ақын қатысқан жұмбақ ұсыну-шешу айтысы: «Шәкей сал, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Қаратамыр Оспан, Найман Жұманазар, Керейіт Даңмұрын, Шораяқтың Омары».
6. Тоғыз ақын қатысқан (жетеуі төрелік-тоқтам айтушы) жазба айтыс: «Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіп айтысы».
7. Бір ақын мен он алты ақынның пікір жарыстырған айтысы: «Ырысты мен он алты ақынның айтысы».
Сонымен, жазба айтыс – өнер жарысы. Ал, ондағы білім мен қиялға шек шек қойылмайды. Сол төңіректе сөз қозғау айтыстың негізгі сипатын, мақсатын, жалпы, жазба айтыстарының ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Жазба айтысты мазмұны мен стиліне қарай бірнеше топқа бөлеміз:
1. Жұмбақ айтыстар; 2. Мысал айтыстар; 3. Дастан айтыстар; 4. Көңіл қос айту;
Жұмбақ айтыс – ақындардан қиыннан қиыстыратын шеберлікпен бірге, терең ойшылдық, тапқырлық талап етеді. Жұмбақ айтыстардан нақты немесе абстрактылы ұйымдарды басқа бір зат немесе құбылыстармен бейнелі салыстырулар жасалатындықтан ақынның көркемдік ойлау ерекшеліктері көрінеді.
Жұмбақ айтыстың бір түріне тоқталып кетсек, Сыр өңірінің тумасы Балқы Базардың заманында өмір сүрген Кіші жүздің Шөмекей руының Аспан, оның ішінде Төбет аталығынан шыққан Ырысты атты ақын қыз болған. Оның Қарақалпақ ақыны Әжінияз Қосыбайұлымен, Оңғар жыраумен, сондай-ақ, он алты ақынмен жұмбақ айтысы сақталған.
«Керуен түйең бар ма қос артқандай,
Қос артып, жүк түйесін босатқандай,
Өзің де қартқа басқан кісі екенсің,
Кәріні амал бар ма, жасартқандай?» –
деген жалғыз шумақ жұмбақ өлеңін шешуге Сыр бойының барлық айтулы ақындары ат салысады. Жұмбақты шешуге Алаша Садық, Кете Ешнияз, Әлім Сайын, Сарыбай Құлназар, Кете Жүсіп, Кете Есенжол, Алшын Әзілкеш, Оңғар жырау, Қарасақал Ерімбет, Кете Шегебай, Кете Аманжол, Керейіт Қалмағанбет, Кете Есімтай, Жаппас Кеншімбай, Шобдар Сәрсембай, Базар жырау, ақын-жыраулар қатысып, Шобдар Сәрсембай жырау «кәріліктің емі жоқ» екенін айта келіп, Базар жыраудың сөзіне ешкім тең келмейтінін мойындайды. Жұмбаққа жауап берген Балқы Базар:
«Қартайтар ауру менен ерді уайым,
Басынан кешіргендер білер жайын.
Қажытқан кәріліктің апатындай,
Меңдетер бірте-бірте барған сайын.
Сауықса, сәті түсіп, сырқауынан,
Қайтадан жасартқаны бір құдайым ...» – деп өлеңдетеді. Ырысты қыздың осындай қайғы-шерін «тарқатысқан» ақындардың кәрілік, жастық туралы пайым-парасаты бүкіл елді шарлап, жиналған жерде оқылып, айтылып отырады. Бұлайша жазба айтыс стиліне ой жарыстыру арқылы жалпы жұртқа ортақ әңгіме – адамның тууы, қартаюы, өлуі сияқты жәйттерді саралаудың маңызы зор.
Дастан-айтыс ертеден келе жатқан, санаға сіңген аңыз, ертегілерде дәйекті айғақ ретінде қолданысқа түскен. Дастан-айтыста Сыр бойы ақындарында көп кездесетін ұйқас қуа жырлау мен шалыс, аралас ұйқастар көп ұшырасады. Сондай Сыр елінің ақиық ақындарының бірі – Разақ Мыңжанов (1922-19780). Разақ Мыңжанов – Сыр сазына жас кезінен сусындап өскен талант. Тұрмағамбетті, Мұзарапты, Әлиакпар Жұматаевтарды үлгі тұтқан ақын Наурызбай Айтуаровпен айтысқаны белгілі. «Дана қыз», «Қапиза», дастандарын жазып, «Шәкір-Шәкіратты» қайта жырлаған. Дастан-айтыстың ғашықтық дастандардан даусыз ерекшелігінің бірі- шиеленіскен оқиға, сюжеттің болмайтындығы. Әдеби жанрда дастан-айтыстың оқиғасын ғашықтық жырлардағы қыз бен жігіт арасындағы оқиғаға ұқастыруға болса да, ол іс-қимыл, әрекеттен гөрі, айтыс формасында көрінеді.
Ал көңіл қостың жөні бұдан бөлектеу. Айталық, Сыр сүлейлерінің көрнекті өкілдерінің бірі Балқы Базар жыраудың (1842-1911) Пышанның Төребайына (1848-1911) оның 18 жасар Ысқақ деген баласы өлгенде жазған көңіл қосы тек қана Сыр өлкесі емес, қазақ даласына кең тараған туынды.
Жазба айтыс – мұсылмандық Шығыс әдебиетінің дәстүрлерін бойына сіңіре дамыған шығармашылық түрі. Діни айтыс. Бұған Кете Жүсіп пен Нақып қожа айтысы, Тұрмағамбет пен Ермұрат айтысы. Тұрмағамбет пен Ермұрат айтысының негізгі бастауы Ермұраттың көпке таратқан жұмбағынан басталады да, оны шешкен Тұрмағамбет сөздерінің нұсқасы діннің төңірегінде өрбиді:
«...”Тұтқан, тең – тәңірі әмірін тұтпағанмен», -
Депті ерлер диянатты, дүрім, тыңда!
«Тәңірі әмірін тұтса да ғасы, тұтпаса да
ғасы», - деп аңдатқан ол барша құлға.
«Тәңірі әмірін тұтқаннан тұтпағаны –
Артық», - деп бұйырып тұр сақып шырға.
«Тәңірі әмірін тұтсын біреу, не тұтпасын,
Күпір» деп айтыпты анық ошал күрма.
Бар болса «Ақайытта» мұның шарқы,
Өлең қып отырма бол, басың шырма ...» – деп [2, 592], айтар сөзінің мән-мағынасын дінге жақындатады. О баста жұмбақпен басталды да, діннен жауабын тапқан осы айтысты дін айтыстардың қатарына жатқызуға әбден болады. Сыр сүлейлерінің шығармашылығындағы негізгі бағыттардың бірі – дін екенің ескерсек, діни таным мен білімнің жазбаша айтысқан ақындардың шығармашылығына арқау болғандығын, кейде сол тақырыптан айтыстың туып жатқандығын көреміз.
Жазба айтыс тек қызыл сөздің жарысы емес, көркем сөз жүйесінің, әдеби деңгейдің сыналып, сарапталатын ортасына, халықтың тәлім-тәрбие күтетін нақыл-өсиеттің үлкен ой мектебіне айналып, руханият әлеміне шығыс стиліндегі ұлттық жаңаша сипат алып келгендігімен құнды. Осы орайда Мұхтар Омарханұлының «...көркем әдебиеттің де бастау көзі жазба айтыстар...» [3, 149] деген пікірінің негізсіз айтыла салмағанына, оған Сыр сүлейлері қалыптастырған жазбаша айтыстардың қыр-сыры негізгі түйін бола алатындығын атап көрсетеміз.Жазба айтыс суырыпсалма айтыстан өзіндік ерекшелігімен дараланды дей аламыз.
Қорыта айтқанда, жазба айтыс әлемдегі эпистолярлық мазмұнға үндесетін бірден-бір жанр және де қазақ әдебиетіне қосылған ұлы мұра деп бағалаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет