Байланысты: kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)
Соңғы күндер көбінше домбыра алып, м ө л д і р күйлер, сұлу әндер тарта беруші еді (Әуезов). [ол] қысты күндері а у ы р жұмысқа жарамайды, (Мұқанов). Күйеуі де т ы м т ә у і р қызметкер (Ахтанов). Жүрек дірілі мен сұсы аралас е р е к ш е кескін (Ахтанов). Осы сөйлемдер құрамындағы мөлдір, сұлу, ауыр — сөздері толықтауыштарды (күйлер, әндер, жұмысқа) анықтаса, тым тәуір, ерекше сөздері есім баяндауыштарға (қызметкер, кескін) қатысты айтылып, солардың сындық сапасын білдіріп тұр.
Сөйтіп, әдетте, анықтауышты бастауыш тобына ғана қатысты деп қарайтын көзқарастың мызғымас заң бола алмайтындығы көрініп отыр. Қазіргі қазақ тілінде анықтауыштың сөйлемдегі орынын анықталатын сөз ыңғайында ғана айқындауға болады. Ол анықтала-тын сөздің ыңғайымен бірде сөйлемнің басқы позициясында келсе, бірде орта шенінде, бірде тіпті сөйлемнің соңғы бөлімінде де жұмса-луы мүмкін. Сонымен анықтауыштың сөйлемдегі мәнін жалпы сөй-лем құрамының ерекшелігінен қарастырмай, анықтауыш — анықта-лушы сөз байланысы тұрғысынан қарастырғанда ғана айқын түсіну-ге болады.
Сөйлем құрамында бір сөзге бірнеше анықтауыштар қатысты бо-лып, бірыңғай анықтауыштар қатарын құрады: Олар автобустан түсіп, т ө р т қ а б а т т ы ш о м б а л, сүр үйге қарай бұрылды (Әлімқұлов). Мұндай бірыңғай анықтауыштардың ішінен сапалық, тұрақты сынды білдіретіндері анықталатын сөзбен іргелес келіп, арасына сөз салмай байланысады да, қалғандары алшақ тұрып байланыса береді. Әдетте, анықталатын сөзден ең шеткері тұратын-дар есімшелерден болған анықтауыштар.
Кейде іргелес тұрған анықтауыш пен анықталатын сөз біртұтас грамматикалық топ болып ұғынылады да, басқа анықтауыш сол грамматикалық топқа тұтас қатысты болып соны түгелімен анық -тайтын болады. Жоғарыдагы төрт жігіт Қодар денесін қаумалап, ілгерлі-кейінді толқытып тұрып, бір кезде тастап жіберді. Болыс өзі мен маңындағы атшабар, старшындарының аттарынан құрастырып төрт пәуескені екінді кезінде зорға жүргізді (Әуезов). Бірінші сөйлемдегі жоғарыдағы анықтауышы төрт жігіт тіркесін тұтасымен анықтап тұр. Сондай-ақ, екінші мысалдағы өзі мен маңындағы дейтін анықтауыштық тіркес атшабар, старшындары-ның аттарынан дейтін анықтауыштар мен анықталушы сөз тіркесіне тұтас қатысты айтылған. Мұндай анықтауыштар есімнен болған мүшені әр түрлі жағынан сипаттайтын болады. Сонымен қатар, бір ғана анықтауыштың екі, я үш түрлі анықталушы сөзге қатысты айтылуы да кездеседі: Сипағанда талғамай сипаса, инесін қадарда екі сирақтағы жара мен жарықты тауып алып қадайды (Мүсірепов). Міне, осының салдарынан өткен жылы қаладағы базалар мен қоймаларда көп товар жатып қалды (газеттен).
Анықтауыш пен анықталушы сөз арасындағы қатынастың мұн-
дай ерекшеліктері тек қана сөйлем құрамында болуы мүмкін. Бұлар сөз тіркесі аясына сыймайтын, сөйлемнің ритмикалық заңдылықта-рынан ғана туатын құбылыстар.
Анықтауыштар құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып келеді. Бір ғана сөзден жасалған анықтауыштар дара болады. Көңілдегі жел осылай басылды, бірақ ә л і т ө з і м д і, қ а й ы с п а с ерлік келген жоқ (Ахтанов). Екі я үш сөзден, сөздер тіркесінен жасалғандар күрделі анықтауыш болады. Аспанды қ а р а қ о ң ы р бұлт торлап алды... Ең шетіне б а р м а қ басындай май қойыпты. Ж а л ғ ы з-ж а ры м әйелдер, балалар тұра қалып, поезға қол 74
бұлғайды (Ахтанов). Күрделі анықтауыш жасайтын сөз тіркестері бөліп-жаруға келмейтін лексикалық единица есебінде ғана ұғынылады. Күрделі анықтауыштардың бірнеше жасалу жолдары бар. Солардың басты, негізгілері мынау:
1) Екі негізгі сын есімдердің өз ара тіркесіп барып басқа бір мү-шеге анықтауыш болып қолданылуы: Аспанды қ а р а қоңыр бұлт торлап алды. (Ахтанов). Астындағы қойшылар мінген қ а - р а к е р бесті үсті-үстіне ұрып отырмаса кейін қалып қоя береді (Майлин). С е ң г і р-с е ң г і р таулардан секіріп алып жөнелді (эпос);
2) Негізгі сын есім мен қатыстық сын есім тіркесі: Сұңғақ б о й- лы, к е ң жауырнды,... к е ң м а ң д а й л ы,,.. шолақтау дөңес мұрынды, ...сүйірлеу иекті, толық мойынды, аршын т і к д е- н е л і Байжан жолыққан сайын Гүлнардың құмарлығын арттыра түсті (Мұқанов). Күрделі анықтауыштардың бұл тобының жасалуындағы мына бір ерекшелікті атап айту керек: ең әуелі негізгі сын есім мен зат есім тіркесі барып құралады да (кең маңдай, аршын тік дене, сүйірлеу иек, кең жаурын т. б.) сөйлем кұрамында басқа бір есімнен болған мүшеге қатысты болудың салдарынан барып, тіркестің соңғы компоненті — зат есім сын есімдік қосымшаны қабылдайды. Сөйтіп, алдыңғы сын есім (тіркестің бірінші компоненті) туынды сын есімнің (тіркестің екінші компоненті) анықтауышы болады да, оның өзі (туынды сын, есім — екінші компоненті) есімнен болған мүшемен тікелей байланысады. Мұндай анықтауыштардың анықталатын мүшемеи байланысын шартты түрде сатылы байланыс деп айтуға болар еді: кең —► маңдайлы — жігіт. Күрделі анықтауыштардың бұл тобы қазіргі әдеби тілімізде кең жайылған құбылыс;
3) Негізгі сөздер мен көмекші есімдер тіркесі сын есім тудыратын -ғ ы\\-г і жұрнағын қабылдау арқылы күрделі анықтауыш болады: Т а ң алдындағы мұнар мен қалғыған Көкшетаудың биігінің басына қарап тұрды (Сейфуллин)... Екінді әлетінде тұрып далаға шықсам, ауылдың с ы р т ы н д а ғ ы белесте ішінде Қажыбай ақсақал бар бірталай адам сөйлесіп отыр екен (Майлин). Ү й ішіндегі үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды (Әуезов).