Іі хАлыҚАрАлыҚ ғылыми-тәжірибелік конференЦиясы ғылыми баяндамалар


МатеМатика сабаҚтарында Жаңа теХнологияларды ПаЙдалану



Pdf көрінісі
бет19/74
Дата12.03.2017
өлшемі4,54 Mb.
#9206
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74

МатеМатика сабаҚтарында Жаңа теХнологияларды ПаЙдалану
Жүнісова ф.ү.
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы
Астана қаласы
аңдатпа
бұл  жұмыста  математиканы  оқытуда  оқушылардың  логикалық,  шығармашылық  қабілеттіліктерін 
дамытуға бағдарланған жаңа технологияларды қолдану қажеттілігі айтылып, математикада компьютерді 
көрнекілік, зерттеу және бағалау құралдары ретінде қолдану қарастырылған.
аннотация
 в данной работе рассматривается необходимость применения в обучении математики новых техноло-
гий для развития логики и творческих способностей у учеников, о важной роли компьютера как средства 
для исследования, оценки и наглядности в преподавании математики.
Annotation
this paper describes the need of mathematics in the training of new technologies in order to develop student’s 
logic and creativity, the importance of the computer as a tool for research, evaluation and visualization in the 
teaching of mathematics.
соңғы  жылдары  қоғам  өмірінің  барлық  саласында  «инновация»,  «инновациялық  технологиялар» 
терминдері  жиі  қолданыс  табуда.  инновацияның  әлеуетін  ел  президенті  назарбаев  университетінің 
студенттеріне оқыған дәрісінде: «біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық 
әлемге қарай жылжып келеміз» деп атап көрсетті [1]. яғни, еліміздің болашағы жастар десек, олардың 
білім-ғылым мен жаңашылдықтар басымдықта болатын жаңа әлемде заман көшінің алдыңғы қатарынан 
табылуы үшін мектеп қабырғасынан бастап ғылым жетістіктерін меңгеруге тәрбиелеуіміз қажет.
инновация ғылым саласымен қатар, заманауи мектеп құруда, мектептің даму үдерісін бағамдауда, 
жалпы білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация түрінде дамып келеді. «педагогикалық 
инновация»  жаңа  ұғым  болғандықтан,  оның  мағынасына  тоқталған  орынды.  «инновация»  деген  сөз 
–  латынның  «novus»  жаңалық  және  «in»  енгізу  деген  сөзінен  шыққан,  ал  оның  қазақша  аудармасы 
«жаңалық, жаңару, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
білім беру саласындағы кез-келген жаңашылдық үдерісінің нысаны – оқушы. Ал мақсаты – әрбір 
оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. білім жинақтауға қызықтырудың басты 
бөлшектерінің бірі – сапалы нәтижеге жетуге ынталандыру мен оқушының өз бетінше іс–әрекет жасау 
тәсілдерін игеруге мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту. педагогикалық және әдістемелік 
әдебиеттерде  оқытуда  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  бірнеше  бағыттары  көрсетілген, 
солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер - оқушы 
білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-
технология, жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру 
құралы[2].
математика сабағында жаңа технологияларды қолдану аса маңызды. Өйткені бұл пән алғашқы сы-
ныптан 11-сыныпқа дейін оқытылып, оқушының ересек өміріне қажетті логикалық талдаулар мен өзге 
де ой қорыту операцияларын қалыптастырады. сонымен қатар, ол үнемі ізденіс пен байланысты қажет 
ететін, өзіндік тілі, заңдылықтары мен ерекшеліктері бар пән.
сол себепті, оқушыларға математика пәні бойынша білім беруде жаңа технологияны қолдану қазіргі 
заман талабы. Алайда, оны жүзеге асыру екі жақты (ұстаздар мен оқушылар) дайындықты қажет етеді. бұл 
орайда ең алдымен, оқытушылардың ықыласы мен шеберлігі жоғары деңгейде болуы тиіс. мұғалімнің 
өзі  атқаратын  міндетін  жетік  игеруі  оның  өзін-өзі  басқаруы,  жаңа  іске  бет  бұру,  өзіндік  белсенділігі 
мен өзіндік дамуының кепілі бола алады. жаңа технологияларды енгізуде мұғалімдердің өз жұмысына 
жауапкершілікпен қарауы маңызды. сондықтан болашақ ұрпаққа заманымыздың озық тәжірибелері мен 
жаңа технологияларын білім беру мен тәрбиелеуде тиімді пайдалану әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.
сынып ақпаратты қабылдау деңгейі әртүрлі оқушылардан құралатындығы белгілі. біраз мұғалімдер 
сабақ жүргізуде орта деңгейді қолданады. бұл орташа оқитын оқушылар үшін ыңғайлы болуы мүмкін, 
алайда  барлық  оқушылар  үшін  ыңғайлы  емес.  Өйткені  төмен  оқитын  оқушылар  бұл  орта  деңгейге 
ілесе алмай, яғни мұғалімнің айтқанын қабылдай алмай, қалып қояды. Ал, берілген ақпараттарды тез 
қабылдайтын  оқушылардың  дамуында  тежеу  басталып,  берілетін  материалдар  жеңіл  болып,  мұғалім 
оны баяу түсіндіргендіктен олар жалыға бастауы мүмкін. сондай-ақ, мұғалім сабақты орта деңгейде 
жүргізетіндіктен  білімнің  белгілі  бөлігі  меңгерілмей  қалады.  барлық  оқушылардың,  яғни  әртүрлі 
деңгейде (жақсы, орташа, нашар) оқитын оқушыларға ортақ ыңғайлы болатын әмбебап әдістемені жа-
сау мүмкін емес болғандықтан, әрбір оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге тура келеді. 
мысалы, әрбір оқушының оқу материалдарын жеке-дара мысалдармен түсіндіріп, содан кейін жалпы 
жағдайға көшсе жақсы түсініп, материалды жеңіл игеріп кетеді. немесе, кейбір оқушыларға алдымен 
жалпы жағдайды қарастырып, содан кейін, оған жеке-дара мысалдар келтірсе, жақсы түсініп материалды 
меңгеруі артады.
сонымен  қатар,  қазіргі  таңда  математиканы  оқытуда  оқушылардың  логикалық,  шығармашылық 
қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған жаңа технологияларды, ақпараттық және коммуникациялық 
технологияларды, қолдану қажет. әсіресе дәрістерде компьютердің ролі үлкен, ол күрделі математика 
ғылымын игеруді барынша қолжетімді етіп береді. сәйкесінше, математикада компьютерді үш бағытта 
қолдануды қарастырып көрейік:
1.көрнекілік құралы; 2. Зерттеу құралы; 3. бағалау құралы.
білім  берудің  жаңа  деңгейі  оқушылардың  қабілеттілігін  айқындауға,  оны  дамытуға  және 
бастамашылдық  пен  өз-өзімен  еркін  болуға  жетелейді.  ол  үшін  оқушыларда  танымдық 
қызығушылықтарды ояту қажет. оқушының осы танымдық қызығушылығы өзі мен айналаны тануға 
белсенділігін  қалыптастырады.  Ал  математика  сабағында  ақпараттық  технологияны  қолдану  назар, 
қабылдау,  елестету  мен  есте  сақтауды  белсендіре  түссе,  ақпараттық  технологияны  қолдану  сапалы 
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
мультимедиялық  технологияны  қолданып  дәріс  өткізу  барысында  оқушылар  тарапынан 
қызығушылықтың өсуін отырғандығын тәжірибеде байқатады. Ал шын мәнінде мультимедиа мұғалімге 
сабақты көрнекі, нәтижелі әрі эмоционалды формада ұйымдастыруға мүмкіндік береді. жалпы мате-
матика  курсы  терең  әрі  саналы  қабылдауды  қажет  ететін  түсінуге  қиын  ұғымдар  мен  терминдерден 
тұратындығы жоғарыда айтылды. осы тұста ұстазға мультимедиа, яғни жаңа технологияның – форма, 
үйлесімдік,  қозғалыстың  бағыты,  кеңістіктік  байланыс  және  т.б.  секілді  мүмкіндіктері  көмектеседі. 
осылайша, компьютерлік технологиялар дәстүрлі сызба, кесте, үлгілермен салыстырғанда анағұрлым 
жоғары көрнекілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Заманауи ақпарттық технологияларды қолдана отырып, мұғалім оқушылармен жеке жұмыс жасауға 
мүмкіндік алады, өйткені дәстүрлі қалыпта үлгілерді салу, теңдеулер мен формулаларды, анықтамаларды 
жазу дайындалған слайд арқылы беріледі. осы тұста ақпарат қабылдауы төмен деңгейдегі оқушыларға 
компьтерде орындауға арналған жаттығулар беруге болады. мұндай жаттығуларды орындауда оқушылар 
өздеріне  деген  сенімділікті  сезініп,  өзіндік  бағалаулары  жоғарылайды.  Арнайы  жаттығу  түрлері  мен 
бағдарламаларды  ауызша  есеп  шығаруда  немесе  сабақтан  тыс  кезде  пайлануға  болады.  Ал  қабылдау 
деңгейі жоғары оқушыларға компьютерде жұмыс істеуге арналған қосымша тапсырмалар беруге болады.
сондай-ақ,  оқушыларды  жаңа  технологияларды,  яғни  компьютер  мүмкіндігін  пайдаланып  есеп 
шығарумен,  тақырып  түсіндірумен  қоса,  тұтас  сабақты  жоспарлауға,  дайындауға  тартуға  болады. 
нәтижесінде, ұстаз бен шәкірттердің компьютерді салалы қолдану қабілеттері арттырылады.

144
145
компьютерде  есеп  шығару  немесе  сабақты  түсіндіру  арнайы  бағдарламаларды  жүктеу  арқылы 
жүзеге асады. мысалға, компьютерде қолданбалы бағдарламаны пайдалана отырып сызбалық есептерді 
шығаруға  болады,  ол  жазық  сызбалармен  жұмыс  тәсілін  қалыптастыруда,  оның  ішінде  кеңістіктегі 
фигуралардың  стереометриялық  бейнелерін  салуда  жаңа  мүмкіндіктер  ашады.  компьютер  экранын-
да  сызық  жүргізер  алдында  оқушы  оның  қай  нүктелерді  басып  өтуі  керектігін,  бейнеленген  фигура 
жақтарының жазықтығына қатысты қалай орналасқанын айқындайды, жүргізілген сызық геометриялық 
дене элементтерімен қиылысу нүктелерінің орнын елестету арқылы белгілейді.
компьютер экранында фигуралар салуға арналған пернетақтаны пайдалану оқушыларға қиындық 
келтірмейді. Өйткені, олардың өздерінің таңдауы бойынша экранда жүргізілетін (арнайы бағдарламаға 
қатысты)  барлық  сызықтар  өзі  салғандай  (қарындаш  пен  сызғыш  арқылы)  қабылданады,  себебі  қай 
нүкте арқылы түзу жүргізу, ал қандай түзулердің қиылысу нүктесін салу керектігін және т.б. әрекеттерді 
оқушылар тарапынан анықталады. 
сызбалық  есептерді  түсіндіру  мен  шығаруда  оқушылардың  өздері  фигураларды  дайындап,  олар-
ды  түрлендіруге  мүмкіндік  алады.  мысалы,  тригонометриялық  функциялардың  графигін  есептеп 
шығаруда, y = sin x, y = sin ωx, y = sin (x + b) формуласы түрінде беріледі, оқушылар компьютерді зерттеу 
құралы ретінде пайдалана отырып, x, b параметрі өзгергенде функцияның графигі қалай өзгеретіндігін 
анықтайды. содан кейін оларға (x + b)-ға әртүрлі мән енгізе отырып және экрандағы графиктің өзгеріс 
үдерісін бақылай отырып, алға қойған болжамды тексеріп көре алады.
осы  секілді  есептерді  шығаруда  coreldraw,  жазықтықтағы  фигураларды  салу  мен  оларды 
қиыстыруда 3d sec builder, тригонометриялық функциялардың графиктерін салуда Graph 303 секілді 
жаңа бағдарламаларды қолдануға болады. компьютерде сызбалық есептерді шығару арқылы оқушылар 
келесідей ұғымдармен танысады:
– геометриялық объектілерді үлгілеу мен зерттеу;
– графикалық жұмыстарды автоматтандыру.
сонымен қатар, компьютерді қолдану:
– оқушылардың шығармашылық ойлау жүйесін дамытады және қолайлы шешу жолдарын таңдауға 
бағытталған жаңа ойлау жүйесін қалыптастырады;
– оқушыларды практикалық қызметке даярлайды;
– жаңа ақпараттық технологияларды қолдану дағдалыран қалыптастырады.
–  оқуға  деген  белсенді  қатынасқа,  пәнге  қызығуға,  дербестікке  және  басқа  да  жеке  тұлғалық 
қасиеттерге тәрбиелеу сияқты міндеттерді жүзеге асырады.
сондай-ақ,  қазіргі  таңда  математика  немесе  өзге  де  пәндер  бойынша  берілетін  тақырыптардың 
оқушылар тарапынан сәтті меңгерілгенін бақылау тек үй жұмысы мен қосымша сабақтарда ғана емес, 
тест арқылы бағалау мүмкіндігі туындады. бұл бір жағынан оқушының нақты тақырыпты меңгергенін 
байқау болса, бір жағынан мұғалім жұмысының көрсетікші.
тест мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі арқылы берілуі мүмкін. сонымен қатар, 
platonus  бағдарламасының  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып  математика  сабағының  ерекшеліктері 
ескерілген тест құрастыруға болады. бұл бағдарлама көмегімен оқушылар тест жауаптарын бірден немесе 
барлық тест сұрақтарына түгелдей жауап бергеннен кейін көруге болады. бұл оқушыларды қызықтыруға 
мүмкіндік жасайды.
бұдан  басқа  да,  тест  генераторлары,  тест  конструкторы  деп  аталатын  тестілеуші  бағдарламалар 
құруға болатын арнайы компьютер бағдарламалары (қосымшалар) бар. бұл жағдайда мұғалім тесттің 
сұрақтарын  және  барысын  өздігінен  таңдап  алады.  бұл  бағадарламалар  түрлі  деңгейдегі  оқушыларға 
арналған  тесттерді  даярлау  мен  өткізуге  арналған.  тест  конструкторы  мен  оn-line  тесттер  ұстаздарға 
сыныптағы әр оқушы деңгейіне қатысты материалдарды даярлап таратуға мүмкіндік береді. тест ге-
нераторы бағдарламасы математика сабағын жүргізу үшін көптеген карточкалар дайындау мен оларды 
принтер арқылы басып шығуды қолайлы етеді. тест генераторы түрлі арифметикалық операцияларда 
кездейсоқ  сандарды  пайдаланады.  барлық  өрнектер  кездейсоқ  сандардан  құралады  және  еркін  түрде 
қалыптасады. бағдарламаның тиімділігі сол, мұнда бірдей өрнектерді беру мүмкіндігі өте төмен.
Ақпараттық  технологиялар  тестті  тапсыру  кезінде  оқу  материалдарын  безендіру  үшін  қолдануға 
мүмкіндік  береді,  мысалы  анимациялы  слайд-фильмдер  қолданылады.  компьютердің  көмегімен 
дыбыстық  және  бейнефрагменттер  арқылы  берілген  тапсырмаларды  орындау  қолайлы.  Заманауи 
деңгейде  даярланған  тақырыптық  тестілерде  берілген  сызбалық  есептерді  орындау  кезінде  microsoft 
excel бағдарламасында кескіндер салу мүмкіндіктерін пайдалануға болады.
жоғарыда  қарастырғанымыздай,  математика  сабағында  жаңа  технологияны  қолдану  оқушыларға 
білім беру үдерісін тиімді әрі нәтижелі ете түседі. Ұстаз бен оқушылардың жаңа технологияларды еркін 
меңгеруі  заман  талабы.  соның  ішінде,  «компьютер  заманы»  деп  аталатын  жиырма  бірінші  ғасырда 
компьютердің мектеп пәндерінде, жекелей алғанда математика сабағында қолдану әлеуеті жоғары болу-
да. математикада компьютерді тиімді пайдаланудың үш бағыты көрсеттілді:
– жаңа тақырыпты түсіндіруде көрнекілік құрал ретінде;
– есеп шығару кезінде зерттеу құралы ретінде;
– берілген білімнің меңгерілу деңгейін анықтау үшін тест құрастыру және өткізу құралы ретінде.
Алайда, тақырыпты зерттеу барысында компьютерді математикада қолдану арнайы дайындықтарды 
талап  ететіні  айқындалды.  Атап  өтсек,  кез-келген  есепті  түсіндіру  мен  оның  нәтижелерін  үлгілеу 
(математикадағы сызбалық және талдаулық есептер) арнайы бағдарламаларды талап етеді. осы тұста, 
жаңа  технологияларды  математика  сабағында  тиімді  пайдалану  үшін  мектептегі  есептерге  арналған 
сапалы  тренажерлер  (жаттықтырушы  бағдарламалар)  мен  арнайы  бағдарламалар  дайындау  өзектілігі 
артады. Қазіргі кезде математикада компьютерді қолдануға арналған бағдарламалардың бірнеше типін 
көрсетіп кетуге болады: 
1.  тренажер-бағдарламалар,  іскерлік  пен  дағдыны  қалыптастыру  және  бекіту  үшіндайындалады. 
бағдарлама өзіндік оқуды да қамтитындықтан оқушылардың теориялық материалдарды игеруі қажет.
2.  бақылаушы  бағдарламалар,  нақты  білім  немесе  ақпаратты  меңгеру  деңгейін  бақылау  үшін 
дайындалған.
3. жаңа ұғымдарды меңгеру ерекшелігімен дайындалған тәлімгерлік бағдарламалар.
4. көрнекілік бағдарламалар, оқу материалын бейнелеп түсіндіру үшін дайындалған.
5.  Ақпаратты-анықтамалық  бағдарламалар,  компьютер  көмегімен  қажетті  ақпаратты  алу  үшін 
дайындалған.
6. имитациялық және модельдеуші бағдарламалар, объекттер және оқиғаны “симуляциялау” үшін 
дайындалған[3].
Қорытындылай  келе,  компьютердің  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып  математика  сабағында 
көрсету,  түсіндіру,  түзету  және  бағалауды  жүзеге  асыруға  болады.  бұл  өз  кезегінде  оқушылардың 
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа да көптеген адами қабілетінің 
қалыптасуына игі әсерін тигізеді. олардың белсенділігі, шығармашылық ізденісі, математикаға деген 
сүйіспеншілігі артады. жаңа технологияларды математикада қолданудың білім беру тұрғысынан өзге 
әлеуметтік пайдасы да жоқ емес, оны төмендегідей тізбектеп көрсетуге болады:
-  біріншіден,  орта  мектептен  соң  гуманитарлық  мамандықтарды  игеруге  бағытталған  оқушылар 
үшін;
- екіншіден, техникалық білім алуды жоспарлаған оқушылар үшін;
- үшіншіден, математиканы өзінің болашақ мамандығы етуді жоспарлайтын оқушылар үшін.
осылайша, математикада жаңа технологияны қолдану оқушылардың логикалық ойлау жүйесін да-
мытып,  геометриялық  өлшемдер  мен  құрылымдарда  практикалық  әдістерді  меңгеруге  ықпалдасады. 
Ал  ең  бастысы,  ақпараттық  технологиялар  оқушылардың  кесте,  диаграмма,  график  түрінде  берілген 
ақпарттарды  оқу  қабілетін  дамытып,  компьютер  негізінде  өзіндік  даму  мен  өзіндік  білім  жинау 
дағдыларын қалыптастырады.
әдебиеттер тізімі:
1. http://akorda.kz/kz/page/page_
2.http://teacher-almaty.clan.su 3. кручинин в.в. разработка компьютерных учебных программ. – томск: 
изд-во том.гос.университета, 1998. – 211 с

146
147
THE mAin sTRATEgiEs of gloBAl PERsPECTivEs
Zabornik l.s.
Nazarbayev Intellectual School, Kokshetau
Kazakhstan
аңдатпа
мақаланың  мақсаты  ғаламдық  болашақтар  атты  жаңа  пәннің  стратегияларын  көрсету.  мақалада 
деконструкция, реконструкции, анализдеу, сұрақты сараптау және ақпараттың, дәлелдің және себептің 
анық-қанығын  анықтау,  логикалық  ойлау,  өздік  жұмыс  сияқты  дағдыларды  дамытуы  ұсынылады. 
ғылыми жоба жүйесіндегі дәлелді ақпаратпен жұмысты және түрлі эссе жазу жайында бірнеше қадам 
берілген. Ұсынылған стратегиялар оқушылардың ауыспалы әлемде мәселерді шешу дағдысының дыми-
тыны мақалада атап өтіледі.
аннотация
Целью статьи является отражение наиболее значимых направлений в новом и актуальном предмете 
«глобальные перспективы». в статье предлагаются всевозможные подходы для развития навыков декон-
струкции, реконструкции, анализа достоверности информации. представленные методы облегчат работу 
с ресурсами для научно-исследовательской деятельности и написания различных типов эссе. стратегии 
помогут учащимся успешно справиться с жесткими требованиями и проблемами современного мира для 
того, чтобы самостоятельно принимать любое решение.
Abstract
the purpose of this paper is a reflection of the most important trends in new and urgent subject of «Global 
perspectives.» the article offers a range of approaches to develop the skills of deconstruction, reconstruction, 
analysis, reliability of information. the methods make it easier to work with the resources to research and write 
different types of essays. strategies will help students successfully cope with the stringent requirements and 
challenges of the modern world to independently make any decision.
Global perspectives aims to study issues of global importance under the broad themes of economics, ethics, 
environment, technology and politics & culture. issues of global importance are likely to differ from year to 
year, but will be issues that might affect the lives of young people anywhere in the world, or that have significance 
beyond the local context.
Politics
related to power and decision making
culture
related to traditions, beliefs and art
environment
the natural world
science
systematic knowledge of the physical or material world gained through 
observation and experimentation.
technology
material objects created by mankind to assist with and improve human life and 
understanding and his/ her environment
economics
the intellectual field that deals with the production, distribution, and consumption 
of goods and services, or the material welfare of humankind
ethics
the branch of philosophy dealing with values relating to human conduct, with 
respect to the rightness and wrongness of actions and motives
different global perspectives are different ways of looking at an issue, or different standpoints, that are often 
fundamentally rooted in world views and beliefs. they are not just different opinions about an issue, and they 
are  not  the  same  as  arguments.  an  argument  and  counter  argument  do  not  necessarily  reflect  two  different 
perspectives  –  they  may  well  be  different  opinions  rooted  in  the  same  perspective.  understanding  different 
perspectives goes beyond looking at the advantages or disadvantages of an issue to an exploration of why people 
hold the views they do, and why this matters. for example, we may not approve of terrorist acts, but if we know 
about the beliefs held by the people who commit them, and the reasons they put forward for their actions, we will 
be far better equipped to find a peaceful solution to the conflicts that exist between us.
understanding different perspectives is also about seeing ourselves from outside and understanding how our 
beliefs make us who we are, and about not just accepting things as they are [1, p. 3].
What is the critical path?
the critical path is a teaching and learning process embedded in the Global perspectives and independent 
research programme, which places emphasis on skills development and which aims to produce independent, 
reflective learners.
there are four, repeated steps in this spiral path:
• deconstruction – deciding on a research area, framing a question, analysing and evaluating arguments on 
their own merits.
• reconstruction – researching an area/question to build up the broader context, establish and evaluate the 
evidence base for different perspectives, set an issue in the global context, and evaluate issues, arguments and 
perspectives within the broader context.
•  reflection  –  considering  implications,  taking  new  evidence  and  perspectives  into  consideration  and 
modifying beliefs, finding one’s own position in relation to the issue, arguments and evidence and generally 
thinking things through in a considered manner. this may involve weighing conflicting perspectives, trying to 
find a synthesis between conflicting economic and ethical priorities and trying to find a path between emotional 
and rational responses to a situation.
• presentation – students communicate their reasoning to their peers in classroom discussions, seminars, 
essays and presentations. presentation is not merely the last part of the process in which students tell others about 
their thoughts. it is an important part of the learning process in which students must become active thinkers, 
engage with issues, organise, select and control material, revisit the thinking they have done previously and 
consider the best means of communicating to others [2, p. 14].
What is the purpose of the critical path?
the skills they develop in working through the steps of the critical path will help students to:
improve their level of work in their other
subjects
work well at university level
make life decisions
form judgments about important issues [3, p. 9].
deconstruction Questions for an article or a video
What is the argument the video (article) is trying to make? What is it trying to persuade us of/ to do? 
What reasons are given to support this argument? 
What evidence is given to support the argument?
What are the beliefs of the author?
What techniques is the author using to try and convince us?
can we trust the author? raven Why? Why not? 
What are the weaknesses of the argument? 
tunnel of conscience instructions

148
149
  a  useful  reconstructive  and  reflective  technique  for  exploring  any  kind  of  dilemma  while  providing  an 
opportunity to analyse issues in greater detail. the class forms two lines facing each other. one person (the 
teacher or preferably a student) takes the role of the decision maker and walks between the lines as each member 
of the group gives their advice. it can be organised so that those on one side give opposing advice to those on 
the other, specific people being given a specific ‘voice’ or left to the students random choice. When the decision 
maker reaches the end of the alley, s/he makes her decision based on the information received. 
this  technique  can  easily  be  applied  to  a  range  of  subjects  across  the  curriculum  and  to  specific  and/or 
sensitive issues, whenever a character is faced with a decision or to help a class reach a consensus. it is an ideal 
way to turn the situation round to the students so that they have to consider the often complex issues involved as 
a whole group. 
basic steps in the research process
1. brainstorming is a tool used by teams to bring out the ideas of each individual and present them to the rest 
of the team. 
2. research is a creative work which is used to establish or confirm facts, solve new or existing problems. 
it contributes in learning a topic in depth, having an ability to work and think independently, ability to read 
scientific literature and problem solving skills. 
3. outline is the plan or the order of information you are going to present which should be presented in written 
form (preliminary written script of your presentation). the volume and the time of the research can be shown 
here.
4. script – the written report which you present before the audience, introducing your topic. at the beginning 
it is necessary to present yourselves and the theme of your topic. (ex: Good morning dear classmates (students). 
my name is ….and i (we) would like to present you a project on the theme: …
5.  power  point  is  software  that  lets  you  create  materials  that  can  be  presented  using  a  projector.  using 
powerpoint,  you  can  create  screens  that  effectively  incorporate  colorful  text  and  photographs,  illustrations, 
drawings, tables, graphs, and movies and transition from one to another like a slide show. you can animate text 
and illustrations on the screen using the animation feature as well as add sound effects and narration. moreover, 
you can print out materials to distribute when you are making a presentation.
6. practice can be done at home or in class. the language of the presentation must be simple. avoid long 
sentences  with  complex  vocabulary.  tell  them  what  you’re  going  to  tell  them.  remember  that  55%  of  your 
credibility with an audience comes from your body language: it comes from your voice qualities and from the 
actual words you use. 
7. presenting is the last stage of a research work. the required time is 12 min.per a presentation (if there are 
2 speakers – 6 min. per each). dress appropriately – in comfortable and businesslike attire. take several deep 
breaths to clear your mind, walk confidently to the front of the room, take enough time to arrange yourself and 
your notes, look slowly around you, establish eye contact with several members of the audience, and then, in a 
loud, clear voice, begin your presentation. speak at a slightly slower rate than normally used in conversation. 
vary both your volume and your rate of speaking. use periodic pauses and correct diction. position of your body 
is on the left side of the room (from the audience’s point of view)
What is an argument?
an argument is a collected series of statements to establish a definite proposition, an attempt to persuade by 
offering reasons. 
the elements of an argument
reasons 
a conclusion 
the reasons (premises) in an argument are the claims made in an attempt to persuade you that the conclusion 
is true.
the conclusion of an argument is the main point that it is trying to get you to accept. you’ll often (but not 
always) find this statement either at the beginning or the end of a passage. it may be indicated by a word such as 
“therefore”, “thus”, or even “in conclusion”.
one of the most essential stages in research work is survey.
What is a survey?
a survey is a data collection tool used to gather information about individuals. 
Why do we do surveys?
you can learn what your target audience is thinking
What motivates your clients? 
What’s important to them? 
you can communicate with them to find out what they need or want 
you can make objective decisions (based on research rather than instinct or opinion)
you  can  also  use  surveys  to  keep  a  record  of  your  target  audience  over  time,  so  you  know  how  they’re 
changing and responding to things your organization is doing and directions you’re taking.
surveys are information - the information you need to run your organization in the most efficient and effective 
manner possible
What makes a source reliable?
primary sources (for example in history) 
Who wrote the source and why?
did the author have firsthand experience of the matter described or told, or was he/she far away?
is the author simply retelling gossip that was circulating at the time?
how soon after the event(s) was the source written?
did/does the author have a particular standpoint?
did the author have an agenda, axe to grind?
are there competing versions of the source?
secondary materials 
does the work contain references that allow a reader to check the accuracy of the statements made?
Was the book or article reviewed before publication?
What did reviews say about the book?
Who published the book or article? (in other words, was the book published by a reputable scholarly publishing 
house; did the article appear in a respected journal or newspaper? 
is the book or article obsessed with a particular point of view?
What is the author’s standing/reputation in the academic community?
What is the standing of the institution (college, university, laboratory) where the author teaches and does 
research?
Writing an essay is supposed to be one of the final components to assess students’ research work. they may 
be persuasive, argumentative
persuasive essay writing: are social networks anti- social 
Question: to what extent are social networks anti-social? 
planning 1: What are the different arguments? 
reasons why they are social
reasons why they are anti-social
-they make communication between people easier 
-it makes identify theft easier
planning 2: researching supporting evidence. each reason you have should have supporting evidence and 
examples. these should be clearly linked together 
reasons to support your conclusion
supporting evidence and examples
  

150
151
planning 3: counter argument. it is important to look at both sides of the argument at all times. Why might 
someone disagree with your reasons? below are some examples that you may find useful. you could use a similar 
approach in your essay. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет