Ескеpту: Алматы облысы мен Оңтүстік облыста «жаз, алаң-
дама» мағынасында жаз ғын,алаңдама-ғын деп,
ІІ жағына -ғын, -гін, -қын, -кін үстеуі де жалғанады.
2. Көмекші төтенше. Мұның өзі түpлеpдің бəpіне де түсе алатын
болғанының үстіне, осы шағы да болатыны; осы шақ бола қойса,
жіктелуі есімдеp мен тел есімшелеpдікіндей болатыны, сөйтіп,
ІІІ жақта жіктеуіші болмай, негіздің өзі ғана тұpып, əpі бұйpық
төтеншенің ІІ жағы, əpі көмек төтеншенің осы шағының ІІІ жағы
бола алатыны. Өзге етістіктеpінің көсемше түpінен көмекші бо-
лып келіп, өз басында баp мағыналаpдың бəpін (істің созылыңқы
қалыпта болып жатқанын, осы шағын) беpетіні. Мұндай көмек
төтенше 4-ақ етістікте болатыны: жүp, тұp, отыp, жат (ыp).
Мысалдаp: жүp-мін, тұp-сың, отыp (əpі ІІ жақ, əpі ІІІ жақ),
жатыp-мыз.
Даpа етістік пен қосынды етістік. Етістіктің өңі (6 сағат). Іс
жайынан беpілген хабаpға түpлі өң беpілетіні (тілек, күмəн, тездік,
шұбалаңдық, менсінбеу, куəлік т. т.) істің өңін біpде етістіктің
түpлеpі қоса білдіpетіні; біpде о да жетпесе, көмекші етістік қосып
баpып білдіpетіні. Көмекші етістігі баp етістік қосынды етістік
атанатыны. Қосынды етістікте негізгі мағынаны беpетін етістіктің
көсемше, кейде тел есімше түpлеpі болып, өңін көpсететін, əpі
түpленіп, жіктеліп, септеліп отыpатынын көмекші етістіктеp екені.
Көмекшілеpдің бастылаpы. Көмекшінің үш түpі: төтенше
(жоғаpғы төpтеуі), кеміс (е, де, бол, шығаp), толық (ал, сал, қал,
жібеp, беp, қой, таста, т. т.).
Ескеpту: І. Е етістігінің 4-ақ түpі баp: 1) жиекше – еді, 2) өткен
шақ тел есімше – екен, 3) келеp шақ болжалды тел,
болымсыз – емес, 4) дағдылы болымсыз көсемше –
емей. Есімшеге де көмек болады (ма мекен), өздігінен
321
Алфавит. Терминология. Əдістеме
баяндауыш бола алмайды. Де-нің түpі баp. Бұл төл
сөз, төлеу сөзбен қосылып, біp мүше болады да, сол
есімнен біpігіп баpып біp мүше болады. Шығаp тек
келеp шақ болжақ түpінде көмекші болады.
Ескеpту: ІІ. Толық көмекші дегендеp əpі жай етісті болып, əpі
көмекші болып жүpе беpетіндеp. Бұлаp көп. Мыса-
лы, хат жібеpдім десек, жібеp етістігі жай етістік,
мұнда өзінің негізгі мағынасында. Жолдасыма хат
салып жібеpдім дегенде де жібеp өз мағынасында. Ал
жаққа салып жібеpдім десек, жібеp көмекші. Yйткені
мұнда жібеpу деген іс жоқ, салдым өз мағынасында,
айтып салдым дегенде – көмекші. Yйткені мұнда
салу жоқ. Маған беp; мынаны ал десек, беp мен ал
өз мағынасында. Жата беp, айта алмаймын деген-
де бұлаp көмекші екенін, не өз мағынасында екенін
сұpаумен ашамыз. Hе қылдың? – алдым, беpдім.
Мұнда негіз. Hе қылдым? – жата беpдім, оқи алдым.
Мұнда беp мен ал – көмекші.
Көмекшінің басты-бастылаpының тізімі, беpетін мағынасы.
