5. Нүктелі үтір
Нүктелі үтір – құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдердің ара
жігіне қойылатын белгі. Ол сөйлемдердің баяндауыш формаларына да
байланысты болады.
Нүктелі үтір төмендегідей жағдайларда қолданылады:
а) Мағына жағынан жақын,
бірін-бірі толықтырып тұратын жəне
бірінші сөйлемдегі ойға екінші
сөйлемдегі ой жалғас болып келетін,
соған қарамастан, тəуелсіз, дербес
мағыналы болғандықтан, жеке бөліп
алып қолдануға болатын салалас
құрмалас
құрамындағы
жай
сөйлемдердің арасына нүктелі үтір
қойылады.
ə) Мағыналары жақын жəне бір-
біріне тəуелсіз, кейде басыңқылары
да, бағыныңқылары да бір сөзден
жасалған не тұлғалас болып келетін,
байланысу тəсіліне қарай аралас
құрмаластың
құрамындағы
жай
сөйлемдерінің басыңқысынан кейін
нүктелі үтір қойылады. Бұлардың
құрамындағы жай сөйлемдер саны
үштен артық болады. Мағынасына
қарай екі ұғымды қатар қойып
салыстыру мəнін білдіреді.
б) Өз ішінде үтірлері бар
құрмалас сөйлемдердің баяндауыш
Құбылып Бурыл гуледі;Тау мен
тасты өрледі; Төрт аяқты сермеді;
Құлақтың
түбі
терледі
(«Қобыланды батыр»).
Тақыр жерге су төксең, тайғақ
болар; Жаманға сырыңды айтсаң,
тар жерде айғақ болар (Қазақ
мақалдары).
Ол
аз
десең,
ақ
бүйірін
солқылдата
жаншып,
боздап
39
тұлғалары əртүрлі болса да, жай
сөйлемдердің арасын ажырату үшін
нүктелі үтір қойылады.
в) Мағыналық тұтастығы бар
болғандықтан, рет-ретімен əріптер не
цифрлар
арқылы
санамаланып
айтылатын
сөйлемдерден
кейін
нүктелі үтір қоюға болады.
г) Жайылмалы, əрі өз ішінде
үтірлері бар бірыңғай мүшелердің
арасына нүктелі үтір қойылады.
тепловоз өтеді; соңында жылан
құйрығындай шұбаған көмір, темір,
сексеуіл
тиеген
төбесі
ашық
қызғылт вагондар. Үш-төрт көк ала
қаз,
үйрек
жүзіп
жүр
екен;
қаңқылдай қанаттарымен су сабалап
қашып шықты (М.Сүндетов).
Өмір шындығын қамту, адам
мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай
эпикалық жанр үш түрге бөлінеді:
1) шағын эпикалық түр; 2) орта
көлемді эпикалық түр 3) кең
көлемді
эпикалық
түр
(З.Қабдол).
Қала деген аты ғана болмаса,
Н... қаласы екі қабат үлкен үйлер
көшелерінде
ғана
бірен-саран
кездесетін; өзге үйлерінің көбі бір
қабат қана қарағай үйлер болатын;
шет жақтарында ағаш үйден шым
үй көп кездесетін; аз ғана жаңбыр
себелеп өтсе, көшелерінен адам
батпақтап жүре алмайтын; бірақ
етек-жеңі
мол;
таусымақтау
жерге жалпая салынған; Сібірде
көп кездесетін үлкен бір деревня еді
(С.Мұқанов).
1-жаттығу. Нүктелі үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
- Япырау, заман не боп барады. Əлдилеген балаң əдептен асып, арпалыса
бастаса; жақсы адам бола ма деп үміттенген адамың өзіңмен жағаласса, не
дерсің. Алдымен біреуі қонақтың қолдарына су құйды; екіншісі дастархан
жайып жатыр; біреуі бауырсақ төксе, енді бірі торсықты əкеледі.
Сонда жаратушының жарқанатқа жаны ашып, жарлық беріпті:
Күн көкжиектен көрінбей, көз байлана бастағанда; Айдың жүзі əлі де шыға
қоймаған сəтте; Жел тынып, жекен жапырағы ұйыған сəтте ұшып шығасың.
(Б.М.) Ерлік дегеніміз – жан дүниенің ұлы қасиеті; ержүрек атанған халық
өзін мақтаныш етуі тиіс.(Н.М.Карамзин) Бізде азамат сыны – ерлік; іздесең –
табасың, алыссаң – аласың(М.Ə.) Оқудың үш түрі бар: біріншісі, оқыса да
түсінбеу; екіншісі, оқу əрі түсіну; үшіншісі, оқу жəне тіпті жазылмағанның
өзін түсіну (Я.Б.Княжнин). Сенімсіз достар – жазда ғана кездестіретін
40
қарлығаштар; олар – күн сағаттары, олардан келер пайда күн сəуле шашып
тұрғанда ғана (Т.Гиппель).
2-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойыңыз.
Ол көлдерді торғын көйлек етегіндей көлеңдетіп өзендерді бұрымдай
бұраңдатты лентадай толқытты бұлақтарды шолпыдай сылдыр қақтырды:
сылдыраған суымен бұрқыраған буымен бұйраланған нуымен неше алуан
шуымен жан-жануарды мəз етті егін салған қырымен сыбырлаған сырымен,
шырқай шыққан жырымен көңілді қуанышқа бөледі өзекте өрім талымен,
өлкеде өрген малымен жамыраған төлімен көзді рақатқа кенелтті айдын
толы қазымен бақтар толы назымен күлімдеген күнімен күмбірлеген үнімен
кəріні жадыратып жасты жалындатты тірліктің тілеуін молайтып тілегін
тасқындата түсті. Емен – берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге
болады: өзге ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады ал еменнің
жапырағы қыста да бүлк етпейді тек келесі көктемде – бұтақтарында жаңа,
жас бүршіктер қылтиып бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге
құлайды. Өзің жақсы болсаң – айналаңда досың көп жаман болсаң – жалғыз
жүресің орташа болсаң – сен де бір жақсының жанын жағалайсың.
Ақымақпен дос болма ол саған жақсылық жасаймын деп жүріп-ақ жамандық
жасайды зеріккіш жанға жолама қанша сенгеніңмен ол сені тастап кетеді
өтірікшіден аулақ бол, ол сені өсекке таңғанын өзі де сезбей қалады.
Иван Михайлович өзі де тəртіпті кісі екен, өзгеден де тəртіпті қатаң
талап етті 1) жағдайды дəл ұғу 2) тез əрі дұрыс шешім қабылдау 3) штабтың
іскерлігі 4) солдаттың ерлігі мен табандылығы дейтін.(Ə.Н.) Туған өлкемнің
күн шығыс жақ тұсында мың бұралып көлбей аққан қыр өзені иірім-иірім
аша-аша ондаған өзек көлеміне көз жеткісіз қалың қопа; нулы-сулы
қамысты-құрақты айдынында аққу жүзген қаз-үйрегі ертелі-кеш қиқу салған
телегей-теңіз саба көлдер алыстан жалтырайды. Қыстаудың төбесіне шығып
айналаға қараған кісінің көңілін үрей жайлауы да мүмкін: алдыңа қарасаң –
су артыңа қарасаң – су мінер жаққа мойын бұрсаң – су қамшылар жағыңа көз
тастасаң – су.(Ө.Қ.) Сонда қалың ерні оқыс түріле күлімдейді одан жұмсақ
толқынды тоқ бұғақтың шет нүктесін кемеріндей жұмыр сұлу иегіне нəзік
шұғылалы нұр шашырайды сəл шүйіріле берген езуіне де жарығы мен
жылуы солғындау жұқалаң сəуле ұялайды. (З.Қ.)
Тапсырма:
Нүктелі үтірдің қолданысын негізге ала отырып, кестені толтырыңыз.
41
Мəтінмен жұмыс
«
Талаптың мініп тұлпарын» тақырыбында ой толғаңыз.
Қырық төртінші сөз
Адам баласының ең жаманы – талапсыз. Талап қылушылар да неше
түрлі болады. Һəм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һəм сол талаптардың
қайсысының соңына түссе де, бірінен-бір өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа,
лəкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, əйтеуір «бəрекелдіні» керек
қылмайтұғыны болмайды. Əрнешік, орынсыз ба, орынды ма «бəрекелді»
деушіні көңіл іздеп тұрады.
Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен
сырлас болады. Оның үшін өзге жолдағылардан «бəрекелдіні» оңды
күтпейді. Маған «бəрекелді» десе, өзіммен серіктес, сырлас осылар
«бəрекелді» дер дейді.
Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына кəдір іздеп, сол талапта
болады. Біреуі мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, əйтеуір мал
тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының беті жарық»
дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге
алмайды деп, бұл мал һəм пайда, һəм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы
рас, қазақтың өз құлқынына қарағанда, бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда,
қазақ түгіл, көңіл жиіркендіретін іс.
Осыған орай біреу қажеке атанамын, біреу батыреке атанамын, біреулер
білгіш, қу, сұм атанамын деп сол харакетте жүр. Əрқайсысы қазаққа
бұлдамақ та болып, басына «осыным бірсыпыра елеу азық болар» деген
талаппен қылып жүр.
Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды-дағы, «мынаны алып
келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар
екен» деп, қазақтың бетінен оқып іздеген талап емес.
Оның үшін кітап сөзімен ізденген талап болса, əуелі көкіректі тазалау керек
дейді, одан соң ғибадат қыл дейді.
Нүктелі үтір
1.
2
3
42
Қазақтың бетіне қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер,
көкіректі дым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп
болмаса, құт-берекеге жағымды болмайды дейді. Енді осыған қарап қайдан
оқып, ұмтылған талап екенін білерсің.
Сызықша
Сызықша – сөйлемдегі белгілі сөзді, сөйлемді, сөйлем мүшесін
ерекшелеп, даралап, бөліп көрсету үшін жəне қызметі бірдей, мағынасы
ыңғайлас сөздерді жинақтап, топтап, тұжырымдап айту үшін қойылатын
белгі. Сондықтан ол сөйлемнің құрылысына да, сөйлемдегі жеке сөздердің
мағынасына да, дауыс ырғағына да байланысты болып келеді.
1. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
а) Бастауыш зат есімнен немес
заттанған басқа сөз таптарынан
жасалып, баяндауыш та атау тұлға-
дағы зат есімнен не заттанған басқа
сөз таптарынан болғанда, бастауыш-
тан кейін сызықша қойылады.
Бастауыш та, баяндауыш та бір
сөздің
қайталануынан
жасалуы
мүмкін, бұл жағдайда да бастауыш-
тан кейін сызықша қойылады.
Баяндауыштың
алдында
не
артында ғана, ғой т.б. сияқты шылау-
лар тұрса, сызықша қойыла береді.
ə) Бастауыш І,ІІ жақтық жекеше
я
көпше
тұлғадағы
есімдіктен,
баяндауыш жіктік жалғауы түсірілген
есімдердің біреуінен болғанда, бас-
тауыштан кейін сызықша қойылады.
б) Бастауыш та, баяндауыш та
атау тұлғадағы сын есімнен жасал-
ғанда, бастауыштан кейін сызықша
қойылады.
Тіл – қоғамдық құбылыс. Соңғы
келген үшеудің ортасындағысы –
Құнанбайдың
тағы
бір
тоқал
шешесінен
туған
Жақып.
«Ойпырмай» - өкінуді білдіретін
одағай.
Ар жазасы - бар жазадан ауыр
жаза (М.Əуезов).
Қаланың қасында көз толатын
табиғат – шалқар көл ғана
(С.Мұқанов).
Адамды бақытты ететін – тек
қана азат еңбек.
Мен – тауда ойнаған қарт
марал (Махамбет).
Жақсы – ісімен жақсы.
43
в) Бастауыш та, баяндауыш та
сан есімнен болғанда, екеуінің ара-
сына сызықша қойылады.
г) Бастауыш ол, бұл, мынау,
сонау, анау деген сілтеу есім-
діктерінен жасалып, баяндауыш атау
тұлғадағы зат есім немесе зат есім
мағынасындағы басқа сөз табы
болғанда, сілтеу есімдіктерінен кейін
сызықша қойылады.
ғ) Бастауыш - у жұрнақты етіс-
тіктен не ол араласқан тіркестен
жасалса, баяндауыш атау тұлғадағы
зат есімнен немесе - у жұрнақты етіс-
тіктен немесе керісінше болғанда,
бастауыштан
кейін
сызықша
қойылады.
д) Бастауыш -ған, -ген, -қан, -кен
жұрнақты есімшеден (не есімше ара-
лас тіркестен) болса, баяндауыш не
зат есім, не есімше, не есімдіктен
жасалғанда,
бастауыштан
кейін
сызықша қойылады.
е) Бастауыш өзінен кейінгі
сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа бір
мүшесімен шатасып кететін болса,
одан кейін сызықша қойылады
(мұндайда баяндауыш қай сөз табы-
нан, қандай тұлғадан жасалғаны шарт
емес). Айтуда бастауыштан кейін
пауза болады.
ж) Бастауыш зат есім не
заттанған басқа сөз табынан болып,
баяндауыш
болымсыздықты
біл-
діретін емес сөзі тіркескен есімдердің
бірінен болса, бастауыштан кейін
сызықша қойылады.
З) Бастауыш алды (алдым,
алдың), арты(артым, артың), қасым
Үш жердегі үш – тоғыз.
Бірақ бұл – қайтқаны емес,
толғанып қалып, бірнеше тəсіл
тапқаны (Ғ.Мұстафин).
Аз сөзді, көп мағыналы болу –
мақал-мəтелдерге тəн құбылыс.
Мектептің міндеті – оқушыларға
жан-жақты білім беру жəне тəр-
биелеу.
Бұған таяу отырған – Ыбырайдың
Ысқағы (М.Əуезов). Менің жазып
отырғаным
–
теңіз
үстінде
кездескен көріністерден, жолыққан
адамдардан білгендерім (С.Мұқанов).
Əн шырқаған– сол. Станцияға ең кеш
келген – осы.
Отыз – алтыға қалдықсыз
бөлінеді. Мен білмейтін – жер ас-
тында.
Туысым – аталасым емес, өзім-
мен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар
(М.Əуезов).
44
(қасы,
қасың),
үсті
(үстім,
үстің),асты
сияқты
көмекші
есімдердің жалаң өзінен болып,
баяндауыш та есім сөзден болғанда,
бастауыштан
кейін
сызықша
қойылады.
Адасқанның алды – жөн, арты –
соқпақ (Абай).
Ескертулер. Мынадай жағдайларда бастауыштан кейін сызықша
қойылмайды:
1) Бастауыш атау тұлғадағы зат есімнен, баяндауыш жатыс септіктегі зат
есімнен болғанда;
2) бастауыш зат есімнен, баяндауыш сын есімнен болғанда;
3) бастауыш зат есімнен, баяндауыш атау не жатыс тұлғадағы сан
есімнен болғанда;
4) бастауыштан кейін оған жалғас сұрау есімдігі келген сөйлемдерде,
баяндауыш атау тұлғадағы зат есім болғанымен, сызықша қойылмайды.
5)бастауыштан
кейін
сызықша
қойылуға
тиісті
сөйлемдерде
баяндауышқа еді,екен, болды, болады, болатын, болып табылады сияқты
көмекші етістіктердің бірі тіркессе;
6) бастауыштан кейін сызықша қойылуға тиісті сөйлемдерде
бастауыштан кейін қыстырма сөздер тұрса.
1-жаттығу. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Арттағылар – Байтас пен жорға Жұмабай. Сөзі ақылдасу емес – байлау.
Атағаны – кесіп-пішіп қойған əмір мен бұйрық. Ол – көп елдің қалың
даугерлері орнайды деген сөз. Қыз-келіншек тербетіп тұрғанда, жігіттің
қарызы – əн салу. Бұлар – қазір төрдің тап ортасында, жағалай көрпе үстінде,
үлкен ақ жастықты шынтақтаған сал-серілер. Бұл күнге шейінгі өмір –
екеуінің үлеспеген еншісіндей ортақ өмір. Бұның əніндегі ең əсерлі жаңалық
– сөзі. Олар – Асан мен Үсен. Елді, жұртты қорғау – ердің ісі. Музей апа –
сылқым, кербез кемпір.(Б.М.) Біреуі – Уəли молда, екіншісі –жиен ағам
Самат. Қожекеңнің келген мақсаты – сəбиді алып кету. Пара алу– қылмыс.
Мынау тұрған жердің асты – тұнған байлық.(Т.Ə.) Біздің қыздар –дүниедегі
ең бақытты қыздар. (С.Е.) Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, алды – ойын,
артқы жағы – мұңға жуық (Абай). Ойсыз, кітап оқусыз, ақыл-ой еңбегінсіз
өткен күн – босқа өткен күн (В.А.Сухомлинский). Кітап – ғасырларға сапар
шеккен ақыл ескерткіші (Дэвенант). Кітап – ортақ мүлік, халық қазынасы,
сарқылмас білім бұлағы (Ө.Тұрманжанов). Ғұламалық – ащы тамырдың тəтті
жемісі (Катон).
2-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.
Я,Аллам!
45
Жаратушым,
Қорғаушым,
Өзің өмір, өзің қуат, қорғансың.
...Мен бір бөкен, аулаққа желіп кеттім,
Желіп кеттім, басымды ерікті еттім.
Затында жер біздікі, аты оныкі,
Шежіре біледі оның жалғандығын... (М.М.)
Қайсардың бар есінде қалғаны машинаны терең сайға қарай кілт бұрып
жібергені. Бұл қағазға түсірілмей қалған қатал заң. Демек, тоған суындағы
тыныштық алдамшы тыныштық. Өйткені өзіндік көзқарасы жоқ адам қоғам
үшін аса қауіпті адам. Мейірімділік пен кешірімділік олар үшін түсініксіз
құбылыс. Көріп те, сағынып та келе жатқаны асқақ Алатау.(Ө.Қ.)
3-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерде сызықша қойыла ма, қойылмай ма анықтаңыз.
Қойылу, қойылмау себебін түсіндіріңіз.
Біреуі алтыда, біреуі төртте. Ұрған əкесі, кінəсі домалақ торы. Бұл
«Заман-ай» күйі еді. Біреуінің құлағына Торғын ие, көмекшісі Рүстем.
Екіншісіне Əмір мен Сəбит қожа. Төртеуі де маңдайларын бастыра көзəйнек
киген. Көбінің мінгені жорға, баран мен қылаң. Жүрістері сол жорғаның орта
жүрісі. Төртеуі де уағдаласқандай дүрк еткізіп жылқыны қуа жөнелді. Тек
жорғасын бұзбаған бес-алтауы қалды. Біреуі айғыр, екіншісі соқыр жирен
бие, үшіншісі соның құлыны жирен жабағы. Əкелі-балалы Танабай,
Тұрардың отарлары бұл Құдықты ортаға ала бір-бірінен алшақтау орналасқан
екі қора: екеуі де жыңғыл мен шеңгелден өрген, көне қарайып кеткен; қора
бас сайын киіз үй: екеуі де бесқанат, қоңыр.
4 –жаттығу. Төмендегі жағдайларға мысалдар жазыңыздар.
1) Бастауыш атау тұлғадағы зат есімнен, баяндауыш жатыс септіктегі зат
есім;
2) бастауыш зат есімнен, баяндауыш сын есім;
3) бастауыш зат есімнен, баяндауыш атау не жатыс тұлғадағы сан есім
2. Бірыңғай мүшелерден кейін қойылатын сызықша
Сызықша бірыңғай мүшеден
кейін
келіп,
өзінің
алдындағы
мүшелердің мағынасын жинақтап,
топтастырып тұрған жалпылауыш
сөздің алдына қойылады.
Үлкен үйде Ұлжан, Айғыз, Ділда –
үшеуі ғана отыр екен (М.Əуезов).
1-жаттығу. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер.
46
Осы Үркімбай, Қаумен, Қараша – үшеуіңнің ауылдарыңда сияз болады.
Шешелер, малшылар, балалар боп – баршасы телміре тыңдайтын. Құлақтағы
əшекей сырғасы, бастағы кəмшат бөркі, білек толған неше білезіктері –
баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сəні сияқты. Керуен көшетін
сауда жолдары, үлкен базарлар, атақты қалалар, су жолдары – барлығы да
бүгін айырықша керек болған.
«Қарасазым» сөйлейді қалай-дағы,
Сөйлейді тауы, тасы – бар аймағы.(М.М.)
2-Жаттығу. Жалпылауыш сөздің тиістісін жəне тыныс белгісін қойыңыздар.
Шапқылап бара жатқан баланың киім, тұрман сəні аса бір ардақты,
жалғыз қыз сəніндей. Намыс, ұят, жиреніш ... у толқынданып, саналы кеудеде
күз тұманындай шұбалады. Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан
... жел лебінен қалтырайды.
Қарт атадай ақ бас тау, жас анадай жасыл желек жамылған орман, сары бел,
салқын көл ... самаладай болып, бірінің соңынан бірі ұзап қалып
барады.(Ə.Н.) Еңбегің, ақыл-парасатың, жарқын мінезің, адамгершілігің
...сайма-сай келген қазақтың бір аяулы азаматы екенсің.(Ө.Қ.)
Достарыңызбен бөлісу: |