Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы


 Оңашаланған айқындауыш сызықшамен ажыратылатын жағдайлар



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата22.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#71
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Оңашаланған айқындауыш сызықшамен ажыратылатын жағдайлар 

 

а)  Оңашаланған  айқындауыш 



өз  ішінде  бірыңғай  болып,  үтір  қа-

жет 


болғанда, 

оны 


бірыңғай 

мүшеден ажырату үшін екі жағынан 

сызықша қойылады. 

 

ə)  Жалғаусыз  зат  есімнен 



жасалған 

баяндауыш 

өзін 

айқындайтын  мүшеден  сызықша 



арқылы бөлінеді. 

 

Біраздан  кейін  үйге  Мақсұттың  тағы 



бір-екі жолдасы – Жұмағұл мен Ақтай 

– кірді (М.Əуезов). 

 

 



 

Бар  тұлғасы  Құнанбай  тектес  бұл 

жас  əйел  –  осы  үйдің  келіні,  Абайдың 

апасы –  Мəкіш (М.Əуезов).  

 

 



1-жаттығу.  Тиісті тыныс белгісін қойып, мəтінді көшіріп жазыңыздар.

 

 

Осының  ертеңінде  түске  таман  Майбасардың  екі  атшабары      Қамысбай 

Жұмағұл шапқылап кеп  Жігітек ішіндегі есіктерінің ар жағына сүңгіп-сүңгіп 

кетті  Сүйіндік бəйбішесімен жəне екі баласы  Əділбек Асылбекпен   бəрі де 

қонақтармен  бірге  болды    Ол  Сүйіндіктің  қызы    Тоғжан.  Ұлжан  аулының 

жанына іргесін тіреп  аса жақын кеп қонған қаралы ауыл   Тəкежан аулына 

келді    Бір  күндері  сыртқа  шықсам  біздің  Алыпсоқ    омырауы  аппақ  

тайыншадай  қара  төбет    құм  шоқының  етегін  қосаяқтап  қазып  жатыр  екен 

(Ө.Қ.)  Маң  далада    елсіз    сусыз  сар  далада    төбесін  сырғауылмен  жапқан 

бастырма тұр екен. 

 


 

47 


 

Тапсырма: 

Оңашаланған 

айқындауыштың 

сызықшамен 

ажыратылатын 

жағдайына көркем əдебиеттен мысалдар жазыңыздар. 

 

 



4. Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша 

 

а)Жалғаулықтары  түсіріліп  ай-



тылған  қарсылықты  салалас  құрма-

лас  сөйлемнің  арасына  үтір  мен  сы-

зықша қойылады. 

ə) 


Жалғаулықсыз 

ыңғайлас 

салалас  құрмалас  сөйлемдерде  іс, 

оқиғаның  бір  мезгілде,  бір  ыңғайда 

тез,  шұғыл  өткенін  білдірсе,  арасына 

сызықша қойылады. 

б) Түсіндірмелі салалас құрмалас 

сөйлемдердің  баяндауышы  сонша, 



соншалық, сондай, сол, мынау, себебі 

сөздерімен  аяқталса,  олардан  кейін 

сызықша қойылады. 

в) 


Шартты 

бағыныңқылы 

сабақтас 

құрмалас 

сөйлемнің 

баяндауышы  шартты  райдан  жаса-

лып,  бағыныңқы  сөйлемге  ерекше 

мəн  беріле  айтылса,  одан  кейін 

сызықша қойылады. 

 

Алдымызда Есімбектің үйі тұр, – 



Шұға  көрінбейді (Б.Майлин). 

 

 



Оттың 

жарығына 

сағатын 

төседі – тоғыз болып қалған екен.   

 

 

 

 

Ашуланғаны сонша –  өңінде  ыза-

ның  ұшқындары  шашырап  тұрды 

(Ғ.Мұстафин). 

 

    

Отың жанбаса – қорлық, 

Құсың алмаса– қорлық 

                                     («Қазақтың 

мақал-мəтелі» жинағынан.) 

 

 



 

1-жаттығу.  Сызықшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер.

 

 

Бола алсаң – ол болма, адам бол!(М.Ə) Адал ұл ер боп шықса – ел тірегі. 

Жауды  өлтірсең  –  өлімнен  құтылдың,  өлтірмесең  –  өлімге  тұтылдың.  Адам 

танысаң  –  адал  танығын.  (Б.М.)  Туыс  келеді  –  ол  да  бірдеңе  сұрайды. 

Қозғалғысы  келеді,  –  қозғала  алмайды,  сөйлегісі  келеді,  –  үні 

шықпайды.(Т.Ə.)  Қысқа  тұжырылған  ойлардың  жақсылығы  сол  –  олар 

салауатты  оқырманның  өзін  ойлануға  мəжбүр  етеді.  (Л.Н.Толстой.)  Ғұмыр 

бойы  бақытты  болғың  келсе  –  адал  адам  бол.(Т.Фуллер).  Оқуға  бар  ынта-

жігеріңді  сал  –  сенің  бойыңа  сол  жарасады(В.А.Сухомлинский)  .  Ақылды 

жауап алғың келсе – ақылмен сұра( И.Гете).  

Бақытым ғой Қарасаз келіп қонған, 

Кисем – киім, ішсем – ас, көлік болған.(М.М.) 

 

2-жаттығу.    Тиісті  тыныс  белгісін  қойыңыздар.Сызықшаның  қойылу  себебін 



түсіндіріңіздер. 

 

Майданда кейбір жүрексіздер қолында қаруы бола тұрып, жаумен бетпе-

бет  ұшырасуға  дəті  шыдамай,  зəресі  ұшып  қорқады  да,  өз  ықтиярымен 


 

48 


 

күрестен  бас  тартады    дұшпанына  өзі  барып  тұтқын  болады.  Көбірек  еңбек 

етсең    мен  білгенді  сен  өзің  де  игеріп  алар  едің.  Қар  қанша  қалың 

жауғанымен   жазға бармас, гүлденіп өскен бəйшешек   күзге бармас.  

Мадақтаса   елге даңқың жетеді, 

Егер сөксе  масқара, қор етеді. 

Бірнеше  адым  артқа  жүріп  дауыстадым      түк  тіршілік  жоқ.  Қарды  омбылап 

əрі  барамын,  бері  барамын    қолыма  шана  ілінбейді.  Сонымен  не  керек  ары 

жаттық,  бері  жаттық    снаряд  жарылмады.    (Ə.Н.)  Ат  басына  күн  туса 

ауыздықпен  су  ішер    ер  басына  күн  туса    етікпенен  су  кешер.  Егер  соқпаса  

дұшпандарының  отына  май  құйғаны.(С.М.)  Əкемнің  сондағы  айтқанын  мен 

əлі ұмытқаным жоқ  кəрі шөңгенің бір сұмдығы сол   ол кірген жерді бойлата 

тіліп,  арсита  ашып  барып  түбірімен  қопарып  алып  тастамаса,  кəрі  шөңге 

суырғанға келмейтін көрінеді. 

 

 

5. Төл сөз бен автор сөзіне қойылатын сызықша 



 

Автор  сөзі  төл  сөзден  кейін 

келгенде,  төл  сөзден  соң  сызықша 

қойылады.  Кейде  автор  сөзі  де 

етістігінің 

көмегінсіз-ақ 

келуі 

мүмкін. Егер төл сөз диалог түрінде 



болса,  əр  сөйлеушінің  сөзінің 

алдынан сызықша қойылып, сөйлем 

жаңа жолдан жазылады. 

 

–  Қазақпын.  Өзің де қазақсың ба? 



–  деппін  сасқанымнан,  оның 

қазақша  сөйлеп  тұрғанын  да 

ескермей. 

– 

Əрине. Бұл жақта неғып жүрсіз, 



ойбай-ау?(Т.Ахтанов.)

 

 

Автор 



сөзі 

төл 


сөздің 

ортасында  тұрса,  екі  жағынан 

сызықша қойылады. 

–  Уай,  мынауың  болмайды,  –  деді, 



түсінемісің 

дегендей 

көзіме 

қадала  қарап.  –  Ең  алдымен, 

адамға бас керек (Ғ.Мүсірепов). 

 

 

1-жаттығу.  Сызықшаның қойылу себебіне назар аударыңыз. 



 

-Біріңе-  бірің  серіксің,  ынтымақты  болсаң,  ел  билейсің.  Ынтымақсыз 

болсаң, неңді билейсің? Өз бəлең өзіңе жетіп, жұрт та қалар, жұмыс та қалар. 

Ұғысып істеңдер. Ал өздігіңмен ұғыспасаңдар, мына біздей, арадағы кісінің 

сөзін  тыңдаңдар.  Ол  жайы  сол!..  –  деп,  екі  ұлыққа  кезек  қарап,  екеуінің  де 

қайтқан  түрін  аңғарып  ап,  Алшынбай:  –  Ал  жаңағы  ақырғы  жұмыстарыңа 

келсек,  мына  мен  осы  үйге,  Құнанбай  мырза,  саған,  –  деп,  Құнанбай  жаққа 

ырғала түсіп, – сол жұмыспен келіп отырмын. Бүгін кешке шейін осы жұмыс 

туралы пұрсат беріңдерші! Майыр, қазір сен қайта тұр. Тұрақты бір жауабын 

бүгін кешке мен жеткізейін. Сендер екеуің боп, осы жайды сөйлегенді əзірше 

қоя  тұруға  бармысың?  Соны  айтыңдаршы!  Осыны  мен  сендерден  сұрап 

отырмын! – деді.    

Анам маған: «Үлкенді сыйла!» – деген, 


 

49 


 

  Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.  

  Міне қазір ақсақал атымды ұстап: 

- Қош келіпсің, балам! – деп тұрады əлі.(М.М.) 

 

2-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазыңыздар. Сызықшаның қойылу 

себебін түсіндіріңіздер. 

 

Ажалға  араша  түсе  алмаған  осы  бір  топ  ақ  халатты  жандарды  іштей 

кінəлап  тұрғанымда,  профессор  маған  тесіле  қарап  Ертең  сізге  операция 

жасаймыз    деді.  Бұл  маған  Ендігі  кезек  сенікі    ертең  сен  өлесің    дегендей 

болып естілді. Əкем мені  Жаманға жалынба адамға табынба өмір жолыңдағы 

өз жүгіңді көтеріп жүр  біреуге салмақ салма, өз биігіңе өзің ұшып шық  деп 

тəрбиеледі. 

Ақ  жүрек  болып  жолдасың,  адалдық  сені  қолдасын.  Жақсылық  үшін 

тірессең,  жаныңды  арың  қорғасын.  Арынды  болсын  шабысың,  алымды 

болсын  табысың,  найзадай  болсын  намысың.  Ер  жігітке  бəрі  сын. Қиындық 

көрсең  мұқалма,  ауырлық  көрсең  жұқарма,  қамқоршы  бол  кішіге,  үлкенді 

үлгі тұт алға деп əкем бетін сипады.(Ə.Н.)  Оған біз  деп сипаттайды офицер  

теріскей  жағынан  келдік.(С.М.)  Біздің  елдің  қариялары    Игібай  ұста  соққан 

дүниелердің жұқанағы қазір де ел арасында бар  деседі.(Ө.Қ.) 

 

 

6. Мекен, уақыт, сан шендестігін білдіретін сөздердің арасына 



қойылатын сызықша

 

 



Мекен,  уақыт,  сан  шендестігін 

білдіретін  сөздердің  арасына  сызық-

ша қойылады.(ол - дан  жалғауы мен 

шейін  шылауының  мағынасын  біл-

діреді) 


 

Мойынты–Шу  темір  жолы. 

Институтта  күніне  6–8  сағат  лек-

ция  болады.  Машина  сағатына  30  – 

45  километрден  жүріп  отырып, 

жолдың жартысына келіп қалды. 

 

Бұларды  белгісіздік-  жалпылық  



жəне  болжалдық  мағынасындағы  қос 

сөз  сан  есімдермен  шатастырмау 

керек. Олар дефис арқылы жазылады.  

 

Кермеге  төрт-бес  ат  қатар 



байланыпты(мұндағы  төрт-бес  бол-

жалды сан есім). 

 

 



 

 

1.  Сөйлемді ықшамдап  қолдануға байланысты қойылатын сызықша 

 

Сөйлемдерді  ықшамдап  қолдану 



үшін  сөйлем  мүшелерінің  кейбіреуі 

түсіріліп  айтылады.  Бірақ  одан 

сөйлемдегі ой да, оның көркемдігі де 

бұзылмай,  керісінше,  ықшам  да 

ыңғайлы,  қолдануға  икемді  болуы 

Шəкірттің  –  ұлдан,  ұстаздың 

əкеден кемдігі бар ма? 

(Ж.Тұрлыбаев.) 

 


 

50 


 

керек.  Мақал  -мəтелдер  осы  талапқа 

жауап  береді.  Ал  қай  мүшені  түсіріп 

қолдану  автордың  сөз  қолдану,  ойды 

жеткізу тəсіліне байланысты. Ауызекі 

сөйлеуде  түсіріліп  айтылған  сөз-

дердің  орнына  мағыналық  ерек-

шелеуші кідіріс жасалады да, жазған-

да ол жерге сызықша қойылады. 

 

Бұл  сөйлемде  алдымен  анықтауыш  айтылмай,  келесі  баяндауышқа 



сыйыстырылып  тұр,  сол  сөйлемге  нақыл  сөзге  тəн  леп  қосылған  деуге 

болады. 


 

 

 



1-жаттығу.  Тиісті тыныс белгісін қойыңыздар. 

 

Үлкенді  ізетте, кішіні  күзетте. (Б.М.) Берген   үндемесін, алған   айтсын 



(М.Сервантес).  Өйткені  құс      ұшуға,  адам      бақытты  болуға  жаралған  емес 

пе?!    Кəрілік      тұсау,  кедейлік    бұғау  болып  тұрған  осы  бір  қиын-қыстау 

кезеңде  ауруханада  жатып  емделудің  өзі  де  адамға  ауыр  соғады  екен.  Несі 

бар, Ақыл  жастан, асыл  тастан  демей ме?  Тойға түйеден  бура, жылқыдан  

айғыр, қойдан   қошқар сойылсын деген жарлық берді. 

 

Мəтінмен жұмыс 

 

Мəтінді  түсіне  оқи  отырып,  «Отан  деп  соқса  жүрегің»  тақырыбында  ой 

қозғаңдар. 

 

 

Отаншылдық 

 

Ұлы  іс  Отанға  деген  сүйіспеншіліктен,  халыққа  деген  құрметтен,  осы 

екеуі үшін еткен еңбек пен ерліктен туалы. 

Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық  əр адамға керекті ең ұлы 

қасиет.  Ал  отаншылдық  өз  үйінен  басталады.  Кімде-кім  ата-анасын 

ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, 

туған  ұлтын  сыйлап,  қадірлесе,  сол  адам  отаншыл  болады.  Өйткені  өз  əке-

шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз аулының тасын 

сыйламаған,  өзге  ауылдың  тауын  қадірлемейді.  Өз  ұлтын  жақсы  көрмеген 

өзге  ұлттарды  ұнатпайды.  Мұны  ұлтшылдықпен  шатастырмау  керек.  Екеуі 

аспан мен жердей. 

Намыс    –  азаматтың    алтын  туы.    Əке-шешесін  сыйлаған  балада  намыс 

болады. Ер жігіттің елі   ата-анасы. Отаны  өз үйі. 

Елді, жерді, Отанды  сүйетініңді сөзбен емес, іспен дəлелде. Ата-анасын 

сыйлаған шəкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тəртібін де дұрыс 


 

51 


 

ұстайды, шаруақор, адал, əділ болып өседі. Іс деген осы. Патриотизм 

осыдан басталады.                                                                      (Б.Момышұлы.)   

Қос нүкте 

 

а)  Қос  нүкте  алдымен  бірыңғай 

мүшенің 

алдынада 

келген 

жал-


пылауыш  жəне  жалпылауыш  мəнді 

сөзден 


кейін 

қойылады 

да, 

жалпылауыш  сөздің  мағынасын  ашып 



көрсетіп тұрады. 

ə)  Салалас  құрмаластағы  біріне-

бірі  түсінік  болып  келген  жəне 

өйткені,  себебі  деген  жалғаулықтар 

түсіп  қалып  жасалаған  жай  сөй-

лемдердің 

арасына 


қос 

нүкте 


қойылады. 

 

б)  Төл  сөздің  алдынан  келген 



автор  сөзінен  кейін  қос  нүкте 

қойылады. 

 

 

 



 

в)  Бірыңғай  мүшелерден  бұрын 

келген  мысалы, атап айтқанда деген 

қыстырма  сөзден  кейін  қос  нүкте 

қойылады. 

 

Абай  жігіттері:  Жиренше, 



Ербол,  Базаралы,  Мырзахандар  да 

сол  қонақ  тосушылардың  тобында 

жүр (М.Əуезов). 

 

 



Аюлар  үйде  жоқ:  олар  орман 

ішіне серуенге кеткен еді. 

Салған 

əні 

жан-дүниемді 

балқытты: даусы аса əсем екен. 

 

 



 

 

Мені көріп қалған жерде:  



-  Нəзира  айналайын,  сен  біздің 

үйге  неге  келмейтін  боп  кеттің. 

Үйге  жүр,  –  деп,  үйіне  ертіп  əкелді 

(Т.Ахтанов). 

 

 



Адам 

баласының 

тамаша 

қасиеттері, 

атап 

айтқанда: 

табандылық,  ерлік,  қайсарлық  – 

оның бойынан табылады. 

 

 



 

1-жаттығу.  Тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 

 

Ежелден  мəлім:  қай  ауылдың  үстінде  сияз  болса,  сол  ауыл  мол 

шығасылы  болмақ.  Осымен  төрт-бес  күн  өткен  шамада:  «Бөжей  де  келіпті» 

деген  хабар  жетті.  Баратын  малды  айтқанда:  жетпіс  жылқы,  отыз  түйе 

аталды.  Сол  үйлердің  қонақасысы:  қысырдың  семіз  тайынан,  құнан  қой,  ту 

қойлардан,  үйіткен  марқадан  басталды.Айтпағым:  өлең  дегенді  аса  бір 

сүймейтін  кісі  сенің  əкең  еді.  Бұл  қонақтар  Абайдың  қазіргі  уақыттағы 

жолдастары,  жас  жігіттер:  Ербол,  Жиренше,  Асылбек  жəне  Базаралы 

болатын.  Ол  белгілер:  ұшып  өлген  ешкі,  лақ,  арық  тоқтының  өлімтігі.  Тек 

қана  ендігі  шара:  түн  күзетіне  сақ  болу  еді.  Құнанбай  мен  Байсалдардың 

ақылын  тауысқан  бір  нəрсе:  мал  алушы  жаулардың  бірде-бір  уақыт  көзге 

түспейтін тығылғыштығы болатын. Құнанбай қасындағы ылғи қарт серіктері: 

бастығы Қаратай, жорға Жұмабай, Жақып сияқтылар. Бұны бала күнінен өз 

аулында, кедей ата-ана үйінде айтқанда, ешбір жан кінə қып көрген емес-ті: 



 

52 


 

жуан  ауыл  əнге  де  жуандық,  зорлық  етеді  екен.  Бағанадан  Оралбайға 

айтқаны:  оның  қиналып,  ойланып  айтқан  кеңесі  емес-ті.    Абай  мен  Ерболға 

аса  қатты  ұнап,  қайран  қалдырғаны  :  бар  əнші  жиылып  бір-ақ  əнді  айтады. 

Қыстыгүні  бұл  жерлерді  қалың  жылқы,  Оразбайлардың  елу-алпыс  мыңдай 

жылқылары да мекен ететіні сол: қыртысы қалың, жайылысы бетеге, көдесі,  

ақоты  көп  болғандықтан.  Қала  қазағының  сахарадағы  туыстарынан  əлі 

өзгеріп кетпеген бір қасиеті сол: шама келгенінше өлердей қонақшыл. (М.Ə.) 

 

2-жаттығу.  Қажет жеріне қос нүкте  қойыңыздар. 

 

Хатшының  орысша  сөзі  шындықтың  бетін  біржола  ашқан,  тура  əңгіме 

болды  манадан  бергі  айтылған  сөзге  қарағанда  əлдеқайда  əсерлі  шығып, 

ұрыстың  ең  соңына  сақталған  құпия  қарудай  Əбеннің  есін  бірден  жиғызды. 

(Т.Ə.)  Мен  өзімнің  ұстазыма  əкемнен  кем  қарыздар  емеспін  əкемнен  өмір 

алсам,  ал  Аристотельден  өмірімді  жақсы  өткізу  туралы  білім 

алдым(А.Македонский).  Адамға  шын  мəнінде  білімдар  болуы  үшін  үш 

қасиет    жан-жақты  білім,  ойлауға  дағдыланғандық  жəне  сезім  дарқандығы 

қажет (Н.Г.Чернышевский).  

Ондай қиянатқа қолым бармады ертең операцияға түсетінімді сол себепті де 

айтпадым саған. Шаһзада үңгірден үшінші рет шыққанда тағы бір сұмдықты 

көреді  бір  топ  адам  жылап-сықтап,  шаштарын  жұлып,  беттерін  тырнап, 

зарлап барады екен. Бұл жағынан алып қарасақ  менің ауырып қалғаным зиян 

емес,  қайта  өзіме  пайдалы  болды  ма  деп  ойлаймын.  Əйтеуір  бұл  кезе  мен  

жанға  нəр,  бойға  қуат  беретін  нұрлы  сөздер  тек  өмірге  ғашық  адамдардың 

ғана аузынан түсетін шығар деп ойлайтынмын. 

Əсіресе  біздің  алдымыздағы  жаяу  əскер  жатқан  жердің  сау-тамтығы  жоқ 

шұрқ-шұрқ шұңқырдан аяқ алып жүргісіз.(Ə.Н.)  Рухани əлемде екі бағыт бар  

бірі  –  пенделік  мүдде,  екіншісі  –  биік  парасат  пен  ізгілік  құдіреті.  Бірақ 

қамыс тұрған жерге біз бара алмаймыз  суы терең.(Ө.Қ.) 



 

3-жаттығу.    Өлең  жолдарын  нақышына  келтіре  оқып,  тиісті  тыныс  белгісін 

қойыңыздар. 

 

Мына дүние əділдіктен жаралған  

  Өз орнында  жер де  күн де  тау орман.  

 

  Ақылымды тыңда  мейлің тыңдама, 



  Тілегім бар бір ғана  

 

  Шығып ал да арманыңның шыңына  



  Сосын  мейлі ұшып өл де сырғана. 

 

  Болса ақылың біл мынаны  жалғанда 



  Жолай көрме арманы жоқ жандарға  

 

  Бəрі ұмыт бақытың да байлығың да 



  Күлкі шаттық күйзелткен қайғы  мұң да. 

 

53 


 

 

  ... Өмірден менің күткен үмітім сол 



 

  Өлеңім, мен өлсем де, сен тірі бол!  

 

Мəтінмен жұмыс 

 

Қазақтың төбе биі Төле бидің төрелігінен не ұғындыңыз? Баяндаңыз.  



 

Төле бидің төрелігі 

 

Атақты Төле бидің бала кезі екен. Ауыл сыртында қозы бағып жүргенде, 



жанынан өтіп бара жатқан қос аттының бірі: «Əлібек қартайыпты, əділдігінен 

айныпты»  деп  ренжіп  бара  жатқанын  естіп  қалады.  Сол  кезде  Төле 

алдарынан шығып, сəлем береді. 

- Оу, ағалар, əкем Əлібектің билігіне ризамысыңдар? –дейді. 

- Наразымыз, балам. Əкең əділ билік айтпады. 

- Ендеше қайтыңыздар. 

Екі жақ Əлібектің алдына қайта келгенде, бала Төле: 

- Ата, билікке екі жақ бірдей риза болу керек. Əйтпесе, ол əділ билікке 

жатпайды. Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындау керек, дейді. 

- Олай болса, балам, осы даудың билігін өзің айтып көрші, дейді əкесі. 

Төле  даудың  мəнісін  сұрайды.  Сонда  дауды  бастаған  жігіт  ботасында 

жоғалтқан түйесін жолда кезіккен керуеннен танығанын айтады.  

- Бұл өтірік айтып тұр, – дейді керуенбасы саудагер. 

-  Ал,  енді,  жігітім,  «тапқан  қуанады,  таныған  алады»  деген,  сен  қалай 

таныдың? 

- Түйем туар алдында бошалап кетті. Бір жетіге дейін таптырмаған түйем 

таудың баурайында боздап жүр екен. Ботасын қасқыр жесе, шала туса кетпес 

пе  еді.  Содан  ботасын  біреу  алып  кеткенін  түсіндім.  Содан  бері  бейсауыт 

жүргіншілерге,  көрінген  түйеге  қарап  жүруші  едім,  бүгін  түйені  көргеннен 

таныдым. Төле: 

- Сол түйенің енесі бар ма? 

- Бар.  


Төле қарсы жаққа «сөйле» дейді. 

- Мынау өз түйемнің ботасы, тура сөзіңізді айтыңыз. 

- Енесі бар ма түйенің? 

- Туған енесі бар. 

- Екеуің де енелерін алдырыңдар. 

Дауласқан түйенің енесін алдырады. 

- Атанның тақымына қыл бұрауды салыңдар, дейді. 

Түйенің  тақымын  қыл  бұраумен  шыңғыртып  бұрағанда,  таныған  жігіттің 

түйесі көзінен жас парлап, шыңғырып жатқан түйенің үстінен түседі. 

- Оу, халайық, көріп тұрсыңдар, мына жануар шын анасы екен. 

-  Ə,  саудагерім,  мынау  хайуан  болса  да,  əділетін  халықтың  алдында 

көрсетті. Күнəні мойынға алған жеңіл, шындығыңды айт. 



 

54 


 

- Оу, халайық, бұдан бес жыл бұрын ботаны алғаным рас. Кешсеңдер де, 

бас кессеңдер де өздерің біліңдер. 

- Төрелігін бидің өзі айтсын,  дейді жұрт. 

Бала Төле: 

-  Өздеріңіз  көріп,  біліп  тұрсыздар.  Саудагердің  халық  алдында 

масқарасы шықты. Бұдан артық жаза жоқ,  дейді. 

 

 



Жақша 

 

1)  Сөйлемдегі  негізгі  ойды  немесе 

бір  сөйлем  мүшесін  айқындап, 

дəлелдеп,  қосымша  түсінік  беру 

үшін 

қолданылатын 



қыстырма 

мəнді  сөз,  сөз  тіркесі  не  сөйлем 

жақшаға  алынады.  Оның  сөйлемнің 

басқа тыныс белгісіне қатысы жоқ. 

 

 

2)  Драмалық 



шығармаларда 

кейіпкердің 

жүріс-тұрысын, 

іс-


əрекет,  көңіл  күйін  білдіретін 

автордың  қосымша  түсініктемеле-

рін  көрсететін  сөздер,  сөйлемдер 

жақшаға алынады.

 

 

3)  Алынған  сөйлем,  дəйексөз-дің 



жəне  мысал  қайдан,  кімдікі  екенін 

көрсету 


үшін, 

оның 


соңынан 

жазылған  кітаптың  аты,  авторы  т.б. 

жақшаға алынады.

 

 



 

 

 



 

4)  Белгілі    бір  сөздерді  түсін-діру 

үшін  оның  аудармасы,  си-нонимі 

т.б.  беріледі  де,  жақшаға  алынып 

жазылады.

 

 



Жаз 

шыға 

бəріміз(əпкелерімді 

айтам)  апам  есіп  берген  жіпті  алып 

тоғайға 

отынға 

аттанатынбыз. 

Елден  келген  азаматтарға  бас-көз 

болып,  олар  да  мені  жан  тартып 

(Құмырайдан  басқасы),  үйірсектеп 

жүргендіктен,  бар  жауапкершілік 

маған түскен (О.Бөкей). 

 

Нəзипа(кеудесіне  басын  қойып). 



Өкінейін  бе?  Солай  ма?  Мен  дұрыс 

жасадым ба? Айтыңызшы ақиқатын? 

 

 



 

 

 



«Абайға  сүтпен  кіріп,  сүйегіне 

сіңген  əдебиет  үлгісінің  бірі  –  халық 

əдебиеті деп едік ... Бірақ ол мұның да 

қызығын  ерте  тояттап,  ескірген  ел 

даналығын  көп  ұзамай-ақ  өзіне  мұра 

санаудан  қалған  сияқты»  (Қ.Жұбанов. 

қазақ  тілі  жөніндегі  зеттеулер. 

Алматы.  «Ғылым»  баспасы,  1966,  

296-бет). 

 

1900  жылдың  желтоқсанында 



шетелге  «Искра»  («Ұшқын»)газетінің 

бірінші нөмірі шықты.    

 

 



 

 

 



 

 

55 


 

 

5)  Мəселенің талас я күдікті екенін 



көрсетіп, оқушының назарын 

аудару үшін, біреуден келтірілген 

дəйексөздің ішіндегі жеке сөздерге 

не сөйлемге қойылатын леп, сұрау 

белгілері жақшаға алынады. (Сұрау 

белгісі тақырыбын қараңыз)

 

Мұнда аудармашы сөзге сөз тауып, сан 



жағын ғана сақтаған: ломберный стол – 

төрт таған стол(?), салфетка – орамал, 

образ –сурет(?), выражение –

болғандықтан, устремленных – 

телмеңдей, в больших –бадана, 

страстная –еміне. (Ə.Нұрпейісов «Анна 

Каренинаның» аудармасы).

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет