458
459
кәсіби құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне
ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. кәсіби құзырлылық – жеке тұлғаның кәсіби
іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлілігі мен қабілеттілігінің бірлігі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығына оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда
өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруға,
оқушылармен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі жатады.
Өкінішке орай, ғылым, техника, өндірістің қарқынды дамуына байланысты қазақ тілі мен әдебиеті оқу
жоспарлары, оқулықтары, оқу құралдары, арнайы бағдарламалардың білім алушылар қызығушылығынан
шықпайтын, тіл меңгерту қызметін толыққанды өтей алмайтын жағдайлар кездесуде. осы себептерге
байланысты оқыту мен тәрбиелеуде бағдарлама мазмұнын жаңартып, іріктеп отыру қажеттігі туады.
маңызды нәтижелерге жету үшін жаңа үйлесімдегі барлық әдістер мен құралдарды қолдана отырып,
жаңа педагогикалық жүйелер жасау, оқытудың белсенді формаларын анықтау қажет.
мұндағы белсенді оқыту формалары дегеніміз – жеке тұлғаға бағытталған заманауи жаңашыл
технологиялар.
жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал.
жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейінін, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,
оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. оқу үрдісінің қызықты жүзеге асуы мұғалімнің
үнемі ізденуіне, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдануына, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.
Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана
отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
“инновация” ұғымы ең бірінші xix ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни,
бір мәдениет түрлерін екінші елдің мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі
күнге дейін сақталған.[3, 24-б]
инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр.
Алайда, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. берілетін
анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. инновацияны “білім беру
жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.
инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. яғни, с. ожегов сөздігіне
сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын
басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. инновация ұғымын әр
елде әртүрлі түсінген. кейбір мемлекеттерде (АҚш, нидерланды) бұл термин кең таралған. Ал, Арабия,
жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай
көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен
баспа беттерін зерттей келе, ресейде, шет елдерде, тмД елдерінде, Қазақстанда “инновация” ұғымына
көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.
жаңаша жаңғырту әдістемесінің (инновация) негізінде үйренушінің дербес қабілеті белсенділігін
қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану аркылы танымдық белсенділігін арттыру алға
шығады.[4, 44-б]
кеңес одағы кезінде тілді үйретудің дәстүрлі тәсілдерін неғұрлым тиімді ету үшін проекционалдық
және дыбыстық техникалық құралдар қолданылды. бұл құралдарды қолданудың практика жүзіндегі
мынадай пайдалы жақтарын ресейлік ғалым в.м. глускин өзінің «шетел тілін оқытудағы техникалық
құралдар» атты зерттеуінде былай деп атап көрсеткен:
- біріншіден, технологиялық құралдар мұғалімнің шәкірттерге ақпараттық мәліметті беруіне мүмкіндік
туғызады;
- екіншіден, технологиялық құралдар сабақ барысында оқушылардың атқаратын іс-әрекеттерін реттеп.
оларға бағыт-бағдар беруіне ықпал етеді;
- үшіншіден, технологиялық құралдар ауызша іс-әрекеттердің кейбір түрлерінен жасалатын жат-
тығуларды қызықты әрі белсенді ете түседі.
шетел тілі пәндерін оқытуда сексенінші жылдарға дейін мектептерде ұзақ жылдар бойы түрлі
жаттығулар, мәтіндер, әндер т.б. жазылған грампластинкалар пайдаланылды. грампластинканы сабақта
қолдану оқушыларды шетел тілін жақсы меңгеріп, оған деген қызығушылығын, ынтасын арттыру үшін
керек еді. сабақ үстіндегі тәсілдерді түрлендіру арқылы білім беруді тиімді етуді көздеген мамандардың
бірі Д.Д. остапенко грампластинкалардағы арнайы диктордың оқуымен жазылған жазбаларды,
фильмоскопты, эпидиоскопты, диапроекторды қолдану барысында мынадай мақсаттарды орындауға қол
жететінін айтады:
1. оқушыларды шет тілін түсінуге үйрету;
2. жеке дыбыстарды, сөздерді, сөз тіркестерін, т.б. дұрыс айтуға жаттықтыру;
3. оқушыларды дұрыс оқуға төселдіру;
4. шәкіртттерді ән айтуға үйрету;
5. өзге елдің музыкалық және т.б. мәдени мұраларымен таныстыру. сонымен, техникалық қүралдардың
шетел тілін оқытудағы тиімді жақтарын қарастырар болсақ, мынадай игі жақтарына көз жеткіземіз:
- техникалық құралдарды қолдану мұғалімнің оқушылар алдындағы беделін арттыра түседі;
- техникалық құралдар мұғалімді көптеген механикалық түрдегі жаттығу жұмыстарынан босатады;
- техникалық құралдарды сабақта тиімді қолдану арқылы мұғалімнің уақыты үнемделіп, ол бос
уақытын нашарлау оқитын оқушыларға жұмсауға мүмкіндік алады;
- мұғалімнің жұмысы тиімді болып, шығармашылық реңкке ие болады. [4, 45-б]
жаңаша жоспарланған сабақтардың бір түрі – қазақ тілі пәнін техникалық құралғылар көмегі арқылы
оқыту. мысалы, компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден
ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. тақырыпты талдау кезінде графиктер,
схемалар, иллюстрациялар жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Қажетті ақпарат жинақтауда электрондык
техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық
жүйе кұрамында электрондық кұралғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Өзге тілді аудиторияда қазақ тілін оқу үрдісінде жаңа мультимедиалық технологиялар үздік әдістемелік
тәсілдермен шебер әрі дұрыс ұштастырылса, өте тиімді нәтиже берерін уақыт өзі көрсетіп отыр.
Аудиоқондырғылардағы материалдарды тіл үйренуде пайдалану қазақ тілінің сөздерін дұрыс естуге,
сөздерді жеке-жеке бөлуге, сөздердің жазылуы мен айтылуын қатар салыстыруға мүмкіндік береді.
сөздердің айтылуын тыңдау мен микрофонды қолдану фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай
туғызады.
бүкіл сынып оқушыларымен істелетін жұмысқа арналған бағдарламалар шәкірттердің оку үдерісіне
белсене араласуын көздейді. мұғалім бағдарламаны көрсетіп, оқушылар компьютер экранынан көргендерін
онымен бірге талдайды. Ал бұндай жұмысты қазіргі компьютерлік тақта арқылы жүргізген жұмысты
балалар үшін ерекше қызықты етеді, әрі мұғалім окушылардың нәтижесін компьютерге шығарады.
осындай бағдарламалар арқылы /multimedia teacher 3/ балаларды қазақ тіліндегі сөзді шыңдауға, оқуға,
сөздер мен сөйлемдерді дұрыс айтуға үйрету жеңіл әрі нәтижелі болады.
Қазақ тілінде түсірілген бейнероликтер, деректі фильмдерді сабақта тамашалау, талдау оқушы көз
алдына үйретілетін тіл болмысын сезіндіреді.
күні бүгін республикамызда түрлі әдістемелік құралдарды, оқу фильмдерін кешенді және жүйелі
түрде дайындап, мектептердің құзырына ұсынатын арнайы студиялар мен фабрикалар әлі күнге дейін
жоғы өкінішті.
Достарыңызбен бөлісу: