Інқұдық жиегі (K2t1-st in). Шайылу шекарасымен жақын жерде орналасқан турон шөгінділерінде жатыр. Ерекшелігі түйіршектері ебегейсіз болып келеді, сондай-ақ алынған деректері сұрыпталуы бойынша төмен дәрежеде. Оның қимасында үш түрлі жиек ішіндегі жиектемелер көрініп тұрады, олар қойыршақтасты-малта тасты шөгінділермен басталып соңы ұсақ-орта түйіршекті құм арасында саз қабатының аз ғана көрінісі бар шөгінділер болып келеді.
Төменгі жиектің жатыс тереңдігі 30 – 35 м, ортаңғы жиектікі 55 - 60 м, жоғарғы жиектікі 25 - 35 м.
Төменгі жиектің шөгінділеріндегі қойыршақтасты-малтатастықтың түсі негізінен сұр, жасылыңқы-сұр аралас болады.
Ортаңғы жиекте де әртүрлі түйіршекті қойыршақтасты малта тасты құмдар кездеседі, олар жасылыңқы-сұр түсті болып келеді.
Жоғарғы жиек шөгінділері басқаларына қарағанда литологиялық құрамы бойынша сұрыпталған деуге болады, себебі бұл жиекте көбінесе орта түйіршекті құмдар кездеседі, кейде ғана түйіршектері әртүрлі болып келетін қойыршақтастарды көруге болады. Жоғарыдағы екі жиекке қарағанда мұнда сұр түс басым болып келеді. Сонымен қатар жиектегі жыныстың құрамнындағы шөгінділердің түсі Оңтүстік-батысқа қарай сұр түске қаныға түскен, және осы бағытта жиектің қалыңдығы Созақ ауданына қарай 130 - 150 м құрайды. Інқұдық жиегі аймақтағы кенді өңірдің бірі болып табылады.
Жалпақты жиегі(K2km- gp). Аз ғана үзілістен кейін-ақ інқұдық жиегін жапқан. Екі жиектемеге бөлінген біріншісі ол төменгі-сұр түстісі, ал екіншісі жоғарғы-шұбар түсті жиектеме. Бұл екі шұбар түсті және сұр түсті бөліктердің жиектерінің арасындағы шегі геохимиялық, себебі ол ерте-палеоцен уақытындағы грунт суларының деңгейіне байланысты.
Шұбар түсті бөлік шөгінділері орта-ұсақ түйіршекті құмдардан тұрады, олардың түсі жасылтым-сарғыш-қошқыл-қызыл болады. Жиектің жоғарғы бөлігі қошқыл-қызыл түсті балшықтан, сондай-ақ балшықтың беткі ноқаттарының түсі жасыл. Балшықтар карбонатталған және осы аймақтағы бор кешеніндегі тұзды суларды палеоген суларынан бөлетін шекара болып табылады. Бұл «шұбар» жиектің жатыс қалыңдығы шамамен 20-60 м.
Сұр түсті бөлікті жиекте қиғаш қабатты далашпатты-кварцты түйіршектері орташа сұр түсті құмдар болады, құм арасында сирек болса да қойыршақтас пен малта тас кездеседі. Сондай-ақ балшық, құм, қойыршақтастар аз мөлшерде кездесіп кір-сары шұбар далалық түсті болады. Созақ иіліміндегі миоцендік жыныстардың жалпы қалыңдығы негізінен 180 - 200 м, ал солтүстікке қарай мүлдем кішірейіп кетеді.