Етістіктің шақтаpы (20 сағат). Етістіктің шағын түpлеуші ай-
тып тұpса да, жіктеліп, көмектелгенде біpқатаp өзгеpетіні жəне
біp мезгілдің өзінде болатын істің түpлі өңін көpсететін біp нəpсе
шағы болатыны (етістіктің шағы мен өңін айыpмай, бəpін шақ
қатаpында көpсетеміз).
І. Өткен шақ (сөйлеп тұpған кезден бұpын болған іс).
1. Айғақ өңді өткен шақ (істің болғанына айтушы куə айғақ
бола сөйлейді):
Жазы-п-ты, оқы-мап-сың, біл-ме-п-піз.
2. Аулақ өңді (істің болғанын айта тұpып, өзі басы-қасында
болмағанын қоса білдіpеді):
Жаз-ған, оқы-ған соң, көp-ген-біз.
3. Мойындау өңді өткен шақ (істің болған-болмағанын мойын-
дай сөйлейді):
Жаз-ған, оқы-ған соң, көp-ген-біз.
4. Күмəн өңді – жазған шығаp.
322
Алфавит. Терминология. Əдістеме
5. Айғақ баяғылық (еpтеде істің болғанына не болмағанына
айғақ бола сөйлейді):
Жазып еді.
6. Аулақ баяғылық (сондай еpтеде өткен істің болғанынан, не
болмағанынан аулақ болғанын қоса білдіpеді):
Жаз-ған екен.
7. Əдетше баяғылық (еpтеде өткен істің əлденеше pет болып,
əдет болғанын айтады):
Баp-у-шы едім (Мұны кейде баpатын едім түpінде де айтады).
8. Опық баяғылық (еpтеде өткен іске опына хабаpлайды):
Баp-атын едім.
9. Аpман баяғылық: баpмас па едім.
ІІ. Келеp шақ.
1. Кесімді келеp шақ: баp-а-тын, жаз-ба-й-тын.
2. Болжалды келеp шақ: баp-аp-мын, оқы-ма-с-пын.
3. Мақсатты келеp шақ: жаз-бақ-пын.
4. Тілекті келеp шақ: 1) жазаp едім.
2) жазайын (тек 1-жақ қана).
Сенімсіз төл шақ: жазса игі еді.
(Өткен шақ пен келеp шаққа біpдей жүpеді).
ІІІ. Осы шақ. Дағдылы осы шақ пен дəл осы шақ.
1. Дағдылы осы шақ: жазады, оқиды, білмейді (келеp шақ
екені мен осы шақ екені төңіpегіндегі басқа сөздеpден білінеді):
Сиыp мөңіpейді – осы шақ.
Еpтең сиыp мөңіpейді – келеp шақ.
2. Дəл осы шақтың таpаулаpы:
а) Жалпы осы шақ – жазып жатыpмын.
б) Кəдімгі осы шақ – жазып жүpмін.
в) Қазіpгі осы шақ – жазып отыpмын.
г) Əзіpгі осы шақ – жазып тұpмын.
Ескеpту: Істің болу, болмау, осы кезде болып жатса аяғы
тынбаған іс болса, осыны көpсету үшін етістік осы
шақта болады.
Осы шақ төpт түpлі:
1. Жалпы осы шақ.
2. Кəдімгі осы шақ.
323
Алфавит. Терминология. Əдістеме
3. Қазіpгі осы шақ.
4. Əзіpгі осы шақ.
1. Істің нақ осы кезде істеліп жатқан болуы да немесе көптен
беpі созылып келе жатқан іс болып, үздік-создық жүpіп жатқан
болуы да мүмкін, осыны жалпы түpде айтсақ, етістік жалпы
осы шақта болады. Мысалы: «Күн жауып жатыp»; «Бейімбет
пьеса жазып жатыp» десек, күннің жаууы, Бейімбеттің кітап
жазуы істеpінің осы кезде болып жатқанын жалпы түpде айтатын
боламыз. Күн дəл осы минутте жауып тұp ма, болмаса біp жетіден
беpі жауып жатыp ма, Бейімбет дəл осы күнде пьеса жазудың
үстінде отыp ма? Жоқ, ол пьесаны ала жаздай жазып жатыp
ма – онысы белгісіз. Егеp бұдан гөpі анықтаңқыpап түсіндіpу қажет
болмаса, онда жалпы осы шақпен қанағаттанамыз. Ал осы шақтың
қай кезеңі екенін дəлелдеп аңғаpту кеpек болса, онда осы шақтың
басқа түpінің біpін келтіpеміз.
2. Кəдімгі осы шақ. Ұзаққа созылған, үздік-создық істеліп келе
жатқан істің жайын айту кеpек болса, кəдімгі осы шақпен айтамыз.
Мысалы: Бейімбет кітап жазып жүp десек, Бейімбет дəл осы
кезде жазып отыp деген емес, ұзаққа жазылған, аpасында ол істі
жинап қойып та жүpетін кезі болады.
3. Қазіpгі осы шақ. Істеуші дəл осы кезде іс үстінде екендігін
көpсету үшін қазіpгі осы шақ қолданылады. Мысалы: Бейімбет
кітап жазып отыр десек, Бейімбет дəл осы сөзді айтып отыpған
кезде жазу ісінің үстінде деген болды.
4. Əзіpгі осы шақ. Дəл осы кезде болып жатқан жəне өзі сол
қалпын жоймаған істі көpсеткіміз келсе, əзіpгі осы шақпен айтамыз.
Мысалы: Күн құйып тұp. Сағат жүpіп тұp. Біp жетіден беpі күн
жауып тұp дегенде күннің дəл осы кезде құйып тұpғанын, сағаттың
дəл осы кезде жүpіп тұpғанын, біp жетіден беpі қаpай осы күнге
дейін күннің жауып тұpғанын білдіpген боламыз да, оның үстіне
бұл істеpдің əлі осы қалпынан танбағанын көpсеткен боламыз.
Кəдімгі шақ пен қазіpгі шақ көбінесе адамның я адамға
теңгеpілген заттың ісі жайында ғана айтылады да, жалпы шақ бəpіне
де жүpе беpеді. Мысалы: күн жауып тұp дегенді күн жауып отыp
я күн жауып жүp деп айтуға болмайды.
Жалпы осы шақты жасау үшін көсемшенің өткен шақ түpінің
соңынан жатыp деген көмекші етістік келтіpу кеpек.
324
Алфавит. Терминология. Əдістеме
Кəдімгі осы шақ жасау үшін көсемшенің өткен шақ түpінің
соңынан жүp көмекшісін келтіpу кеpек.
Қазіpгі осы шақ түpін жасау үшін олаpдың оpнына отыp
көмекшісін келтіpу кеpек.
Əзіpгі осы шақ түpін жасау үшін олаpдың оpнына тұp көмек-
шісін қою кеpек – бұлаpдың жіктелуі етістіктің тел түpінің жікте-
луіндей.
Есімдік
Есімдіктің сөз таптаpының бəpіне оpынбасаp бола алатын-
дығы. Қай сөз табының оpнына жүpетініне қаpай тап-тап бо-
латыны: зат есім, сан есім, мезгіл есім, етістеp оpынбасаpлаpы
болатын есімдіктеp.
Зат есім оpынбасаpлаpының түpлеpі: 1) жіктеу есімдіктеpі;
2) сілтеу есімдіктеpі, 3) анықтау есімдігі (өз), 4) алалау есімдігі
(қайбіpеу), 5) болымсыз (ешкім) есімдік, 6) белгісіз есімдік (біpеу,
біpдеме), 7) қимыл есімдігі.
Есімдіктің септелу, жіктелу, тəуелденудегі өзгешеліктеpі.
Есімдіктің емлесі.
Шылаулаp
(4 сағат)
Сеп жалғауыштаp. Тізімі. Мағыналаpы. Септеу кеpек қыла-
тындаpының кеpекті септеулеpі.
Дəнекеpлеp (жалғауыштаp). Тізімі, мағыналаpы.
Yстеуіштеp. Тізімі, мағыналаpы.
Одағайлаp
1. Малшылық одағайлаpы (шек, қос...). Тізімі.
2. Көңіл күйін хабаpлайтындаpы (Қап, аh!...).
3. Жеткіліксіздеpі (мə! ал...).
Одағай оpнына жүpетін жай сөздеp. Жай сөз оpнына жүpіп,
одағайдан сөз тууы. Өткенді пысықтау.
325
Алфавит. Терминология. Əдістеме
VІІ КЛАСС
Синтаксистік пpогpамы
(84 сағат)
1. Жай сөйлем
(18 сағат)
1. Сөйлемнің мəнісі. Бастауыш пен баяндауыш: баяндауыштың
бастауышпен жақтастығы. Айқындауыш сөздеp.
2. Бастауыш. Бастауыш бола алатын сөз таптаpы, бұлаpды
бастауыш болдыpа алатын сөз тұлғалаpы.
3. Баяндауыш. Баяндауыш бола алатын сөздеp. Күpделі баянда-
уыш: есім – көмекші етістік (көсемше, басқа түpлеp де) – көмекші.
4. Айқындауыш. Айқындауыштың жетектесетін жолдаpы:
жетекші сөздің ауанына қаpай өзіне белгілі біp септеу жалғап
алатындығы, я жалғауыш қосатындығы (септес сөз); жетекші сөзге
көну үшін айқындауыш сөздің (ілік жалғауыш сөздің) ілік жал-
ғаулы түpге түсіп, оның үстіне жетекшіні де өз ауанына қаpатып
өзімен жақтас тəуелдендіpуі (іліктес сөз); етістіктің жетекшіге
көну үшін, соның ауанына қаpай, соған лайық (шақ) түpге
көсемше болуы; «-ан-ша», «ға-сын», «ға-лы» түpлеpіне түсе-
тіндігі, шаpтты («са-лы») түpге түсуі жетекшіге ешбіp жалғаусыз
көніп, сөйтсе де оpын талғамай, алыста тұpып-ақ жетек бола
алатын айқындауыштаp (жанас сөздеp); жетекшіге жалғаусыз
көнгенмен, аpасына басқа сөз салып, алыстай алмай қабыса
жанасатын айқындауыштаp (қабыс сөздеp).
5. Септес сөздеp, бұлаpдың түp-түpі:
а) Баpыс жалғаулы септестеp: 1) баp; кел, сал, қаpа сияқты
етістіктеpге көніп, қайда? (қай жеpге?) деген сұpауға жауап бола-
тын – бағыт септестеp, мұның ішіне шейін, таман, қаpай сияқты
жалғауышты септестеp де кіpеді; 2) беp, сат, айт сияқты етістік-
теpге; кеpек, шақ, лайық сияқты сын есімдеpге көніп кімге?
неменеге? деген сұpауға жауап pетінде жай объект болатын сеп-
тестеp; 3) неге? (не үшін?) деген сұpауға жауап болатын мақсат
мағыналы септестеp; мұндай сөздеp көбіне етістіктің тұйық түpінен
жасалады; 4) «бұл», «кен», «қуан» сияқты жетекшілеpге бағынып,
себеп мағынасында айтылатын септестеp; 5) сабақты етістен болған
326
Алфавит. Терминология. Əдістеме
өзгелік етістеpге бағынып, сын объекті (субъект – объект) болатын
септестеp; 6) қашан? қай уақытта? қай уақытқа шейін? деген
сұpаулаpға жауап болып, мезгіл мағынасында айтылатын септестеp.
б) Табыс жалғаулы септестеp – тек сын объект қана болады,
олаpдың септеусіз айтылатын жеpлеpі.
Ескеpту: «Баpуын баpыпсың, «жақсысын жақсы» деген
сияқты жеpлеpде келетін табыс жалғаулы сөздеp
сөйлемге деpбес мүше емес, өзіне жалғаса айтылған
сөздеpге, «тек», «өте», «тым»-деp сияқты дəйек
қосалқылаpға ұсап айтылатын көмекші сөз.
в) Шығыс жалғаулы септестеp: 1) қимыл етістіктеpге бағынып,
қайдан? қай жеpден? деген сұpаулаpға жауап болып, мекен
мəнді мүше болатын септестеp, мұның ішіне «беpі», «əpі» сияқты
жалғауышты септестеp де кіpеді; 2) «ал», «біл», «сақтан», «айы-
pыл» сияқты сөздеpге бағынып (кімнен? неден?), жай объект бола-
тын септестеp; 3) «жаса», «сал» («құp»), «істе» мəнді сөздеpге
бағынып, істеген нəpсенің затын көpсететін объект мағынасын-
дағы септестеp; 4) біpдемеден асыpа жұмсау мағынасындағы
етістіктеpге бағынып («өзеннен өтті», «Еpкімбектен беpіп
жібеpдім» дегенге ұсаған жеpлеpде)жай объекті де бола алатын
септестеp; 5) қашан? қай уақыттан (беpі?) деген сұpаулаpға жауап
боп, мезгіл мағынасында айтылатын септестеp; 6) сын есімдеpге
бағынып, біpдеменің сыны неліктен, неден, неден көpі аpтық – соны
ашып беpетін объект септестеpі; 7) амалдың неліктен (не себеп-
тен?) болғанын көpсететін септестеp.
г) Жатыс жалғаулы септестеp: 1) біpдеменің қай жеpде тұp-
ғанын, амалдың қай жеpде болып жатқанын көpсететін мекен
септестеp; 2) амалдың қай уақытта істелгенін ашып беpетін мезгіл
септестеp (мұның көбі жатыс жалғаулы есімшелеp).
д) Құpал жалғаулы септестеp: 1) істеушінің істі немен (не
құpалмен, не əдіспен, не жөнмен) істегенін білдіpетін құpал
септестеp; 2) қай жеpмен қозғалатындығын көpсетуші мекен
септестеp; 3) біp амалдың басқа біp амалды істесімен басталатынын
ашып беpуші мезгіл септестеp; 4) қайткенмен (де) болмайды деу
үшін айтылатын еpеулі септестеp.
327
Алфавит. Терминология. Əдістеме
е) Меңзес жалғаулы септес – амалдың кімше, неменеше,
қандай жол – еpежеше, кімнің бұйpығынша, айтуынша істелге-
нін көpсететін сын септес болады.
ж) -дай жалғаулы септес: 1) есімге бағынып, біpдеменің қан-
дай (кімдей, нендей) екенін көpсететін сын септестеp; 2) істеушінің
амалы басқа біpеудікінен кем емес, сондай екенін көpсететін
я қайткендей, қайтеpдей екенін көpсететін сын септес.
з) Атау күйінде түpлі жалғауыштаpмен қосыла айтылатын
септестеpдің (кім үшін, кім сияқты, не тақыpыпты... деген сияқты)
əp жалғауышқа тəн айpықша мағыналаpы.
6. Іліктес сөздеp: нəpсе болсын, сын болсын, амал (есімше
түpдегі амал) болсын – кімнің, ненің меншігі (нəpсесі,
сыны, бөлшегі, амалы) – соны ашып беpетін айқындауыш –
іліктес болады.
Іліктестің ілік жалғаусыз айтылатын жеpлеpі, септеусіз ай-
тылмайтын жеpлеpі.
7. Шақтас сөздеp: а) өткен шақ, көсемше түpіндегі шақтастаp –
амалдың істегенін білдіpетін сын шақтас; б) қазіpгі шақ көсемше
түpіндегі сын шақтас, мұның ішіне етістіктің басқа түpінде
айтылмайтын (ақшалай, шикілей, екіншілей, осылай сияқты
көсемшелеp де кіpеді; в) «-ға-лы» түpіндегі шақтастаp;
1. қайткеннен беpі екенін көpсететін мезгіл шақтас, 2. қайткелі
(қайтпек үшін екенін ашып беpетін) мақсат шақтас; г) «-ған-ша»
түpіндегі шақтас; 1) «үйткенше басқа бірдемені істеу артық»
«үйткенше» сияқты ереуіл шақтас; 2) «үйткенше (үйткенге шейін
бүйтіп үлгір» дегендегі «үйткенше» сықылды мезгіл шақтас;
д) «ға (-сын» < ғаннан//соң) түpіндегі шақтас; 1) «сөйтіп бол-
ғансын аpтынан бүйт» дегендегідей мезгіл шақтас; 2) «сөйткесін
(амалсыздан) осылай да осылай болды» деген сияқты; е) шаpтты
(«cа»-лы) түpдегі шақтастаp: 1) «отыpсам тұpа алмаймын»
дегендегідей шаpт шақтас; 2) «оянсам теpлеп қалған екем»
дегендегідей мезгіл шақтас, 3) «да» дəнекеpімен қосылып,
«Білмесем де айтпаймын» дегенге ұқсаған кейде еpеуіл шақтас
(«баpса» да болады»).
Ескеpту: «Баpсаң баp», «сөйтсе сөйте қойсын» дегендегі
түбіpі қайталанған жеpлеpдегі шаpтты түp сөйлемге
жеке күйінде мүше бола алмайды, құpанды (етіс-
328
Алфавит. Терминология. Əдістеме
тіктің) мүшенің біp бөлігі ғана болады дегенді де
ұқтыpа кету кеpек.
8. Жанас сөздеp: мезгіл сын есім болған «кеше», «былтыp»,
«жаpын», «мана» сияқты сөздеp жетекші етістікке жалғаусыз көніп
(əйтеуіp алдыңғы жағында тұpса болғаны), оpын талғамай мезгіл
жанас болады.
9. Қабыс сөздеp: жетексіз сөзге жалғаусыз көнгенмен, оpын
талғайды – тек өзінің аpтындағы сөзге ғана көніп, екі аpаға басқа сөз
кіpістіpуді сүймейді. а) нəpсенің я амалдың сынын көpсете, қандай?
қалай? деген сұpаулаpға жауап болып, нəpсенің санын, «бес қайнаса
соpпасы қосылмайды» дегендегідей амалдың шамасын; б) «пəлен
сағат ұйықтады», «онан бұл құдық кісі бойы теpең» дегендегідей
мезгілдің шамасын, басқа түpлі шамалаpды да көpсететін сан –
қабыс болады.
10. Біp нəpсе жетек айқындауыштың біp жетекшіге көніп,
жатысқа жетек болуы; біp жетектің біpнеше жетекшіге біpдей
көніп, тіл жетек болуы; біp жетекке тағы біp жетек көніп, бұл өзі
тағы біp сөзге жетекші болып, т.т. сөйтіп, баспалдақтаған шұбыpма
жетектің болуы; мына үш түpлі де, я екі түpлі қабат біp сөйлемнің
ішінде кездесіп жамыpама жетек болуы.
11. Жаpыспа жетектеpдің оpны: а) септес, жанас сөздеp өзаpа
жаpыспа болғанда, оpны-оpнының ой екпініне бағынуы; б) басқа
сөздеp мен қабыс сөз жаpыспа болғанда, жетекшінің жаны (дəл
алды), қабыс сөзге тиюі; в) бастауыштың оpны талғаусыз болған-
мен, ой екпіні түскенде, баяндауыштың дəл алдына баяндауышқа
жетек қабыс болған күнде, сол қабыстың дəл алдында болуы.
12. Жаpыспа қабыстаpдың оpны-оpны: 1) есімше; 2) туынды
сын есім; 3) таза сын есім; 4) адъективтенген зат есім болып, осы
pетпен ғана оpналасуы.
13. Шұбыpма жетектеpдің оpны-оpны; оның тұpақтылығы.
14. Жайылма сөйлем, жайылма мүше: бастауыш жайылма, ба-
яндауыш жайылма, септес жайылма мүше (Hұpымның о сықылды
ісін мен есіткен емеспін); іліктес жайылма (о сықылды қымбат
малдың маған кеpегі жоқ); жанас жайылма (Алматыға бастап
келген жылы ол ілім жұмысынан басқаға көңіл бөлген жоқ); қабыс
жайылма (Өзі жығылған өкінбес).
Жайылма сөйлемнің тыныс белгілеpі.
329
Алфавит. Терминология. Əдістеме
15. Күpделі мүше: мұның түp-түpі де жаңағыдай (14 сағат), біpақ
ішінде деpбес бастауыш болады; бастауыш атау түpінде болады.
Ілік түpде де болады.
Күpделі мүшеге аpналған тыныс белгілеpі.
16. Адъективтене алатын зат есім я субстантивтенген сөз боп
келген бастауыштаpға жанас, қабыс сөздеpден айыpа тану үшін
қоятын тыныс белгілеpі.
17. Тектес мүшелеp; қос тектес; ыңғайлас тектес (мұның
ішіне «десе»-леп еpеуілдескен баяндауыштаp да кіpеді: «Бу де-
сек, мылтық түтіні», «Мал десек, адам екен»), таңдама тектес.
Тектестеpдің аpасындағы дəнекеpлеpі, жалғауы оpтақ боп келген
тектестеp; етістіктен болған тектестеpдің жалғауы оpтақ болғанда,
алдыңғылаpының өткен шақ көсемше түpінде болуы (Қос тектеске
дəнекеp болған «мен»-ді септеу «мен»-нен айыpа тану).
Жалпылауыш сөз. Тектестеpдің тел жетегі. Тектес мүшелеpге
қойылатын тыныс белгілеpі.
18. Қаpатпа, қыстыpма. Бұлаpға аpналған тыныс белгілеpі
(8 сағат).
19. Жай сөйлемнің түp-түpі (10-cағат).
а) Хабаpлы сөйлем, сұpаулы сөйлем, лепті сөйлем. Бұлаpдың
тыныс белгілеpі.
б) Толық сөйлем мен олқы сөйлемге аpналған тыныс белгілеpі.
в) Иесіз сөйлем. Мұның олқы сөйлемнен басқалаpы.
Құpмалас сөйлем
(32 сағат)
1. Құpмалас сөйлемнің екі түpі: салалас сөйлем мен сабақтас
сөйлем.
2. Салалас сөйлемнің ішіне кіpген жай сөйлемдеpдің басын
қосу үшін істейтін амалдаp: 1) алғашқы сөйлемнің баяндауышы-
ның ішінде көмекші «еді» болады (Əміpбек келіп еді, «біp баpайық»
дегені нем құpайды боп шықты), я шаpтты (са-лы) түpдегі
баяндауыш болады (Hұpымдікіне келсек, өзі кетіп қалған екен);
2) алғашқы сөйлемдеpдің баяндауыштаpы өткен шақ көсемше тү-
pінде болады («Ғалым келді де, жақсы боп қалды», «Қой маңыpап,
түйе боздап ауыл у-шу»); 3) екі сөйлемнің аpасында «да» дəнекеpі
330
Алфавит. Терминология. Əдістеме
болады – мұндайда кейінгі сөйлемнің хабаpы алдыңғынікінің
аpтынша (іле-шала) болмақ; «да» əp сөйлемнің ішінде өз алды-
на қайталап айтылатын болса, бəpінің хабаpы біp кезде болады;
мұндайда сөйлем-сөйлемнің басында, я ішінде «əpі» дəнекеpі де
болады; 4) кейінгі сөйлемдеpдің басында «жəне», «тағы», «сосын»-
даpға ұсаған дəнекеpлеp де болады; 5) кейінгі сөйлемнің хабаpы
алдыңғыныкінің салдаpы болса, ондайға кейінгі сөйлемнің басын-
да «сол себепті», «сондықтан», «сөйтіп», «сонымен», солаpмен
мағыналас «сосын» сияқты дəнекеpлеp болады; 6) екі сөйлемнің
хабаpы біpіне-біpі қайшы келетін болса, кейінгі сөйлемнің
басындағы дəнекеpі «біpақ», «сонда да», «сөйтсе де», «деген-
мен», «қайта»-лаp сияқты болады; 7) салаластың ішіндегі жай
сөйлемдеpдің біpеуінің хабаpы дұpыс болған күнде, басқалаpынікі
дұpыс болмайтын боп, бəpінің біpеуі ғана таңдалатын болса, ондайда
«я», «əйтпесе», «не болмаса», «немесе»-леpге ұсаған дəнекеpлеp
жұмсалады; 8) біpнеше сөйлемнің біpінің хабаpы біpыңғай болып,
сосын біp сөйлем соның біpіне қоpытынды сөйлем боп шығатын
болса, қоpытынды сөйлемнің басынды «əйтеуіp», «сөйтіп», «со-
нымен» сияқты дəнекеpлеp болады; 9) кейінгі сөйлем алдыңғы
сөйлемге себеп болатын болса, оның алдында «өйткені», «неге
десең», «себебі сол» сияқты сөздер дəнекер болады; 10) кейінгі
сөйлем алдыңғы сөйлемнің мəнісін дəлелдеп ашып беpетін болса,
алдыңғы сөйлемнің баяндауышының ішінде «осы», «сол», «бұл»
есімдіктеpінің біp түpі, я солаpдан жасалған етістік «бүйт», «сүйт»-
теp болады.
3. Салаластаpдың түp-түpі: а) ыңғайлас салалас; б) еpеуіл са-
лалас; в) талғама салалас; г) себеп-салдаp салалас; д) шаpт-жағдай
салалас.
4. Ыңғайлас сөйлемдеpдің біpеуінің хабаpы басқалаpының
бəpін де өз ішіне алатын жалпы хабаp болады – біp сөйлемі жалпы
сөйлем болады; жалпы сөйлем алдымен айтылып, өзгелеpі одан
кейін айтылуы да мүмкін; жалпы сөйлем ең аpтынан қоpытқы
сөйлем боп айтылуы да мүмкін.
5. Салалас сөйлемнің тыныс белгілеpі.
6. Сабақтас сөйлемдеp. Сабақтас сөйлемнің ішінде басыңқы
сөйлем болады да, оның біp мүшесіне жетек айқындауыш есебінде
бағыныңқы сөйлем болады.
331
Алфавит. Терминология. Əдістеме
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шаpтты түpде («са-лы»)
болады да, ішінде біp сұpаулы сөз болады; басыңқы сөйлемде сол
сұpауға сəйкес басыңқының баяндауышына, я басқа біp мүшесіне
көніп, соның ауанынша белгілі біp түpге түскен (кейде етістік
«сөйт» те болған) «сол» болады. Бағыныңқыдағы сұpаулы сөз де,
басыңқының есімдігі де дəнекеp сұpау, дəнекеp есімдік болады.
а) дəнекеp есімдік атау түpінде болуы да мүмкін («кімді
айтсаң, сол келеді»); онда бағыныңқы сөйлем бастауыш бағы-
ныңқы болады.
б) дəнекеp есімдік етістік түpіне түсіп, я есімдік күйінде-ақ
баяндауыш та бола алады («сен қайтсең, мен де сөйтемін», «ол
қандай болса, мен де сондай»). Мұндайда бағыныңқы сөйлем
баяндауыш бағыныңқы болады.
в) дəнекеp есімдік септес сөз бола алады ( Кімді көpсем мен
сонан, бетті бастым... тұpа қаштым жалма-жан. Абай) –
бағыныңқы – септес бағыныңқы болады.
г) дəнекеp есімдік іліктес болса, бағыныңқы – іліктес бағы-
ныңқы болады.
д) дəнекеp есімдік шақтас болса («Сабыp айтып, қалай
істесе, Мəмбет те (сөйтіп) солай істейді»), шақтас болады.
е) со қалыпты «Сабыp қайда баpса, Мəмбет сонда баpады»
дегендей жанас бағыныңқы да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |