/Қырын да киік/ /жайлаған/ 5 3 /Суында балық/ /ойнаған/ бергі тұстың Махамбетінде де бар:
5 3
/Арай ма сұлтан/ /арай ма/
5 3
/Астыма мінген/ /арғымақ/
5 3
/Аяңдай түсіп/ /марай ма/
Абай тұсында бұл өлең қарға аунаған түлкідей түлеп, тіпті құлпырып кетті:
5 3
/Өзгеге көңлім/ /тоярсың/
5 3
/Өлеңді қайтіп/ /қоярсың/
5 3
/Оны айтқанда/ /толғанып/
5 3
/Іштегі дертті/ /жоярсың /
5. Жеті буынды өлең. Академик Корш былай деп жазды: “Мейлінше ықшам, мейлінше мол тараған, түрік жазу-сызуының тіпті көне ескерткіштерінен кездесетін жеті буынды өлеңді хронологиялық жағынан, сірә, бар өлеңнің басы деп білген жөн болар”*. Дәл осындай пікірді академик Гордлевский де айтты: “Түрік нәсілдес халықтардың бәріне жаппай таралуына қарағанда, жеті буынды өлең түрік әнінің ең негізгі ж-әне ең ескі өлшемі тәрізді”**,
Қазақтың тума, төл әдебиетіне келсек, оның фольклорлық үлгілеріндегі жеті буынды жырдан аяқ алып жүре алмайсыз. Өлеңді мақалдар мен мәтелдердің, нақылдар мен жұмбақтардың көбі жеті буынды болып келеді және бұл өлшемнің ырғағы әр күйге бір түсіп, қүбылып тұрады.
а) Бас бунағы төрт буын:
4 3
/Қайраны жоқ/ /көлден без/ 4 3 /Қайыры жоқ/ /елден без/ б) Бас бунағы үш буын:
3 4
/Біреуді/ /өзі жақсы/ 3 4 /Біреудің/ /көзі жақсы/ в) Бас бунағы екі буын:
2 5
/Қайғы/ /қан аздырады/
2 5
/Мылжың/ /мый тоздырады/
Батырлар жырының көптен-көбі жеті буынмен жазылған. Ақпа-төкпе жыраулар, суырып салма ақындар -_ бәрі де жыр жырлаған. Ал жыр үлгісінің жазба әдебиетіміздегі жетілген, ұстарған түрі, әрине, Абайда бар.
6. Алты буынды өлең. Бұл да бұрыннан бар өлең. Жалғыз-ақ, әр тармағы үш буыннан тепе-тең екі бунаққа бөлінген бұл өлшем бұрын өзінен-өзі нақпа-нақ, тақпақтап айтылатын:
3 3
/Жүргенге/ /жол жақсы/