Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет78/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

8. Осы күнгі ерікті ұйқастар
Біз өлең құрылысын тексергенде, қазақ өлеңдерінің көпшілігі-ақ 11 буынды
өлең және 7-8 буынды өлеңмен жазылғандығын айттық. Шынында да, солай болды. Абайға дейінгі 11,8,7 буынды өлеңдерден құралды. Өзгешеліктер бола қалса, әнге салынып айтылатын өлеңдерде ғана болды. Бұлардың жай 11 буынды өлеңдерден айырмасы - он бір буынды өлең тармақтары 3 бунақтан құралса, бұлар 4 бунақтан құралады. Он бір буынды өлеңнің буынынан тыс не екі буынды, не үш буынды бунақтар қосылады. Сол әннің ырғағына қарай түрлі ұйқастар болады. Мысалы, «Жар-жар» осыған жатады. «Жар-жар» өлеңіне бір бунақ қосылған. Мұны біз бұрын айтқанбыз. Ұйқас өзгешелігі - «Жар-жар» деген жолдың аяғы да «р» дыбысымен тынады. Екі буыннан өз алдына бунақ, тармақ жасалады.
Өлең ұйқастарын мейлінше ерікті түрде құратын ақындар да
бар. Бұл өлеңдер әнге салып айтуға келмейді. Әннен гөрі декломацияға дұрыс
келеді. Бунақ, буындары да, ритмасы да бұрынғы өлең құрылыстарынан өзгеше. Ұйқастары да, Абай өлеңі сықылды, бір өлшемнен аспай, бірдей болып отырмайды.
Осы күнгі ерікті ұйқастардың бұрынғы жырда келетін ерікті ұйқастардан
айырмасы - жыр өлеңдерінің ұйқастары ерікті түрде келгенмен, әр тармағының буын сандары белгілі мөлшерден онша көп аспайды. Көбіне-ақ 7-8 буын болып отырады. Ал осы күнгі ерікті ұйқастардың әр тармағының буын сандары артық, кемді келе береді.
Бұл сықылды ерікті ұйқастың соңына
көбірек түскен ақынның бірі - Сәбит. Сәбиттің «Көмір - коммунизм»,
«Жүйткі, қара айғырым», «Ақ аю» тағы бірнеше өлеңдері осы ағыммен жазылған.

Мысал үшін бірнеше үзінділер келтірелік:


Жаңа өмірде адамға адам қастық бітпек,
Адам бірлігін мықты тас қып алған соң,
Табиғатқа бұйда тағып,
Жалған тәңір орнынан болмақ бастық.
(Сәбит)
Бұл өлеңнің құрылысы бұрынғы өлеңдерден өзге. Бұндағы ұйқас қастық - тас қып - бастық деген сөздер.Бірақ арасына сөз кіргізіп бөліп-бөліп жібергендіктен, ұйқассыз өлең сықылды болып тұр. Шынында, бұл өлеңде ұйқас бар. Жүйесін тауып дұрыс оқығанда, ұйқассыз өлең сықылды бет-бетімен кетпейді. Сөйтсе де бұрынғы өлеңдердің ұйқастары сықылды кіл аяқта келіп отырмайды. Аяқта келетін ұйқасымды Сәбит қалаған жеріне қояды. Ерікті түрде ұйқастырады. Бұл үзіндідегі бунақ, буын сандары да өзгеше келеді. Біздің бұл арада және бір айта кететініміз - Сәбиттің кейбір өлеңдерінде бунақ, буын сандары бірде аз, бірде көп болып араласып келеді. Ұйқасы анда-санда бір кездеседі. Ұйқасын тауып оқу өте қиын деген едік.Сондай бір өлеңінен үзінді келтірелік.Мысалы:
Ура?
Колхоз, совхоз,
Өндірістер, ұйымдар
Тура
Бетін Мәскеуге
Қойған.
Қума, қума! -
Деп жан айтпайды.
Сөздері:
Жарыс,
Қу,
Жет,
Оз,
Бәйге ал! -
Тума
Совет ұлы боп,
Артын алсаң
Айқасқан
Дуда.
(Сәбит, «Мәдениетші»)
Бұндағы ұйқастар: ура, тура, қума, тума, дуда. Бірақ аралары өте алшақ. Ритмасы өзгеше. Бунақ, буындары бірде аз, бірде көп. Дұрыс оқымаса, қара сөзге айналып кетуі мүмкін. Бұны өлең емес деуге болмайды. Бұл - өлең. Ол талассыз. Бірақ әнмен, жырмен келетін өлеңдерден құрылысы өзгеше. Сондықтан бұл осы күнгі ерікті ұйқасты өлең деп атап отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет