Біреу дауыстаңқырап:
— Қалқажан! — деді.
— Әу! — деді екіншісі назды дауыспен (Майлин).
Төл сөз құрамы жағынан әр алуан болып келеді: Ол жеке бір сөз болуы да, бір сөйлем болуы да, болмаса әлденеше сөйлемдер тіз-бегінен құралған тұтас бір үзінді болуы да мүмкін. Төл сөз сөйлем-дердің мағыналық жағынан да, құрамы мен мүшеленуі жағынан да тіліміздегі төл сөз емес түрлерінен ешқандай өзгешеліктері болмайды. Тілімізде қандай құрамда, қандай мағыналық сазда айтылатын сөйлемдер болса, соның барлық түрі де төл сөз сөйлемдерде болады.
Төл сөз қандай құрамда, қандай мағынада айтылса да, ол автор сөзімен байланысты болады. Құрам жағынан автор сөзі де әр турлі құрылыста айтылады. Оның қандай құрамда айтылуы автордың төл сөзге байланысты нелерді байқатқысы келетініне, контекске байла-
226
нысты болады. Егер автор төл сөздің кімдікі екендігін көрсетумен
ғана тынатын болса, автор сөзі бір-екі сөзден ғана құралады. Мысалы: «Трагедия— драмалық поэзияның жоғарғы басқышы және шолпаны»,— дейді Белинский. Егер төл сөзді қолданушы адам оның кімнен, қайдан алынғанын көрсетумен бірге төл сөз иесінің оны қан-дай жағдайда, қалай айтқанын, оған өзінің көзқарасын байқатқысы келетін болса, автор сөзі бірнеше жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлем болып кетуі де мүмкін, мысалы: Зәйкүл ауыл жаққа жал-таң-жалтаң қарады да:
— Ойбай, тентекжан, жүр, ауыл адамдары жүгіріп келеді! — деп, шелегін жерден көтеріп алды да, жүруге ыңғайланды. (Майлин).
Төл сөз автор сөзімен байланысты болады дедік. Бірақ ол байла-ныс төл сөздің бастапқы құрылысын өзгерте, оған грамматикалық жаңа дәнекерлер қосу арқылы болмайды. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін, оның тіпті жеке бір сөзінің грамматикалық формасын өзгертіп айтатын болса да, ол төл сөз болудан қалады. Сондықтан төл сөздің автор сөзімен байланысы оның (төл сөздің) бастапқы құрылысына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін то-лық сақтау жағдайында жүзеге асырылады. Төл сөз бен автор сөзі арасындағы мұндай байланысты қамтамасыз ететін байлауыш дә-некер -д е көмекші етістігі.
Төл сөздің бастапқы дербестігің толық сақтай отырып, оны автор сөзімен байланыстыру функциясын д е етістігінен басқа ешбір сөз, ешбір грамматикалық форма атқара алмайды. Д е етістігінің төл сөздің төл сөз екенін танытудағы қасиеті де оның осы функция-сында.
Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру функциясында қолданыл-ғанда д е етістігі д е д і, д е г е н, д е р, д е й т і н, д е й д і, д е п т і д е п, д е с е (де) және есімшенің әр алуан септік жалғаулы түрлерін-де айтылады. Мысалы:
— Тым бері бұрыла бермеңіз, күнбатысқа таман жүрейік,— д е д і жолдасым.
— Жамандатқыр, мынау бір ит екен! Тіпті жүрмейді, — деп қамшымен салып-салып жіберді. Әжем мені оятып:
— Жаппас келіп қонып жатыр. Базарбаймен көрісіп, қарағымды сүйіп келдім,— д е й д і. Келе жатқандар:
— Анау кім?—десті. Әбдірахман:
— Шұғаны алмай тынбаймын!— д е у м е н болды (Майлин).
— Әруағың да өзі, жастарының жендеті де өзі болғаны ма? — д е г е н д е, Абай оған сәл сүйсіне қарады.
— Ендеше, Еңлік, Кебек құраны мынау болсын,— д е й салып, тамағын кенеп алып, шырқап тұрып әсем, қоңыр дауысымен ән бастады. Абай:
— Мынау елдің, қажырлы елдің, дәл бұл ісін аяқсыз тастап болмайды,— д е г е н.
— Қазірден бастап аттаныңдар!— д е г е н д і айтты да, өзі де орнынан тұра бастады (Әуезов).
Төл сөз бен автор сөзін бір-бірімен байланыстырушы д е етістігінің жоғарыда көрсетілгендей формалық құбылыстарда келуі оның өзінен кейін тағы қандай сөздердің айтылуына және сонымен синтаксистік қатынасқа келу қажетіне байланысты болады.
Автор сөзі орналасуы жағынан да түрлі-түрлі болады: төл сөзден бұрын келуі де, төл сөзден кейін келуі де, төл сөздің екі жағында бірдей келуі де, төл сөздің ішінде келуі де мүмкін. Соған қарай оның синтаксистік құрылысы да әр түрлі болады.
227
Автор сөзінің төл сөздің алдында ғана келуі оның басқа орында қолданылатын түрлеріне қарағанда сирегірек қолданылады. Автор сөзінің бұл түрі формалық жағынан тиянақты болып келеді де, төл сөзбен онша тығыз байланыста айтылмайды, одан кейін төл сөздің келтірілетіндігі оның тек мағынасынан ғана байқалып тұрады, мы-еалы: Әбіш аз ойланып отырып, ендігі сөзін бастады:
— Қадірлі Мағыш, мен осы келгенде, ең алдымен, сізден кешірім өтінгелі келдім. Әбіш сөйлеп отыр: — Мен сізді байлаусыз, жау- апсыз ұзақ күттіргеніме кешірім сұраймын.
Төл сөзден бұрын келетін автор сөзі кейде өзінен кейін төл сөздің келетінін білдіре, соған нұсқап айтылады. Мұндай жағдайда автор сөзі ішінде мынау, б ы л а й, мынаны дегендер тәріздес сілтеу мәнді сөздер де болады, мысалы: Сөзінің қорытындысында ол былай деді:
— Әлде мені сабаща жаңа түскен бала деймісің. Сендер білгенді мен баяғыда білгенмін. Сендер көргенді баяғыда көргенмін... Оның айтқаны мынау:
— Мен үшін қам жемеңдер. Не істеуді өзім де білемін... (Мұс-тафин).
Автор сөзі төл сөзден кейін келеді. Мұндай жағдайда төл сөз бен автор сөзі арасында әрдайым де етістігі келеді және ол, жоғарыда айтылғандай, әр алуан тұлғалық құбылыстарда тұрады. Егер автор сөзі төл сөздің иесін атаумен ғана тынатын болса д е етістігі тиянақ-ты формада (көбінесе, жіктік жалғаулы түрде) айтылады, мыс.:
— Сабырды саботажға, насихатты бос былшылға айналдырмау керек,— д е д і Аман (Мұстафин).
— Осының жылқысы мыңға жетеді. Сиқын қарашы,— д е й д і Тоқабай. «Көпті жамандаған көмусіз қалады»,— дейді халық мақалы (Мұстафин).
Автор сөзінің мұндай құрамды түрінде д е етістігінің дәнекерлік қызметінен гөрі сөйлемге тиянақтылық мән беру, оны аяқтап тұру қызметі басым болады. Ол (д е етістігі) төл сөзді өз құрамына алады да, сонымен бірігіп барып, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқа-рады.
Төл сөзден кейін келген автор сөзі кейде өз алдына жеке бір, не-месе бірнеше жай сөйлемдерден құралған күрделі болып та келеді. Мұндай жағдайда д е етістігі есімше, көсемше я д е шылаулы фор-мада айтылып, төл сөзді автор сөзімен байланыстыру қызметін атқа-рады, мысалы:
— Баласы әке болғанда да, әкесіне бала ғой,— д е п, Аман көзіне жас алды.
— Дұрыс-ақ, бір Малқар құласа, он Шөгел аяғын байқап басады,— д е д і де, Алексей орнынан тұрды.
— Рақмет, осы атағаныңыз да жетеді! д е п Аман Қалабайдың қолын ұстады.
— Мынау не жұмбақ, жаным-ау!? Не үшін берді?— д е п, Аман ойланып келе жатқанда, Таймас оның қолынан орамалды алды да, жымың-жымың етіп қалтасына салды (Мұстафин).
Автор сөзінің төл сөзден кейін келуі көркем шығармаларда бо-латын диалогты сөйлемдерде өте жиі қолданылады да, цитат түрінде келетің төл сөздерде өте сирек болады. Ол — төл сөздің бұл екі түрінің өзіндік ерекшелігіне байланысты.
Автор сөзінің қазақ тілі синтаксисінде көп қолданылатын және ертеден бері қарай келе жатқан көне түрі — төл сөздің екі жағында келетін түрі. Автор сөзінің бұл түрінің атқаратын қызметінде немесе мағынасында алдыңғы екі түрінен (төл сөздің алдында және төл сөз-
228
дің соңында келетін түрлерінен) ерекше өзгешелік жоқ. Бұл негі-зінде алдыңғы екі түрдің бір жерге топталуы дуеге болады. Мысалы: Аман құрама ауылдан көз алмай келе жатып: — Жақаңның қолына болыстық тимей жүр екен ғой, —деді Мақаш Аманга қарап: — Бәлем, өзіңнен зорға кездессең, жым боларсың,— деп қояды.
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, тұңғыш педагогі Ыбырай Ал-тынсарин: «Қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды. Оның ой пікірі еркін. Оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр»,— деп жазған болатын (Алтынсарин).
Тіліміздің қазіргі синтаксистік құрылысында автор сөзінің бұл түрінде төл сөзден бұрын келген бөлшегі аяқталмаған, тиянақсыз түрде айтылады да, төл сөзден кейін келген бөлшегі тиянақты түрде айтылады. Ал, ертеректегі әдебиеттерде бұлардың құрылысы біраз өзгешерек болып келеді. Мысалы: Сонда Төлеген айтты: «Қанша күнде барамын?»—деп. Сонда Төлеген үш рет дауыстап шақырды: «Бұл үйде кім бар? Сен еркекпісің, ұрғашымысың?! Тірі адам бар-мысың?»—деп («Қыз Жібек»).
Достарыңызбен бөлісу: |