в) ¥зын б о й лы, талдырмаш д е н е л і жігіт — Асқардың замандасы (Мұқанов). ¥ з ы н б о й л ы, қыпша б е л д і жас жігіт Құдайберд і мен к е ң ж а у ы р ы н д ы Қамысбай ойға түсе бере көштің алдын көлденеңдеп жарысып барады (Әуезов). С ұ ң ғ а қ б о й лы, биік м а ң д а й л ы, қ ы р м ұ ры н д ы Ә б іш — жұқа ерін, қ ы з ғ ы л т ж ү з д і, сәнді киінген ж а с жігіт (Әуезов). А қ ж а у л ы қ т ы келіншектер, үкілі к а м ш а т бөрікті қыздар көрінді. (Әуезов). Ол... үлкен денелі, саба қ ұ р с а қ т ы, ұзын с а- қ а л д ы, байсалды кісі бопты (Мұқанов);
ә) б и д а й өңді, үріп ауызға салғандай к е л і н ш е к есік алдына шықты (Майлин).
Сапалық сын есімдер сапалық сын есімдерге қатысты болып, лек-сикалық түйдекті тіркес тобымен зат есімге қатысып, туынды және күрделі сын есімдер зат есімдерді анықтап есімді сөз тіркестерін құ-райды, мыс.: қара торы жігіт, ақ сары бояу, көк ала қаз, қара ала бұлт; қасқыр ішікті мырзалар, сүттей жарық аспан, тастай қатты қол, қудай аппақ шаш.
Әдетте, сын есімдер зат есімдердің алдында тұрып анықтауыш-тың қатынаста жұмсалғанмен, кісі аттарына қатысты сын есімдер олардан кейін де тұра береді, мыс.: Біреуді біреуге ұтылап салып, дау туғызбаса, Нүрпейіс пысықтың ішкені ас бола ма? (Майлин).
Сын есімдер анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің б а-сыңқы сыңары болуы да мүмкін. Ол үшін олар субстантивтеніп зат есімдердің қызметінде жұмсалады; мыс.:
К е б е ж е қ а р ы н ж у а н д а р,
Сатылған байға суандар,
Қосылып өңкей қу зәлім
Ыржақтап ардан шығып тұр (Сейфуллин).
Сан есім мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері
Лексика-грамматикалық мағыналары аян сөз табының бірі — сан есім. Олардың лексикалық мағыналарымен әуендес көп, аз, бір-ақ, бірталай, толып жатқан, ұшы-қиыры жоқ деген тәрізді сөздер мен сөздер тобы бар. Бұларды да кейбір ғалымдар сан есімдер қатарына қосады. Өйткені олар санмен айтуға болатын үғымдардың орнына жүреді де, заттың санына қатысты сапаларын білдіреді. Ондай алдамшы ұқсастык, сан есім мен сын есімнің арасындағы жақындықтың айғағы бола алар, бірақ көп, аздар сан есім емес, — сын есімдер.
23
Сан есімдер — заттың анық с а н ы н, сан ретін не мөлшерін білдіретін сөздер. Олардың сын есімдерге ұқсас жері — зат есім-дерге қатысты болу арқылы анықтауыштық қатынаста жұмсалуы. Сан есімдер сол құрамда зат есімдерді сан жағынан анықтайды. Олар кейде үйге кірген екеу, екінің бірі, өзгеде құлақ екеу болса, секретарьда төртеу сияқты тіркестерде сөз тіркесінің басыңқы сыңары болуы мүмкін. Бірақ ондай өте сирек кездесетін мысалдарды елемегенде, сан есімдердің синтаксистік табиғаты басыңқылықты суймейтін, негізінде бағыныңқылың ыңғайда жұмсалатын сөздер екенін аңғартады, мыс.: екі бие — ел асы, үш бие — бұлақ басы, бір бие — жоқтың қасы (мәтел).
Сан есімдер зат есімдермен не олардың орнына жұмсалған басқа есімдермен қабыса байланысып анықтауыштық қатынаста жұмсал-ғанда, өздері қатысты есімдердің ең басты сандық сапасы ретінде бір санның басқа санмен алмасу шегі болмайды. Сондықтан оларды, сын есімдермен салыстырғанда, зат есімдермен тіркесу қабілеті күшті сөздер деп танылады, бірақ сан есімдер барлық зат есімдермен тіркесе бермейді, олар талдап, даралап санауға болатын заттармен тіркеседі де, бөлшектеуге келмейтін абстракты зат есімдермен тіркеспейді. Өйткені алдыңғылар — санауға болатын заттар да, соңғылар — санауға болмайтын заттар, мыс.: қой, ағаш, үй, адам, қалам, терезе сияқтылар бір топ та, қылық, жақсылық, мінез, қытық сияқтылар бір топ.
Сан есімдер тіркесе бермейтін, екінші топқа жататын зат есімдер былай бөлінеді:
1. Абстракты сапалық зат есімдер, мыс.: жақсылық, тазалық, жалқаулық, білімділік, сезімталдық, сұлулық, әсемдік, қор-қақтық; қорқыныш, мінез, қытық, наз, әдет т. б.
2. Процесті білдіретін абстракты зат есімдер, мыс.: гүрсіл, тарсыл, ызың, тартыс, жалғас, айтыс, қарбалас т. б.
3. Қоғам құрылысы, ілім — ғылым аттарын білдіретін зат есімдер, мыс.:
Достарыңызбен бөлісу: |