Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет80/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   127
қ а р а ө л е ң, өз тұсындағы ақындар қолданып жүрген өзге машықтың бәрін — ө л е ң атағаны * мәлім. Шоқан пікірінің теориялық құнын өз алдына қойып, тек тарихтық байыбына барғанның өзінде, он бір буынды өлең — қазақтың акындық өнері баяғыда туғызған, қалыптастырған, дамытқан етене, тума өлшем, адамдардың қуанғанда әні, қайғырғанда мұңы болған, қашаннан көңілдегі сырын, өмірдегі шындығына сәулелендірумен келе жатқан, аса икемді, сұлу, сазды да назды өлең. Бұл өлшемнің ықлым ғасыр жасаса да, көнеру орнына жаңарып, қартаю орнына жасарып ‘келе жатуы да сондықтан. Бүгінде де бұрынғыша он бір буынмен жазбайтын қазақ ақыны жақ. Бүгінде де бұрынғыша он бір буын әрбір талантты ақынның ешкімге ұқсамай, тек өзінше, тек өз өзгешелігімен ғана жазуына ешқашан кедергі болған емес, болмайды да; бұл өлшемнің мүмкіндігі мол, ғұмыры ұзақ болу себебі де сондықтан.
2. Он буынды өлең. “Алпамыс” жырының қарақалпақ вариантында: “Айыл тартқаным бедеудің белі, ішкен сусыным Байсынның көлі”,— деп келетін он буынды өлең жолдары бар еді. Бірақ бұл қазақ поэзиясына арнаулы өлшем ретінде шұғыл сіңіп кете қойған жоқ-ты. Оның есесіне, он буынды егіз тармақтар, қазақтың байырғы мақал-мәтелдерінде, ақыл-нақылдарында жиі ұшырасады. Мысалы:
2 5 3
/Бардың / /пайдасы тиер/ /тар жерде/
2 5 3
/Жоқтың/ /залалы тиер/ /әр жерде/
3. Тоғыз буынды өлең. Бұл да бір тынысы кең, лепті ойнақы өлшем. Әрбір үш буыннан кейінгі дауыс толқынының соқпа-соқпасы айрықша ашық ырғақпен тақпақтап естіліп, іркіліссіз, жүрдек оқылады. Әнге де келеді (“Отаным кең байтақ, орманды…”), жалпы жұртка жария айтылар толғамды, ойлы жарлай арнауға да көнеді (“Тынықсын тимеңдер адамға”).
Енді бірде бұл ырғақ өлеңде суреттеліп отырған құбылыстың, не қимылдың құдды өз дыбысы секілденіп, өмірден өнерге тура ырғып түсетіні бар:
3 3 3
/Жолдағы/ /төбелер/ /жоғалды/
3 3 3
/Көк орман/ /күзетті/ /арнаны/
3 3 3
/Сарқырап/ /өмірге/ /жол алды/
3 3 3
/Халықтың/ /қашанғы/ /арманы/
(X. Ерғалиев )
4. Сегіз буынды өлең. Туған кезі тым әріде жатқан мен көнермей, ажарына ажар қоспаса, әжім түсіруді білмей келе жатқан аса сұлу, сырбаз, сылқым өлең. өлшемнің тамаша үлгілері атам заманғы ауыз әдебиеті де де бар:
5 3
/Ақ қоян қашар/ /жотадан/
5 3
/Ақ тайлақ өсер/ /ботадан/
(“Жар-жар” )
арғы тұстың Асанқайғысында да:
5 3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет