Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Жиембет батыр Қазақ ордасынан бөлініп, тəуелсіз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсын ханның көтерілісін басуда елеулі қызмет атқарған



бет108/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Жиембет батыр Қазақ ордасынан бөлініп, тəуелсіз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсын ханның көтерілісін басуда елеулі қызмет атқарған.
Əйгілі жырау «Əмірің қатты, Есім хан», «Еңсегей бойлы ер Есім» атты толғауларында Есім ханның жосықсыз ісін бетіне басып, зорлық-зомбылық əрекеттерін ашық айтады. Сөз құдіретін, ақындық өнерді жоғары қояды. «Қол-аяғым бұғауда», «Басы саудың түгел-дүр» деген жырларында ханнан қуғын көріп, айдауда жүргені айтылады. Бірақ ержүрек жырау қиындыққа мойымаған. Мұны «Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пен аюдай, Беріктігім сұрасаң, Қарағай мен қайыңдай» деген өлең жолдарынан көреміз [15; 218].
Жиембет жыраудың шығармалары сол дəуірдің кейбір шындығын, сол заманның кескін- келбетін, халықтың салт-санасын білуге жəрдемдеседі.
Жиембеттің Тəуекел ханға айтқан өлеңі
Кейбір деректерде Жиембет жырау Қазақ хандығының 1582–1598 жж. билеушісі Тəуекел ханды жақсы білген.

Тəуекел — Шығай ханның ұлы. Ол 1581 жылдан əкесімен бірге Мауреннахр билеушісі Абдолла ханға қызмет еткен. Оларға Абдолла хан Ходжент жерін иқта ретінде беріп, алтын жіппен тігілген шапан мен асыл таспен безендірілген белдік сыйлаған. Тəуекел хан Абдолла ханның басты қарсыластарының бірі Баба сұлтанмен күресте белсенділік танытады. 1582 ж. Баба сұлтанды өлтіріп, оның басын Абдолла ханға апарып береді. Бұған сый ретінде мол тартулармен қоса, Самарқандқа іргелес Африкент уəлаятын үлеске алады. 1582 ж. Шығай өлгеннен кейін орнына Тəуекел хан сайланады. Ол 1598 ж. Бұхара қаласы маңындағы шайқаста алған ауыр жарақаттан 40 күннен кейін қаза табады. Тəуекел ханның Шайбани əулетімен жүргізген күресі нəтижесінде Сырдарияның орта ағысының екі жағасындағы отырықшы-егіншілік аудандар Қазақ хандығының құрамына кіреді [16; 34–36].


Жиембет Тəуекел ханға арнап өлең шығарған. Бірақ ханға айтқан өлеңі түгел жетпеген. Оның қысқа үзіндісі ғана мəлім. Ол үзіндіден Жиембеттің жас шағы көрінеді. Жыраудың жігітшілікпен хан қаһарына ілініп, одан кешірім өтінгені Б. Қорқытовтың «Кіші жүздің билері мен батырлары» атты кітабында былайша баяндалады: «Тəуекел ханның Есенбике деген көрікті қызы болыпты. Сол қызға Жиембеттің көзі түсіп, онымен бір кездесуді көздеп, сыртынан аңдып жүріпті. Мамыр айының мамыражай күнінің бірінде Есенбике бір топ қызбен қызғалдақ теруге шығады. Көк шалғынды бір төбенің астында бақылап отырған Жиембет Есенбике оңашалау қалғанда барып жолығыпты. Осыдан соң екеуі түсінісіп кетіпті. Бірақ жортуыл, дау-далабайдың ортасында жүрген Жиембет қызға көп кезіге алмайды. Қыз іштегі жалынын сыртқа шығара алмай, іштен құса болып жүреді.




Бірде Тəуекел хан Күлтөбе басында билік құрып отырып, ел ішіндегі біраз дау-дамайды қарап шешеді. Осындай көңілді отырған шағында, отырыстың аяғын ала топты жарып, Есенбике ортаға шығып, əкесінің алдына келе: — Дат, тақсыр! — дейді.


Хан: — Қызым, не тілекпен келдің, айт, — деген екен. Есенбике:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет