Зат есімді тіркестер
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі — зат есімнен құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қа-быса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады, мыс.: алтын сағат, ағаш күрек, жібек орамал т. б.
Осындай тіркестер көбінесе екі зат есімнен құралады да, олар өз ара әр уақытта анықтауыштық қатынаста айтылады, бірақ олардың бағыныңқылары сөйлемнің күрделі мүшелерінің құрамына еніп кетуі мүмкін, мыс.: пұшпақ бөрік, алтын жұлдыз, қол тиірмен, қамыс құлақ.
Осы тәрізді, қатар тұру арқылы бірін-бірі анықтайтын зат есімдер тобы екі, үш, кейде төрт сөзден құралуы мүмкін: темір қанат, ба-лапан, қой көз бала, шоқпар бас темір таяқ, су жаңа жібек кілем, қос ауыз мылтық, бір қора қой.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері тұрған орнына қарай бай-ланысқанда, әрбір анықтауыштың тіркес фразалык, (ритмикалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады.
20
Синтаксистік байланыста айтылып, мағыналық топ болып тұра-тын сөз тіркестері түркі тілдерде, оның бірі қазақ тілінде, көбінесе екі (кейде одан да көп) сөздің қатар тұруы арқылы жасалады.
Екі сөзді қалай болса солай қатар қоя салудан сөз тіркесі жасала бермейді. Өйткені, есімдерден құралған тіркестер тобына кез келген зат есім ене бермейді. Оған өз ара мағыналық байланыста бола алатын сөздер, тілде солай айтылып үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темгр күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды (орын ауыстырып айтуға болатын жағдайда басқа мағыналық қатынасты білдіреді, мыралы: сағат қалта — қалта сағат, көз әйнек—әйнек көз). Зат есімдерден болған сөз тіркесінің бірінші сыңары көбінесе конкретті, материалды заттың аты, кейде солай ұғынылатын басқа есімдер болады. Күш, өнер, өнеге, қайрат, әрекет, айла, айбат, сес, ұйқы, тәртіп, абырой, кінә, түс, обал сияқты абстракты зат есімдер сол түбір қалпында ол топтың бірінші сыңары болып айтылмайды 2.
Бірқатар зат есімдер, жоғарғыдай, анықтауыштық құрамда жұм-салу үшін ол екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді; мысалы, жалғыз аяқ жол, бір арқа отын, бір қайнатым шай, екі асым ет, қалқан құлақ бала дегендерді аяқ жол, арқа отын, қайнатым шай, асым ет,құлақ бала деп айтуға болмайды. Сондай-ақ зат есімді тіркестің бағыныңқы сыңарлары тек қос сөз ретінде айтылады да, дара қалпында ондай сөз тіркестерін құрай алмайды. Мыс.: қора-қора қой, тау-тау қырман, үйір-үйір жылқы, мая-мая шөп, тарам-тарам жол, білем-білем қазы.
Бірқатар зат есімдер жалаң қалпында тіркеспейді де, олардың алдында ұзын, келте, биік, шолақ ,қаба сияқты сын есімдері болса, тіркеседі, мыс.: Ұзын құйрық жылан, келте құйрық ат, биік өкше етік, шолақ етек белсенді, қаба сақал шал.
Мұндай күрделі сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары кейде тұрақты тіркес болады да (мыс.: қалқан құлақ , бұлан құйрық, қаба сақал, салпы ерін), кейде бірін-бірі анықтайтын еркін тіркес құрамында жұмсалады.
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің мағыналық қаты-настары әр түрлі: кейде екі зат есім тіркесіп бір заттың қандай заттан істелгенін білдірсе (мыс.: күміс сағат, темір пеш), кейде не үшін жұмсалатынын (мыс.: өкше біз, кір сабын) т. б. мағыналарды білдіреді. Олардың қандай мағынада жұмсалуы құрамында сөздердің түр-түрі болуымен байланысты. Мысалы, қол сағат — қолға тағатын сағат, электр сағат — электр күшімен жүретін сағат; тас жол — тас төселген жол, тас балға — тасты тегістеу үшін жұмсалатын балға, тас жүрек — жүрегі тастай, мейірімсіз деген мағынада.
Осылардай, қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің мазмұны бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңардың құрамына, өз ара ма-ғыналық байланысу ерекшеліктеріне қарай түрленеді.
Сын есім мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері
Дүниеде әр алуан зат болса, сол заттардың бірін екіншісінен айыратын не көбіне ортақ сыны, сапасы болады. Заттардың сондай ерекшеліктерін білдіретін сөздер — сын есімдер. Олар заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін сөздер. Өйткені затсыз сын жоқта, сынсыз зат жоқ. Сондықтан сын есімдер мен зат есімдер біте
2 Сыр мінез, тұтқын қыз, күлім көз, сандырақ сөз, жетілік қарга сияқтылар бұған жатпайды.
21
қайнасып, бірі екіншісіне қатысты болып, есімді сөз тіркестерінің үлкен тобын құрайды. Бұл құрамда сын есімдер сөз тіркесінің бағы-ныңқы сыңары қызметінде, анықтауыштық қатынаста зат есіммен қабыса байланысады. Анықтауыштық қатынастағы сын есімдер мен зат есімдер тобы әр түрлі сөздерден құралатындықтан, солардың лексикалық мағыналарының ерекшеліктеріне сәйкес сөз тіркес-терінің анықтауыштық мағыналары да әр алуан болады. Мысалы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сапалық есімдер заттың т ү -с і н (ақ қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл, тарғыл сиыр), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең сарай, жалпақ тақтай, үлкен қайрақ , терең көл), заттың т а б и ғ и күйін (қалың қарағай, салқын жел, тәтті тамақ), адамның, басқа заттың і ш к і сыпатын (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат, шабан үйрек, сараң әйел), тамақтың д ә м і н (тәтті қауын, ащы сорпа, қышқыл жеміс), заттың с а л м а қ т ы қ сапасын (ауыр жүк, жеңіл чемодан) т. б. білдіреді.
Осындай, әр түрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен тіркесе бермейді және барлық сын есімдердің зат есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес. Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынын білдіреді. Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады. Сол сияқты, асау сөзін асау ат, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал, асау тау деп айту ерсі болады. Оның себебі әрбір сын есімнің білдіретін лексикалық мағынасы белгілі заттың (не заттардың) заттық ерекшелігімен үйлесімді, белгілі затқа (не заттарға) тән сапа болады. Сондықтан, мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың сапасы деп айтуға болады. Көркем әдебиетте, ондай, белгілі ғана заттың сапасын кейде мағыналық үйлесімі кем басқа затқа теліп, сол арқылы сөз тіркесінің мазмұнын көрікті етіп әсірелеуге болады, мыс.: асау жүрек, асау толқын, жалынды жас, әсем өмір, сұлу сөз.
Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі бар затпен еркін тіркестіре беруге болады, мыс.: ақ қағаз, ақ қар, ақ гүл, ақ бидай, көк шөп, көк қағаз, көк бояу, көк аспан. Бұл жағынан малдың түсін білдіретін сын есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар: біріншіден, ақ, көк, қара, қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал аттарымен тіркестіргенде, олардың түсі басқа заттардан ерекше болып үғынылады; екіншіден, ондай түстердің бәрін бірдей барлық малдың түсі ретінде қолдануға болмайды..
Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында сөз тіркесінің бірінші (бағыныңқы) сыңары түбір қалпын өзгертпейді де, екінші (басыңқы) сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне ешқандай қатысы болмайды.
Салыстырмалы шырай сындық сапаның басқа заттың сапасынан артық-кемдігін білдіру үшін жұмсалатындықтан, ондай шырай тұлғалы сын есімдер зат есімдермен қабыса байланысқан тіркес құрамында онша көп айтылмайды. Олар сол салыстырмалы шырай мағынасында көбінесе баяндауыш қызметінде жұмсалады, мыс.: үлкендеу б ө л м е г е екі адам кірді. Бұл бөлмеміз ана бөлмеден үлкенірек.
Күшейтпелі шырай өзі қатысты заттың сындық сапасы әдеттегі-ден артық екенін білдіретіндіктен, зат есіммен қабыса байланысып есімді сөз тіркесінің құрамында өте жиі кездеседі. Ал салыстырмалы шырай жұрнақтары, жалғанған сын есімдер зат есімді сөз тіркесінің құрамына ену үшін көбінесе «келген» көмекші етістігі арқылы ұласады, мыс.: қып-қызыл қан, үп-үлкен қора; өте әсем қалалар, ең жақсы студент; үлкендеу келген көзі (бар), биігірек келген үйлер (тұр).,
22
Кейбір сапалық сын есімдердің мағыналарын күшейту үшін олардан бұрын тастай, сүттей, удай тәрізді қатыстың сындар айтылады, мыс.: тастай қатты қол, сүттей жарық аспан, удай ащы дәрі, зілдей ауыр таяқ.
Қатыстық сын есімдерді бөлек-бөлек алғанда, олардың зат есім-дермен тіркесу қабілеті онша мол болмайды. Туынды сындар көбінесе белгілі зат есімдер тобымен ғана тіркесе алады, мыс.: желсіз дала, бауырмал адам, шіңкілдек дауыс, талапты жас, ақылды бала, қалалық совет.
Сын есімдер, әдетте, зат есімдерге қатысты болатындықтан, зат есімнен жасалған туынды сын есімдердің де сапалық анықтауышта-ры бола береді. Басқаша айтқанда, сапалық сын есімдер қатыстық сын есімдермен тіркеседі; сонымен қатар зат есімдер туынды сын есімдермен, сын есімдер зат есімдермен тіркесіп, күрделі анық-тауыштық топ құрайды:
Достарыңызбен бөлісу: |