Алматы қаласында санақ жүрген жылдар мен халық саны Кесте 1
№
жылдары
халық саны
№
жылдары
халық саны
1
1859 ж
5000
8
1979 ж
899 700
2
1879 ж
18 423
9
1982 ж
1 000 000
3
1913 ж
40 000
10
1989 ж
1 071 900
4
1926 ж
45 400
11
1999 ж
1 129 400
5
1939 ж
222 000
12
2009 ж
1 365 600
6
1959 ж
456 000
13
2010 ж
1 404 300
7
1970 ж
665 000
14
2012 ж
1 450 300
1-кестеде көрсетілгендей халық саны жыл сайын тек қана өсіп отырған. 1859 жылы қала халқы саны небәрі 5000 адам болса, 1879 жылы 18 423 адамға жетті, салыстырмалы түрде қарасақ, алдыңғы жылға қарағанда үш есеге өскен. Ал 2012 жылы қала халқы саны 1450,3 мың адамға жетті. Алматы қаласының халқы белгілі уақыттар аралығында өсіп отырды. Оның негізгі себептерінің бірі 1929 жылдан 1997 жылға дейін Республикамыздың астанасы Алматы қаласының болуы деуге болады.
Алматы қаласындағы 2010-2012 жылдардағы көші-қон жағдайына тоқталсақ, Алматы қай кезде де республикадағы ең әдемі, тартымды қала. Шындығында табиғаты жанға жайлы, Алатаудың етегіндегі әсем қалада тұруды армандайтын адамдар көп. Мегаполиске жылдың төрт маусымында келіп-кететін адамдардың да саны азайған жоқ. Дегенмен, өткен ғасырдың соңғы он жылында мұнда тұруға, жұмыс істеуге, ұрпақ өсіруге келетіндер саны саябырсыған. Атап айтқанда, Алматы қаласы Статистика департаментінің деректері бойынша, 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында Алматы қаласының аумағына республиканың басқа өңірлерінен, қиыр және таяу шет елдерден барлығы 20 977 адам келген. Бұл соның алдыңғы 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0 пайызға кем. Сонымен қатар, осы үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында мегаполистен тысқары 11 882 адам кетіп, бұл көрсеткіш те 2,1 есеге еміген. Сөйтіп, көші-қон сальдосы 15 095 адамды құрап, былтырғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,3 есеге көбейген. Осыдан байқалатыны, соңғы жылдары Алматы халқы, негізінен, қалаға көшіп келушілер көшіп кетушілерден көп болып, сол арқылы да көбейіп отырған. Бұл ретте қаланың тартымдылығы негізгі рөл атқаруда. Өйткені, ел ішін айтпағанда, халықаралық көші-қон аясында шаһарға 1786 адам келіп, 1290 адам кеткені де көп жағдайды аңғартады.
Ал өңіраралық көші-қон аясында қалаға келгендердің саны 2010 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 1,7 есеге артып, 25 191 адам болған. Бұған керісінше, қаладан кеткендердің саны былтырғы осы кезге қарағанда 15,9 пайызға азайып, 10 592 адамды құраған. Нәтижесінде көші-қон сальдосы 7,6 есеге немесе 14 599 адамға өскен. Алматы қаласы аумағына 2012 жылғы қаңтар-маусымда республиканың басқа өңірлерінен, қиыр және таяу шет елдерінен 15 082 адам келіп, қаладан 12 143 адам кетті, 2011 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда келгендердің саны 1,8 есе азайса, кеткендердің саны, керісінше, 2,2%-ға өсті. Көші-қон айырымы 2939 адам құрады. Барлық көші-қон байланыстарының арасында қала үшін ең белсендісі Қазақстандағы басқа өңірлермен алмасу болып табылады, оның үлесінде – барлық қалаға келгендердің 91,7%-ы және қаладан кеткен көшіп қонушылардың – 89,4%-ы. 2011 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда өңіраралық ағым аясында келгендердің саны 1,8 есеге кеміп, 13 828 адам, кеткендердің саны, керісінше, 2,4%-ға өсіп, 10851 адамды құрады. Халықаралық көші-қон алмасу ағымында көшіп келушілердің саны 1292 адам құрап, 0,2%-ға өсті. Көші-қон алмасуы негізінен ТМД мемлекеттерімен орын алып отыр, төменде аталған елдермен көші-қон сальдосы теріс болып тұр: Ресей (-827 адам), Украина (-12 адам), Белоруссия (-7 адам). Басқа елдердің арасында Канадамен (-44 адам), АҚШ-пен (-29 адам) көші-қон сальдосының теріс болғаны байқалған. Қала ішіндегі көші-қон 2012 жылғы қаңтар-маусымда 2011 жылға қарағанда 17,3% кем болып отыр [4].
Осы ретте өлім-жітім көрсеткішіне де тоқталсақ, 2011 жылы өмірге 18,9 мың бала келсе, өлгендер саны 6,2 мың адамды құрапты. Өкінішке қарай, осының ішінде 320-сы 1 жасқа толмай шетінеп кеткен нәрестелер екен. медициналық зерттеулерге жүгінсек, жаңа туған нәрестелердің шетінеуіне, негізінен, аналар кінәлі болады екен. Өйткені олар жүктілік кезінде өз денсаулықтарына жете мән бермейтін көрінеді. Өмірге келер ұрпағымыздың санын көбейтетін үйленгендер арасында ажырасу бұрынғысынша әлі де көп. Мысалы, қаладағы АХАЖ органдары 2011 жылдың қаңтар-маусымында 5402 некені қиып, 2688 ажырасуды тіркеген. Бұл 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда некелер санының 2,4 пайызға, ажырасулар санының 11,6 пайыз,а артқанын көрсетеді. Сонда әр мың тұрғынның 9,4-і жаңадан шаңырақ көтерсе, 3,8-і ажырасып отырған [4].
Алматы Қазақстан қалалары ішінде «көпұлтты қала» мәртебесіне ие. Этникалық жағын ескерсек, бұл қалада 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазіргі кезде Алматыда 51,1 пайыз қазақтар, 33 пайыз орыстар, 5,7 пайыз ұйғырлар, 2 пайызға жуық корейлер және дәл осы мөлшерде татарлар мен 0,5 пайызға дейін өзбектер, сондай-ақ шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер 0,4 пайызды құрайды. Қалада сонымен бірге 0,5 немістер де тұрып жатыр [4]. Жалпы Қазақстан Республика бойынша халық саны – 6 млн 856 мың адамды құрады (1.10.2012ж). яғни ТМД елдерімен салыстырғанда елімізде демографиялық өсім төмен екені белгілі. Елімізде бұл мәселені шешу үшін арнайы демографиялық саясаттар жүргізіліп жатыр. Ал Алматы қаласының халқы санының өсу деңгейі өте жоғары.
Демографиялық процестердің динамикасы 2020 жылға дейін қоғамдық дамудың бүкіл құрамдас бөліктерінің өзара әрекетімен анықталады. Бұларға бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі, сол сияқты қоғам өмірінде өсіп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында қалыптасатын жаңа факторлар жатады. Алматы қаласының демографиялық даму сипаты халықтың табиғи және миграциялық қозғалысымен анықталады. Олардың ауқымы мен бағыты төмендегідей әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижелеріне байланысты:
Қаланың экономикалық әлеуетінің дамуы;
Үй нарығының дамуы;
Жұмыспен қамтылу мен еңбекақы деңгейі;
Мемлекеттік және әлеуметтік саясат және басқалары [5].
Тұрғындардың болашақ санын болжау нұсқалары бала туудың кезеңдік төмендеуі мен артуы болжамы (1000 тұрғынға 11,5-тен 7,8-ге дейін және 15,2) өлімнің өсуі мен миграциялық өсім ескеріле отырып есептелген. Миграцияның оң сальдосына 1998-2000 жылдардың өзінде қол жетті, енді болжамды кезеңнің соңына дейін осындай болып қалады деп болжануда.
Демографиялық жоспарға сай Алматы қаласы халқының 2020 жылғы кезеңге дейінгі болжамды саны Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістің тұрақтылығымен және инерциясымен анықталады [5]. Бұның ішінде барынша тұрақтысы Алматы халқының жиынтық санының болжамы болып табылады. Бұған Алматы қаласының өзінің тұрақты тұрғындары және уақытша мекендейтін халқы жатады. Алматы қаласының жиынтық халқының болашақ саны барынша ықтимал болжам нұсқасы бойынша 1500 мың адамды құрайды, оның ішінде тұрақты тұратын халық саны – 1300 мың адам, уақытша – 200 мың адам. Тұрғылықты ортаны жан-жақты қалыптастырудың негізгі бағыттары орташа алғанда 1 адамды 22 шаршы шақырымға тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейін жеткізуді көздейді.
Зерттеуші-ғалымдар Ә.Бейсенова мен К.Каймулдинова Алматы қаласы аумағы табиғи ортасының жай-күйіне арналған ғылыми мақаласында Алматы қаласы үшін тұрақты даму көрсеткіштерінің жүйесін табиғи-ресурстық әлеуетті ескере отырып жасап ұсынған:
Қазіргі кезде Алматыда бала туу ұлғаюда. Бірақ халықтың жиынтық саны қуантарлықтай емес. Тәуелсіздік алған жылдары Алматыға келген және азаматтық алған оралман бауырлар да демографиялық ахуалды күшейтіп жіберген жоқ. Қорыта келгенде, Алматы қаласы халқының саны соңғы мәліметтер бойынша 2012 жылы 1450,3 мың адамды құрады. Яғни, алдыңғы жылдармен салыстырғанда 5,9%-ға көбейген. Қазіргі күнде Алматы қаласы Қазақстандағы негізгі агломерациялардың бірі болып табылады, сондықтан да халқының серпінінің қарқынды дамуы агломерацияның негізгі функциясы ретінде шешуші рөл атқарады. Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму кезеңінің бас жоспары Алматының қала халқын өсіруді жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады.