Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата22.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#71
1   2   3   4   5   6   7   8

1-жаттығу.  Жақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер. 

 

Кəне,  сабыр  ет.  Мен  сенің  жаныңда  əлі  ұзақ  отырамын.(Көзімнің 

қырымен оң қолға қарадым. Тағы бір əрекетке дайындалып жатқандай керует 

астында біз қайырып қойған жерде қимылсыз жатыр.) Сабыр ет, білдің бе?.. 

Ертең жазылып шыққаннан кейін бізді туған күніңе шақырасың. Туған күнің 

қашан?  Сентябрь!  Сентябрь  айы  жемістің  піскен  шағы.  Біз  сенің  туған 

күніңде  мас  болғанша  лимонад  ішеміз.(Алманың  түрінен  көгерген  түс  кете 

бастады.)  Тұра  тұр,  терлеп  кеттің.  Сүртейін...  Мінеки,  осылай.  Əлде  мен 

саған ертек айтып берейін бе? (Алма болмашы жымиды.) Қалайсың? 

Дəл осы кезде (əлі есімнен кетпейді) аза бойды қаза қылып, ауыл жақтан 

аңырап, дауыс қылған əйел үні қабат шықпасы бар ма?! «Өзін-өзі (япыр-ау) 

өлтіріп тынатынына (ұйып қалған шекемді ұстадым) кепіл боламын...» (Мен 

екем ғой өлтірген... Мен ғой...) (Т.Ə.)         

 

 



2-жаттығу.  Тиісті тыныс белгісінін қойыңыздар.

 

 

а) Қандай сый тартсам екен, аға, саған, 



  Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?! 

  Ешбір сый таба алмасам, аға, саған 

  Аппақ тонын – атамның тəбəрігін, 

  Жүзге кел деп арқаңа жаба салам. 

 

  Сын сағаттың кезеңінде өмір, өлім арбасқан, 



  Екеумізге бір хат келді ауылдағы Қарғаштан. 

  Көршіміздің Қарғаш дейтін жалғыз қызы бар еді, 

  Біз майданға аттанғанда ол бір сəби бала еді (М.М.) 

Сөйтіп  менің  Лаураны  ең  алғаш  шіркеуде  көріп,  одан  соң  жиырма  бір 

жыл бойы жыр арнаған Петраракаға да ұқсағым келді. Айтпақшы бүгін түсте 

менің де сені алғаш көргеніме жиырма бір жылға қарай аяқ басады(Ə.Н.) 

ə)  Ғалымдардың  айтуынша,  ғалам  кеңістігіндегі  ой  жетпес  алыс 

галактикаларда  «қара  тесіктер»    «черные  дыры»    болады  екен.  Əлдебір 

қылмысқа  қара күш пе, рухани ма –  бəрібір  батыл қадам жасасаң болды, əрі 

қарай  өзінен-өзі  майға  түскен  пышақтай  жылжып  кете  береді  екен.  Үйге 

кірдім. Тағы бір есік. Орта үйдің есігі.  Біздің үйде не көп, есік көп. Бұрынғы 

кеңсенің  есіктері  (Т.Ə.)  Қазір  елде  сіздің  құрметіңізге  қойылған  Бауыржан 



 

56 


 

есімді  балалар  көп  соларға  қандай  тілек  айтар  едіңіз?    Мен  бұл  сұраққа 

Бауыржан: Олардың бəрі бірдей батыр болмай-ақ қойсын, бірақ тегіс патриот 

болсын  деп,  бір-ақ  ауыз  сөзбен  жауап  беретін  болар  деп  ойлағанмын  (Ə.Н.) 

Бұрынғы курстарда да сабаққа ықылас қойып жақсы оқитын Шоқан, кластық 

гимнастикаларға  еріншектеніп,  көбіне  бармай  жүретін  еді  де,  спорттың  екі 

түрінен  қалмайтын  еді:  бірі    –  жаз  айларында,  бос  уақыттарын  салт  атқа 

мініп, бет алған жағына  көбінесе дала мен орман арасына  қыдыру; екіншісі 

–  қыс  айларын  Сібірде  мұзы  қатқан  Ертіс  үстінде  коньки  тебуге,  бірде  қар 

бетінде шаңғымен сырғанауға арнау(С.М.)  

 

Тапсырма.  Драмалық  шығармалардағы  жақшаның  қолданысына  мысал 

жазыңыздар. 

 

 



Мəтінмен жұмыс 

Мəтінді оқи отырып, «Татулықта табыс мол» тақырыбында ой қозғаңыз. 

 

Қазыбек би 

 

  Қазыбектің ағайындары  Бертіс би мен Тілеуке би мұның ел ішіндегі 

абыройын  көре  алмай,  жастарының  үлкендігіне  сүйеніп,  оны  бір  күн 

шақырып алады. Əуелі Бертіс би: 

  Ақыл елден артылған, 

  Ақылың болса, мақтан. 

  Ынтымағы жұрттан асқан, 

  Жақының болса, мақтан. 

  Сенің жасың кіші ғой,  

  Ағаңның алдына шығудан сақтан! деп ескертеді. 

  Қазыбек оларға: 

  Бір бала бар – 

  Атаға жете туады. 

  Бір бала бар – 

  Атадан өте туады. 

  Бір бала бар – 

  Кері кете туады! деп, жауап береді. 

Мұның  айтқанын  ана  екеуі  кек  тұтып,  күні  бұрын  дайындап  қойған 

адамдарына  белгі  береді.    Бұзықтар  Қазыбектің  үстіне  шекпен  жауып, 

сабамаққа айналады. Сол кезде аттың дүбірі естіледі. Бұл келген Қазыбектің 

кенже  інісі  Бөдене  батыр  екен.  Ағайындарының  ағасын  оңаша  шақыруынан 

қауіптеніп, асығып жеткен беті осы еді. 

Қазыбек інісін тоқтатып: 

-  Шырағым,  бір  қолың  ұрысшы  болса,  екінші  қолың  арашасы  болсын. 

Ашу      дұшпан,  ақыл    дос,  ақылыңа  ақыл  қос.  Жауға  сілтер  қаруыңды  еш 

уақытта жақыныңа сілтеме!  депті. 

Айнала жиналған халықтың алдына шығып, сонда Қазыбек былай дейді: 

  Өркенім өссін десең, 



 

57 


 

  Кекшіл болма – 

  Кесапаты тиер еліңе. 

  Елім өссін десең, 

  Өршіл болма – 

  Өскеніңді өшірерсің. 

  Басына іс түскен пақырға 

  Қастық қылма  – 

  Қайғысы көшер басыңа. 

  Жанашыры жоқ жарлыға 

  Жəрдемші бол асыға. 

  Қиын-қыстау күндерде 

  Өзі  келер қасыңа. 

  Бүгін сағы сынды деп, 

  Жақыныңды басынба! 

 

 



Тырнақша 

 

Мағынаға байланысты қойылатын белгінің бірі – тырнақша. Тырнақша 

мынадай жағдайларда қойылады. 

 

а) 



Дəйексөз 

тырнақшаға 

алынады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ə)Шығарманың  ішінде  кел-

тірілген 

үлкенді-кішілі 

хаттар 

тырнақшаға алынады. 



 

 

 



 

 

 



 

б)  Объект  етіп  алынған  жеке 

сөйлемдер, сөздер не сөз тізбектері, 

сондай-ақ əріптер, буындар тырнақ-



Бұл  жөнінде  М.Горькийдің  əр 

заманда,  əр  ортада  ескі  ертегінің 

жаңғырып, 

өскелеңдеп, 

өзгеріп 

отыратыны 

турасында 

айтқан 

пікірін  еске  аламыз:  «Ой  мəдениеті 

мен  халық  шығармасын  өсіруде  көне 

ертегілерді  əр  жыныстың,  ұлттың, 

таптың  өзгертіп,  қосымша  жасап 

қолданудың  рөлі  өзгеше  болғанына 

күдіктенуге 

болар 

ма 

екен» 

(М.Əуезов). 

 

Екі  қыз  бұл  хабарға  қуанышты 



жүргенде,  қысқаша  жазылған  хат  та 

келіп  қалды:  «Бұл  хатты  партиялық 

билетімді қалтама салып алып жазып 

отырмын,  – деп жазыпты ол, – жеке 

ісіме  жазылатын  сөгісім  бар,  оны 

ісіммен 

алдыруға 

сенем...» 

(С.Мұқанов). 

 

 



«Қалауын  тапса,  қар  жанады»  деген 

мақал 

– 

үлкен 

философия 

 

58 


 

шаға алынады. 

 

 

г) 



 

Біреудің 

айтқанынан 

алынған  жеке-жеке  сөздер  тыр-

нақшамен жазылады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



ғ)  Кекету,  ажуалау  жəне  кері 

мағынада  қолдану  үшін  айтылған 

сөз  (не  сөздер)  тырнақшаға  алы-

нады. 


 

 

д)  Зауыт,  фабрика,  комбинат, 



трест,  шаруашылық,  ұйым,  машина 

маркасы,  ұшақ  т.б.  қойылған  аттар 

тырнақшаға  алынады.  Ал  олардың 

ресми 


атаулары 

тырнақшаға 

алынбайды. 

 

е) 



Газет, 

журнал, 


кітап, 

шығарма,  қаулы,  кино  т.б.  аттары 

тырнақшаға алынады 

 

ж)  Кейбір  ойын,  əдет-салт 



аттары тырнақшаға алынады. 

 

 



 

(Ғ.Мұстафин). 

 

 



Ырғызбайдың  осындай  көпшілігі 

бас қосқан кеңесінде Зере сөйледі. 

–  Бірі  дарақы  мақтаншақ,  бірі  ұрда-



жық,  даңғой  атанғанда,  осындай  көп 

жиын  үстінде  масайып,  оспадарлық 

қылам деп, сондай атақ алатын! –деді. 

Соңғы 

айтқан 

«мылжың», 

«мақтаншақ»,  «даңғой»  дегендері  осы 

арада шынымен төрт көзі түгел отыр 

еді (М.Əуезов). 

Ақ 

көңіл 

Ақаң 

«баланың» 

сырғытпасын 

сезген 

жоқ 

(Ғ.Мұстафин). 

Қоян 

«батыр» 

қорыққанынан 

зыта 

жөнелді 

(Ертегіден). 

 

«Азовсталь»  зауыты,ал  Алматы-



дағы  ауыр  машина  жасайтын  зауыт; 

«Донбасс»    көмір  комбайны,  «Ертіс» 

параходы,  «У–2»  ұшағы,  «Қазақ  тілі» 

қоғамы. 

 

 



 

«Ана 

тілі» 

газеті, 

«Парасат» 

журналы, «Абай» романы, «Шаттық» 

симфониясы, «Топайкөк» əні. 

 

«Қол  ұстату»,  «шаш  сипату» 



деген атақты ырымдар осы. Үлкендер 

зор меженің бірі деп білетін өмір белі 

«ұрын  бару»  болса,  Абай  содан  асты 

(М.Əуезов).  

 

 



 

1-жаттығу.  Тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер. 

 

Кей  қоныста  бірді-екілі  күн  отырар-отырмастан  кетеді:  үлкен  үйлер 

тігілмей  –  «ұраңқай»,  «абылайша»,  «жаппа»,  «итарқа»  деген  неше  түрлі 

кішкене, тар, аласа күркелер тігіледі. Жалпақ ел, бар ауылдар осы жайлауға 

көшу  сапарында  балалардың  «ауыл-ауыл»,  «күрке-күрке»  деген  ойынын 

ойнап жүрген сияқтанады. 



 

59 


 

Ондайлармен  Ырғызбай  іші  бірен-сарандап  құда,  жекжат  боп  алып  та, 

«ұзын арқау, кең тұсау» жасайды. 

Мұның  бəрі  аға  сұлтан  сапарының  «олжа  мен  сыйдан  қоюланып  келе 

жатқанына» айғақ еді. Құлыншақтың «бес қасқа» деп атанған, бес мықты ұлы 

болатын. Бұл «қасқа» десе дегендей, еңгезердей екен. Асылбекті Абай көптен 

бері  «Асыл  аға»  дейтін.  «Арман!»  деген  аты  бар,  орны  толмас  бір  жара. 

«Орамал  тастамақ»,  «Хан  жақсы  ма»,  «Мыршым»,  «Белбеу  соқ»,  «  Лəппай 

тутəлə» сияқты күлдіргі ойындар да тегіс ойналды. Бірақ «білдім» дегенімен, 

айыпкерінің  атын  атаған  жоқ.  Өзге  Құнанбай  атаулының  бұл  сағаттардағы 

«сағым  сынды»,  «бағыма  нұқсан  келді»  деген  беймаза  байбаламын  Абай 

түсінсе де, өз бойына дарытпаған.  

-  Сен  осы  сайда  саны,  құмда  ізі  жоқ  қайдағы  бір  құнсыздарды  «ел», 

«жұрт», «көп» дегенді қашан қоясың? 

-  Ешқашанда  қоймаймын,  өйткені  «қалың  елім,  қазағым,  халқым» 

дегенім – сол жоқ-жітік, сол  – көпшілік. 

 

2-жаттығу.  Тыныс белгісін қойыңыздар. 

 

Бірен-саран  Еңлік-Кебек ,  Медғат-Қасым ,  Қозы Көрпеш  сияқты өлең-

дерді Абай да күндіз тағы бір тыңдап өткен. Бұлар ғана емес, Абайдың өзі де 

оның қағазға сызған үлкен-кішілі ою, кесте нақыстарын, гүлдерін, шеберлеп 

қиыстырған    қошқар  мүйіздерін  ,    үшкілдерін  ,  қазтабан  ,    қарлығаш 

қанатшасын    қызық  көріп,  көп  үңіліп  қарайтын.  Адам  туралы  ырзалық  пен 

мырзалық  сөз,  мақтау  сөз  əсте  аузынан  шықпайтын  Есентай  бұл  топтың 

алдындағы  бесеу-алтауды    батырлар  ,    азаматтар    деп  əдейі  даурыға  мақтап 

қалды!  Оларды  бүгін  осы  өңірдегі    ең  жақсы  ,    ең  қадірлі  ,  ең  тамаша  өжет 

жандар  деп көпшік қойғаны алдаусыратып, қолтықтап дем бергені болатын. 

(М.Ə.)  Жас кезінде əкемді əйелдер жағы  Молда бала  дейді екен, кейін  Ұста 

бала    дейтін    болыпты.  Ал  əжем  оны    Қара  қатпа      деуші  еді.  Ел  

жаманшылық жылы  немесе  жылан жылы ,  ашаршылық жылы  деп атаған 

сонау он жеті-он сегізінші жылдардың ауыртпалығы есімде қалып қойыпты. 

Көкпар    деген  жалғыз  сөз  топ  ішін  кезіп,  əркімді  елеңдетіп  бітіп  еді.  Сол 

кездерде біздің ауылда сұйық тамақты да  екеуара ,  үшеуара  табақтасып, бір 

қасықпен ішетін əдет бар еді. Быламықтың түрі де көп болатын. Ең сұйығын  

атала , күбіге ашытса  ашытылған быламық , айран қатса  ақ быламық , сүтке 

пісірсе,  сүт быламық , тек суға пісірсе  қара быламық , оған құрт езіп қатса,  

құрт быламық , май салса  майлы быламық  деуші еді.  (Б.Момышұлы)  

  

3-жаттығу.  Өлең жолынан үзінділерді мағынасын түсіне оқыңыздар.Тырнақшаның 

қойылу  себебін дəлелдеңіздер. 

 

Адал едім, 

Артынан  «арам»  болдым, 

Адам едім, 

Ақыры «надан»  болдым (М.М.) 

 


 

60 


 

       Жарығым-ай! 

       Тұман торлап жүзіңді қалды ма-ай! 

       Деуші еді ғой:  «жалғыздың жары құдай», 

       Неге таси береді қаным ұдай?! 

 

       Боламын деп «жалын жүрек, от кеуде», 



       Бола алмай, қуыс кеуде боп өстім. 

 

       Бір шартым бар «батырға» қоятұғын, 



      Жамыраспа, бет алды, шуылдаспа. 

      Басын тартпас, «батыр» ғой несі кетсін, 

      Басын тартса, сөз басқа, есі кетсін. 

 

      ...Шешем менің еңкейіп бара жатыр, 



      Қай күні келер екен нала «батыр». 

      Жел маған сыбырлайды аят оқып: 

      «Бір күні айырыласың, қара да тұр»(М.М.) 

 

4-жаттығу.  Тыныс белгісінін қойыңыздар. 

 

Тегінде,  өзгелердің  ой-пікірін  жүзіне  қарап,  осылайша    оқи  алмаған  



жандар  бақытты  шығар.    Адам  үшін  ең  қиын  нəрсе  не?    Бұл  сауалға  сонау 

көне заманның ақыл-ой алыптарының бірі Фалес:  Өзін-өзі танып білу , – деп 

жауап  беріпті.    Өмірдегі  ең  оңай  іс  не?    –  деген  достарының  сауалына 

данышпан  :    Басқа  біреуге  кеңес  беру  ,  –  деген  екен.  Əлдеқашан-ақ  өмірге 

өзіндік  көзқарасы  қалыптасып,  болары  болып,  бояуы  сіңіп  қалған  кексе 

кісілерді    үгіттеп  ,  операцияға    көндіруден    қиын  іс  жоқ  па  деп  қалдым. 

Əйтеуір есімді жиғалы бері көңілге демеу қылғаным:  Тірі қаппын ғой  деген 

жалғыз  ой  болды.  Балконнан  төмен  қарап  жұртқа:    Ей,  азаматтар!  Сендер 

бақыттысыңдар!  Соған  қуаныңдар!  Бір-біріңді  құттықтаңдар!  Адамдарға 

шұғадай  шуақ  шашуды  Күннен  үйреніңдер!    дегім  келді.  Біздің 

заманымыздан бұрын жазылған алғашқы кітаптардың бірі –  Авестада ежелгі 

түркілерді –  Тур  десе, көне грек ғұламалары –  Скиф ,  Шахнамеде –Тұран 

тұрғындары , қытай шежірелерінде –  Тукиу , ал парсыларда –  Сах,  Массах,  

Сахстан    деп  атаған.    Зеңбірек  тағы  да  гүрс  ете  қалды,  оның    Газ-69  -дың 

доңғалағы сияқты қос дөңгелегі секіріп барып орнына түсті. Осында келген 

ең  негізгі  жұмысым  солдай-ақ  мен  тұра  қалып,  оларды  шетінен  оқи 

бастадым:  КазТАГ ,  Советтік Қазақстан , Советский Казахстан,  Жас ұлан 

(Ə.Н.)  Тал  бойында    жастықтың  оты  жалындап,  талаптың  аты  арындап  

тұрған  Мұхтар  өз  кезінің  мұншалық  мағыналы,  мерейлі,  мəрт  тартыс-

тағдырынан сырт қала алмады, басымен сүңгіп араласты да кетті.(З.Қ.)   

 

5-жаттығу.  Хатта не жайлы айтылған? Не себепті тырнақша қойылып тұр? 

Дəлелдеңіз. 

 

«Ардақты Мұхтар аға! 



 

61 


 

Жазған хатыңызды алып, өте шабыттанып, төбем көкке, қолым қияға 

жеткендей болып отырмын. Хатыңызға көп рақмет. Мені əсіресе, қуантқан 

жай  –  Сіз  менің  хатымды  алып,  менің  жаманды-жақсылы  пікіріме  толық 

түсінгенге  ұқсайсыз:  Отан  соғысын  тақырыпқа  алып  еңбек  етемін.  Ол 

еңбекті  ат  үстінен  емес,  əбден  терең  мағына-мазмұнына  төселіп,  білім 

алып бастаймын деген ниетіңіз, талабыңыз мені өте қуантады. Сіз сияқты 

қазақ  əдебиетінің  полковнигі  шынында  солай  істемеуіне  де  болмайды. 

Сырттан  қарап,  көргенге  қызығып,  терең  тексермей,  шын-өтірігін 

араластыра  бес-алты  күндік  өмірі  бар  шығарма  жазу  –  əдебиет 

ефрейторлары  мен  сержанттарының  қызметі  емес  пе?  Ал,  Сіз,  құдайға 

шүкір,  полковниксіз  ғой.  Талабыңыздың  орындалуына  тілектеспін.  Сіздің 

қолдан  шыққан  көркем,  тарихи  еңбек  болашақта  жалғыз  қазақ  əдебиеті 

ғана  емес,  барлық  əдебиеттің  ішінде  төрден  орын  алып,  жалғыз  біз  емес, 

біздің  немере-шөберелерімізге  үлкен  үлгі,  насихат  дастан  болып,  бірнеше 

ғасыр өмір сүретініне кəміл сенемін... 

Хатыңызға, талабыңызға бас иіп, сəлем беруші Бауыржан.  

18. 8. 1942 жыл.»  (Ə.Н.). 

 

6-жаттығу.  Хат  мазмұнында  баяндалған  жайттарға  сіздің  көзқарасыңыз 

қандай? Осы жайлы құрбыңызбен хат арқылы ой бөлісіп көріңіз 

 

 «Бейтаныс  құрбым!  Жауап  жазғаныңызға  рақмет.  Бəрі  де  мен 

күткендей болды. Сіз қалыптасқан тұрақты көзқарастың адамы екенсіз. 

Болмыс ұшы-қиыры жоқ базар секілді. Əркім сол базардан өзіне керегін ғана 

алады.қалыптасқан көзқарас бойынша, керек емес заттың керегі жоқ. Бірақ 

сіз керек емес затты да бір алып көріңізші. Барлық қызық содан басталады. 

Бұл  –  қалыптасқан  дағдыны  бұзу,  жаңалыққа  құштарлық.  Тіршілік 

жаңашыл танымның арқасында ғана дамитынына дауыңыз жоқ шығар. 

Арғы-бергі тарихқа көз жіберген кісі адамзатты бақытты болды деп айта 

алмас.  Жер  бетіндегі  қырғын  соғыстар,  аштық,  апат,  індет,  адам 

баласының  бойынан  арылмаған  қиянат,  қайыршылық,  ол  аз  болса,  бүгінгі 

табиғат дерті: бұзылған ауа, уланған су мен топырақ – соның дəлелі. 

Мұның  бəрін  былай  қойғанда,  жеке  адамның  тағдырын  –  тіпті  мына 

екеуміздің  тағдырымызды  алайықшы.  Бақыттымыз  ба?  Өз  басым 

бақыттымын  деп  айта  алмаймын.  Өмірдегі  осынша  қиянат  пен 

əділетсіздікті  көре  тұрып  жəне  одан  құтыла  алмасыңды  біле  тұрып, 

қайтып  бақытты  боласың?  Сан  ғасыр  бойына  ізгілік  пен  адалдыққа 

үмітіңді артсаң да, сол үміт өмір шындығымен бетпе-бет келгенде баланың 

ойыншығындай  быт-шыт  болатынын  тарих  қанша  рет  дəлелдесе  де, 

ештеңе  ұқпайтын  нақұрыстай  алған  бетімізден  қайтпаймыз.  Соқыр 

ұстағанынан жазбайды дейді. Бəлкім, бұл – рухани соқырлық болар. 

Ендеше,біздің  санамызға  бостандық  керек.  Ақыл-ойдың  азаттығы  керек. 

Оны  тоқтатар  ешқандай  кедергі  болуға  тиісті  емес.  Тек  рухани  шексіз 

бостандық қана адамзатты бақытты ете алады.  

                                                                Сəлемнен Бейтаныс құрбыңыз». 

 


 

62 


 

7-жаттығу.  Тыныс белгілерінің  қойылу себебін түсіндіріңіздер.

 

 

Əйтеке би сөздері 

 

1.  Атаң қазақ атты түсіне қарап таниды, ерді ісіне қарап таниды. 

2.  Атасы бас имеген жерге тізе бүккен ерді ер емес, ез деп біледі. 

3.  Ел ағасы ақымақ болса, елін жау түгіл жолаушы тонар. 

4.  «Құс жаманы ұясына саңғиды» демекші, ондай ерлер ел басқарса, өз 

елін жаумен бірге тонаудан шімірікпейді. 

5.  Ақыл  мен  мінез  бірге  туған  егіз.  Ақыл      тамыр,  мінез    –  жапырақ, 

жаман мінез  ақылсызға берген жаратқанның жазасы. 

6.  Жақсы  адамның  серігі    ақыл,  қанағат,  əдеп,  төзім,  сабыр,  үміт, 

татулық, бірлік. 

7.  Ер жігітке төзім  тірек; сабыр  қамал; ақыл – əл-қуат; ар – абырой; 

қазына, қанағат  асыл тас; бата  мұра; əдеп  сəн; жалған сөз  дерт; ақиқат 



ем; үміт  көңіл азығы. 

8.  Төле  би  мен  Қазыбек  би  Əйтеке  баладан:  «Жігіттің  жақсысы  қандай 

болады?»  –    деп    сұрапты.  Əйтеке:  «Дұрыс  сөзге  тоқтай  білген,  басқаны 

сөзіне тоқтата білген»,  деп жауап беріпті. 

 

 

 



Мəтінмен жұмыс 

Мəтінді тыныс белгілерін қоя отырып, көшіріп жазыңыздар. 

 

Өнер алды   қызыл тіл 

 

Сөз  адам үшін тəрбие құралы  білім-білік  мəдениет  өнер бастауы  

Сөйлесе білу  өнер  Сөйлесу өнері   тек тіл қатысу  əңгімелесу ғана емес  одан 

да мəнді  маңызды жақтары бар əлем  Ол   адамның жан дүниесін ашу  түсіну 

өнері    Кім  оны  жақсы  меңгере  білсе    оған  басқа  адаммен  əсерлі    рухани 

қатынас жасай білудің көңілге қуаныш ұялататын сəттері де белгілі  

Адамның  қоғамда  өз  орнын  табуында    көпшілік  құрметі  мен  сеніміне  ие 

болуында  орнымен,дəмді  дəйекті сөйлей білуі  тауып айтатын тапқырлығы 

үлкен рөл атқарады  

Ұлы ақын Абай сөз өнерін  

Өткірдің жүзі 

Кестенің бізі 

Өрнегін сендей сала алмас   деп тамсана бағалайды. 

Əрине    сөйлей  білу        үлкен  өнер    Ол  арымай-талмай  шешендік  сырын 

зерттеуді  жаттығуды  мол білімді  ой өрісі мен қиял кеңістігін қажет етеді. 

Абай   Тіл өнері  дертпен тең     өз басынан кешкеннен шығарып айтып отыр.  

А.Байтұрсынов      Бір  нəрсе  турасында  пікірімізді    яки  қиялымызды    яки 

көңіліміздің  күйін  сөз  арқылы  жақсылап  айта  білсек    сол  сөз  өнері  болады 

Өнердің ең алды  сөз өнері деп саналады  Өнер алды  қызыл тіл  деген қазақ 

мақалы бар  Мұны қазақ сөз баққан  сөз күйттеген халық болып  сөз қадірін 



 

63 


 

білгендіктен  айтқан    Алдыңғы  өнердің  бəрінің  де  қызметін  шама  қадірінше 

сөз өнері атқара алады  Қандай сəулетті сарайлар болсын  қандай сымбатты я 

кескінді сүгіреттер болсын  қандай əдемі əн-күй болсын   сөзбен сүгіреттеп 

көрсетуге  танытуға болады  Бұл өзге өнердің қолынан келмейді     дейді. Сөз 

өнерінің құндылығы жайында Төле бидің  

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді 

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді 

Өзің білмесең  білгендерден үйрен 

Үйренгеннен ештеңең кетпейді 

Бидайдың сабағында дəн жоқ 

Жаманның сөзінде мəн жоқ 

Ата алмайтын адамға 

Қойша жайылған аң жоқ   деген сөзі əр сөзді орнына қоя білу  тауып айтып 

тапқырлық көрсету өнерін игеруді нұсқайды. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

64 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет