Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата22.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#71
1   2   3   4   5   6   7   8

1-жаттығу. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдарын анықта. 

 

а)  Қарағым, Қамқа, бүгін күн жұма ғой осы? – деді.  



Оспан  мен  Смағұлды  жалындырып  алды  да,  екі  үйректі  қанжығасынан 

шешіп беріп жатып: 

-  Жаман  енеңді...  қос  қара!  Ертеңді-кеш  суды  лайлағанша,  тым  құрыса, 

бүлдірген терсеңдерші!  деді. 

-  Бүлдірген ? 

-  Қай бүлдірген? 



 

12 


 

-  Бүлдірген қайда? 

-  Ей, ағатай, айтшы!  деп, Оспан мен Смағұл тағы  жалынды.  

-  Япырай,  мына  баланың  өзіме  соғуын  қарай  гөр.  Сен  бұл  əңгімені 

естіген екенсің-ау, ə ?  деп, үй ішіне жағалай қарады. 

-  Сенбісің, шырағым? Қасымдамысың?  

-  Бұл кім болды екен, ə ? – деп əкем елең ете қалды.(Б.М.) 

ə)

 Көп нүктенің орнына тиісті сұрау мəнді сөздерді қойып көшіріп жазыңдар  

 Өзің  ...баласың?  –деді  əкем  бір  кезде  апайға  алыстан  мал  қарағандай, 

қолын көлегейлеп қарап 

-  Сапабаектің жолдасымын ғой. 

-  ...дейді, ойбай! Сапабек дейсің бе? 

-  Иə. 

-  Мына өзіміздің жаман жырық Жақанның...? 



-  Иə. 

-  ...? –деді əкем тағы бір ауруының шетін шығарып. 

-  Мен  ...Мен...  –  деді  абыржыған  ақ  адам.  –  Ғафу  өтінем,  дұрыс 

айтпадым... Мен испан тайпасынанмын. 

-  ...? 

-  Иə, иə, Испания!  

-  Аяғыңа  ...размер  киесің?  –  дедім  өз  сөзіме  өзім  онша  мəн  бермеген 

болып. 


-  Отыз алты... 

-  ...? (Т.Ə.)  



Қажетті сөздер: Көйлектен, нешінші, не қай, ба, көксау, Испан. 

 

2-



 

жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойыңыздар. 

 

Асылгүл, – деді ол. 

-  Асылгүл – деп мен қайта сұрадым. 

-  Соғыстан  қайтқандардың  бəрі  Германиядан  келеді,  иə,  қыздар  –  деп 

қызыл шырайлы қыз достарына қарай бұрылды.(Ə.Н.)   

-  Ербол  Сіз соғыста ер болдыңыз ба 

-  Жалғыз екенсіз ғой 

-  Жоқ, қарындасым бар 

-  Енді табасыз ғой 

-  Табамын. 

-  Келесіз ғой 

-  Келемін. 

 

3-жаттығу. Сұрақ белгісінің  қойылу себебін түсіндіріңіздер. 

 

Абайдың  ендігі  жеткізген  сəлемі  осы.  Тəкежан  бұны  тыңдап  бола  сала, 

ойында отырған ең мазасыз бір сөзінің жөнін сұрады. 

-      Осы    сөзді  Жігітектің  сол  ауылдары  сойлеп  отыр  ма?  Жоқ,  əлде, 

басына  бəле  бұлты  оралып  жүрмесе,  бойына  ас  батпайтын  Базаралы 

құтыртып отыр ма? 



 

13 


 

-      Базаралы  болса  қайтуші  еді!  Ет  бауыр  туыс  онікі!  Жер  болса,  тағы 

онікі. Есесін жоқтаса да бəле іздеген бола ма? 

  -    Есесі кетіп жүр ме екен? Жерін алсам, жемін бермеуші ме ем? 

-      Ол  есе  ме  еді?    Теңдікпен  беріп  отыр  ма  едің  жерін?  Тартып 

алатынсың  да,  тамағына  болымсыз  бірдеме  тыққан  болатынсың.  Жылдағы 

жайың кімге жасырын еді? 

Жүрек дерті өлімге бастай ма анық? 

Адасам ба өмірден жастай қалып? 

Ет жүрегім кете ме тасқа айналып? 

Неге айтпайсың, тұрғанша босқа ойланып?     

 

Қорқу ма, қуаныш па келер маған? 



Арман ба жүректі өртеп жалындаған? 

Əлде ол үйреншікті мұң мен шер ме? 

Баяғы тұманды ой ма арылмаған ?  

 

4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерде сұрақ белгісі қойыла ма, қойылмай ма ?Қойылу- 



қойылмау себебін түсіндіріңіздер. 

 

а) Бір ойдан Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен деп те ойлады. Сол бала 

ажарын  жақтырмағаннан  ба,  болмаса  Оспан  мінезіне  таң  қалды  ма,  əйтеуір, 

Абай  осының  алдында  жаңа  ғана  саятшылыққа  жас  баладай  тамашалап, 

қызыққан қалпынан тез суынды.  (М.Ə.) Адам қашанда өзінің ерік-жігерінің 

əміршісі,  ар-ожданының  құлы  болу  керек  емес  пе  .  (Н.К.)  Абай  тамақ  іше 

алмайды.  Сондықтан  ба,  болмаса  күн  көзіне  шықпай  көп  күндер  отырып 

қалғанннан ба, қазір қара сұр реңнен ақ сұр түске ауысқан. Халқыңа басшы 

болар  талап  соңына  түссең,  офицер  боп  жүріп  жетесің  бе,  инженер  болып, 

адвокат оқуын оқып жетесің бе, бəрібір! Бұл не сонда Адалдық па, əділдік пе  

Шыншылдық  па,  сыншылдық  па    Көріп  тұрсыңдар  ма,  бар  аумағы  бір  уыс 

жылы қуыс, өзі маған туыс қуыс.(З.Қ.) 

ə)  Мен  шыдап  тұрайын  ба,  ызаға  булығып,  əпкеммен  жұлқыса  кеттім. 

Бұл  елден  кетерін  сезген  қыздың  қимас  көңілінен  шыққан  жас  па,  əлде 

ағайынның  ықыласына  деген  ризашылық  жасы  ма,  ол  жағын  аңғара  алған 

жоқ  едім...(Б.М.)  Емдеуге  бола  ма,  жоқ,  болмай  ма,  маған  ашығын 

айтыңызшы.  (Т.Ə.)  Дастархан  үстіндегі  мезгілсіз  тыныштықты  қуалауға 

ұйғарды ма əлде көңілсіздікті сезіп, соны сейілту үшін бе, Нұрғайша орнынан 

лып  етіп  тұрып,  үстелдің  үстіндегі  радиоқабылдағышты  бұрап  қалып  еді, 

қазақтың  əн-би  ансамблі  қарақалпақтың  «Бибігүлін»  нақышына  келтіре 

шырқап ала жөнелді.  

Қалам ба деп қайғырмаймын көмусіз, 

Кетем бе деп қапаланам өмірсіз. 

Күрсініп көкірегім, жылайды ішім, 

өсем бе, өшемін бе құдай білсін.(М.М.) 

Жұмсақ  төсекте  кесілген  сүйектер  бұралып,  майысып  кетеді  деп  қорқа  ма, 

əлде  басқа  бір  себебі  бар  ма  кім  білсін.(Н.К.)  Бұл  жатырқауы  ма,  жасқануы 


 

14 


 

ма, жабырқауы ма? Осының өзі өңім бе, түсім бе Қайда Қалай жүреміз Менің 

не керегім бар Не дейді Рас па, өтірік пе Шыны ма, ойыны ма (З.Қ) 

 

5-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сұрау мағыналы етіп өзгертіңіздер. 



 

 

Абай бабамыздың төмендегі қарасөзінен қандай ой түйер едіңіз? Баяндап беріңіз. 

 

 

Он тоғызыншы сөз 

 

Адам  ата-анадан  туғанда  есті  болмайды:  естіп,  көріп,  ұстап,  татып 

ескерсе,  дүниедегі  жақсы,  жаманды  танидыдағы,  сондайдан  білгені,  көргені 

көп  болған  адам  білімді  болады.  Естілердің  айтқан  сөздерін  ескеріп  жүрген 

кісі  өзі  де  есті  болады.    Əрбір  естілік  жеке  өзі  іске  жарамайды.  Сол 

естілерден естіп білген жақсы нəрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, 

сонда іске жарайды, соны адам десе болады.  

Мұндай  сөзді  есіткенде  жайқақтап,  шалғырттанып  не  салбырап, 

салғырттанып  естісе,  не  есіткен  жерін  қайта  қайырып  сұрап  ұғайын  деп 

тұшынбаса,  не  сол  жерде  сөздің  расына  көзі  жетсе  де,  шыға  беріп  қайта 

қалпына келсе, естіп-естпей не керек? 

Осындай  сөз  танымайтұғын  елге  сөз  айтқанша,  өзіңді  танитұғын  шошқаны 

баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады 

 

 



Леп белгісі 

 

Леп белгісі қойылатын орындар: 

Алдымен ес 

жиған Үкібала 

еді 

Едігенің 



қолындағы 

бала селк ете 

түсті. 

Борандықтар 



амалсыз əрірек 

барып тұрды. 



 

15 


 

 

1.  Қандай,  неткен  есімдіктері 



сұрау  мəнің  білдірмей,  таңдану, 

қуаныш  мағынасын  білдіріп  тұрса, 

сөйлемнің  соңынан  леп  белгісі 

қойылады. 

 

Əрі  ақылды,  əрі  сұлу  болып,  құс 

падишасы  атанудың  өзі  қандай!            

Неткен  сұлу,  сүйкімді  құстар  еді! 

(Ы.Кененбаев) 

 

2.    Ғажап,  тамаша,  керемет 



сияқты  сөздерге  де  ерекше  таңдану 

мағынасын сыйғызып айтқанда дауыс 

көтеріңкі  шығады.  Мұндай  жағдайда 

да леп белгісі қойылады.  

 

Қарап  отырсаң,  құмырсқалар 

тіршілігінің өзі – адам ақылына сый-

майтындай  ғажап  бір  керемет 

нəрсе! (Ы. Кененбаев). 

 

3.  Одағай  сөздерден  кейін  жəне 



құрамында 

одағай 


сөздері 

бар 


сөйлемдердің  соңына  да  леп  белгісі 

қойылады. 

 

Қазақстан! 

Пай,пай, пай! 

Ардағым-ай! 

Сен  менің  Шолпанымсың  жанған 

ұдай, 

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт, 

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай! 

                                                       

(М.Мақатаев.) 

 

4. Қаратпа сөзден жəне көтеріңкі 



дауыспен  айтылған  қаратпа  сөзді 

сөйлемдерден  кейін  де  леп  белгісі 

қойылады. 

 

Апырмай, 



Туған жер-ай! 

Теңдесер кім, 

Бұл жерге сен болмасаң келмес едім. 

(М.Мақатаев). 

 

5.  Тілек,  өтініш  сарынындағы 



бұйрықты  сөйлемдерден  соң  да  леп 

белгісі қойылады. 

 

-  Айғанша  апа,  пана  бола 

көріңіз!  (Ғ.Мүсірепов) 

 

6. 



Зілді, 

қатаң 


бұйрық 

мағынасындағы  сөйлемдерден  кейін 

леп белгісі қойылады. 

 

Сол  арада  Ербол,  Абылғазы, 



Дəркембайдың  үндері  саналы  ызамен 

екіленіп, бірлесе шықты: 

-  Құлат  мына  үйлерді!  Жық! 



Домалат! 

Ал 

жұлып 

баспанасын! 

 



десті. 

(М.Əуезов). 

 

7.  Алғыс,  рақмет,  бата,  тілекті 



сөйлемдерден  соң  леп  белгісін  қою 

қажет. 


 

Есік  жақтағы  Иіс  кемпірден 

бастап барлық қартаң əйелдер: 

-  Айналайын,келінжан,  өркенің 

өссін! 

 

16 


 

-  Осы  əніңмен,  осы  сəніңмен  өт 

жалғаннан! –десті(М.Əуезов.) 

 

8.  Сəлемдескенде  айтылатын, 



ішінде  сұраулық  шылауы  бар  тіркес-

терден кейін леп белгісі қойылады. 

 

Армысыз, 

ардақты 

ата! 

(Ғ.Мүсірепов). 

 

 



1-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойыңыз. 

 

-  Əй,  кəпір,  содан  қосылған  жау  болды-ау    Баланы  алып,  бізді  баққан 

екен-ау  -  деп,  ақ  көк  атты  тепкілей  берді.  Артына  қорқақтай  қарап,  шала 

бұрылып, көз қиығын тастап көрді.  

- Мас көзіңді, мас, –деп, əзірейілдей төніп келе жатқан бірдеме. Атын да, 

кісісін  де  болжай  алмады.  Енді  не  де  болса  жанды  қармайын  деп, 

тақымындағы  шоқпарына  жабысты.  Соны  суыра  беріп:  «Əй,  анау  да  көк 

желкеден ұрады-ау»деп, жасқаншақтап келе жатыр еді.   

- Жаным-ау, айрандай аптап, күбідей күптеп болды ғой.  Енді кім қалды 

Күзектегі  Тақыртұмадан  сонау  жайлаудағы  Байқошқарға  шейін  отыз  көш 

жерде  ылғи  соның  көктемі,  күздеуі,  қыстауы  мен  жайлауы!  Қоныс-

қонысының  арасында,  тіпті,  түйенің  қолтығы  терлеп  көшетін  жырағы  жоқ 

қой  – деді.  

Соңғы рет Ақбаспен көріскелі келгенде, қарт адвокат Абайға ақыл айтты: 

-  Сен  жас  болсаң  да  ақылды  адамсың.  Халқыңа  жаның  ашиды 

екен...Оның  зор  қасиет.  Бірақ  сол  елің  мен  өзіңнің  қамыңды  шын  ойласаң, 

білім жарығына ұмтыл  Оқу ізде – деді. 

- Əттең, Абай аға, қадіріңді білер халқың аз, қайтейін Көзім жаңа жетті 

ғой  «Атаның  ұлы  болма,  адамның  ұлы  бол»  деп  өсиет  айтушы  ең.  Қысыр 

кеңесің  емес,  хан  қақ  жарғандай,  хан  қазынадай  асылың,  шының,  шын 

иманың екен ғой Садағаң кетейін жақсы жан, əз аға – деп жіберді. 

 

2-жаттығу. Өлең жолдарын нақышына келтіре оқып, леп белгісінің қойылу себебін 

түсіндіріңіздер. 

 

 - Жалғыз ұлдан артық па, жалған бəрі! 

Балам өлсе, бақыттың керегі не?! 

Топан су басып кетсін қалғандарын. 

  Перзент сұрап несіне армандадың ?! 

  Құрысын онсыз сенің жанған бағың! 

  Мылтықты əкел! 

  Атты ертте! 

  Жалған бəрі!  

 

  Қасиет!.. 



  О, қасірет! 

  Осындай ма ең?! 

  Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!.. 


 

17 


 

  Қасиет!.. 

 

  Ей, тастар! Кейде биік, кейде төмен, 



  Ей, сайлар! Кейде тайыз, кейде терең. 

  Ей,таулар! Құдіретің болсам егер, 

  Жоныңнан осып тұрып сөйлетер ем! 

 

  Япыр-ай! 



  Неткен көктем! 

  Көктем! 

  Көктем! 

  Дүние-ау,  

  Сен осылай көкпеңбек пе ең?! 

 

3-жаттығу. 1. Леп белгісінің қойылу себебін түсіндіріңіз. 2.Лепті сөйлемнің жасалу 



жолдарын анықтаңыз

 

а) Арамың сол – Бөжей маған қақпан құрғанын қойсын! Біреудің сыртын 

бетке ұстап жүріп, маған арнап оқ атқанын қойсын! Енді осыдан қоймайтын 

болса, ағаш оғын аямасын, тегіс атсын! Бірақ қашан айттың демесін! Ендігі 

керді  тап  өзі  көреді.  Өз  басы  көреді!  Ал  Керей,  Уақтың  малын  бересің! 

Бергіземін!  Ертең  үстіңе  сияз  құрамын.  Бұл  –  бір.  Екінші,  Бөкенші  сөзінен 

аулақ  кетсін.  Тартсын  аяғын.  Тарт  аяғыңды!  Ара  ағайын  сен  емессің.  Саған 

сынатын сөзім емес. Бəле іздемесең, кіріспе! Кіріссең, алысқалы əдейі кірісті 

деп білемін. Бар, айт  осынымды!..Тегіс жеткіз Бөжей мен Байдалыға! – деді.    

ə) Бөжей оны қатты серпіп жіберіп, тоқтатып: 

-Атпа, тарт былай! Аруақ бары рас болса, бұдан келген керді көремін! – 

деді. Бұл кезде Құнанбай айғай салып, бұйрық беріп: 

-  Алып  шық  шеттерінен!  Сүйретіп  шық  індерінен!  Қол-аяғын  байлап 

алып  шық,  өңшең  тоңмойын  құлдың!  –  деп,  Майбасар  бастаған  барлық 

Ырғызбайды қораға қарай жаяу қаптатты.   

Топ  ортасында  көп  ауызбен  сенер-сенбестей  қайталап,  соншалық 

мұңдық бір сөздер айтылады. 

-  Жеті ат! 

- Қайта əпермек! 

- Есемізді əпермек! 

- Егіннің шығынын төлетпек! 

- Былтырғы егін, биылғы егін! 

- Биылғы егін! 

- Орайын əпермек! 

- Дегені болсын! 

-  Айтқаны  шын  болса,  жолы  болсын!    –  дескен  жапыр-жұпыр  сөздер 

естілді. 

Əйелдер жағы алдымен қалыңдықтың отауына бас сұғады. 

- Бақытты бол, бағың ашылсын! 

- Əр күнің бүгінгідей ашық болсын! 



 

18 


 

- Басыңнан жақсылық кетпесін! 

Босағаң берік болсын! 

- Үйің қуанышқа толсын! (Б.М.)  

О,  құдіретті  жер  –ана!  Алғаш  рет  тəй-тəй,  қаз-қаз  басқанда-ақ  май 

табаныма тіреу боп, жылу берген сен емес пе ең! Сенің мейірімі мол төсіңе 

шығып  тұрып  төңірегімді  танымап  па  едім!  Айналайын,  асыл  далам,  сенің 

қатты құшағыңда, киіктің лағындай ойнақтап, емін-еркін өспеп пе едім! Сені 

əр перзентің мендей сүйсе, қадірлесе, қастерлесе, туған жер!..(Ө.Қ.) 

 

4-жаттығу. Сұрақ белгісі не леп белгісі тиістісін қойыңыздар. 

 

-  Айта  берсең,  арман  көп.  Осы  сары  аурудан  не  таптың?  –  деп,  біраз 

қабағын  шытып,  Түсіпке  түйіліп  отырып:  –  Дəрменсізде  арман  көп.  Бірақ 

арман азық боп па еді? Айла таппас болғанда, айттың не, айтпадың не! – деді.  

Ол  Қызылшоқының  шеткі  қонысында  отырған  Жексен  аулына  келді  де, 

Жексен мен Жетпісті шақырып: 

- Елді тастап, бас сауғалап, қайда барасың, түге? Тапжылма! Көшпе! Не 

көрсең,  бірге  көресің!  Жықпа  жаппаңды!  –деді.    Жексен  қарсыласа  алмады. 

Жалғыз-ақ қиялап: 

- Жандарым-ау не білгендерің бар? – дей беріп еді. 

- Онан  да  қазір  екеуің  де  атыңа  мін!  Ер  бізге!  Анау  Сүйіндік,  Сүгірге 

барып сөз байлаймыз! –деді  

- Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!.. Жалғыз-ақ өзгені 

берсе де, əкеңнің қаттылығын бермесін! – деп, бетін сипады. 

Шын  ба?  Шын  айтты  ма?  Жоқ,  əлде,  Байсалдың  қаттылық,  аямастық  мінезі 

балаға  ауыр  тимесін  деп,  жаны  ашығаннан  айтты  ма?  Бөжей  не  мəнмен 

мұндай  жақсы  бата  берді!  Ойда  жоқтан,  оп-оңайдан,  осындай  таудай  үлкен 

сый бола ма? Мырзалық па? Жоқ, əлде, Абайды аз білсе де, тез танығаны ма? 

Үлкендер көреген, танығыш, сыншы ғой! Шынымен-ақ танып айтқаны ма?.. 

Олай болса, Абай жаман кісі емес, жақсы кісі болмақ қой!.. 

- Неменеге мəз боп тұрсыңдар! – деп тағы да зекірді нағашым. 

- Аманбысың, Момыш! –деп Аққұл өзінің құдасына сəлем берді. 

- Өзің де саумысың, Аққұл!  – деп жадырады əкем.(Б.М)    

Бұлттан шығып, күміс күн! 

  Нұр шашпайсың сен неге? 

  Меңіреу, мылқау қара түн! 

  Сыр ашпайсың сен неге?  

Мəтінмен жұмыс 

 

Абайдың қарасөзін түсіне оқи отырып « Мақтаншақтық дұрыс па?» тақырыбында 



ой толғаңыздар. 

 

Жиырма бірінші сөз 

 

Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс. 

Сол  мақтан  деген  нəрсенің  мен  екі  түрлісін  байқадым:  біреуінің  атын 

үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. 



 

19 


 

Үлкендік  –  адам  ішінен  өзін  өзі  бағалы  есеп  қылмақ.  Яғни  надан 

атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, əдепсіз, арсыз, 

байлаусыз,  пайдасыз,  сұрамшақ,  өсекші,  өтірікші  алдамшы,  кеселді  – 

осындай  жарамсыз  қылықтардан  сақтанып,  сол  мінездерді  бойына  қорлық 

біліп,  өзін  ондайлардан  зор  есептемек.  Бұл  мінез  –  ақылдылардың, 

арлылардың,  артықтардың  мінезі.  Олар  өзімді  жақсы  демесе,  мейлі  білсін, 

жаман дегізбесем екен деп азаптанады. 

Екінші, мақтаншақ деген біреуі: «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, 

батыр  десін,  қу  десін,  пысық  десін,  əрнешік  не  түрлі  болса  да,  «десін»  деп 

азаптанып  жүріп,  «демесінді»  ұмытып  кетеді.  Ұмытпақ  түгіл,  əуелі  іс  екен 

деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. 

Біреуі  жатқа  мақтанарлық  мақтанды  іздейді.  Ол    –  надан,  лəкин  надан  да 

болса адам. 

Екіншісі,  өз  елінің  ішінде  мақтанарлық  мақтанды  іздейді.  Оның 

надандығы толық, адамдығы əбден толық емес.  

Үшіншісі, өз үйіне келіп айтпаса, яки аулына ғана келіп айтпаса, өзге кісі 

қостамайтын мақтанды іздейді. Ол –   наданның  наданы лəкин өзі адам емес. 

Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен 

деген  ағайыным  мақтаса  екен  дейді.  Ағайынның  ішінде  өзі  мақтау  іздеген 

өзімді өзім мақтап жетем дейді. 

 

 



Көп нүкте 

 

Көп нүкте аяқталмай, айтылмай қалған, іште кеткен ойды тұспалдайды. 

Көп нүктенің қойылатын орындары: 

 

Сөйлеуші 



белгілі 

бір 


себептермен  (қатты  асып-сасу,  енті-

гу,  тұтығу,  əлсіреу  т.б.)  сөздерін, 

ойын бөліп-бөліп айтқанда, бір сөздің 

ішіндегі  əріптердің  арасына  немесе 

сөйлем  ішіндегі  сөздердің  арасына, 

ал  ойы  бітпей  қалғанда,  сөйлемнің 

соңына көп нүкте қойылады.

 

Құдайберді 



есікке 

көзімен 

нұсқап: 

-  Адам  бола  ма?!.  Болар  ма!.. 

Інілерің  міне...  Кім  боларын...Не 

көрерін 

қайдан...білейін,-деді 

(М.Əуезов.) 

 

2.  Көп  нүкте  алынған  цитаттың 



бас  жағынан,  ара-арасынан  жəне 

соңынан  сөйлем  не  сөздер  қал-

дырылған жерге қойылады. 

 

 



3.  Жазушы  айтып  келе  жатқан 

оқиғаның жалғасын созбай, əрі қарай 

тоқтатады да, көп нүкте қояды. 

 

Абайдың  ілгері  созып  келе 



жатқан оң қолы жібек шымылдыққа 

тиген кезде, алдынан қарсы қозғалып 

келе  жатқан  Тоғжанның  ыстық 

саусақтары  мұның  бетіне  тиіп  еді. 

 

20 


 

Дірілдеген  демдері  қосылып,  ыстық 

еріндері 

енді 

айрылмастай 

табысқан-ды... (М.Əуезов). 

 

4.  Айтылып  келе  жатқан  ойға 



кенет,  тосын,  күтпеген  немесе  өте 

алшақ  жатқан  нəрсе  (оқиға,  зат, 

қимыл  т.т.)  қосылып  кетсе,  оның 

алдынан көп нүкте қойылады. 

 

XIX  ғасырда  қазақтың  жалпы 

халықтық тілін негіз еткен үлгілерге 

Абай,  Ыбырайдан  бастап,  қазақ 

əдебиеті уəкілдерінің мұралары, ауыз 

əдебиеті  нұсқалары,  шығыс  классик 

əдебиетінің 

қазақша 

жырланған 

үлгілері, 

баспасөз, 

оқулықтар, 

жазылған 

көпшілік 

кітапшалар 

жəне...  христиан  дінін  уағыздайтын 

миссионерлік 

əдебиет 

жатады(Р.Сыздықова). 

 

5.  Айтуға,  естуге  қолайсыз,  тұр-



пайы  сөздердің  орнына  жазуда  көп 

нүкте  қойылады  да,  мағынасы  кон-

текст арқылы ұғынылады. 

 

-  Қарашы,  сөзін  қарашы  ... 



қаскөйдің,  жоқ  қылайын  сен  итті!-

деп Əзімбай тап берді (М.Əуезов). 

 

6.  Тарихи,  ғылыми  деректердің 



қолжазбаларда  уақыт  əсерімен  өшіп, 

жойылып  кетуі  де  кездеседі.  Оларды 

жариялағанда,  сілтеме  жасағанда 

осындай көрінбеген, түсініксіз болып 

тұрған  жердің  орнына  көп  нүкте 

қояды. 


 

Соғыстық. 

Күлтегін  Башғы  боз  атқа  мініп        

шапты. 

Башғы боз .... 

.........................................................



Екеуін өзі құртты. 

(«Күлтегін»жырынан). 

 

 



 

1-жаттығу. Көп нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 

 

Аттан  түсе  бере  бұлар  тас  басына  тегіс  аңырап,  қарап  тұрған  жиынды 

көріп, өздері де солай қадалды. Бір кезде шекпеннің етегі қанаттай боп шалқи 

шашылып, құлап келе жатқан дене көрінді. Жиренше атты байлай сала топқа 

қарай жүгіргенде, Абай көзін басып отыра кетті...Бітті, өлді... 

Себепсіз жымия күліп, осы топты Абай көше ортасында аңырап, тосып 

қалды. Бірақ топ ішінен мұны байқап, елеген бір жан да жоқ. Аяқтары шыны 

қарды шақыр-шұқыр басып жақындап қалды. Абай енді байқады. Бар топтың 

ентелеп қамағаны – үлкен ақ сақалды, келісті қарт екен... Өзі де күліп, топты 

да күлдіріп келе жатқан сол. 

Бір  тосын,  ғажап  нəрсе  –  шалды  екі  жағынан  қолтықтасып  келеді.  Шал 

өзі  басын  тік  ұстап,  ілгері  басып  келе  жатқаны  болмаса,  ешқандай  бет 



 

21 


 

бұрмайды.  Сөйлегенде  де  ешкімге  қарамай,  тура  бет  алдына  қарай  сөйлеп 

келеді... 

Абай  мынадай  өзгеше  шалды  бірталай  аңырап,  қайран  қап  тұрып  зорға 

аңғарды. Қарт соқыр екен... 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет