Ii. Негізгі бөлім Аймақтың геологиялық құрылымының ерекшеліктері


Кешплиотценді-төрттік меншікті орогенді кешен (N



бет6/9
Дата12.12.2022
өлшемі53,91 Kb.
#56680
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Инкай

Кешплиотценді-төрттік меншікті орогенді кешен (N2 + Q)
Малтатастық-қойыршақтасты шөгінділер ретінде көрсетілген, сондай-ақ қыйыршықтасты және жинақтастарды да байқауға болады. Жатыс тереңдігі 30 - 40 м.
Төрттік платформалық кешендік барлық бөліктерден құралған. Оның шөгінділері Бетпақ-Дала ойпатында қалыңдығы болар болмастай жабынды құрайды, Сарысу және Шу да бұл жабын өзен алқабының жұмысын атқарады және Мойынқұм, Саменқұм сияқты құмды массивтерді біріктіреді. Солардың ішіндегі ең кең тарағандары аллювиальды құмдар, құмайттар, саздақтар, эолды құмдар, құмдақтар және балшықтар. Бір-бірінен жатыс қалыңдық арақашықтығы 10 - 20 м.


2.1.2 Мыңқұдық өнімді жиегінің литологиялық-фациалды және
геохимиялық сипаттамасы

Инкай кен орнында кен сыйымдылығы жоғары болып мыңқұдық және інқұдық жиектері табылады. Бұл жобада уранның қорын мыңқұдық жиегіндегі шөгінділеріндегі кен денелеріне байланысты есептеген, сол себепті литологиялық-фациалды және геохимиялық сипаттамасы тек осы өнімді қабатта келтірілген.


Палеогенді шөгінділер континентті (палеоцен) және теңіздік (эоцен) түзілім ретінде көрсетілген.
Палеоген қимасында төрт түрлі жиек сызылып көрсетілген (төменнен жоғары): уванас, үйік, икан және ынтымақ.
Уванас жиегі . Бір есімді кен орнында 1970 жылы табылған кен сыйдырушы қабат. Инкай кен орнының ауданына түгелдей жайылған болатын.
Уванас кен орнында уванас жиегінің шөгінділері 85 - 120 м тереңдікте жатыр, Мыңқұдық кен орнынан бұл жиекті 130 - 175 м-ден, ал Инкай кен орнынан 170 - 300 м тереңдіктен, ал Созақ иіліміндегі Буденовка кен орнынан 450 м тереңдіктен тапқан. Жиек құрамындағы аймақтың көп бөлігінде үш түрлі жиектеме көрсетілген. Төменгі жиектемеде көбінесе сұр түсті түйіршектері әртүрлі құмдар, осы құмдардың арасында қара-сұр түсті балшықтар мен алевролиттер шағын көлемді қабаттары кездеседі. Ортаңғы жиектеме ашық түсті орта түйірлі құмдармен, ал жоғарғысы жасыл және шұбар түсті балшықтармен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет