Идеал газдың адиабата теңдеуі. Политроптық процестер. Әр түрлі процестердегі идеалды газдың жұмысы


Келтірілген жылу мөлшері. Энтропия және оның өзгерісі. Қайтымды және қайтымсыз циклдар. Термодинамиканың екінші бастамасы (Кельвин мен Клаузиус тұжырымы)



бет2/4
Дата18.04.2023
өлшемі94,04 Kb.
#83765
1   2   3   4
Келтірілген жылу мөлшері. Энтропия және оның өзгерісі. Қайтымды және қайтымсыз циклдар. Термодинамиканың екінші бастамасы (Кельвин мен Клаузиус тұжырымы).
Процестің шексіз кішкентай бөлігіндегі денеге берілетін келтірілген жылу мөлшері ға тең.
Кез келген қайтымды дөңгелек процесс кезінде денеге берілетін келтірілген жылу мөлшері нолге тең

Интегралдың нолге тең болуы кейбір функцияның толық дифференциал екенін қөрсетеді. Яғни сол функция тек жүйенің күйімен ғана анықталадыда жүйе сол күйге келген жолға тәуелсіз болады.

мұндағы S күй функциясы энтропия деп аталады.
Қайтымды процестер үшін энтропияның өзгерісі:
S = 0.
Қайтымсыз процестер үшін жүйенің энтропиясы өсіп отырады:
S>0.
Бұл өрнектер тек тұйық жүйелер үшін орындалады. Жүйе сыртқы ортамен жылу алмасатын болса, онда оның энтропиясы кез келген жолмен өзгереді.
Термодинамиканың екінші бастамасының кейбір тұжырымдамалары
1. Тұйық жүйелерде өтетін қайтымсыз процестерде жүйенің энтропиясы ұлғаяды. 2. Нәтижесі тек қыздырғыштан алынған жылуды оған эквивалентті жұмысқа түрлендіруде ғана болатын дөңгелек процестің өтуі мүмкін емес(Кельвин).
3. Нәтижесі тек салқын денеден ыстық денеге жылудың берілуінде ғана болатын процестің өтуі мүмкін емес (Клаузиус).
#
Жылу қозғалтқышы. Карно Циклі. Карно циклінің тиімділігі.
Жылу машиналары (немесе жылу қозғалтқыштары) деп жүйенің ішкі энергиясының бір бөлігін механикалық энергияға айналдыратын және соның есебінен жұмыс істейтін энергияға құрылғыларды айтады. Алайда жылу машиналарының басқа түрі – тоңазытқыш қондырғылар да бар. Олар мұздатқыш камерасы сияқты салқын денеден жылудың біраз бөлігін ала отырып, онда төменгі температураны ұстап тұру қызметін атқарады. Қарапайым жылу қозғалтқышы дегеніміз – қабырғасына нағыз кептелген, жоғары – төмен қозғала алатын поршені бар металл цилиндр ондағы отынның ішкі энергиясы поршеннің механикалық энергиясына айналады. Мұндай қозғалтқыш ХVІІ ғасырдың соңында жасалып кейіннен жетілдірілді.
Жұмыс денесі қыздырғыштан Q жылу мөлшерін алып көлемін ұлғайтқанда, механикаық жұмыс жасайды. Мысалы, Автомобиль қозғалтықышының цилиндріндегі ауаның қызуы осы цилиндрдің ішінде бензин жағу арқылы өтеді.
Жылу қозғалткыштарының түрлері

Іштен жанатын Бу және газ Реактивті


Трубиналы
Карно циклі дегеніміз екі изотермиялық және екі адиабаттық (изентроптық) бөліктен тұратын қайтымды цикл.

1-2 Изотермиялық сығылу 2-3 Адиабатты жылыту 3-4 Изотермиялық ұлғаю 4-1 Адиабатты салқындату

Тиімділік: жүйенің жұмыс істеуі кезінде жұмсаған пайдалы және толық энергиялары қатынасы ретінде анықталады.


#


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет