І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет62/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   156
Әдебиеттер

1. Мұқанова Н.Е. «Бейіндік мектепте оқыту үрдісін ұйымдастырудың әдістемелік жолдары» Хабаршы №4., 2011., 95-97 б.


2. Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі // Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Астана 2013.
3. Қадірова Б.И. «Қазіргі ғылыми парадигмадағы тілдік тұлға», С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Вестник ПГУ №4 .99-104 б.
4. Манкеева Ж. «Тілдік тұлға» Ана тілі., №27., 2013.., 7-10б.
5. Еділбай О. Тілдік тұлға мәселесі.Ұлағат..,№2..,2010.., 3-5 б.


АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ АУДАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕРІ
(УОЛТ УИТМАН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ АУДАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)


Табулдин М.А. (Қазақстан)
Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Ғылыми жетекшісі: Басимова Г.С.

Мұқағали Мақатаев - қазақ халқының дарынды перзенті. Оның есімі барлығымызға да белгілі. Мұқағалидың ғұмыры көпке бармағанымен, ол қазақ поэзиясында ойып тұрып орын алады. Бір мақала шеңберінде қозғап отырған ұлы ақынымыздың бейнесін біз толық аша алмаймыз және оның аудармаға қатысты барлық өлеңдерін ғылыми тұрғыдан зерттеу де уақытты талап ететін жауапты іс. Мақаламыздың басты мақсаты - Мұқағалидың аудармашылық өнеріне айрықша тоқталып өту және оған аударма теориясы тұрғысынан талдау жасау.


Бұл өлеңдер, дерекке сүйенсек, 1969 жылы жарыққа шықты. Осы өлеңнін түпнұсқасы мен аудармасына талдау жасайтын боламыз. М.Мақатаевтың аталмыш автордың көптеген өлеңдерін орыс ақыны К.И.Чуковскийден алып қазақшаға тәржімелеген. Ақын неліктен Уолт Уитман, Шекспир сияқты өзге ұлтты ақындардың шығармаларын (25) аударды деген сауалға Т.Әлімқұловтың "Аудармашы атаулы өз табиғатына, өз қырына бейім келетін авторды таңдауға тиіс. Сонда ғана аударма сәтті шықпақ." [1, 254] деген дәйексөзін келтіреміз. Осыған сай Мұқағали Мақатаев өзінің стиліне, рухына жақын болғандықтан осы ақындарды аударды деп ойлаймыз.
Мақала барысында біз Мұқағалидың бір тәржімесін талдап болып бұл істі бір орнында қалдырудан аулақпыз. Уолт Уитманның өлеңін алып отырған себебіміз оның қазақша тәржімесін, тілдік көркемдігін салыстыру, қандай лексикалық-семантикалық тәсілдердің қолданылғанын анықтау. Аталмыш автордың стилдік ерекшелігі - жазылған өлеңдердің проза түрінде жазылуында. Мұқағали Мақатаевтың тәржімелеген " I dream'd in a dream " атты өлеңі Уолт Уитманның "Шөп жапырақтары" өлеңдер циклына енген өлеңдердің бірі. Өлеңнін аты аудармада "Түсіме қала кірді" деп берілген себебі, осы бір өлең жолдарында ақынның асқақ қиялының бір көрінісін байқауымызға болады. Олай болса өлеңнін түпнұсқасын ұсынайық:
I dream'd in a dream
I dream'd in a dream, I saw a city invincible to the attacks of the whole of the rest of the earth;
I dream'd that was the new city of Friends;
Nothing was greater there than the quality of robust love - it led the rest;
It was seen every hour in the actions of the men of that city,
And in all their looks and words.
Осы бір өлеңнін тәржімесін орыс тіліндегі нұсқасымен талдай отырып салыстырып көрелік. Аударма:
"Приснился мне город..."
Приснился мне город, который нельзя одолеть
хотя бы напали на него все страны вселенной
Мне снилось, что это был город Друзей,
какого еще никогда не бывало.
И превыше всего в этом городе
крепкая ценилась любовь,
И каждый час она сказывалась в каждом поступке
жителей этого города,
В каждом их слове и взгляде. "Түсіме қала кірді"
Қала кірді түсіме, мүмкін емес жеңуге,
Барлық елі ғаламның жабыла оған төнуде.
Мекені екен достардың түсіме енген сол қала,
Жарығында жалғанның бұрын-соңды болмаған,
Сол қалада махаббат барлығына бас болған,
Бәрі соған табынып, бәрі содан басталған.
Сол махаббат - әркімнің қимылынан байқалған,
Көзі, сөзі, ісінен, жауабынан қайтарған.
Уолт Уитманның бұл өлеңіне бір қиял реңкі тән деп ойлаймыз. Ол бұл өлеңінде таңғажайып қала бейнесін және ондағы достық пен махаббаттың бары жайында сөз етеді. Түпнұсқа мен екі аударма тіліндегі өлеңдердің құрылымын талдай отырып, ағылшын тіліндегі өлеңдердің силлабико-тоникалық, орыс тіліндегі өлеңдердің әрі силлабико-тоникалық, әрі силлабикалық құрылымға, ал қазақ өлеңдерінің құрылымы силлабикаға (буынға) негізделетінін ескердік. Түпнұсқа құрылымына көңіл аударсақ, өлең 5 тармақтан тұрады. Мұқағалидың тәржімесі болса 8 тармақтан құралып тұр, яғни түпнұсқадан қарағанда аударманың көлемі ұзағырақ. Тәржімедегі әрбір тармақ 2-3-4 буынды сөздерден құралған. Аудармадағы 1,4,5,6,7,8 тармақтар бірыңғай 14 өлшемді буындардан құралса, 2 тармақ 15 буыннан, ал 3 тармақ 16 буыннан құралған. Рифмалар бір-бірімен сәтті үндеседі: жеңуге, төнуде, болған, басталған, байқалған, қайтарған. Ұйқас - поэзияның ең басты элементтерінің бірі екені белгілі. Өлеңдегі ұйқас оның көркемдігін арттырып тұр. Чуковский К.И. аудармасы да түпнұсқадағыдай 5 тармақтан, 2-3 буынды сөздерден тұрады. Орыс тіліндегі аударманы талдағанда, түпнұсқадағы "new", "it led the rest" тәрізді элементтер түсірілгенін байқадық. Дегенмен, орыс тілінен қазақ тіліне жасалған аудармада түпнұсқа элементтерінің көбі сақталғанмен, кейбір элементтер ғана қосылған:
И каждый час она сказывалась в каждом поступке
жителей этого города, В каждом их слове и взгляде.
Бұл өлең тармақтарындағы "поступки", "слово" и "взгляд" сөздері қазақша түспнұсқада "қимылынан", "көзінен", "сөзінен" деген сөздерге сәйкес келсе, "ісінен", "жауабынан" деген сөздер түпнұсқа мен орысша аудармада жоқ, яғни аудармашы осы сөздерді қосу арқылы өлеңнің ырғағын сақтауға тырысқан деп ойлаймыз. Аударылған өлеңнің әр бір тармағы келесі тармақпен сәтті үндеседі. Зерттеуші Л.Дәуренбекова ақынның аудармаларына үңіле келе: "Аудармашы түпнұсқаны аударуда, аталмыш ақынның эстетикалық ойларын ұлттық пішінге сай дамытып, ұлғайтса да ақын идеясынан ауытқымаған." [2, 77] деп ой түйеді де, М.Мақатаев аудармаларында ұлғайту әдісін қолданған деп көрсетеді. Ұлғайту деп ол мәтіндегі (түпнұсқадағы) сөйлемдердің аудармада ұзартылып берілуі деп түсіндіреді. Дегенмен, біз алып қарастырған өлеңде ағылшын тіліндегі түпнұсқа пішінінің аудармада ұлғайғанын ғана байқадық. Жоғарыдағы пікірмен келісе келе, біз ақын түпнұсқаның рухын толықтай жеткізе білді деген тұжырымдамаға келеміз. Өлеңнін ішкі мазмұнын және композициялық қабатын талдай келе, аудармашының өлеңнін мазмұнын терең түсінгенін байқауға болады. Олай болса Мұқағали Мақатаев Уолт Уитманның ішкі сезімін өз басынан өткере отырып, оны оқырманға жеткізе алды деген пікірдеміз. Мұқағали Мақатаевтың басқа да аудармаларында бірде-бір шала-жансар аударманы кездестірмейміз. Осылайша, аудармашының тәржіме үстінде кездесетін қиын сәттерде құтқаратын бір қасиеті оның тілді терең сезіне білу қабілеті екеніне көзімізді жеткіземіз. Өлеңнің түпнұсқасы мен оның тәржімесін зерттей келе, ағылшын тіліндегі түпнұсқа мен орыс және қазақ тілдеріндегі аудармалардың құрылымы арасындағы едәуір айырмашылықтың барын байқадық. Мақалада келтірілген өлеңмен қатар ақынның басқа да аударған өлеңдеріне композициялық және аударма теориясы тұрғысынан талдау жасалды. Нақтырақ айтатын болсақ, түпнұсқа мен орыс тіліндегі аудармаға, орыс тілінен тікелей қазақ тіліне жасалған аудармаға және ең бастысы түпнұсқа мен қазақ тіліндегі аудармаға салыстырмалы талдау жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет