Семейде Ж.Аймауытұлы мен М.Әуезов шығарған журнал қалай аталады? «Абай»
М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» атты әңгімесі қай жылы жазылған? 1921
М.Әуезов шығармаларының библиографиялық көрсеткішін осы ғалымдардың қайсысы жазған? М.Мырзахметов
«... Өткен замандардың көп күйлерін сақтап келген сол бір асыл меруерттің сырың аңдып, ғасырлар құрдымына үңілсек, бағзы өмір қаз қалпында көз алдымызда елес беріп кеткендей блар еді. Өткен заман жайын шертетін өлмес,өшпес, дана шежіресі- эпос бізде ғасырлар тынысын жеткізгендей, сол кездегі жандар бейне бір тіріліп келіп сыр-сезімін, ойы мен шынын, үзілмес арманы мен бақыт аңсаған тілегін алдымызға жайып салғандай болар еді...»
Ғылыми да көркем тілмен қазақ фольклоры жайлы сырлы, нұрлы, тереңнен тартқан тебіреністі осы бір ғажап ой-сезім маржанын М.Әуезов қай еңбегінде жазған?
«Қазақ халқының эпосы мен фольклоры»
«Абай Құнанбаев» атты монографияның авторы кім? М.Әуезов
М.Әуезов шығармаларының жазылу тарихы жайлы “ Бесігіңді түзе”, “Бесігіңді аяла”атты зерттеу еңбектің авторын тап. Т.Жұртбаев
“Көкейкесті”, “Көкейкесті” күй не дейсің? Уа, не қыл дейсің? Тынбаған көңіл, талмаған көкей (жымиып) күшік!..(қобызына жағын сүйеп, ырғала толғанып) Бақи пәруәрдігәр!.. Бе-еу!..” –осы үзінді монолог М.Әуезовтің қай пьесасынан алынған? “Еңлік –Кебек”
Сырым образы М.Әуезовтің қай шығармасында суреттелген? “Қаракөз”
М. Әуезовтің 1925 жылы қаңтарда Семейде шығарған журналының атын көрсет. “Таң”
М.Әуезовтің 1932 жылы 10 маусымда Кеңес өкіметінің қысымымен түрмеден босану үшін жазған “Ашық хаты” қай басылымында жариялайды? “Социалды Қазақстан”
М.Әуезовтің Абай ғұмырбаянын 4 рет жазғаны аян. Солардың қатарына енбейтінін, яки М.Әуезов қаламынан тумаған Абай өмірбаяны жайлы мақаланы көрсет. “Әкем Абай туралы” 1933
М.Әуезов жалпы жиыны қанша драматургиялық шығармалар жазды, оның нешеуі аударма? 40/8
М.Әуезовтің абайтану саласындағы қырық жылға таяу уақытты қамтыған еңбектері нәтижесіндеАбайдың рухани мұрасы ғылыми тұрғыда сараланып, әдебиет тарихында хакімнің өшпес көркем бейнесі жасалды. Осы қыруар еңбек нәтижесі М.Әуезовтің қай еңбектерінде толық жинақталып, қорытындыланып берілген?
“Абай Құнанбаев”, Абай жолы”;
М.Әуезов қай жылдары өмір сүрді? 1897-1961
Мұхтар 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болды? Немере ағасы Қасымбектің
М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз. «Бәйбіше-тоқал»
Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз. Ызғұтты
М.Әуезовтің 1917 жылы жарық көрген тырнақ алды мақаласының атын табыңыз. «Адамдық негізі-әйел»
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы өзінің қалай қазақ болып кеткенін білмей қалғанын жазған жазушыны белгілеңіз. Б.Матип
М.Әуезовтің әңгімесін табыңыз. «Түнгі сарын»
М.Әуезовтің тұңғыш көркем туындысы қалай аталатынын белгілеңіз.
|