Ii. Негізгі бөлім Аймақтың геологиялық құрылымының ерекшеліктері


Гидрогеологиялық және инженерлі - геологиялық жұмыстар



бет9/9
Дата12.12.2022
өлшемі53,91 Kb.
#56680
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.2 Гидрогеологиялық және инженерлі - геологиялық жұмыстар

Инкай кенорнын С1 категориясы бойынша анықтап жатқан соң осы аймақтың гидрогеологиялық шарттарын сулы горизонттарын және неогенді, палеогенді, жоғарғы бор шөгінділерін қарастырады.


Бұл қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай жұмыстар жасалуы керек:

  1. тәжірибелі – сүзгілі жұмыстар

  2. жерасты судың режимі мен балансын бақылау

  3. инженерлі- геолгиялық жұмыстар

Аймақта ұңғыны гидрогеолгиялық шоғыр және бірлік тәжірибелі – сүзгілі жұмыстар жүргізу мақсатында бұрғылайды. Барлығы бірлік 3 ұңғы және1 тәжірибелі – гидрогеолгиялық шоғыр бұрғыланады. Магистраль бойымеен 3 инженерлі – гидрогеолгиялық қашықтығы 5 км тереңдігі 30 м болатын, монолитті жыныстардан керн алып бар интервал бойымен ұңғылар бұрғыланады. Содан кейін зертханада физико – химиялық,сулы–физикалық қасиеттерін анықтайды. Керн диаметрі 10 см болуы керек. Жалпы барлау аймағында бұрғылау көлемі 4290 ауд.м.
Тәжірибелі бірлік ұңғылары және гидрогеолгиялық шоғырлар сулы горизонтты бақылау мақсатында кенді дененің бойымен 1,5-2,5 км қадаммен орналасады. Тәжірибелі гидрогеологиялық шоғыр 7 ұңғыдан тұрады, сонымен 3 ұңғы кенді анықтайды, ал 4 ұңғы пьезометриялық деңгейді бақылау үшін. Шоғырдың мұндай сұлбасы жыныс қалың болған, қимасы бойымен су өткізбейтін шөгінділері бар болған кезде әлде қайда рационалды болады, бұл жағдай бар сулы горизонтты толық бағалауға мүмкіндік береді.
Кенді аймақ үшін шоғырлы ұңғылардың сулы горизонттарының арақашықтығын мына формуламен rn =r1 an-1 анықтаймыз, мұнда r1 > m ( m- сулы комплекстің қалыңдығы), ал a=2,5(айдау сулары үшін).
Алдын ала барлау барысында жүргізілген далалық гидрогеологиялық жұмыстардың алынған деректердің жоғалуына байланысты, 26 ұңғыдан гидрогеологиялық шоғыр 5, 7, 19, 20-да тәжірибелі – сүзбелі жұмыстарды қайта жүргізу керек. Бұрғылау қондырғысының көмегімен ұңғыны сору үшін сүзгіні тазалау керек, 12 ұңғыға кеткен жалпы шығын 48 ст/см құрайды.

Қорытынды


Өндірістік практикадан өту кезінде мен бейіндік пәндерді оқу барысында алған теориялық білімімді бекіттім. Мен геологиялық-техникалық зерттеулер партиясының геолог мамандығы бойынша жұмыстың өндірістік дағдыларын меңгердім, өндірісте қолданылатын құралдармен, механизмдермен, жабдықтармен, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу технологиясымен таныстым. ГТИ станциясында өткізілген уақыт ішінде мен өндіріс процесіне тікелей қатыстым. ARM Геолог геологиялық бағдарламасымен жұмыс істеу дағдыларын алдым. Технологиялық құжаттаманы зерттеу барысында мен кәсіпорынның құрылымымен және жұмыс учаскесімен таныстым. Атап айтқанда, ол ауданның геологиялық құрылымын,алаңының тектоникасын зерттедім. Мен өндірістік практика бойынша есеп жасау үшін барлық қажетті материалдарды жинадым.
Пайдаланылған әдебиеттер
«СП Русбурмаш-Казахстан» материалдары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет