-684-731 жылдары өмір сүрген.Құтлық қағанның ұлы.Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семсері» атанған.
-702 жылыТан империясының 50 мыңдықәскерін талқандап, басшысын тұтқынға алады.
- 706 жылы Білге қағанмен бірге Хуаньхэден өтіп, астана аймағына қауіп төндіреді.
- 731 жылы қайтыс болады. Білге қаған арнайы Тан империясынан құрлысшылар алдырып, ескерткіш тұрғызады. Жазбаларын Иоллығ тегін жазады.Орхон өзені маңында Білге, Күлтегінге арналып құлыптастар орнатылды. Бұл құлыптастар Түрік қағанатының жылнамасыболып табылады.
-Таң мемлекетінің қызметкері, ақын Чжан Юэ:«Күлтегін- ержүрек, соғыс өнеріне шебер, теңдесіз жан» деп суреттеген.
ҰЙҒЫР ҚАҒАНАТЫ (745-840жж.)
Ұйғырлар
-Ежелгі тайпалық одақтардың бірі.Теленің шығыс тайпаларытоғыз тайпаға (тоғыз оғыздар) бөлініп, түркілерден тәуелсіз болуға ұмтылды.
680 жыл
-Екінші Түрік қағанатының құрамына кірді.
742-744 жылдар
-Қарлұқтар, ұйғырлар мен басмылдардың үштік одағы Ашина әулетін талқандады. Олардың арасында түркі мұрагерлігі үшін күрес басталды.
745-795 жылдар
- Ұйғырлардың Яғлаһар әулеті өз қағандығын құрды.Ұйғыр қағандары Қытай үкіметіне ірі бүліктерді басып-жаныштауға қолдау көрсетті, Қытаймен бейбіт қатынасты сақтап отырды.
-Олжа, салық және Қытаймен тиімді сауда ұйғыр тайпаларының арасында яғлақарлардың беделін көтерді.
-Билік басында қағаннан төмен бұйрықтар-орталық биліктің министрлері орналасты.