І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет47/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   156
Байланысты:
treatise40283

әдебиеттер



  1. Мүсрепов Ғ. Таңдамалы шығармалар жинағы. 3 томдық. – Т.1 – Алматы: Жазушы, 1980.

  2. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. – Т.1. – Алматы: Қазығұрт, 2007. – 456 б.

  3. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебет // Әдеби-сын еңбектері. – Алматы: Жазушы, 1982. – Б. 53, б. 90.

  4. http://royallib.com/read/gorkiy_maksim/rogdenie_chelovekа



«ЖӘМИЛА» ПОВЕСІНІҢ ЖАЗЫЛУ ТАРИХЫ
Мусалим Шолпан (Қазақстан)
Абай атындағы ҚазҰПУ
Ғылыми жетекшісі: Асқарова Г.С., ф.ғ.к.

Шығармадағы басты кейіпкер – Жәмилә бейнесі қазақ оқырмандарына да қадірлі, қымбат. Қазақ халқы Жамиләны шынайы өмірден алынған жанды, бейнелі образ болғандықтан сүйді, құрметтеді. Жәмилә – соғыс кезіндегі тылдағы сан мыңдаған қазақ, қырғыз келіншектерінің прототипі секілді. Сонымен қатар, ол бізге өз махаббаты үшін күресе алатындығымен, қазақ жігіті Даниярды шын жүрекпен адал сүюімен ғана емес, ұлы жеңіске, болашаққа деген сенімділігі мен құлшынысы, жан дүниесінің байлығымен де қымбат. Жәмилә образы ішкі жан дүниесі терең ашылып көрсетілген, ойы таза, сезімі мөлдір, адамгершілік қасиеті мол бейне. Жазушы Жәмилә образы арқылы майдан кезіңдегі тылда тынымсыз еңбек еткен әйелдердің ортақ мақсатын, жеңіске деген құштарлығын бейнелейді.


– Шыңғыс Айтматовтың әлем әдебиетінде өзіндік орны, қолтаңбасы бар үлкен суреткер екені анық. Әйтсе де, сіздің ойыңызша, жазушының әлемдік әдебиетке қандай әсері болды?
Шыңғыс Айтматов, жалпы, әлем әдебиетіне көп үлес қосты. Мәселен, Айтматов – мен үшін несімен Айтматов? Бүкіл кеңестік әдебиет «Адам адамға – дос, бауыр, олар ешкімге қиянат жасамайды, бәрі де періштедей таза» деп жүргенде, біз Айтматовтың шығармасынан ғана Кеңестер Одағы адамына тән кейбір кемшіліктерді таптық. Әсіресе ол «Ақ кеме» повесінен анық көрінді. Негізі, біздің шындығымыздың, «Правда» мен «Известия» жазғандай, болмаса идеологиямыз күнде ұрандап жатқандай саф таза емес, бәрібір арамдық, қиянат, өтірік бар екенін ел сол кезде де іштей білетін, ұғатын. Бірақ өзіне аян сол шындықты еш жерден таппайтын. Тек көркем әдебиет қана там-тұмдап, тіпті жағымсыз кейіпкерлері арқылы болса да соның барлығын айтып жатты. Жұрттың сол кездері көркем әдебиетті жақсы көріп, іздеп жүріп оқуының себебі де осында жатты. Және бұл тек Айтматовтың повестерінде ғана емес, сол кездегі Ю.Трифоновтың, В.Беловтың, В.Распутиннің, В.Астафьевтің, Д.Граниннің, тіпті Б.Окуджаваның шығармаларында юмормен болса да айтылды.
Шыңғыс Айтматовтың қазақ әдебиетіне де әсері болды. Бізге бере отырып, ол өзі де бізден ала білді. Мысалы, мәңгүртті Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесінен алды дегенді жұрттың бәрі айтып жүр. Шынымен де, мәңгүрт тақырыбы Айтматовқа дейін жазылды. Бірақ Айтматов оны үлкен философиялық терминге айналдыра білді. Сонысымен ғана Айтматов болды.
– Ал Шыңғыс Айтматовтан қазақ қаламгерлері нақты не алды, не үйренді?
– Айтматов қазақ әдебиетіне қысқалық және нұсқалық тұрғысында көп нәрсені аңдатты. Бәрімізге қызыл сөздің қажеті жоқ екенін және сала құлаш романдардан гөрі бүгінгі таңда қысқа повестерді жазу арқылы көп нәрсенің бетін ашып кетуге, әлемдегі үлкен шындықтарды санаулы ғана көлемге сыйдыруға болатынын үйретті. Батыс әдебиетінен өзі қаншалықты үйрене білсе, қазақ, қырғыз, тіпті кеңес әдебиетіне де осы мектепті қалыптастырды. Бірақ біз қысқа жазуды әлі үйрене алмай келеміз. Бір ғана 1986 жылдың оқиғасына трилогия арнайтын авторлар көбейді. Мен соған таңғаламын. Рас, ол – үлкен оқиға. Бірақ трилогия арнайтындай емес. Орыс әдебиетінде, орыс тарихында ондай оқиғалардың талайы өткен. Тіпті Ресейдегі монархиялық өкіметті төңкере жаздаған декабристер көтерілісінің өзіне трилогия жазған орыс жазушысы жоқ. Өйткені ол – тереңнен толғап келетін философиялық арна емес, белгілі бір оқиғаға байланысты саяси акция. Соған қарамастан біз соған шұбалаңқы романдарды арнап кетеміз. Айтматовтар айтып кетті, Әуезов те жолын көрсетіп берді. Солай бола тұра, әлі күнге дейін қысқалықты үйрене алмай жүрміз. 
– Көп адамдар сіздің «Гауһартасыңызды» Ш.Айтматовтың «Жәмиләсімен» ұқсастырады. Шынымен де, жеңге мен қайны арасындағы жылы бір сезім, жарасымдылық тұрғысынан алғанда, екі шығармаға да ортақ детальдар бар...
– Негізі, Айтматов шығармаларының барлығы керемет деп айту да қиын. Мысалы, «Жәмилә» сияқты повес­тер қазақ әдебиетінде де, қырғыз әдебиетінде де толып жатты. Менде «Гауһартас» болды. Ш.Айтматов екеуміздің шығармашылығымызды салыстырған мақалаларда «Гауһартас» пен «Жәмиләні» ұқсас деп айтып жатты. Бірақ сол уақытта мен «Жәмиләні» жөндеп оқымаған да болуым керек. Ол соншалықты еліте қоятындай шығарма емес. Мен әуелден-ақ солай ойлайтынмын. «Жәмиләні» Айтматовтың үлкен белесі деуге болмайды, ол – оның алғашқы трамплині. Одан кейінгі «Ана – Жер-анасы», «Ақ кемесі», «Алғашқы мұғалім», маған әсіресе қатты әсер еткен «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбеті», сосын «Ғасырдан да ұзақ күні» – нағыз Айтматовты танытқан шығармалар.
П.Кузнецовтың «Ш.Айтматов пен Ә.Нұрпейісовтің совет әдебиетіне қосқан үлесі» деген мақаласы болды. Сонда ол: «Нұрпейісов пен Айтматовтың шығармалары совет әдебиетіндегі үлкен құбылыс болып қана қойған жоқ, орыс жазушыларына өз шығармашылық принциптеріне де, шығармашылық кредоларына да қайта қарауды, қайта бағалауды үйретіп кетті», – деп жазған болатын. Бұл – үлкен баға. Бірақ біз соны ары қарай алып кетуді білмейміз, мақтана алмаймыз...
– Негізі, Сайын Мұратбеков, Мұхтар Мағауин үшеуіңізді «Айтматовтың деңгейінен ешқандай да кем емес» деген пікір бар. Бұған қалай қарайсыз?
– Жалпы, әдебиетте салыстырмалы ұғым дегеннің өзі қиын. Бірақ шеберлік, кез келген тақырыпты игеріп, соны жазып бере білу, көркем шындықты өмірдің шындығымен ұштастыру, ойды анық айту тұрғысынан келгенде, көркем әдебиетке қойылатын шеберлік талабын тиісті деңгейде орындап жүрген жазушыларымыз аз емес. Ондай пікірлерді өзім де естіп, оқып жатамын. Кезінде «Литературная газетада» шыққан мақалада «Д.Исабековке Лениндік сыйлық беретін кез болды деп көптеген оқырмандар талап етеді» деген мәселе де қойған. Әсіресе «Тіршілік» повесін талдай келіп, автордың «Бұл – совет әдебиетінде ешқашан жазылмаған тақырып. Шеберлік жағынан Исабековтің Айтматовтан үйренуі далаға кетпепті» деген сөзі үшін сәл ренжігенмін. Себебі бір адам бір адамнан үнемі үйрене бермейді ғой. Тіпті нақты бір адамнан үйрену деген еліктеу болып кетеді. Мәселен, менің ең алғашқы оқығаным И.Гончаровтың шығармалары болды. «Обломов», «Овод», «Обыкновенная история», «Обрыв» деген 3-4 романын 9-10 сыныпта жүргенде оқып шығып, әдебиетке қатты құмартуым содан басталған. «Міне, осылай жазу керек» деп ойлағанмын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет