54. Қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас түрлеріне сипаттама беріңіз. Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, өлеңнің әуезділігін арттырады.
Ұйқас – ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. Ұйқастағы табиғилық та осында жатады.
Қара өлең ұйқасы. Бұл - бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ,бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Бұл ұйқасты күні бүгінге дейін көп жайылған ұйқас деп айтуға болады. Қара өлең ұйқасының өзінше ерекшелігі 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ылғи ұйқассыз, бос қалып отырады. Жаңағы Абайдан келтірген үзінді осыған жатады. Бұлай ұйқасу жалғыз он бір буынды өлеңдерде ғана емес, 7,8 буынды өлеңдерде де бола береді. Мысалы:
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді.
Надан жөндіге жөн келмес,
Білер қайдағы шәргезді. (Абай)
Бұл да жоғарыдағы Абайдан келтірген үзіндіміз тәрізді. 1-2-4-жолдары
ұйқасады да, 3-жолы бос қалады. Айырмасы жалғыз-ақ буын санында.
Кезекті ұйқас Шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып келсе, кезекті ұйқас дейміз.
Мысалы:
Сәулең болса кеудеңде,
Танымассың, көрмессің,
Мына сөзге көңіл бөл!
Қаптаған соң көзді шел.
Егер сәулең болмаса,
Имамсыздық намазда
Мейлің тіріл, мейлің өл!
Қызылбастың салған жол т.б. (Абай)
Кезекті ұйқас өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер өлеңнің
бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады, ұйқасатын 2-4-жолдары болады. Ал шумақ бірнеше жолдардан тұрса, жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдары ұйқассыз қалып, жұп жолдары ұйқасып отырады.
55. Өлең құрылысындағы буын қызметі мен оны түрлеріне тоқталыңыз. Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан.
Қазақ өлеңдерінің құрылысын әдебиет теориясының категориясы ретінде алғаш зерттеген – А. Байтұрсынов. Ол өлең теориясын өлең айшықтары, шумақ түрлері, өлең тармақ тұлғалары, бунақ буындары, өлең ағындары, тармағының кезеңдері, тармақ ұйқастығы деп бөліп қарастырды. Буын ырғағы мен өлең ырғағын ажырату үшін, буын ырғағын жорғақ деп атауды ұсына отырып, оның тіл табиғатына қарай үш түрлі жолмен жасалатындығын айтады. Олар:
• дауысты дыбыстарында ұзын-қысқалық бар тілдер;
• екпін буыны бірыңғай келетін тілдер;
• екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер.
Байтұрсынов енгізген Қазақ өлеңдерінің құрылысы атауларының үлгісі:
• өлең кестесі – айшық, оның төрт түрін анықтайды;
• өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының арасы – бунақ;
• бунақ ішінде – буын;
• бунақ араларындағы дауыс толқынының жіктері – кезең;
• өлең кестесінің реті – тармақ және шумақ.
Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. Керек десеңіз, тіпті ұйқассыз (ақ) өлеңнің өзін өлеңге айналдыратын ден- күш, құрал осы — буын. Енді қазақ поэзиясының күллі дамуының кезең- бір кезеңдерівде қалып-тасып, уақыт сынынан өткен, жұрт санасына сіңген буын түрлерінің кейбіреулеріне қысқаша тоқтап өтейік.
1. Он бір буынды өлең. Бұл — қазақ өлеңінің қашаннан келе жатқан көне түрі.
4 3 4
/Құлагердей/. /алдымда/ /бүкіл еңсең/
3 4 4
/Тұратын/ /жыр бейнесін/ /күтіп өңшең/
4 3 4
/Маңдайына/ /қазақтың/ /өлең бітсе/
3 4 4
/Өлеңнің/ /маңдайына/ /бітіп ең сен/
(Г. Есімжанов.)
Қара өлең демекші, он бір буынды өлеңді Шоқан Уәлиханов үш түрге бөліп, той-думанда, ойын-сауықта айтылатын, әр шумағы төрт тармақты әзіл, әжуа, жұмбақ, айтыс өлеңдерін — қ а й ы м ө л е ң,
“Қозы Көрпеш — Баян сұлу” сияқты ұзақ дастандар мен хиссалар әуенін —