Ii. Негізгі бөлім Аймақтың геологиялық құрылымының ерекшеліктері



бет7/9
Дата12.12.2022
өлшемі53,91 Kb.
#56680
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Инкай

Үйік жиегі (). Бұл жиектегі шөгінділер біркелкі, әрі балшық түрінде таралған. Тек теңіздік құмдақтар ғана аймақтың оңтүстік бөлігінде сақталған және бұл жиектің құрамында екі жиектеме сызылған: төменгі, бұл жиектемедегі теңіздік балшық түсі ашық-қоңыр («шоколад түсті»), екіншісі жоғарғы жиектеме оның құрамына үзік-қабатты сұр және жасыл-сұр түсті балшық кіреді. Жиектің жатыс тереңдігі жоғарыдан бастап 50-60 м шамасында.
Икан жиегі . Негізінен бұл жиек Үйік жиегімен бірге жатыр әрі өте ұқсас, сол себепті бұл екі жиекті ажырату қиынға соғады.. Тек Созақ иілімінің өстік бөлігінде 40 - 50 м аралықтан ғана икан жиегін айқын аңғаруға болады, жиектің құрамында ұсақ түйіршекті сусіңірімді құмдар бар. Үйік және Икан жиектерінің шөгінділері Қанжуған және Мойынқұм кен орындарында ең кенді жиек болып саналады.
Ынтымақ жиегі . Жасыл-сұр түсті, көгілдір-жасыл, үзік-қабатты, сирек массивті болып келетін теңіздік балшықтардан құралған. Жатыстың қуаттылығы 80 мен 150 м аралығында ауысып отырады.
Кешолигоценді-төрттік кешен. Негізінен бұл кешен құрылымы жағынан өте күрделі болып келеді, себебі жауын-шашынның түсуінің жиі үзілісіне байланысты, мұндағы кен бақылаушы инфильтрациялық жағдайдың қиындауы мүмкін.
Берілген кенді аймақтың ауданында негізінен геохимиялық жыныстардың төрт түрлі түрі көрсетілген. Бірінші түріне, құрамында көмір қышқыл газына қаныққан өсімдіктер қалдықтары бар диагенді қалыптасқан сұр түсті құм мен балшық кіреді. Екіншісіне диагенді әрі эпигенді түрде қалыптасқан жасыл-сұр түсті құмдар мен балшықтар кірсе, үшіншісіне бірінші ретті әлі қалыптаспаған шұбар түсті шөгінділер жатады. Төртінші түріне эпигендік қабаттық-қышқылдық жыныс түрі жатады. Бірінші түрдегі құмдар негізінен бағытталған түрдегі шөгінділер, ал екінші геохимиялық түрі-аралық шөгінділер.
Кен аймағында мейілінше көп тараған геохимиялық жыныс ол жасыл-сұр келген және сұр-жасыл болып келген аралық шөгінді.


2.1.3 Аймақтың тектоникалық және магмалық құрылымдары

Депрессияның және кен орнының аймақтық жаңарған құрылымдық жобасы негізінен плиоцен мен төрттік уақыт шекараларында қалыптасқан. Қаратау тектоникасының қалыптасуына байланысты Шу-Сарысу депрессиясының көрші жатқан Сырдария депрессиясынан бөлінуіне тура келді, сондықтан да оның құрылымы өздігінен дамыды.


Жергілікті жобада Мыңқұдық кенді аймағы ШСД-ның орталық бөлігінде, ал Тұран ойпатының шеткі жағында орналасқан. ШСД бор және палеоген кезеңдерінде құрылымдық платформа түрінде, ал неоген-төрттік уақыт аралығында орогенездің ықпалында болды. Инкай кенорнының аймағы Сарысу шұңқырындағы құрылымы жағынаен екінші реттік кен орны болып тіркелді. Сарысу шұңқырының солтүстік шекарасының негізінен белгілі бір көрінісі жоқ. Шұңқырда жабынды шөгінділер ауқымды орын алады ол оңтүстік-батыс бағытына қарай орташа алғандағы иілімдер 15º жасап қабат түзеді. Дәл осы бөлікте Созақ иілімі бастау алады, ол жердегі жабынның қалыңдығы 800м құрайды. Иілімнің оңтүстік-батыс бөліне қарайтын Қаратау антиклинальі солтүстік-шығысқа қарағанда ең күштісі болып саналады және оған себеп негізгі Қаратау ауданындағы градустың ондық шамалық көрсеткішінде. Кенорнының шекарасының оңтүстік бөлігі Созақ иілімінің солтүстік-шығысын, тағы да Бугиджил көтерілімінің солтүстік бөлігіне өтеді және сол жерде 410 м тереңдіктен жиналған шөгінділер алынады. Созақ шұңқырының иілімдік басталуы кеш бор кезеңіне жатады.
Турон дәуірінде көлемі үлкен аудандарда баяу түрдегі өзгерістер болды, соның нәтижесінде қабаттардың құрылымы өзгерістерге ұшырады. Сондай баяу енудің салдарынан Созақ иілімінен солтүстік-шығыс бағытта кең көлемдегі өзен ағысы өтетін болды. Туронның өзендері ұсақ сынықты жыныстарды қалыптастырды. Олар׃ құмдар, алевриттер, саздар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет