-ш а\\-ш е тұлғалы жанды зат есімдерден жасалған үстеулер салт етістіктермен тіркесіп, сол заттарға тән істің тәсілдерін білдіреді, мыс.: боташа боздау,өгізше өкіру, қазақша сөйлеу, ерлерше күресу. Олар пештің үстінде отырып, қазақша кеңесті (Мұқанов). Уа, ендеше осылай... өзгеше бір е р л е р ш е қ у а н а й ы қ! (Әуезов). Е с к і б и ш е о т ы р м а н бос мақалдап, е с к і ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай). Оқты жаңбырша ж а у д ы р а д ы (Сейфуллин).
38
Барынша, көбінше (көбінесе) тәріздес үстеулер қатысгы етістікті сөз тіркестері істің сан-мөлшерлік және салыстырма мезгілдік дәре-жесін білдіру үшін жұмсалады, мыс,: көбінше үйде боламын, барын-ша күтті, осынша күттірді. Қоғамның материалдық, мәдени қажеттерін барынша қанағаттандыру к е р е к (газеттен). Бүгін қал деп о с ы н ш а ө т і н с е м де қалмады. Оны күндіз б а р ы н- ш а к ү т е д і (Әуезов). Ең қайратты деген Тілеудің о с ы н ш а е г і л г е н і н е с і? (Сланов). Құнанбай онша ш і м і р к е н г е н ж о қ-т ы (Әуезов). Қ а н ш а м а қысып сұраса да, үйымдас-тырушыларды таба алмады (Есенжанов).
Кейде -ған тұлғалы есімшелер де -ш а\\-ш е жұрнағын қабылдап, мезгіл үстеулеріне айналады. Ал мұндай үстеулер көбінесе өзі меңгеретін есім сөзбен бір тіркесте қолданылады да, осы күйінде тұтасымен етістікке қатысты болады: Айтыс О й ы л ғ а ж е т к е н-ш е басылмады (Мұстафин). Менің мектебіме түс... Қ о л ы м н а н келгенше қ а р а с ы п к ө р е й і н (Сланов).
-дай\\-дей, -сыз\\-сіз аффикстерін жалғау арқылы есімдерден жасалған үстеулер сирек кездеседі. Дегенмен мұндай үстеулер етістікті сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. Зат есімдер мен -ған тұлғалы есімшелерге -дай\\-дей жұрнақтары жалғану арқылы жасалған үстеулер салт етістіктермен және сирек болса да, сабақты етістіктермен тіркесіп, қимылдың салыстырмалы сапасын білдіреді, мыс.: бұлбұлдай сайрау, көріктей көтерілу, сүліктей сору, шыбықтай бұраңдау, безгек болғандай қалтырау. Кеудем к ө р і к т е й көтерілді (Мүсірепов). Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды (Абай). Білте шам б е з г е к б о л ғ а н - д а й қалтырап тұ р (Мүсірепов). Ол м е н і танымағандай бетіме қайта-қайта қ а р а д ы (Шаймерденов). Қонақтың ұйқысы ш а й д а й ашылды (Мұстафин).
-с ы з || -с і з тұлғалы үстеулермен келген етістікті сөз тіркестері кимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі амалын, күйін білдіреді, мыс.: орын- сыз сөйлеу, еріксіз күлу, үздіксіз көбею. Василий Антонович е р і к -с і з күліп ж і б е р д і (Мұстафин). Кітапханалардың саны да үздіксіз к ө б е й і п к е л е д і («Қаз. әдебиеті»). Итбайдың жазықсыздан-жазықсыз Амантайды бір сабатқаны бар еді. Мынау Сырдария сияқты мол судың ауылдың тұсынан пайдасыз ағып жатуы өз денесінің қаны төғіліп жатудан кем батпайтын еді (Мұқанов). Кейбіреу жайдары, ашық боламын деп, орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай).
Е с к е р т у. Туынды үстеулердің кейбірі сын есіммен тіркеседі, мыс.: тастай қараңғы, сүттей ақ, мұнша көп, онша көп емес, оншалық сапалы емес.
Еліктеуіш сөзі бар тіркестер
Еліктеуіш сөздерді өзіндік дербестігі бар сөз табының бірі деп танимыз. Еліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші не негізгі етістіктермен бір тіркесте қолданылады, мыс.: (мылтық) тарс етті, (жарық) жылт етті: (арба) кілт тоқтады, (бала) жалт карады.
Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұм-салатын еліктеуіш сөздер етістіктерді мәнерлі түрде еліктеу түрғы-сынан сыпаттайды. Оның ішінде бір буынды еліктеуіш сөздері бар тіркестер қимыл-әрекеттің шапшаңдық қарқынын меңзейді, мыс.: жалт бұрылу, тарс жабылу, кілт тоқтау, Ал, қосарланып айтылған еліктеуіш сөздері бар етістікті тіркестер қимыл-әрекеттің созылымдылығын көрсетеді, мыс.: жалт-жалт қарау, бұрқ-бұрқ қайнау, тарс-тарс соғу. Сонда олардың мағыналары кісінің көру не есіту сөзіміне үйлесімді
39
болып, кейде дыбысқа еліктеуді, кейде қимылға тән әрекеттің көріну амалын білдіреді. Өздерінің осы ерекшелігіне лайық әрбір еліктеуіш сөз белгілі етістіктермен не етістіктер тобымен тіркесе алады. Осы түрғыдан қарағанда, еліктеуіш сөздері бар тіркестерді тұрақты деп те есептеуге болатын тәрізді. Алайда бұлар еркін тіркестер қатарына жатады. Өйткені ондай тіркестердің құрамындағы сөздер өздерінің лексикалық та, грамматикалық та дербестігін жоғалтпайды. Оның үстіне, еліктеуіш сөздердің тіркестік топ құрай алатын етістіктері белгілі ғана сөздер болғанмен, ол етістіктермен тіркесе алатын елік-теуіш сөздер бірнеше болуы мүмкін, мыс.: қарқ-қарқ күлу, сақ-сақ күлу, сылқ-сылқ күлу, мырс-мырс күлу.
Мұндай тіркестердің көп жұмсалатын жері — көркем әдебиет. Онда олар көрікті, көркем, әсерлі ойдың материалы есебінде қолданылады. Кісінің көру, есіту сезіміне әсер ететіндей эмоциялы, экспрессивті күште болады.
Еліктеуіш сөздер қуану, сағыну, түсіну тәрізді адамның ішкі сезім күйін білдіретін етістіктермен тіркеспейді. Олар көбінесе қимылды немесе заттың әрекетін білдіретін салт етістіктермен тіркеседі, мыс.: жалт бұрылу, кілт тоқтау, зыр айналу, күрс жарылу, морт сыну, жалт-жалт қарау, тырс-тырс соғу, бұрқ-бұрқ қайнау.
Достарыңызбен бөлісу: |