І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш


ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ



бет58/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   156
Байланысты:
treatise40283

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ


Смағұлова Гауһар
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
Ғылыми жетекші: Бердиллаева М.Б.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл жоқ жерде халық та болмайды, өзінің ұлт атын өшіріп алады. Сондықтан да тіл байлығы – халық байлығы. Тіл байлығы ұрпақтан ұрпаққа ана сүтімен, әке қанымен беріліп, келер ұрпаққа аманат ретінде қалдырылып отырған. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, қорғап, оны Абай атамыз айтып кеткендей, «басқа тілдердің әсерінен шұбарлануына» жол бермеуі керек. Әсіресе, бұл қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің біріне айналды.


Ана тілі – ең басты байлығымыз. Қазақ халқы пайда болғаннан бері халықпен бірге жасасып келе жатқан біздің ана тіліміз – түркі тілдерінің ішіндегі ең көркемі де, ең шұрайлысы. Қазақ тілі өте бай тіл болғандықтан, бұл тілді түгел игеру де қиынға соғады. Себебі, бір ғана мақал-мәтелдерді алып қарайтын болсақ та, оларды түгел жаттамайынша, қолдана алмайтынымыз белгілі. Осы мақал-мәтелдер арқылы да айтайын деген ойыңды көп созбай-ақ, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасауға болады. Яғни, бұл да біздің тіліміздің байлығын көрсетеді. Бұл тілде біздің қаншама данышпан ата-бабалаларымыз сөйлеген, осы ана тіліміз арқылы біздің тарихымыз, шежіреміз жазылған. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі.
Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Бәсекеге қабілетті дамыған елдер қатарына кіру үшін де біз саналы да сауатты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ол дегеніміз алдымен өз ана тілінді еркін сөйлейтін және мемлекетік тілді еркін меңгерген азамат болуы тиіс. Онсыз біз ешуақытта алға баса алмайтынымыз айдан анық. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Біз тілімізді жақсы көреміз, мақтан тұтамыз, оны киелі деп санаймыз. Тіл – біздің қазақтығымыздың кепілі, мемлекетіміздің мызғымас нышаны. Мемлекет пен ұлт егіз ұғымдар. Мемлекет иесі – қазақ. Ұлттық рухты таудан, тастан іздеудің қажеті жоқ. Ұлттық рух сана мен жүректен басталады. Сондықтан тіл туралы сөз қозғағанда алдымен рух пен жігер тұруы қажет.
Тіл – тірі ағза. Тірі ағза болғандықтан ол үнемі даму үстінде. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлт өкілдерінің тегі басқа болғанымен, олардың жаны қазақ, себебі, қазақ деген біздің мемлекетіміздің аты да. Тілі тәуелді елдің салт-дәстүрі де, мәдениеті де бұлыңгыр, күңгірт, болашағы жоқ болады, құрдымға кетеді. Бізде тұрып жатқан қаншама ұлт өкілдерін біріктіретін де мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Қоғамда мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейту үшін де коптеген іс-шаралар, оқулықтар, әр түрлі еңбектер жарыққа шығып жатыр. Жыл сайын республика бойынша атап өтілетін тілдер мерекесі жас қазақстандықтарды туған тілін қадірлеуге, елін, жерін сүюге, достық пен ынтымақтастыққа тәрбиелейтініне осы мереке үстінде көз жеткіздік. Осындай іс-шаралар қазақ тілінің тұғырын күшейтуге апарар бұлақтың көзі болмақ. Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек жаңылмаспыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндетіміз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. «Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» - деген. Әрине, ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептелінеді. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Ата заңымыздың жетінші бабының бірінші тармағында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп анық жазған. «Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмаған. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, насихаттауымыз керек. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті, кастерлі. Қазіргі жастардың бірқатары ана тілін білмейді, құрметтемейді, онымен қоймай сол ана тілін білмей шет тілінде сөйлей, жаза алатындарын мақтан тұтады. Біздің қоғамымызға ең қауіп төндіретін де жастардың осындай түсінігі. Олар ертеңгі күні мемлекеттік тілге, өз ана тілімізге жандары ашымай, тағдырына бей-жай қарайтын азаматтар мен азаматшалар болып шығады. Сол үшін де мемлекет бізден үміт күтіп отырғандықтан алдыңғы орынға мемлекеттік тілдің қолдану аясын жақсартуды, қазақша толық білуге күш салуды жастар өзімізден бастауымыз керек. Қоғам бір орында тұрған жоқ, ілгері қарай дамып келеді. Қазіргі заман ағымы бізден үш тілділікті талап етіп отыр. Тіл білудің жастар үшін қаншалықты маңызды екенін Елбасымыз да баса айтып жатыр. Осындай кезеңде біздің ең бірінші мақсатымыз – алдымен мемлекеттік тілді жақсы меңгере отырып, заман ағымынан қалмай, қазіргі талапқа сай орыс тілі мен ағылшын тілін де қатар алып жүруіміз керек. Басқа тілді меңгеру дегенге біздің ата-бабаларымыз да қарсы болмаған, оған талай дәлелдер де келтіруге болады. Бірақ сол өзге тілді білуіміз үшін де алдымен өз ана тілімізді жақсы меңгеруіміз қажет. Бұны да заман талабы деп қабылдауымыз керек. Және де сол талаптарға лайық болсақ қана біз, жастар, мемлекетіміздің, Елбасымыздың бізге деген сенімін ақтай аламыз, бабаларымыздың бізге аманаттап қалдырып кеткен тілін көздің қарашығындай сақтап қала аламыз. Тілі жоғалған халықтың ертеңі де болмайды, болашағына қауіп төнеді. Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі.
Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Қазақ тілінің өте бай тіл екенін баса айтып отырмыз, ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің басты құралы, қуатты қаруы. Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәселесі еліміз тәуелсіздік алғалы бері жиырма жылдың ішінде батыл айтылып келеді. Бүгінгі таңдағы мемлекеттік ұлт саясатында ұстанып отырған бағыттары арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру жайы алдыңғы қатарда тұр. Тіліміздің мемлекеттік дәреже алуына байланысты қазіргі кезде практикалық жағына да, теориялық жағына да көптеген нәтижелерге жетіп жатырмыз. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекеттік тіл – татулық тірегі болды деп айтамыз. Әр халықтың өз ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Біздің елімізде қаншама ұлт өкілдері тұрса да, олардың өз тілдерінде сөйлеп, салт-дәстүрлерін сақтап, ұстануына ешқандай да тыйым жоқ. Барлық ұлт өкілдерін біріктіріп отырған – мемлекеттік тіліміз. Біздің татулығымыз да, Елбасымыз ұстанған саясатты қолдауымыз да мемлекеттік тіліміздің дамып келе жатқандығының бір көрінісі. Біздің жерімізді мекен еткен, өз туған отанымыз деп есептейтін өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілімізді қадір тұтады. Демек, біздің тәуелсіздігіміздің басты тірегі – мемлекеттік тіліміз! Әрдайым ана тіліміздің абыройы асқақтап, мерейі үстем болсын деп тілейміз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет