Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


Тегіндер -Қағанның бауырлары



бет8/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих

Тегіндер

-Қағанның бауырлары, мемлекетті басқарды.

Ябғу. шад

-Әскери және азаматтық қызметтерді басқаратын шенеуіктер. Қаған әулетінен шыққандар.

Бектер

-Үстем тап, ақсүйектер билік тобын құрды.

Ер (жауынгер)

-Соғыста ерлік көрсеткен қатардағы немесе ақсүйектер тобын жауынгерге берілетін атақ.
-Бектің ерлерден тұратын тұрақты жасағы болды.

Бұдұн

-Түрік мемлекетіндегі қарапайым халық.

-Түркі рулары мен тайпаларын түркілердің шығу тегінің ортақтығы мен барлық түркілердің бірлігі идеясы байланыстырды. Ол ру жерінің ортақтығымен және әскери олжа мен салықтардан үлес алу құқығымен нығайтылды. Барлық ерлер, оның ішінде бектер мен патшалар да жауынгерлер болып есептелді.
-Ғалымдар түркілер тарихын зерттей келе, қатардағы бұдұндардың қаған билігіне қарсы көтерілген бірде-бір оқиғасын кездестіре алмады.



МӘДЕНИЕТІ

Қала мәдениеті

-Күлтегін ескерткішінде түріктерде қала болғандығы туралы айтылады.
-Тараз, Испиджаб, Талхир, Алмалы т.б. қалалардыңмаңайынан түріктердің қыстақ- кенттері табылды. Бұл түріктерде отырықшылықтың кеңінен қанат жайғанын көрсетеді.

Наным-сенімі

-Ең алғашқы кезеңдерде (V-VІІ ғғ.) түріктердің жерлеу рәсімінде мәйітті өртеу болды.Түріктерде отқа табыну салты болды.
-Түріктердің отқа табыну салты түрік қағанына Византия елшісі Земархты жанып тұрған оттың арасынан өткізіп барып кіргізуінен көрінеді. Бұл салт адамды ауру-сырқаудан, бәле-жала, жаман пиғылдан арылтады деп есептелген.
-Ежелгі түріктер өзінің астанасын- «Орда», ал өкіметін «төр», алда жүретін сардарларын «бөрі», «қырғи» деп атаған. Бүгінгі «ел ордасы», «төр ағасы» деген ұғымдар содан қалған.
-Жыл басы- Ұлыстың ұлы күні Наурызды аса құрметпен қарсы алған.
-Түріктер келген сыйлы қонаққа қойдың басын тартқан. Қазақтардағы қойдың басын сыйлы қонаққа тарту салтының түріктер заманыннан бері келе жатқанын байқаймыз.
-Қағанатта будда, христиан дінін ұстанғандар және Тәңірге табынушылар бейбіт өмір сүрді.

академик А.П.Окладников

-«Азияның ішкі қойнауы түркі тілдес тайпалардың отаны болды, олар ежелден батысқа, Днепр мен Дунайға дейін ұмтылды. Ол өңірдің мәдениеті бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда бай әрі жарқын, түрік тілдес тайпалар өз заманының қуатты мәдени ошақтарын дүниеге әкелді, оларды есепке алмай Еуразия тарихы толық ұғынықты бола алмайды»-деп жазады.

БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (603-704 жж)



Жер аумағы

-Батыс түркілердің өз мемлекетін құруының саяси себебі-қаған әулеттерінің дербес билікке ұмтылуында еді. Ал экономикалық себебі әр өлкенің шаруашылық ерекшелігінен туындады.
-Қағанаттың негізіҚаратаудан Жоңғарияға дейінгі ежелгі үйсін жері.Аумақтық өзегі Жетісуда қаланды.Шығысында Алтай тауынан, солтүстік-батысында Каспий теңізіне дейінгі аумақты қамтыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет