І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет57/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер



  1. Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе: учебное пособие. - М.: Международные отношения. - 1986. - 342 с.

  2. Соболев Л. Н. Пособие по переводу с русского языка на французский. - М.: Изд. лит. на иностр. яз., - 1952. – 281 с.

  3. Федоров А.В. Основы общей теории перевода. / А.В. Федоров. - М.: Высшая школа, 1968. - С. 182, С. 359.

  4. Комиссаров В.Н. Современное переводоведение. М.: ЭТС, 1999. -192 с.

  5. Виноградов В.С. Введение в переводоведение (общие и лексические вопросы). -- М.: Издательство института общего среднего образования РАО, 2001, -- 224 с.


ҚАЗАҚ ТІЛІ – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ


Cеркина Регина (Қазақстан )
«Тұран» университеті
Ғылыми жетекшісі: Алдабек Н.Ә., ф.ғ.к., доцент
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Ол 1989 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болды. Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татарлары, қарашай, балқар, құмық және т.б.
Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Қазақ тілінің байлығы, көркемдігі ауыз әдебиетінен, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясынан, би-шешендердің сөздерінен, Махамбет, Дулат, Мұрат толғауларынан бастап байқалды. Қазақ тілінің жаңа көркемдік деңгейге жетуіне ұлы Абай үлкен үлес қосты. Сонымен қатар қазақ тілінің көркемдік байлығын арттыруға А.Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтердің, одан беріде Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиев, Сайын Мұратбеков, Қабдеш Жұмаділов, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Шаханов тағы басқа қаламгерлердің еңбектері ерекше. Тіліміздің көпқырлылығы мен икемділігі баспасөз тілінен, ғылыми, іскери стильдерден де анық байқалады.
Қазіргі кезде қазақ тілінде көптеген салалық сөздіктер, фразеологиялық, түсіндірме сөздіктер көптеп жарық көруде. Осылардың барлығында тіліміздің тереңдігі мен мазмұндылығы, жалпы байлығы көрініп жатыр. Тіл – әрбір ұлттың тарихы, мінезі, болмысы, кәсібі, дүниетанымы, ойлау қабілеті сақталатын асыл қазына. Ол ата-анадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы, оның орынсыз шұбарлануына қандай жағдайда да жол бермеуі керек. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді.
Қазіргі таңда елімізде қазақ тілін білмейтін яғни орыс тілді қазақтар саны азаймай тұр. Бұл қазір байқалмаса да ел болашағына төніп тұрған үлкен қауіп. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерін қоя тұрайық, қазақтар бір-бірімен қазақша сөйлеспейді.Қазақ тілін қазақтар өздері жақсы меңгере алмаса, қазақ тілін Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің ортақ тіліне айналдыру мүмкін емес.
Халқымыздың санасында бұрынғы кеңестік идеология мен тоталитарлық режим іздерінің әлі де өше қоймағаны байқалады. Бұл әрине түсінікті. Бірақ, бұл жағдайды жаңа буын өкілдері жастар, дәлірек айтқанда Тәуелсіз Қазақстанның замандастары өзгертуі тиіс. Себебі жастардың санасында ата-аналарымыздағыдай құлдық сана, отарлық езгі түсінігі қалыптаспаған ғой.Қазіргі жас буында тәуелсіз елдің болмысы мен мақсат-мұраттары тоғысқан.
Тіл – әр ұлттың қадір тұтып, қасиет санайтын асыл қазынасы және ұлт тарихымен бірге жасасатын мәңгілік мұрасы. Кез келген ұлт өз ана тілінің қоғамдағы рөлін анықтап білмей, оның мәртебесін көтеруі мүмкін емес. Өз елінің патриотымын деп санайтын азамат ең алдымен туған елінің тілін білуі тиіс.Өздеріңіз білесіздер кез келген бала жазып-сызумен мектеп табалдырығын аттағаннан кейін танысады, үйренеді. Алайда, былдырлап тілі жаңа шыққан қазақ баласының орыс сыныбына барғаны көңіліңізді су сепкендей басады. Сәби шағынан әдепті, тәрбиенің ұлттық үлгісін көрмеген, бойына сіңірмеген баланың кейін есейіп, ер жеткенде өз Отанын – елім деп, жерім деп сүйе ала ма екен?!
Атақты түрік ғұламасы Зия Көкалып айтқан: “Мемлекет iшiнде ортақ рухтастықты, ортақ мүдделестiктi, ортақ тiлеулестiктi қалыптастыратын – ең алдымен, ортақ тiл! Тiл бiрлiгi бiрте-бiрте дiн бiрлiгi мен дiл бiрлiгiн қалыптастырады. Сондықтан да тiлдiң бiрлiгi -дiннiң бiрлiгi мен дiлдiң бiрлiгiнен жоғары тұруы керек!”. Қазір Елбасымыз баршамызға, әсіресе жастарға үш тілді білуді міндеттеп отыр. Бұл заман талабы. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы ең алдымен мемлекеттік тілді, қазақ тілін білуді, құрметтеуді әрбір Қазақстан азаматының парызы болуы керек деп санайды. Менің ойымша, егер әрбір адам өз ана тілінен соң өзге тілді де білетін болса, ол нағыз рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз анна тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне:
Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем!
Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.
Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын
Туған анна тіліңде сөйлемесең, - дегім келеді.
Сөз соңында айтарым, тіл мәселесіне келгенде кез келген ел: “Сіз біздің мемлекетіміздің тілін білуіңіз керек” – деп шарт қояды. Осының өзі әлемдегі өзге мемлекеттердің өздерінің мемлекеттік тілін қалай құрметтейтінін көрсетеді.Біздің елімізде де әр азамат мемлекеттік тілде сөйлеп, құрметтеп, өзгелерді де соған шақыруы керек.
Тарихтан белгілі қаншама зұлмат замандарды, қилы кезеңдерді қазақ халқы осы қазақ тілімен бірге көрді. Алаш жұртының ардақты азаматтарының бірі, қазақ тілінің теориясын жасап, жетілдірген Ахмет Байтұрсынұлы былай деген екен: “Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.” Қазаққа тәуелсіздіктің оңай келмегенін сіздер мен біздер жақсы білеміз. Бүгінгі күні әрбір қазақ азаматымен қоса, осы елде өмір сүріп жатқан Қазақстан азаматтарының көкейінде осы тәуелсіздігімізден айырылмай, сақтап қалу мәселесі тұруы керек. Сондықтан да баршамыз қазақ тілінің дамуына аз да болса үлес қосып, қазақ тілінің қоғамдағы орнын анықтап, мәртебесін асқақтата берейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет