Әдебиеттер
Егемен Қазақстан газеті. –2006. №22.
«Основы физиологии человека» Агаджанян, Власова, Ермакова.
Маринова Ю , Никитина А.А. «Возрастная физиология».
4. malimetter.org › Денсаулық.
5. narkoortalyk.ucoz.kz/news/temekini_zijany/2010-05-24-29.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ НЕГІЗГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ТРЕНДІЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тоқшылықов Д.Б., магистрант (Қазақстан)
Абай атындағы ҚазҰПУ
Тәуелсіз Қазақстанның қарыштап дамуында Алматы қаласының алатын орны ерекше. Алматы қаласы Еуразиялық құрлықтың орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. «Оның географиялық координаттары 430 15′ с.е. және 760 54′ ш.б. Марсель, София, Сухуми және Владивосток сияқты қалалармен бір ендікте орналасқан. Қазіргі Алматы қаласы Іле Алатауының солтүстік шатқалдарындағы оңтүстіктен солтүстікке қарай шөгіп жатқан етектерінде орналасқан. Қаланың орташа биіктігі теңіз деңгейінен 865 м. Соңғы жылдарда қала тез өсуде, қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан жеке құрылыс нысандарынан тұратын жаңа аудандар 1200-1650 м биіктікте орналасқан» [1,6].
Алматы – болашағы зор қала. Сондықтан оның әрі қарайғы дамуы, соның ішінде постиндустриялық инновациялық қала ретінде дамуы [2,9], табиғи ортасы [1,6], антропогендік іс-әрекеттің тигізетін әсері [3,22] сынды бірқатар ірі проблемалары зерттеушілер назарында деуге болады. Алматы қаласы қазіргі күнде елдің қаржы, ғылыми және мәдени орталығы ретінде жоғары инвестициялық тартымдылығымен және астаналық функцияның бір бөлігін атқара отырып, халықаралық маңызы бар агломерациялық іскерлік келбетіне ие болуда. Қаланың күннен-күнге көркеюі экономикасының дамуымен байланысты. Осыған орай қаладағы демографиялық жағдай да жақсара түсуде. Қала 352,3 шаршы шақырымды алып жатыр. Қала аудандары Алмалы, Бостандық, Медеу, Түркісіб, Алатау, Әуезов, Наурызбай. Алматы қаласының халық саны 2012 жылы 1450,3 мың адамды құрады. Тығыздығы 4139 адам/км. 2008 жылы Алматы төңірегіндегі ауылдарды бір аудан аумағына біріктіріп, аумағы 7190 гектар жерді құрайтын жаңадан ірі агломерацияның жетінші Алатау ауданы ашылса, 2014 жылы жаңадан Наурызбай ауданы ашылды.
Республикамыздың жалпы халық саны 1999 жылғы ұлттық санақ мәліметтері бойынша 14,9 млн халық тұрды. 2009 жылы 16 млн болды, 2012 жылы 16,3 млн-ға жетті. Енді Алматы қаласы бойынша демографиялық жағдайына тоқталсақ.
Достарыңызбен бөлісу: |