Іі хАлыҚАрАлыҚ ғылыми-тәжірибелік конференЦиясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет18/74
Дата12.03.2017
өлшемі4,54 Mb.
#9206
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74

назначение 
сервиса
Примеры
идеи по использованию
совместный по-
иск информации
гугл, свики на 
letopisi.ru, роллио
осуществление совместного поиска информации с се-
тевыми партнерами по разным предметам, с возможно-
стью создания аннотаций к найденным материалам, их 
классификации.
совместное хра-
нение закладок
бобрДобр, Делишес, 
румарк, Цветные по-
лоски, моёместо
 
1. Для совместного редактирования и создания коллек-
ции закладок по проекту, исследованию.
2. Для организации площадки для обмена закладками.
3. Для систематизации информации и в повышении ква-
лификации педагога.
4. организации портфолио.
5. совместного создания коллекций.
6. справочные материалы в виде ссылок.
совместное хра-
нение медиафай-
лов
- фотографии, 
схемы, рисунки;
-презентации;
-видео;
- документы, 
книги;
- карты знаний;
- социальные 
сети.
picasa, панорамио, 
flickr, калямаля;
Google, scribd, 
scratch, slideshare;
youtube, тичертьюб;
scribd;
mindmeister, bubbl, 
mindomo;
одноклассники, в 
контакте, facebook.
1. Для создания и работы с мультимедиа публикациями, 
презентациями, фотоальбомами.
 2. Для наполнения портфолио.
 3. Для организации фотоматериалов к проекту и коллек-
тивной работы с фотоальбомом.
 4. в работе с материалами по краеведению.
5. Для публикации работ как взрослых, так и детей.
6. Для публикации материалов конференций, семинаров, 
дистанционных курсов.
7. Для размещения видеоматериалов.
8. Для организации исследований, карт знаний.
9. Для организации творческой деятельности.
10. Для использования на уроках и во внеурочной дея-
тельности.
Это лишь не полный список сервисов с технологией Web 2.0. с большинством таких сервисов вы мо-
жете ознакомиться на сайте https://sites.google.com/site/badanovweb2/home.
в заключении хочется отметить, что потенциал большинства Web-сервисов 2.0 наиболее полно спо-
собствует организации проектной деятельности. во-первых, проектная работа - это работа коллективная, 
а сервисы веб 2.0 — это сервисы коллективной деятельности. во-вторых, проектная деятельность ори-
ентирована не на репродукцию, а на креатив, не на воспроизведение, а на создание, на творчество, что 
характерно и для веб 2.0. в-третьих, результат проектной деятельности непредсказуем, он складывается 
из различных результатов индивидуальной работы — как и в случае с веб 2.0, в которых по сути проис-
ходит складывание отдельных кубиков в некое здание, облик которого зависит от того, как кубики сло-
жить — так или иначе. и, наконец, в-четвертых, проектная деятельность — это деятельность комплекс-
ная, в которой совмещается работа разноплановая — в зависимости от индивидуальных способностей, 
возможностей и интересов участников. так и сервисы веб 2.0 дают возможность такой разноплановой 
деятельности.
использованная литература
1. http://twopointouch.com/2006/web-2-0/10-definitions-of-web-20-and-their-shortcomings/
2. http://offline.computerra.ru//2008/760/388331/
3. симур пайперт. образование в просвещенном обществе: новые технологии в школьном образова-
нии в россии. «компьютерные инструменты в образовании» № 2. 2001 г.
4. http://letopisi.ru/index.php/коннективизм
5. использование интернет-технологий в современном образовательном процессе, спб, рЦокоиит, 
2008.
 
даМыта оҚыту теХнологиясы арҚылы МұғаліМнің кәсіби 
Шеберлігін арттыру
 Жунусова к. а. - ибрагим и. ә.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы
ОҚО бойынша педагог қызметкерлерінің 
біліктілігін арттыру институты, Шымкент қ.,
 Қазақстан Республикасы
 аңдатпа
мақалада  педагогикалық  технология  ұғымы,  мәні  мен  маңыздылығы  туралы  айтылады.  Қазіргі 
жалпы  білім  беретін  мектептердің  тұтас  педагогикалық  үдерісінде  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері қарастырылады.
аннотация
в статье раскрываются особенности использования технологий развивающего обучения в начальных 
классах общеобразовательной школы. определаются возможности интеграции технологий и методиче-
ских инструментариев развивающего обучения в начальном образовании.
Abstract
pecularities  of  using  developing  technologies  of  education  in  primary  school  are  confidered  in  the  given 
arcticle.  possibilities  of  integration  technologies  and  methodical  meuns  of  developing  education  are  also 
determined. 

134
135
елбасы  н.ә.назарбаевтың  «еліміздің  ертеңі,  бүгінгі  жас  ұрпақтың  тағдыры  –  ұстаздың  қолында» 
деп  атап  көрсеткендей  бәрі  педагог  кадрардың  кәсіби  біліктілігіне  тікелей  байланысты.  педагогтің 
кәсіби  шеберлігін,  шығармашылығын  жетілдіріп,  теориялық,  әдістемелік  білімін  үнемі  толықтырып, 
оқытудың  жаңа  технологияны  игеруін  қамтамасыз  етуге  тиіспіз.  Қазақстан  республикасында  білім 
беру жүйесін жаңғырту үшін білім беру мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін 
жетілдіру,  ақпараттық  технологиялар,  электронды  оқыту  жөніндегі  жаңаша  педагогикалық  көзқарас 
қалыптастыру секілді кешенді шараларды қолға алу керек. білім арқылы қоғамның интеллектуалдық 
капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. сондықтан қазіргі білім беруді дамытудағы басты 
мақсат – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын көпдеңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру 
«Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. себебі, қарыштап дамып келе 
жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талапқа сай болуы 
қажет. «неге оқыту керек?», «қалай оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?», нәтижелі қалай оқыту ке-
рек?», - деген сұрақтарға жауап іздеген ғалымдар оқыту үдерісін «технологиялық» жолмен жүруге әрекет 
жасады. оқытудың нәтижесінде кепілдемесі бар өндірістік технологиялық процеске айналдыру, осыған 
байланысты педагогикалық технологиялар бағыты пайда болды. педагогикалық әдебиеттерде «техноло-
гия» түсінігі әр түрлі сөз тіркестерінде қолданылады: педагогикалық технология, ақпараттық техноло-
гия, білім беру технологиясы, тәрбиелеу технологиясы, тұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асырудың 
технологиясы, оқытудың дәстүрлі технологиясы, дамыта оқыту технологиясы және т.б олардың даму 
динамикасы сол құбылыстың эволюциясында көрініс табады.
педагогикалық технология ұғымы ғылымға бірнеше жылдар бойы ене бастады. педагогикалық тех-
нология» қазіргі таңда дәстүрлі педагогика мен білім беру жүйесінде көпшілік мақұлдаған ұғым. тех-
нология (гректің techne-«өнер», «шеберлік», «икемділік» және logos-ілім) қандайда бір процестегі іске 
асырылатын әдістердің жиынтығы болып табылады. 
педагог-ғалым  в.п.  беспалько  слагаемые  педагогической  технологий  еңбегінде:  «педагогикалық 
технология оқу-тәрбие үдерісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарланған және тәжірибеде жүзеге асыры-
латын педагогикалық жүйесі»,- деп атап көрсетеді [1, 45-б].
в.м. монахов «педагогикалық технологиялар дегеніміз - оқыту үдерісін жобалау, ұйымдастыру мен 
жүргізудің ойластырылған моделі»,-деп түсіндіреді [2, 152-б].
педагогикалық процесте педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметі:
оқушыға педагогикалық ықпал ету, мұғалімнің оқушылармен және өзара әрекеттесуінің әдіснамалық, 
әдістемелік және психологиялық-педагогикалық тәсілдерін игеруге көмектесу;
оқушыларды біліммен және іскерліктермен қаруландыру;
педагогтің  өзіндік  тұлғалық  сапаларын  жетілдіруге  мүмкіндік  жасау  (гуманизм,  шығармашылық, 
өзара ынтымақтастық т.б.).
оқыту  үдерісінде  дамыта  оқыту  технологиясын  пайдалану  ерекшеліктеріне  тоқталамыз.  Дамы-
та  оқыту  технологиясының  негізі  и.г.песталоцци,  А.Дистерверг,  к.Д.ушинский,  ғылым  тұрғыдан 
л.с.выготский  еңбектерінде  бастау  алып,  л.в.Занков,  Д.б.Эльконин,  в.в.Давыдов,  н.А.менчинская 
және т.б. еңбектерінде бұл теориялар онан әрі дамыды.
Дамыта оқыту – баланың даму заңдылықтарына негізделетін оның барлық сапа жиынтығын дамытуға 
бағытталған, жаңа белсенді іс-әрекеттік оқытудың тәсілі. 
•  хх  ғасырдың  30  жылдары  л.с.выготский  дамудан  оза  жүретін  және  негізгі  мақсаты  баланы 
дамытуға  бағдарланған  оқыту  туралы  ойды  ұсынды.  оған  сәйкес  білімдер  оқытудың  соңғы  мақсаты 
емес, тек ғана оқушыларды дамытудың құралы болып табылады. 
•  л.с.выготскийдің  ойы  бойынша  дамыту  мен  оқытудың  арақатынас  мәселесі  психологиялық  іс-
әрекет  теориясы  (А.н.леонтьев,  п.я.гальперин  және  т.б.)  аясында  дамыды  баланы  әр  түрлі  адамдық 
іс-әрекеттердің субъектісі ретінде қалыптастыру алға қойылды 3.
• Д.б.Эльконин мен в.в. Давыдов балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған 
технологияларды тәжірибелік мектептерде сынықтан өткізді 4. «Дамыта оқыту» ұғымын алғаш рет в.в. 
Давыдов педагогика ғылымына енгізді 5.
• 1950-1960 жж.л.в.Занков бастауыш сынып оқушыларына интенсивті жан-жақты дамыту жүйесі жа-
салды 5.
Дамыта  оқыту  идеясын  алғашқылардың  бірі  болып  1959-1960  жылдары  қолға  алған  академик 
л.в.  Занковтың  басшылығымен  жасалған.  бұл  жүйе  дәстүрлі  оқытудан  төмендегі  ерекшеліктерімен, 
өзгешіліктерімен айқындалады. 
- оқу мазмұнындағы өзгешеліктер; 
- мақсаттағы айырмашылықтар 
- дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер; 
- әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер; 
- оқытуды өзгеше ұйымдастыру; 
- мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
-мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас 
л.в.  Занков  жүйесіне  сәйкес  бастауыш  мектептің  негізгі  мақсаты  баланы  жалпы  оқытып 
дамыту.  Ал  жалпы  даму  деп  байқампаздығын,  ойлауын  дамыту  және  практикалық  іс-
әрекеттерін  меңгеру  қабылданады.  сондай-ақ  ақыл,  ерік-жігері,  сезімдерінің  дамуы  алынады.  
Занков жүйесіндегі ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін ашайық. 
жоғары қиындықта оқыту принципі. бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға 
мүмкіндігінің бар екеніне көз жеткізеді. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бала ойлауын абстрактіден 
қарапайымға қайта жетелейді. мысалы: «А» әріпін өткенде алманы көрсете тұрып, оның не екенін, дәмі, 
түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің 
баланы  дамыту  үшін  тиімділігі  зор  екенін  айтады.  бұл  принципте  жеңіл-желпі  тапсырмалар  орнына, 
баланың  тапқырлығын  зерделілігін  дамытатын  шығармашылық  тапсырмалар  орындау  үлкен  нәтиже 
береді. 
ғалымдар д
əлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. 
сонда  ғана  ол  оқу  процесінде  осы  нақты  уақыт  шеңберіндегі  жақын  даму  процестерін  жүзеге  асыра 
алады. «жақын даму аймағының» м
əні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересек-
тер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. келтірілген пікір 
жария болғанға дейін бала дамуы, 
əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні 
мойындалған болатын.
Зерттеулер н
əтижесінде (л.в. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге 
болатыны д
əлелденді. бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – ба-
сты талап. егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, 
оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, 
əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.
жоғары  қиыншылық  деңгейіндегі  оқу  принципіне  орай  білім  мазмұны  ж
əне  оны  құрастыру  реті 
анықталады.  оқу  материалының  мазмұн  қарқыны  ұлғаяды, 
əрі  тереңдейді,  жетекші  рол  теориялық 
білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жой-
ылмайды.
Дамытушы  технология  талаптарының  ж
əне  бірі  –  оқу  ілгерілі  жəне  жедел  қарқында  жүреді. 
Өткендерді  жиі 
əрі  бір  беткей  қайталаулар  оқу  процесінің  кедергісіне  айналып,  оқуды  жоғары 
қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-
əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді 
(Д.б.Эльконин).
Дамыта  оқыту  идеясы  бұл  күнде  еліміздің  мұғалімдері  арасында  кең  қолданымда.  Алайда,  бұл 
технологияның  кейбір  тұжырымдары  пікір  таласты  болып  жүр.  себебі,  оқушылардың  б
əрі  бірдей 
қиыншылықты  деңгей  оқуын  көтере  алмайды.  солар  ішінде  тума  жайсаң  қозғалысты  тұлғалардың 
мұндай  оқуда 
əбден  күйзеліске  түседі.  сондықтан  барша  шəкірттерді  теңдей  шапшаң  жəне  жоғары 
күрделілік деңгейінде оқытып, т
əрбиелеуге болмайды.

136
137
Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. оған тән сипаттар: 
- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру;
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны 
жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою;
-  осы  міндеттерді  шешуді,  яғни  іздену  іс-әркетін  ұйымдастыру,  мұнда  үлгі  көрсетуге  болмайды, 
сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін төмендегі шартты орындау 
керек:
1. мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.
2.  мұғалім  оқушылар  жүргізіліп  жатқан  ізденуді  шын  мәнінде  жүзеге  асыру  керек,  оларға  дұрыс 
шешім көрсету керек.
3. оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа 
міндеттерді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі. 
бұл теорияда оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына 
көздерін  жеткізу,  қорытынды  жасауға  дағдыландыру.  Заттар  мен  құбылыстардың  тек  сыртқы 
қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын заңдылықтарын меңгеру, олардың танымын тереңдететіндігі 
анықталады. мысалы, жыл мезгілдері туралы сөз өткенде, біз ешқашан жасыл болып жайқалып тұрған 
ағаш  жапырақтарының  күз  түсе  сарғайып,  ал  қыста  мүлдем  түсіп  қалатындығын  неге  байланысты 
екендігіне тоқталамыз. Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп қорытынды жасауға 
дағдыландырамыз. 
Қазақ  тілі  оқушыларға  нәтижелі  үйрету  үшін  оны  оқыту  әдістемесін  жетілдіру  –  бүгінгі  күннің 
басты  мәселесі.  себебі,  оқушылардың  берілген  білімді  саналы  түрде  ұғынуын,  өмірге  деген  өзіндік 
көзқарасының дамуы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байла-
нысты. сол себепті де оқыту процесінде жетістіктерге жету үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын 
ауызша  сөйлеу  тілін  де,  жазу  мәдениетін  де  ұғындыруымыз  қажет.  сондықтан  оқыту  технологияла-
рын оқу мазмұнына оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде 
сынаудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, 
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, 
кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-
өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
оқушылардың  білім  сапасын  жақсартуда,  ой-өрісін  кеңейтуде,  алған  білімдеріндегі  кейбір 
олқылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін диктанттарды пайда-
лану өте тиімді. Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларына өзіндік диктант жаздыруда өтілген 
материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөзбен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер 
мен  жаттап  алған  өлең,  жұмбақ,  жаңылтпаш,  мақал-мәтелдерді  естеріне  түсіріп,  ойлана  отырып  өз 
бетінше жазады. Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. мұғалім өздік 
диктантын қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. 
мысалы, көп нүктенің орнына қимылды білдіретін сөздерді жаздыру (көктем… Қар… жер… жаңбыр… 
найзағай… Құстар туған жерге… Арықтарда су…). 
Дамыта  оқыту  жүйесінде  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас  жаңа  қағидаларға 
негізделеді. олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. бала өз ойын қорықпай 
сеніммен айта алатындай болу керек. ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрыс мақталып, 
қатесі еппен түзетіліп отырады. оқушыға кішкентай бала деп қарамай оның пікірімен санасу, көзқарасын 
құрметтеу оның дамуына зор әсер етеді. 
бастауыш  сыныптарда  дамыта  оқыту  мазмұны  жан-жақтылығымен  ерекшеленеді.  1  сыныпта  – 
дүниетану, 2 сыныпта – география, 3 сыныпта – тарихтан әңгімелер енгізіліп, бейнелеу өнерінен, му-
зыкадан, әдеби кітаптар оқуға үйрету, әдептілік әліппесі, әсемдік, еңбек тәрбиесі туралы мағлұматтар 
беріледі.  танымдық  қызғушылыққа  негізделген  –  дидактикалық  ойындар,  пікірталас,  ойды,  қиялды 
дамытатын,  есте  сақтауға  үйрететн  әртүрлі  әдіс-тәсілдер  қолданылаы.  Дамыта  оқыту  жүйесінде 
оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. 
біріншіден, дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол 
жеткізеді. сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, 
мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, 
таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. 
екіншіден, дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының 
саңылауларын ашады. әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «жақсы оқушы”, 
«жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын 
арттырады. 
  
Үшіншіден,  оқушының  жеке  басын  дамытатын  басты  құрал  –  ол  өзінің  әрекеті.  сол  себепті 
дамыта  оқытудағы  оқыту  әдістері  оқушыны  белсенді  жұмыс  жағдайына  қоя  отырып,  мәселелерді, 
қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. 
төртіншіден, дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша 
қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл 
жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы”, «мұғалімнің тасасындағы” объект емес. ол өз пікірін ашық айта, 
ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге 
үйренген жаңа сападағы оқушы.
бастауыш  сынып  оқушыларына  дамытушы  ойындар  арқылы  шығармашылық  қабілетін 
қалыптастыруда олардың психикалық қабілеттерін ескере отырып тапсырмаларды жеңілдете беру ке-
рек. сонда ғана оқушылардың бойында білімді сіңіруге деген түрткі қалыптсады. осындай түрткілердің 
қалыптасуы  балалардың  сабақты  қызыға  тыңдауын  тапсырмаларды  құлшына  орындауын  туғызады. 
тапсырмаларда берілген сөздердің мағыналарымен білдіретін ұғымы бастауыш сынып оқушыларының 
жас  ерекшеліктеріне  сай  болуы  керек.  сонымен  «Қазақ  тілі»  сабағында  дамытушы  ойындарға 
қолданылатын сөздер әрі таныс, әрі түсінікті, әрі мағыналы болу керек. бастауыш сыныптарда дамы-
тушы  ойындарға  берілетін  тапсырмаларды  жинақтағанда  олардың  оқушылардың  шығармашылық 
қабілетін қалыптастыруға негізделуін ескерген жөн.
жалпы  қорытындылай  келе,  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  дамыта  оқыту  технологиясын  тұтас 
педагогикалық үдерісте қолдана отырып, инновациялық технологиялардың басқа да түрлерін сабақта 
қолдануға негіз болады. 
әдебиеттер тізімі
1.беспалько в.п. слагаемые педагогической технологии. – м., 1980.
2.монахов в.м. технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса - в., 
1995. 
3.выготский л.с. вопросы детской психологии. спб., 1997.
4.Эльконин Д.б. психология обучения младшего школьника. - м., 1998.
5.Давыдов в.в. виды обобщения в обучении. – м., 1998.

138
139
кәсіби бағдардың басты МаҚсаты - болаШаҚ МаМанның 
ҚызығуШылығын ҚалыПтастыру 
Жұмағұлова Қ. ә.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті,
 Алматы қаласы, 
Қазақстан Республикасы
 
аңдатпа
  
мақалада  кәсіби  бағдардың  басты  мақсаты  анықталып,  кәсіби  бағдар  ұғымына  әртүрлі 
көзқарастар тұрғысынан анықтама берілді. сондай-ақ, биологияны оқыту барысында кәсіби бағдар беру 
әдістері мен кәсіби бағдардың мазмұны мен түрлі білім беру формалары келтірілген.
аннотация
профессиональная ориентация – комплексная проблема, затрагивающая различные области знаний, 
поэтому существует несколько подходов к определению самого понятия профессиональная ориентация.
Abstract
vocational  guidance  -  a  complex  problem  that  affects  different  areas  of  knowledge,  so  there  are  several 
approaches to the definition of the concept of career guidance.
білім  берудегі,  яғни  оның  бағытындағы,  оқыту  мақсатындағы,  білім  мазмұнындағы  маңызды 
өзгерістер - білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген оқу және 
өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өз әлеуетін жүзеге асыруға 
бағыт береді. кәсіби бағдар – түрлі білім салаларын қамтитын кешенді мәселе, сондықтан кәсіби бағдар 
ұғымына әр түрлі көзқарастар тұрғысынан анықтама беруге болады. 
бірінші көзқарас- әлеуметтік. бұл тұрғыдан кәсіби бағдар жастарға жалпы әлеуметтік бағдар беру 
үдерісінің  бір  бөлігі  ретінде,  ал  мамандықты  таңдау  –  жалпы  өмірлік  бағыттан  туындайтын,  жеке 
тұлғаның қоғамның әлеуметтік құрылымында және қоғамдық өндірісте өз орнын анықтау актісі ретінде 
қарастырылады. 
екінші  –  психологиялық  көзқарас.  ол  бойынша  кәсіби  бағдарға  әрбір  жас  өспірімнің  мамандық 
таңдауына көмек беретін психологиялық-педагогикалық шаралар кешені ретінде анықтама беріледі, соны-
мен қатар аталмыш көзқарас бойынша оқушының мамандық таңдауына байланысты бұл психологиялық 
үдеріс  тек  оқушының  қызығушылығы  мен  қабілетіне  ғана  емес,  қоғамдық  қажеттіліктерге  де  сәйкес 
келуі керек.
көптеген  педагогтер  кәсіби  бағдардың  маңызын  анықтау  барысында  оның  педагогикалық 
бағыттылығына  баса  назар  аударады.  мысалы,  в.парамзин  кәсіби  бағдарды  «оқушылардың  кәсіби 
қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту және олардың мамандық таңдауларына әсер ету мақсатында 
«педагогикалық,  әдістемелік  және  ұйымдастыру  тәсілдерінің  жиынтығы»  ретінде  қарастырады.  Ал, 
А.Д.сазонов кәсіби бағдарға «оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын анықтау және қалыптастыру 
мақсатында және мамандық таңдауларына ықпал ету мақсатында қолданылатын қағидалар, формалар, 
әдістер мен тәсілдер жиынтығы» деген анықтама береді. л.А.Йовайша кәсіби бағдарды «оқушыларда 
кәсіби бағыттылық қабілетін қалыптастыру, олардың қоғамдық қажеттілікті ескере отырып, мамандығын 
саналы  түрде  таңдауына  ықпал  ету  мақсатында  ұйымдастырылатын  арнайы  білім  беру  және  тәрбие 
жүйесі» деп санайды [1, 128-б].
ғылыми  зерттеулер  мен  тәжірибелік  қызмет  нәтижесінде  кәсіби  бағдар  беру  жұмысының  негізгі 
ережелері  мен  профкеңес  берудің  басты  қызметі  анықталды  (ол  кезде  «кәсіби  бағдар»  термині 
қолданылмаған):
- профкеңес беру – жұмыс күшін жасақтауда және бөлудегі қажетті құрылым;
- бұл тек психотехникалық және соматикалық зерттеу жұмысы ғана емес, сондай-ақ профкеңес алу 
үшін келген жасөспірімнің тұлғасын жан-жақты қамтитын күрделі жүйе;
-  барлық  практикалық  кәсіби  бағдар  беру  жұмыстары  мен  ғылыми-зерттеу  және  әдістемелік 
қызметтердің байланысы;
- мүмкіндігінше тұрғындардың басым бөлігіне мамандық таңдауда профкеңес беру. 
бұл ережелерге талдау жасау арқылы кәсіби бағдар беру мәселелерін профкеңес беру, профдиагно-
стика және кәсіби іріктеу бағыттары арқылы шешкендігіне көз жеткіземіз. нәтижесінде жеке тұлғаның 
сапасы мен мамандық бойынша талаптар арасындағы сәйкестіктер анықталды. мұндай тәсіл психотех-
ника ережелеріндегі басты бағыттардың бірі болып саналатын кәсіби бағдардың диагностикалық кон-
цепциясына негізделді. 
психологияда тұлғаның бағыт-бағдары тұлғаның жеке қыры ретінде, өзіндік құрылымды құрайтын 
қасиеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады, оған жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарын анықтайтын, 
сыртқы әсерлер мен ішкі шарттардың, қызығушылықтардың, қажеттіліктер мен ұмтылыстардың, сенім 
мен идеалдардың бірлігін көрсететін жетекші мотивтер жүйесі кіреді. 
кәсіби  бағыттылық  -  құрылымдық  тұлғалық  білім  беру,  белгілі  бір  дәрежеде  тұлғаның  жал-
пы  бағыттық  сипатын  білдіреді.  мысалы,  к.к.платонов  кәсіби  бағыттылық  құрылымына  кәсіби 
қызығушылықты, бейімділік, ұмтылыс, қабілет, кәсіби идеалдарды жатқызады. 
психологиялық және педагогикалық ғылымындағы түрлі анықтамаларға қарамастан, көптеген автор-
лар жекелеген тұлғалардың белгілі бір пән мен мамандықтарға тұрақты эмоционалдық қызығушылық 
танытатынын,  ал  оқу  үдерісінде  –  мектеп  пәні  бойынша  белгілі  бір  ғылымның  негіздерін  жемісті 
меңгеретіндігіне  баса  назар  аударады.  г.и.Щукин  танымдық  қызығушылықтардың  даму  деңгейлерін 
сипаттай  отырып,  оқушылар  әр  түрлі  танымдық  қызығушылықтары  негізінде  өмірлік  және  кәсіби 
таңдауларын анықтайтынын атап көрсетеді. 
А.н.леонтьевтің  пікірінше  қызығушылық  әлдеқайда  қысқа,  бірақ  сонымен  қатар  ауқымды  ұғым, 
ол:  «Қызығушылық  –  бұл  тұлғаны  пәнге  және  шындық  құбылыстарға  арнайы  танымдық  тұрғыдан 
бағыттау»  -  дейді.  в.в.краневич:  «кәсіби  қызығушылық  адамның  белгілі  бір  мамандыққа  байланы-
сты  жағымды  эмоционалды  мәндегі  қарым-қатынасы»  -дейді.  «кәсіби  қызығушылық»  «кәсіби  ниет, 
пиғыл»  ұғымымымен  тығыз  байланысты,  кәсіби  ниет  кәсіби  қызығушылықтың  соңғы  сатысы,  яғни 
оқушылардың санасында мамандықты таңдаудың пісіп жетілген кезеңі. 
к.к.платонов кәсіби қабілетке былайша анықтама береді: «жеткілікті түрде тұрақты, бірақ білім мен 
тәрбиеге байланысты өзгеруі мүмкін тұлғалық қасиеттер, онда қандай да бір жеке қасиеттердің орнын 
басқа  сападағы  жаңа  қасиеттер  басып  отырады,  белгілі  бір  мамандыққа  қатысты  білімнің  жетістігін 
анықтайды және жетілдіріп отырады». 
Қызығушылық, бейімділік, қабілет кәсіби бағыт беруде тәуелсіз факторлар емес. олар динамикалық 
бірлікте болады, өзара байланысты дамиды және бір-бірін толықтырып, нығайтып отыратын қасиеттер 
[
2, 223-б].
бұл байланыс әсіресе, әр түрлі қызмет түрлерінде нақты көрініс табады. Қызығушылық белгілі бір 
қызметпен  айналысуға  деген  ниетті  тудырады,  яғни  мотив  ретінде  қызмет  атқарады,  ал  сол  қызмет 
үдерісінде  қабілет  жетіледі.  осыған  байланысты,  кәсіби  бағдар  жұмысының  негізі  етіп  тұлғалық-
әрекеттік әдіс алынуы қажет. 
кәсіби мотивация дегеніміз мамандық таңдауға байланысты нақтылы шешімдерді қабылдауға және 
жүзеге асыруға бағыттайтын мотивтер жиынтығы. 
мотив  психологиялық  тұрғыдан  жеке  тұлғаның  мінез-құлқы  мен  әрекеттерін  туғызушы  себеп-
тер  ретінде  қарастырылады.  мысалы,  с.л.рубинштеин  мотивті  «адамның  өзінің  өмір  сүріп  отырған 
ортасындағы жағдайларды қалай түсініп, бағалайтындығына және алдында тұрған мақсатты қаншалықты 
түсінентіндігіне  байланысты  қалыптасатын  нақтылы  әрекетке  деген  саналы  ниеті,  пиғылы»  ретінде 
қарастырады.

140
141
сөйтіп, кәсіби мотивацияны қалыптастыруда өзара байланысты үш кезеңді атап өтуге болады:
1) жалпы еңбекке және жекелеген мамандықтарға қатысты қызығушылықтарын дамыту;
2) мамандыққа қатысты талаптар мен жеке қабілеттердің арақатынасы;
3) мамандықты объективті таңдау қажеттіліктерін саналы түрде түсіну. 
кәсіби  мотивтерді  табысты  қалыптастыру  үшін,  алдымен  екінші  және  үшінші  кезеңдерді  жүзеге 
асыру қажет. соған сәйкес, білім мазмұнына әр түрлі мамандықтар мен кәсіптердің, мысалы, биология 
саласының ерекшеліктері туралы ақпараттарды және сол мамандықтар бойынша болашақ мамандарға 
қойылатын талаптар енгізу керек. сондай-ақ, альтернативті, қосымша таңдау жүргізуге жағдай жасау 
қажет. 
кәсіби  бағдардың  ажырамас  бөліктерінің  бірі  –  кәсіби  тәрбие.  Өйткені  тек  өз  бойында  қажетті 
қасиеттерді  тәрибелеуге  және  сол  жолдағы  қиындықтарды  жеңуге  қабілетті  адам  ғана  мамандықты 
дұрыс таңдай алары сөзсіз. 
кәсіби тәрибенің мақсаты: заманауи әлеуметтік-экономикалық және өндірістік техникалық жағдайлар 
талаптарына жауап бере алатын сондай-ақ жоғары кәсіби және адамгершілік қасиеттерге ие болашақ 
тұлғаны, болашақ маманды қалыптастыру. 
кәсіби тәрбие - біртұтас білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі, сандықтан оған биологиялық білім 
элементтері, оқушылардың кәсіби даярлағы, ақыл-ойының дамуы, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, 
экологиялық және гигиеналық тәрбиелері жатады. 
кәсіби  бағдардың  келесі  бір  маңызды  тармағы  –  кәсіби  кеңес  беру.  оның  мақсаты  –  оқушыларға 
мамандық таңдауда жан-жақты көмек беру. 
мұнда  оқушыларға  биологияға  байланысты  мамандықтар  туралы  жан-жақты  ақпарат  беріледі, 
сондай-ақ тұлғаның кәсіби маңызды жеке қасиеттері зерттеледі, ол өз кезегінде ошқушылардың саналы 
әрі дұрыс таңдау жасауына септігін тигізеді. кәсіби кеңес беру - ақпараттық көмек беруге негізделеді. 
бағдарлы  дайындық  жүргізу  кезінде  кәсіби  кеңес  беру  жұмыстары  жанданады  (оқушылар  әр  түрлі 
мамандықтар мен кәсіби қызметтердің ерекшеліктері туралы ақпарат алады) [3, 42-б].
кәсіби білім беру жұмыстарының мазмұндық компоненттері барлығы бір-бірімен өзара тығыз бай-
ланыста болады. 
биологияны оқыту үдерісінде кәсіби бағдар бердің мақсаттарына қол жеткізу үшін, ондағы әдістер 
тобын шартты түрдегі төмендегідей етіп жіктеуге болады: (1 кесте). 
- адамдардың практикалық әрекетінің бір саласы ретінде биологияға деген қызығушылықты артты-
ру;
- биологияға байланысты мамандықтармен таныстыру әдістері;
- қарапайым кәсіби біліктермен қаруландыру әдістері.
кесте 1- биологияны оқыту барысында кәсіби бағдар беру әдістері
кәсіби бағдар беру әдістерінің 
топтары
кәсіби бағдар беру әдістері
білімалушылардың 
практикалық әрекетінің бір 
саласы ретінде биологияға де-
ген қызығушылықты арттыру 
әдістері
әр түрлі кәсіби қызмет салаларында биологиялық білімдерді 
қолдану туралы әңгімелер, сұхбаттар, дәрістер ұйымдастыру; 
атақты биологтар мен дәрігерлердің өмір жолдары мен ашқан 
ғылыми жаңалықтары және зерттеулері туралы әңгіме, сұхбат, 
дәрістер жүргізу; практикалық бағыттағы шығармашылық 
сипаттағы тапсырмаларды орындату.
биологияға байланысты 
мамандықтармен таныстыру 
әдістері
биологияға қатысты әр түрлі мамандықтар және кәсіп түрлерінің 
ерекшеліктері мен еңбек мазмұны туралы әңгімелер, сұхбаттар, 
дәрістер өткізу; кәсіби мазмұндағы кинолар мен бейнематериалдар 
көрсету; биология саласындағы әр түрлі мамандықтарға қажетті 
құрал-жабдықтармен және еңбек орындарымен таныстыру; ойын 
әдісі (рөлдік ойындар және түрлі жаттығулар). 
Қарапайым кәсіби біліктермен 
қаруландыру әдістері
кейбір жекелеген кәсіби дағдыларды іс жүзінде жасап көрсету, 
кәсіби бағдар элементтерімен практикалық жұмыстар жүргізу.
кәсіби бағдардың мазмұны мен әдістері түрлі білім беру формалары арқылы жүзеге асырылады (2 
кесте).
Қорыта келе, кәсіби бағдардың келесі нәтижелерін атап көрсетуге болады: 
- биология саласы бойынша мамандықтар туралы білім қалыптасады;
- қарапайым кәсіби біліктер қалыптасады;
- биологияға деген қызығушылықты қалыптастыру негізінде кәсіби мотивациялар болады;
- білім алушылардың бойында адамгершілік пен маңызды кәсіби қасиеттер дамиды;
- биологиялық білім мен білік қалыптасады.
әдебиетттер тізімі
1. иовайша л.А. проблемы профориентации шкальников. м.: педагогика, 1983, -128 с.
2. сазонов А. Д., симоненко в. Д., Аванесов b.c., бухалов б.и. профессиональная ориентация уча-
щихся. м.: просвещение, 1988. -223 с.
3.  Қонақова  к.Ө,  карбаева  ш.ш.  және  т.б.  Қр  бағдарлы  оқытуды  ұйымдастырудың  әдістемелік 
нұсқаулары (қаз., орыс тілдерінде). – Алматы, 2006, ҚбА, – 42 б. 
 

142
143

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет