«ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫ» – ЭТНО-МӘДЕНИ БІРТҰТАСТЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
Совет Аяулым Әділетқызы, магистрант
Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ
«Мен тұңғыш рет қазақ ру-тайпаларының этникалық бөлік емес, бұл әкімшілік-аумақтық, территориялық бөлік екенін қолмен ұстатқандай дәлелдеп отырмын. Демек, жүзге бөліну деген сөз барып тұрған ақымақтық, төл тарихын білмеушілік болып шығады...» деген еді Ақселеу Сейдімбек бір пікірінде. «Қазақтың ауызша тарихы» деп аталатын Ақселеу Сейдімбектің соңғы еңбегі күш-жігер мен қабілетке, шеберлікке құрылып жазылды.
Бұл ретте автор « Қаншама дерек жинақталды. Соның бәрін жүйе-жүйесімен ретке келтіріп, тәптіштеп шығу орасан күшке түсіп жатыр. Кез келген туындыны жазу үшін өзімнің арнайы қолданатын әдісім бар. Ол «кілт» деп аталады. Мысалы, «Қазақтың күй өнерін» жазуды осы әдіс арқылы бітірдім. Ал оны мен марқұм Лев Гумилевтен үйрендім. Бір жолы Мәскеуге барып, өзімнің ғылыми жұмысымды көрсеткенімде, оның есі шығып кетті. «Ой, батыр-ау, осылай да адам өзін қинауына бола ма? Мына деректерден адам адасады ғой. Тіпті, жынданып кетуге де болады ғой. Әй-әй, ай! Осылай да бола ма екен? Мынау не деген бейнет!», – деп басын шайқап-шайқап отырды да өзінің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Міне, қара. Мынау «Қазақтың күй өнері». Енді мынау кілтті қара», – деп ағатайым маған мұқият түптелген қолжазба кітапты көрсетті. «А» деп басталады. «Абай» деген сөзден кейін кілең шифр. Нақ бір барлаушының дәптері сияқты. «Ал енді не түсіндің?» – деді Ақаң. Мен еріксіз басымды шайқадым. «Міне, мен болмасам мынаның бәрі әшейін цифр болады да қалады. «Қазақтың ауызша тарихы» да тап осы сияқты. Бұны мен бітірмесем, басқа ешкімнің де тісі батпайды», – деп еді» деген екен бір естелігінде. Ерекше қыры қазақтың ынтымақ бірлігі, тіршілігі, ұлт басында түскен мәселелерді айта білуі, билік басындағыларға жеткізе білуінде еді. Мұның тікелей куәсі – «Қазақтың ауызша тарихы».
Мырзатай Жолдасбеков Ақаңның ақырғы еңбегі жөнінде сөз қозғағанда, «– Осы кітаптан кейін Ақселеу маған айтып еді, Мырзеке, қазір тіпті саусағым да жауыр болды. Енді тіпті қалам да ұстағым келмейді, қағаздың да бетіне қарағым келмейді деп жүретін. Ойпырым-ай, ол кезде мән бермейміз, енді ойлап қарасақ, тіпті соның бәрін бітіріп кетейін деп жанталасып осыншама қыруар еңбекті жазған сияқты» дегенін жеткізген. Сонда Ақаң қолға алған ісіне жан сала кірісіп, деректерді тыңғылықты зерттеді. Ғалым еңбектенуден еш жалықпаған, қайта қазақ руханиятының биіктеуіне үлес қосқысы келген.
«Дүниеден өтерден бір жыл бұрын үйіне барғанымда кітаптың көптігінен ауызғы бөлме жаққа қарай арнайы сөрелер жасатқанын көрдім. Еденнен төменге дейін тіркелген жаңаға сөрелердің бәрі ру-тайпаларға арналған папкалармен толытырлған. Қазақ шежіресіне қатысты мың-мың парақ қағазды жылдай бойы ерінбей-жалықпай жинағанының, соның бәрін жүйелеп отырғанының арқасында Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітап көлемімен мың беттей болатын ең соңғы, ең басты еңбегін аз уақыттың аясында жазып тастаған» деп жазады бір естелігінде Сауытбек Абдрахманов.
Қазақтың әдебиетін ғана емес, қалың тарихын да тереңдетіп қазақтың әдебиеттану ғылымына үлесін қосқан Ақселеу Сейдімбек – ғалым, этнограф, күйші, қазақтың жоқшысы болды. Әдебиеттану ғылмына барынша белгілі дәрежеде араласты. Мысалы, Гомер поэмаларының қара сөзбен әңгімеленуі және оның оқырман көңілінен шығуы Ақселеу Сейдімбекке ой салады. Бұл мақсатта жазушы "Алпамыс батыр" атты кітап жазды. Қазақтың эпикалық қарымы кең, поэтикалық қуаты тегеурінді жыр-дастанын насихаттау мақсатынан туындаған бұл еңбегі эпосты қара сөзбен баяндаудағы алғашқы бастама еді. Кешікпей-ақ, бұл бастама қазақ қаламгерлері тарапынан қолдау тауып, эпикалық мұралардың біразы қара сөзбен баяндалып, жеке кітап болып жарық көрді.
Ғажайып мәдени ескерткіштер, өнер туындыларының дүниеге келу тарихы туралы деректері – рухани ауыз біршіліктің тікелей сипаттамасы. Тарихи-әлеуметтік жағдайда ұрпақтың зердесі сергек болып, білімге ұмтылған, қазақтың ертеңіне бей-жай қарамайтын, дәстүрлі құндылықты басты орынға қойған, барша болмысын тал бойына дарытқан, жаңа қоғамды жасақтаушы ұрпақ қалыптасқан еді. Олардың ізденгіштікке ұмтылған қасиеттері мәдени-рухани қасиетінде айқын көрініс тауып, ұлттық рухы биік, бояуы қанық тың туындылар беруіне себепші болды. Белең алған өзгерістер Ақселеу Сланұлының да шығармашылық тағдырына айналды. Ғалым әрекеттерден тыс қалмай, шығармасына арқау етті.
«Қазақтың ауызша тарихында» толайым дүниелер шежіре жөнінде теориялық жүйелі ойлар қамтылды. Рулық құрылымның таралымы түбегейлі зерттелді. Жүздік құрылымның пайда болуына байланысты деректер келтіріліп, мың шежірені біріктірілген. Кітапта найманның Ұлы жүздің Әлпеш атты әйелінен тарайтынын, қаракесек руының анасы Кіші жүздің қызы Қарқабат екенін келтірген. Сондай-ақ, «Қазақтың күй өнері» туындысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттығына бағалануы өзін ерекше марқайтты. Асқаралы алпысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан өз қолымен жазған құттықтауын алып, иығына шапан жабылды. Бұл ретте, біз Ақселеу Сейдімбектің 1997 жылы "Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау" атты толымды еңбегі жарық көргенін атап өткеніміз жөн. Бұл кітаптың толыққанды нұсқасы орыс тіліне аударылып "Мир казахов. Этнокультурологическое переосмысление" деген атпен 2001 жылы жарыққа шықты. Ғылыми еңбек қазақтың ғана емес, бауырлас ұлттардың ықыласына ие болды. Неге десеңіз, басылымдарда автор казақтың төл тарихына, дәстүрлі мәдениетіне, фольклоры мен этнографиясына қатысты мейлінше мол дерек келтірген. Бұл қазақты танимын, тарихын терең зерделеймін деген оқырмен үшін маңызды.
«Алаштың Ақселеуі» атты фильмде професор Намазалы Омашұлының «Құлдық сананы бойына дарытпай кеткен адамдар аз ғана болса, соның нақ біреуі осы кісі. Халқын, жерін керемет сүйген адам ғана осылай күресіп өтеді. Ал ел тәуелсіздік алғаннан кейін бұл кісві бұрынғысынан да жайнап сала берді. Ақаң керемет ашылды. Нағыз Алаштың азаматы болды. Мен Ақаңды ұлтын сүюің хрестоматиялық үлгісін жасап кеткен тұлға деп есептеймін» деген. Ғылыми тұжырымдамаларға негізделген шығарма халықтың тарихына терең бойлауға мүмкіндік береді.
«Сырт көзге сал-серінің салтымен салқам жүргендей көрінетін Ақселеудің қағазға ұқыптылығы да бөлекше еді. Өткен жылы Орталық мұрағатта Ақселеу Сейдімбек өзі көзі тірісінде өткізіп кеткен құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Ақаң мұрағатқа 3 мыңнан астам құжат тапсырған екен, соның 700-ден астамы жазысқан хаттары. Жиналған жұрттың назарына 250 құжат ұсынылды. Үйіне барсаңыз кітап сөрелерінің үлкен бір бөлігі қаз-қатар тізілген папкалар болатын. Тақырып-тақырыпқа бөліп, үлкен әріптермен таңбалап тастаған. Газеттен қажет мақала көрсе де, кітаптан керек дерек тапса да тап-тұйнақтай етіп соған тігіп не жазып қояды.
Мақала не зерттеу еңбек қолға ала қалса, жаңағы папканы ашады да әлгі материалды қалауынша пайдалана береді. Дүниеден өтерінен бір жылдай бұрын үйіне барғанымда кітаптың көптігінен ауызғы бөлме жаққа арнайы сөрелер жасатқанын көрдім. Еденнен төбеге дейін тірелген жаңағы сөрелердің бәрі ру-тайпаларға арналған папкалармен толтырылған. Қазақ шежіресіне қатысты мың-мың парақ қағазды жылдар бойы ерінбей-жалықпай жинағанының, соның бәрін жүйелеп отырғанының арқасында Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» атты кәдуілгі кітап көлемімен мың беттей болатын ең соңғы, ең басты еңбегін аз уақыттың аясында жазып тастаған» деп бөліседі республикалық Егемен Қазақстан газетінде жарық көрген мақаласындағы бір естелігінде Сауытбек Әбдірахманов.
Ақселеу Сейдімбектің әңгімелері мен повестері де қазақ баспасөзінің бетінен табылды. Жазушының "Ақиық" (1972), "Қыр хикаялары" (1977), "Тауға біткен жалбыз" (1979), "Аққыз" (1981) деген атпен очерктері "Кеніш" (1979), "Серпері" (1982) жеке кітап болып жарыққа шықты. Ұлттық-этнографиялық бояуы қанық әңгімелері мен повестері орыс, қырғыз, өзбек, эстон, чех, неміс, ағылшын тілдеріне аударылады. "Кеніш" кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының лауреаты болды. Оған қоса, автордың 1981 жылы жарық көрген "Күңгір-күңгір күмбездер" атты ғылыми-көпшілік кітабында қазақтың дәстүрлі мәдениетін өзінің төлтума қалпында біртұтас құбылыс ретінде тарихта қалды. Тарихи- этнографиялық дерегі мол, әсіресе, рухани тың тұжырымдарымен оқырман назарын аударған бұл еңбек 1985 жылы "Поющие купола" деген атпен Е. Қажыбековтың аударуында орыс тілінде жарық көрді. Шежірелі шығармаларды тереңінен зерттеуге ұмтылған ғалым алғаш әлем әдебиетінің әйгілі туындысы, Гомердің "Илиада" және "Одиссея" атты эпикалық поэмаларын қазақ оқырманына жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |