Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет121/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады»,д е п (Құнанбаев).
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып ақыл айтты:
Балам, дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың ешқай-сысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,д е п. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киім жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қалмас,д е п (Алтынсарин).
Бұл келтірген мысалдардың барлығында да, төл сөздің алдында келген автор сөздері етістіктің тиянақты түрлеріне (жіктік жалғау-лы) аяқталғанда, төл сөзден кейін д е п етістігі келіп отырған. Автор сөзінің мұндай құрылыстағы түрі ауыз әдебиетіне жататын шығар-маларда, сол сияқты, Ыбырай, Абайлардың қара сөзбен жазылған еңбектерінде, жалпы көнерек жазу нұсқаларында көп кездеседі. Ал әдеби тіліміздің қазірсі синтаксисінде де етістігінің, жоғарыдағыдай көсемше (деп) формалы түріне аяқталатын төл сөзді сөйлемдер болмайды. Егер төл сөзден кейін келген д е етістігі көсемше форма-да айтылатын болса, одан кейін не басқа бір тиянақты сөз келеді, немесе тұтас сөйлем айтылады.
Автор сөзінің төл сөздің ішінде келетіні де болады. Төл сөз бен автор сөзінің мұндай қатынасы әдеби тілімізде кейінгі дәуірлерде к;алыптасты. Оның қалыптасуына орыс тілінен жасалған аударма-лардың ерекше әсері болды. Төл сөз бен автор сөзінің бұл құрылыс-тағы түрі қазірдің өзінде де онша етек алып кете қоймағанымен, төл сөздің диалог түрінде болсын, цитат түрінде болсын сирегірек болса да кездесіп қалып отырады.
Автор сөзінің төл сөздің ішінде келетін түрі төл сөздің бір сөй-лемінің ішінде келуі де, екі сөйлемінің арасында келуі де мүмкін. Мысалы:
Үйренбеген кісіге солай да,д е д і қазақ әйелге қарап жымиып қойып,Тұрғын елдің адамына мұндай ыстық түк те емес. Олар жүмыстарын істеп жүре береді.
Рас,деді Байжан.Күріш расында да суда өседі. Екі айдан артық суда тұрады ол.
229

Жиырма сантиметрден кем болмауға тиісті,д е д і Бай~ жан қазаққа қ а р а п қ о й ы п.


Солай болар, ағай? «Поэзия,д е й д і В. Г. Белинский,. искусствоның жоғарғы тегі».

Төлеу сөз


Жазушы я сөйлеуші адам біреудің сөзін, пікірін пайдаланғанда, оны, жоғарыда айтылғандай, әрдайым ешқандай өзгеріссіз, бұлжыт-пай келтіріп отырмайды. Кейде оны азды-көпті болса да өзгертіп, өз тарапынан сөздер, қосымшалар қосып, кейбір сөздерін алып тастап, грамматикалық кейбір формаларын өзгертіп пайдаланады.Мысалы:


Мен басалқы айтқалы келгенім жоқ, шақырған соң келдім. Ағат кеткен жерім болса, ойланайын, сіздер де ойланыңыздар. Ой мен ел ешкімнің еншісіне берілмеген. Әркімнің-ақ «ойым» деуге, «елім» деуге хақы бар,деді де, Аман орнынан тұрып жүре берді. Осы сөйлемдегі Аманның сөзі болып тұрған төл сөзді төлеу сөзге былайша айналдырып айтуға болар еді: Аман басалқы айтуға келмегенін, шақырған соң келгенін, ағат кеткен жері болса, ойлана-тынын, олардың да ойлануы керектігін, ой мен ел ешкімнің еншісіне берілмегенін, әркімнің-ақ «ойым» деуге, «елім» деуге хақы барлы-ғын айтты да, орнынан тұрып жүре берді.
Төлеу сөз түрінде берілгенде, Аманның сөзіне қандай өзгерістер енген? Енді соны талдайық:
Ең алдымен, Аман сөзінің синтаксистік құрылысы бұзылған. Ол — төл сөз түрінде айтылғанда, екі құрмалас, екі жай сөйлемнен құралған болса, төлеу сөзге айналдырғанда, ықшамдалған, сыйыс-тырылған бір ғана жайылма сөйлем болып қалған. Ал, бұларды олай сыйыстырмай, әр төл сөзді сөйлемді төлеу сөзді сөйлем етіп жеке-жеке айту — дұрыс болмас та еді. Екіншіден, төл сөздің сөйлемдік құрамының өзгеріске ұшырауының нәтижесінде төл сөздегі сөй-лемдік, тиянақты интонациялар жойылып, олардың орны бірыңғай мүшеге тән санамалы интонациямен ауыстырылған. Үшіншіден, төл сөздегі кейбір сөздердің синтаксистік функциялары өзгерген. Ондай өзгеріске ұшырағандар, әсіресе, төл сөзде бастауыш пен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сөздер. Төл сөзде баяндауыш қызметін ат-қарып тұрған сөздердің барлығы да төлеу сөзде толықтауышқа ай-налған да, бастауыш қызметін атқарып тұрған кейбір сөздер (сіздер, мен) айтылмай, түсіріліп қалдырылған, ал, кейбір сөздер тұлғалық жағынан өзгеріп кеткен (ой, ел). Төртіншіден, төл сөздегі кейбір сөз-дер (мен, жоқ) айтылмай түсіріліп қалдырылса, кейбір сөздердің орнына (сіздер, деді) жаңа сөздер (олар, айтты) алынған. Бесіншіден, кейбір сөздер, әсіресе, төл сөзде бастауыш пен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сөздер тұлғалық жағынан өзгерген, т. б.
Сонымен, төл сөз бен төлеу сөз бір емес. Бұл екеуі сөйлеушінің я жазушының өз сөзі ішінде бөгде біреудің сөзін, пікірін келтіруінің екі түрлі тәсілі. Бұл екеуінің арасында бірсыпыра өзгешеліктер болады. Ол өзгешеліктер мынадай.
1. Төл сөзде сөйлеуші я жазушы бөгде біреудің сөзін ешқандай өзгеріссіз, қоспасыз, бұлжытпай келтіретін болса, төлеу сөзде олай болмайды: оның бірер сөзін болса да өзгертеді, өз тарапынан кейбір сөздер қосады, ең болмаса бірер сөзінің бастапқы морфоло-гиялық формасын, соған байланысты синтаксистік қызметін өзгертеді.
2. Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі жүреді және ол екеуінің жігі айқын байқалып, бір-бірінен бөлектеніп тұрады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін оған тұлғалық өзгерістер енгізу қажет болмайды, тек дәнекер ретінде д е етістігі қолданылады.
230

Төлеу сөзде олай емес. Мұнда ол автор сөзімен араласып, тұлғалық өзгеріске ұшырауы арқылы онымен тығыз байланыста тұрадьг. Автор сөзінсіз өз алдына сөйлем бола алмайды, өйткені төлеу сөзде төл сөздегідей өзіне меншікті баяндауышы болмайды. Сондықтан төлеу сөз автордың қоспасымен бірігіп, бір-ак; сөйлем болады да, д е етістігін қажет етпейді, мысалы:


Мына Малқар ақсақалды ертіп келдік,деді Жақып (Мұста-фин). Мұнда екі жай сөйлем бар: бірі — төл сөзді сөйлем де, екін-шісі — автор сөзінен құралған сөйлем. Ал осыны төлеу сөзге айнал-дырып, Жақып Малқар ақсақалды ертіп келгендігін айтты,— деп құрсақ, төл сөзді автор сөзінен бөліл тұрған д е д і етістігі айтылмайды да, оның орнына автордың өзі қосқан айтты етістігі қолданылып, төлеу сөз бен автор сөзі қосылып, бір ғана жай сөйлем болып қалады.
3. Төл сөзде сөйлемнің әр алуан мағыналық турлері болады. Ол хабарлы да, сұраулы да, лепті де болып келеді. Соған қарай оның әр сөйлемінде өзіне лайықты сазы, интонациясы, ритмика-мелодикалық ерекшеліктері болып отырады. Төлеу сөзде мұның бірде-бірі болмайды, яғни сақталмайды. Өйткені төлеу сөз өзінің бастапқы түрінің (төл сөз турінің) қандай екендігіне қарамастан тек хабарлау түрінде ғана беріледі, сондықтан онда (төлеу сөзде) сөз иесінің бастапқы әр алуан интонациялық, ритмика-мелодикалық ерекше-ліктері сақталмайды, мыс.:
Түн жабығын көтере сығалаған, таң сәулесі қандай сұлу!деді Аман. Таймас:
Аз күннің ішінде машинаны қалай алып үлгергенсіңдер?деді.
Бұл екі мысалдың біріншісіндегі төл сөз Аманның таң сәулесі-нің сұлулығына таңдануын, суйсінуін білдіретін лепті сөйлем болса, екін-шісіндегі төл сөз сұраулы сөйлем. Ал, осы екеуін төлеу сөзге айналдырып: Аман түн жабығын көтере сығалаған таң сәулесінің қандай сұлу болатынын айтты. Таймас аз күннің ішінде машинаны қалай алып үлгергендіктерін сұрады. — деп құрсақ, кейінгіде төл сөздегі лептік интонацияның да, сұраулық интонацияның да сақталмағандығын көреміз.
4. Төл сөзде сөйлемнің бастапқы эмоциональдық, модальдық ерекшеліктерінің барлығы да сақталады. Төл сөз иесі қолданған ода-ғай, қаратпа, қыстырма сөздер бұлжытпай беріледі. Ал, төлеу сөзде олай емес. Мұнда төл сөздегі эмоциональдық, модальдық ерекше-ліктерді сақтау, одағай, қаратпа, қыстырма сөздерді өзгертпей беру, тіпті, мүмкін емес, сондықтан мұндай сөздер төлеу сөзде тусіріліп қалдырылады, мысалы:
Жақсы, келдің, шырағым, деді Қалабай Аманға.
Берген перде бұзбаушы ма еді, тәйірі! деді Қалабай. Ой-бай, анау Мұқатайдың қарауылда жүрген ұрыларының бірі. Ал хабарлады! — деді Адхам. Мақаш насыбайын атып, алдында сұлап жатқан ақ таяғының үшімен жер шұқып отырып:
Мырза – ай, қық етпейтін қара нарсын-ау! деді. Әлден уақытта Аман:
Ата, қолымды неге алмадыңыз, жазығым не? деп тіл қат-ты. Мақаш Аманға қарап:
Бәлем, өзіңнен зорға кездессең, жым боларсың! деп қояды (Мұстафин).
Міне, бұл келтірілген мысалдардағы төл сөздерде оқшау сөздер-дің әр алуан турлері бар. Соларға қарай сөйлемдердің интонация-лық, эмоциональдық ерекшеліктері де турлі-түрлі. Бірақ оларды
231

төлеу сөзге айналдырсақ, ол ерекшеліктердің бірде-бірі қалмайды. Оны мына мысалдан байқаңыздар:


Қалабай Аманға осы келгенінің жақсы болғандығын айтты. Қа-лабай бергеннің перде бұзатындығын айтты. Адхам ананың Мұқатайдың қарауылда жүрген ұрыларының бірі екендігін, енді хабарлайтынын айтты. Мақаш насыбайын атып, алдында сұлап жатқан ақ таяғының үшімен жер шұқып отырып мырзаның қық етпейтін қара нар екенін айтты. Әлден уақытта Аман қолын неге алмағандығын, жазығы не екендігін сұрап тіл қатты. Мақаш Аманға қарап өзінен зорға кездессе, оның жым болатынын айтты, т. б.
Мүмкін, жоғарыдағы төл сөздердің кейбіреулерін төлеу сөзге мұндағы келтіргендерден өзгешерек етіп айналдыруға да болар, бірақ қалай болғанда да, олардың құрамындағы оқшау сөздерді, әр сөйлемнің эмоциональдық, интонациялык, ерекшеліктерін сақтауға болмайды. Оны сақтауды төлеу сөздің өзіндік синтаксистік құрылысы көтермейді:
5. Төл сөз бен төлеу сөз жақтық жағынан, жіктеу есімдіктерін қолдануы жағынан да біркелкі болмайды. Төл сөзде іс-әрекеттің иесі өзі болган жағдайда автор жіктеу есімдігінің бірінші жағын қолда-нып сөйлей береді. Ал, төлеу сөзде олай етуге болмайды, мыс.:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет