І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет77/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер



  1. Клейн Л.С. Древние миграции и происхождение индоевропейских народов. – Санкт-Петербург, 2007

  2. Гордон Чайлд. Арийцы. Основатели европейской цивилизации / Пер. с англ. И.А. Емеца. / – М.: ЗАО Центрполиграф, 2007. – 270 с. (серия «Загадки древних цивилизаций»)

  3. Белов А.И. Путь ариев. В поисках прародины. – М.: Амрита-Русь, 2009

  4. Э.В. Ртвеладзе, А.Х. Саидова, Е.В. Абдуллаева. Авеста. Видэвдат. – Санкт-Петербург: «Издательство Политехнического университета», 2008

  5. С.А. Бурлак, С.А. Старостин. Сравнительно-историческое языкознание: Учебник для студ. высш. учеб. заведений. 2005. – 432 с

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ


Гымың Тұмаргүл (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Ибрагимова М.Н.

Жібек Жолы – Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты.Ұлы Жібек жолы – адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның,Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған.


Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған.
Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған,ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңірі мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халықта Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
Жібек жолы Еуропадан басталып Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Индонезия, және Вьетнам елдері арқылы Қытайға келіп жетеді.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі торабы өзгермегенжол.Шығыста Ши-аннан басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжаңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Ислам діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материалдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды. Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.
Ұлы Жібек жолымен бірге Еуропаға тек сауда тауарлары жеткен жоқ, сондай-ақ, Азия халықтарының мәдениеті де қоса келді. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы калалар үлкен әсер етті. Жібек жолының жандануымен қазақ даласындағы халықтың біразы отырықшылыққа өтіп, өңірде жаңа қалалар пайда бола бастады. Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды.
Ал, Отырар, Испиджап, Суяб, Сауран, Тараз сынды үлкен шаһарлар гүлденіп, елдегі маңыздылығын арттыра түскен. Сауда жолының бойында орналасқандықтан аталмыш қалалар тез өркендеді, ондағы халықтың саны да күрт артқан болатын.Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар қазақ халқының құрамына кірген түркі тілдес ру-тайпалардың отырықшы ел болуына,тұрақты мекен-жайлар салып қоныстануына зор пайдасын тигізді. Сауда кезіндегі қарым-қатынас,алыс-беріс,экономикалық байланыс бір-бірімен шаруашылықтың ең қажетті,пайдалы түрлерін үйренуіне себеп болды.
Ортағасырлық қалалардың қирауының, қала мәдениетінің құлдырауының басты себебі – әскери саясат тәртібіне байланысты болды.Соғыстардан, шапқыншылықтардан, ең алдымен қалалар мен қоныстар қатты зардап шекті. Өндіріс, мәдениет ошақтары қиратылды, қала халқы жаппай қоныс аударды.
XIII-XIV ғасырларда Моңғол шапқыншылығы Жібек жолы бойындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағынан күйреуіне алып келді.ХVII ғасырдың II жартысынан бастап теңіз жолдарының ашылуына байланысты Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастады.
Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта қолға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. КөнеҰлыЖібекжолының бүгінде қайта жаңғыруы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты арттыра түседі. Ұлы Жібек жолы бүгінде екі ел арасында өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жолына айналуда. Ұлы Жібек жолының көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет