Ii. Негізгі бөлім Аймақтың геологиялық құрылымының ерекшеліктері



бет3/9
Дата12.12.2022
өлшемі53,91 Kb.
#56680
1   2   3   4   5   6   7   8   9
-

0,043

-

Ураның қоры

т

%

92123

100

6123

6,6

86000

93,4

Кеңсе аралық кеңестің ПГТУ Минсредмаш и ГлавПУ «Геологиялық барлау» Мингео СССРдің 06.06.1989 жылы құрған 7-22 жобасының хаттамасына сүйене отырып, геологиялық 7-22 тапсырма бойынша флангалық кенорнында алдын-ала барлау жүргізді. Жоспар бойынша барлығы 1227275 п.м ұңғы бұрғылануы керек болды, оның ішінде С1 категориялы қордың көрінісі 561000 п.м 200´50 тор аумағын, С2 категориялы қордың көлемі 357500 п.м 800´50 м тор аумағын, іздеп-бағалап бұрғылау-308675 п.м. 1600-800´100-50 м торды құрайды.


Берілген 7-22 тапсырма бойынша 1991-1995 жылдарда мемлекеттік бюджет бөлген қысқартылған көлемдегі қаржыландыру барысында 305856,1 п.м. бұрғыланды, соның ішінде № 4 аймақ бойынша 203479,7 п.м. іздеме барлау ұңғылары, ал 1996 жылы жұмыс толығымен тоқтатылды. Оңтүстік фланг (IV аймақ) кенорнының 01.01.2005 жылғы барлану көрсеткішінің 1.3 кестеде көрсетілген.
IV аймақ түбегейлі барланып көрсетілген С2 категориялы қор бойынша оңтүстік бөлік 3 жатысының және қималардың 4 жатысының арасы 136-88 болады, Інқұдық горизонтының оңтүстік бөлігі 4 жатысы мен рудалы аумағы Р1 категориялы қор болып көрсетілді.
Сол себепті бұл жобада оңтүстік жатыс бөліктің 3 және 4 жатыс бөлігіндегі С12 категориялы қоры IV аймақтың жалпы көлемінің 30 %, болжалған ресурстар категориялы Р1-70% 200´50 м торда түбегейлі барлау жоспарланып отыр.
Инкай кенорнының Оңтүстік флангы тополист масштабы бойынша 1:100000 К-42-99, 100 Шу – Сарысу депрессиясының оңтүстік – батыс бөлігінде орналасқан. Геологиялық бөлігінің жалпы ауданы 192,0 шаршы шақырымды құрайды.
Административтік қатынас бойынша бұл аудан Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына кіреді,ал аумақтың оңтүстік бөлігі ҚР Қызылорда облысына қарайды.
Жұмыс істеу аймағы Бетпақ-Дала жазығында орналасқан. Бетпақ-Дала шөлді аймағы солтүстіктен оңтүстікке қарай жартылай иілімді құмды -сазды жазықтықты, күрделі тақырлы, дефляционды ошақты, және сирек күмбезді төбешікті болып келеді. Абсолютті белгілері 160 – 200м. Бетпақ-Даланың оңтүстігі мен солтүстігі тік жармен шектелген.
Ауданның гидрографикалық торы Шу, Сарысу, Бақтықарын өзендерінің уақытша жұмысынан пайда болған. Бұл өзендердің ағысы мамыр және маусым айларында күшейіп, кейіннен қатты тұздалған суларға бөлінеді. Судың минералдығы 2,1 - 9,0 л/жыл болып өзгеріп отырады, Бақтықарын өзенінің кейбір аймағында жаз айының соңына қарай тұздылығы 212 л/жыл болады.
Ауданның климаты шұғыл континентальды және температураның жылдық және күндік амплитудалық тербелісімен сипатталады, қысы қатаң, жазы ыстық, көктем айы қысқа, ауа райы құрғақ және жаңбыр түсімі аз. «Бетпақ–Дала» метеостанциясының бақылауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы +6, +9 С0, ең ыстық ай маусым – шілде айларындағы абсолютті максимум температура + 43 С0, ал қыста қаңтар айындағы температураның өзгерісі абсолютті минимум -35 С0. Ауа температурасының өзгерісі жаз айларында +14С0
Жауынның орташа жылдық суммасы 130-140 мм аралығында. Қатты жауын саны жылына 22-40 % құрайды. Ауаның орташа ылғалдылығы 56-59 %.
Осы аймаққа қатты желдің үздіксіз соғуы тән. Штильдің орташа жылдық саны 17% аспайды. Желдің соғу бағыты солтүстік-шығыс, және шығыстан орташа жылдамдығы 3,8-4,6 м/с соғады. Шаңды борандар жиі соғады.
Инкай кенорнының оңтүстік бөлігіне көбінесе құмды топырақ, тек тақыр жерде сазбенен, құмайтпен және тұзды топырақпен ауыстырылады.
Осы жерде көбінесе сексеуіл өседі. Сарысу, Шу өзендерінде көгалды, қамыс, тамырсық кездестіруге болады.
Климатының қаталдығы мен флораның аз болуы жануарлар әлемінің ерекше түрлерін кездестіруге мүмкіндік береді.
Ірі сүтқоректілер қатарындағы сайғақ, жайран, қабан, сондай-ақ ұсақ кеміргіштер түрлерін: сарышұнақ, тышқан, жер қоянын көре аламыз. Жыртқыштар ішінен қасқырды, түлкіні, қарсақты кездестіруге болады.
Қанаттылар әлемі әртүрлі, әсіресе көктемгі және күзгі ұшу маусымында мұнда 150 тарта құс түрін көруге болады.
Жәндіктерден адам өміріне қауіп туғызуы мүмкін сарышаян, фаланг, қарақұртты кездеседі.
Кенді ауданның экономикасы жаңадан жетіліп қолға алынып келеді, оған негізі болған уранды жерасты сілтілеу әдісі.
Жақын жерде орналасқан уран кенорнындары: Буденновка (40 шақырым), Шолақ – Еспе (60 шақырым), Мыңқұдық (80 шақырым), Ақдала (100 шақырым), Жалпақ (140 шақырым), Уванас (160 шақырым), Қанжуған, Мойынқұм(250 шақырым). Уванас, Қанжуған, Мойынқұм (Оңт.бөлігі), Мыңқұдық (Шығ.бөлігі), Ақдала кенорындарында уранды жерасты сілтілеу әдісімен Далалық және Орталық кен басқару ЖАҚ «Казатомпром», ЖШС БК «Катко» көмегімен игеріледі.
Кенорнын өндірісте игеру, сол ауданның инфрақұрылымын анықтайды.
Қанжуған және Мойынқұм кенорындарының игерілуі бізге Таукент қаласының құрылуына, Жанатас-Созақ теміржолының тармағының пайда болуы, және Созақ теміржол бекетінің материалдық - техникалық базасының болуымен қамтамасыз етті.
Уванас, Мыңқұдық кенорындарында Далалық кен басқару Қыземшек ауылының социалды-экономикалық дамуын жалғастыруда. Асфальт жолдарының жақсартылуы ауыл аралық, аудандық және облыс орталығымен қатынасуын жақсартады.
Басқа да таукен кәсіпорындары өндіру және қорғасын-мырышты, мысты, фосфорит кен, кен емес пайдалы қазбалар (Ащысай, Мырғалымсай, Жезқазған, Шымкент, Жамбыл.т.б) қайта өңдеу Шу-Сарысу депрессиясының палеозой массивінің аумағында орналасқан және Инкай кенорнынан 250-500 шақырымға алшақталынған.
1988 жылы №7 экспедицияның күшімен Тайқоңыр ауылымен Бақырлы ауылының аралығында грунтты жолдарының қойыршақ тас жабылымының құрылысы басталды, ол жол Инкай кенорнының оңтүстік флангымен және Буденновка кенорнының бүкіл даласынан өтеді. Тайқоңыр – Бақырлы ауылдарын 73 шақырым жолын ЖШС БК «Инкай» күшімен грунтты жол қойыршақ тас жабылымымен Шиелі ауылына дейін жол салынды.
Барлық негізгі ауыртасылымдар осы бағыттарда: Тайқоңыр –Шымкент (500 км), Тайқоңыр-ст. Созақ (220 км), Тайқоңыр-Алматы (1200 км) жүреді. Жоғарыды көрсетілген барлық жолдар асфальтталған, тек Бақырлы ауылы (110 км) және Шиелі (170 км) ауылдарынан басқалары. Траснспорттың негізгі түрі ауыр жүк тасымалдайтын автомашиналар.
Жақын теміржол станциясы болып: Қызылорда (160 км), Шиелі (170 км), Созақ (220 км) табылады.
Кенорыннан солтүстік-шығысқа ЛЭП-110 Павлодар-Шымкент (100 км) газ құбырлары өтеді.
Тайқоңыр ауылында ГРЭ-7 АҚ «Волковгеология» базасынан басқа ЖШС БК «Инкай» базасы орналасқан.
Осы жобаны жасау барысында №7 экспедиция келесі түрдегі өндірістік күштер болды:

  • бұрғы қондырғылары ЗИФ-1200МР станоктарымен;

  • автопарк, саз зауыты, мехшеберханасы, материалды -техникалық қызмет көрсету қоймасы;

ЛЭП -35 Қыземшек ауылынан Шолақ-Эспе су қоршауына дейін жарықпен қамтамасыз етеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет