Ii. Негізгі бөлім Аймақтың геологиялық құрылымының ерекшеліктері


Аймақтың геологиялық, гидрогеологиялық, технологиялық



бет8/9
Дата12.12.2022
өлшемі53,91 Kb.
#56680
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Инкай

2.1.4 Аймақтың геологиялық, гидрогеологиялық, технологиялық
сипаттамасы

Инкай кенорны уранды гидрогенді типіне, генетикалық тұрғыдан жоғарғы бор горизонтының қабаттық кен басқару типіне жатады.


Урандық кендену осы кенорындарында екі горизонтта жоғарғы бор шөгіндісі – інққұдықта (K2 t2 – st) және мыңқұдықта (K2 t1 ) шоғырланған.
Мыңқұдықтық горизонт негізінен палеозой шөгінділерінен тұрады (P1 gd), олар ұсақ – орташа түрпілі құмдар аз мөлшерде ірі түрпілі басқа да тау жыныстармен және саз түрінде көрсетілген. Оның қалыңдығы 100 – 130 м құрайды.
Горизонттың литологиялық құрамы өте әртекті ірі түрпілі жыныстардан (қойыршақ тас және малта тасты әртекті құмдар, қойыршақ тас – малтатасты жыныстар) құралған.
Жақсы анықталған ритмикалы – стратиграфиялы цикл бойынша горизонт 3 горизонтқа (циклға), сәйкесінше : төменгі (in1 ), орташа(in2 ) және жоғарғы (in3).
40 – 60 м қалыңдықты жоғарғы борлы қимада жалпақтық горизонт ірі түрпілі құмдармен аяқтайды.
Қимада кен денелері ролл пішінді болып келген, жоспарда - өте бұралған ленталар мен жолақтар.
Аймақтың кендері борппылдақ сулы құмды – қойыршақ тас шөгінді болып келген. Уранды минералдану настуран мен коффинитті 84 % және 16 % қатынасында.
Кеннің заттық құрамы–силикатты (80-90%), аз құрамды көмірқышқыл газы 0,2-0,3 %. Мономинералды кендер. Кендегі ППК құрамы кларкты мағыналы : рений< 0,1г/т, скандий -3-5г/т, сирек иттрилі жыныстар -120 г/т дейін.
Зертханалық жағдайларда уранды кеннен бөлу күкіртқышқыл сұлбасы бойынша 80-90 %.
2.1 кестеде гидрогеологиялық кенді аймақ бойынша дәл осы кез аралығына сипаттама берілген.

2.1-кесте Кенсыйымдылық горизонттың қабаттық суының гидродинамикалық көрсеткіштері



Көрсеткіштері

Өлшем
бірлігі

Мыңқұдық

Інқұдық

in1

in2

1. Сүзгі коэффициенті

м/тәу

12,5

13,4

13,7

2. Пьезометриялық деңгей тереңдігі

м

16

17,5

11,5

3. Жабынға гидростатикалық қысым

м

430

385

320

4. Су өтімділік

м2/тәу

758

606

610

5. Ұңғы өнімділігі

л/сек

8,2

10

12

6. Сыбағалы өнімділік

л/сек
м

0,76

1,17

1,05

7. Пьезоөтімділік

м2/тәу

2,6х106

1,4х106

8,5х106

8. Сыбағалы қабылдағыш

л/сек
м

0,3

0,8

0,7

9. Минералдылық

гр/л

3,4

2,8

2,5

10. Тұздық құрамы

Сульфатты –хлоритті - натрий





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет