Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет5/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Иштеми
(Істеми)қаған
(552-575жж.)



- Бумын қағанның інісі. Түрік қағанатының жабғуы, қағанаттың Батыс бөлігінің билеушісі.Оның қол астында 10 түмен қол, Батыс Түрік тайпаларының он қолбасшысы болған.Қытай деректерінің бірінде 100 мың адамдық әскері бар «он тайпа қағаны» аталды.
-Түріктер өз биліктерін тек шығыста ғана емес, батыс бағытта да жүргізе бастаған. Ху елін,Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырды.
-555 жылы түріктер Арал теңізіне дейін жетіп, Қытайдан Әмударияға дейін, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулап алды.
-Істеми Солтүстік Кавказды жаулап алып, Византияға баратын Ұлы Жібек жолының «солтүстік тармағын» ашып, Византиямен сауда және дипломатиялық байланыстар орнатты.
-568 жылы соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге Византия императоры Юстин ІІ-мен сауда және Иранға қарсы әскери одақ құру шартын жасасты.
-«Сонымен соғды көпестерінің эфталиттердің күйретілгенін өздерінің баюының басы деп есептегені әбден дұрыс еді. Шынында да, Қытайға баратын жол ашық та қауіпсіз болатын, ал түріктердің өздері тонап алған немесе салықтан түскен жібектерін қайда қоярын білмейтін, сол себепті де арадағы дәнекер-делдал бұрын болып көрмеген дәрежеде байып кете алар еді. Міндет тек жібекті Византияға жеткізу ғана, бірақ ол жөнінде парсы шахымен келісу керек. Істеми қаған өз тарпынан жаңа бодандарының тілегін орындауға тырысады, себебі бұл оның көңілдес жақындарының мүдделерімен сәйкес келіп жатқан. Сондықтан да қаған Маниах өзін Хосрай Ануширванға, шалымды соғдылар қолында жиналып қалған мол жібек қорын Иран арқылы алып өтуге рұқсат сұрау үшін, өкілетті елші жіберу жөніндегі тілегін шын ықыласпен мақұлдайды..»
-Византия тарихшысы Менандр еңбектері 558-582жылдардағы түркі халықтарының тарихын қамтиды.«Маниах императорға қағанның «скиф жазуымен» жазылған хатын алып келген».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет