-ғ ы\\-г і жұрнағы арқылы негізгі, не туынды сын есімдердің зат есіммен тіркесі күрделі анықтауыш болады: Ж е л с із түндегі үнсіз ауаны қақ жарып ақырған отарбаның дауысы, жұмсақ, әдемі тынық түнде маужыраған, қалғыған төңіректі селк еткізді (Сейфуллин). Сілтеу есімдігі мен зат есім тіркесі де осы тәсілмен күрделі анықтауыш болады: С о л күнгі ауаның райы да әлі күнге есімнен қалмайды (Сейфуллин). Сан есімдер мен зат есімдер тіркесі де -ғ ы\\-г і аффиксі арқылы күрделі анықтауыш қызметінде жұмсалады: Е л у қадам жердегі нәрсе, қара-құра, завод үйлері көрінбейді (Сейфуллин). Осы ізбен күрделі сан есімдер де күрделі анықтауыш болады: Жұрттың он а л т ы д а - ғ ы баласы кісіге жалданып, я үйінде кәеіп етіп әке-шешесін асырап отыр (Майлин). Кейде қимыл есімдері де -ғ ы/-г і аффиксі арқылы (-дағы/-дегі) өз айналасына топталған сөздермен бірге күрделі анықтауыш бола алады: Жарыс озаттарының.. ө н -д і р і с резевтерін т о л ы қ пайдаланудағы тәжірибесін іліп әкетіп, бүкіл жұртшылыққа тарата білу керек («Соц. Қаз.»). -ған, -атын тұлғалы есімшелер мен зат есімдер тіркесі де –ғы // -гі аффиксі арқылы сол қызметте жұмсалады: Өткен түнгі оқиға оның есінен шықпай қойды (газеттен);
4) Мына төмендегідей сөздер тіркесі -лы аффиксі қосылу арқылы күрделі анықтауыш қызметінде жұмсалады:
75
Екі зат есім тіркесі: Қиял бірден бірге көшіп... «жүлдыз к ө з д і, ай м а ң д а й л ы» сұлуға келіп тірелді (Сейфуллин). Сан есім мен зат есімдер тіркесі: Солардың ішінде де он б е с-ж и ы р м а қ о й л ы, о т ы з- қ ы р ы қ қойлы әлсіздерге барды (Әуезов);
5) Мынадай сөздер тіркесі қосымшасыз қатар тұру арқылы күр-делі анықтауыш болады: екі сын есімдер тіркесі... Көк шолақ ат күректің тықырымен Егеубайды танып, жжем іздеп оқыранып қойды (Майлин). Сын есім мен зат есім тіркесі: ...қара қыл шылбыры жұпыны көрінгенімен бәрі бір-біріне үйлесімді еді (Сейфуллин). Есімше мен туынды сын есім тіркесі: Асқақтаған т а у с ы з, мұнартқан ормансыз... шөл даладан бұл жерге келген Асқар рақаттанып қалды (Мұқанов). Екі зат есім тіркесі: Қамыс құлақ ат мініп қолына бүркіт қондырып кәрі аңшы ауға шықты. Алайда мұндай тіркестер қазіргі әдеби тілімізде соншалық мол емес. Сан есім мен зат есім тіркесі: Кәдірдікі мал сойып... бес ауыл агайынның басты-бастыларын шақырып, жаңбыр алдында дәм татқызып, бата қылдырып тарқатты (Сейфуллин);
6) Күрделі анықтауыштардың қазіргі әдеби тілімізде кең тараған түрі — есімшелі тіркестер. Күрделі анықтауыш қызметінде жұмсал-ған есімшелі тіркес компоненттері өз ара меңгеру, қабысу арқылы байланысып келеді. Мысалдар: Кішкене қолы тырбиып, уысына
с ы й ғ а н бір-екі шөпті, сырғауылды сындырғандай қылып сындырады, Терезенің к ө з і н е н т ү с к е н күн сәулесі Бақыттың бетінен сүйіп, еркелетіп ойнатқандай болады... Сыздық шын с ү й і с к е н жүректен айрылды (Майлин). Күн батып бара жатқан кезде күйеулер о т ы р ғ ан үйден үш-төрт жігіт шығып, қ ы з-к е л і н ш е к о т ы р ғ ан үйге қарай жүрді (Сейфуллин). Күрделі анықтауыш қызметіндегі есімшелі тіркестер кейде күрделі құрамды, жайылыңқы да болып келеді: Ана Кәдірдің үлкен баласы С о н а б а й д ы ң ү й і н і ң с ы р т ы н д а жолдастарымен о т ы р ғ а н төрт-бес кісі — сол Боранбайдың баласы. (Сейфуллин). Мұндай күрделі тіркестер құрамындағы сөздер қаншалық көп болғанмен, бәрі де не сатылай келіп, немесе тікелей тіркестің соңғы басыңқы компоненті есімшеге қатысты болып, соның мән-мағынасын әр түрлі жақтан айқындап, саралап тұрады. Жоғарғы сөйлемдегі Сонабайдың үйінің сыртында жолдастарымен отырған дейтін анықтауыштың шумақты басыңқы компонент — есімшеге қатысы тұрғысынан екі топқа бөлуге болар еді: Сонабайдың үйінің сыртында отырған, жолдастарымен отырған. Сөйлем құрамында осы шумақ тағы да одан әрі күрделене түскен: Ана Кәдірдің үлкен баласы. Бірақ соңғы тіркес есімшеге қа-тысты емес, шумақтың құрамындағы Сонабайдың сөзіне қатысты, соның анықтауышы болып тұр. Сөйтіп, күрделі анықтауыштардың құрамы кейде соншалық кең, аумақты да болып отырады. Дегенмен, мұндай жайылыңңы күрделі анықтауыштар өзі ішінде қатысты сөзі-нің ыңғайына қарай жіктеліп тұрады. Ондай топтардың бірі мағына лық жағынан да, грамматикалық жағынан да басыңқы, ал екіншісі қай жағынан да бағыныңқы топ болады. Жоғарғы сөйлем құрамын-дағы күрделі анықтауыш та сондай: Ана Кәдірдің үлкен баласы — бағыныңқы топ та, Сонабайдың үйінің сыртында жолдастары-мен отырған — басыңқы топ;
7) Күрделі анықтауыштар жалқы есімдер мен сықылды, сияқты. тәрізді, дегвн, дейтін тәрізді көмекші сөздердің тіркесінен де жасалады: Қатыны өлген, үйінде жетім баласы бар, бетін шешек жеген, қисық қара сақалды Шәкір бай атақты, мықты адамдар қыздарын отыз шақты қараға бере қоймайтын болған соң бөтен елге келіп, К ә д і р с и я қ т ы кісінің А йш а с и я қ т ы көк өрімдей қызын мал-жанын сала қадалып алгалы жатыр...
76
Міне, Боранбайдың Шәкірі біреу-ден Кәдір дегеннің А й ш а д е г е н тал шыбықтай бұралып отырған қызы бар дегенді естіп келіп, әлгі жөнмен екі күннен бері Бименде байдың Қоржынбай деген «дәвернәй» кісісін салып, Кәдірдің өзімен, үлкен балаларымен және Кәдірдің ағайындарымен сөйлесіп келісіп отыр (Сейфуллин). Сияқты, сықылды, тәрізді, деген сөздерінің мұндай тіркес құрамын-дағы қызметі — өзінен бұрын тұрған жалқы есімді кейінгі есімнен болған мүшемен атрибуттық қатынасқа түсіру. Сөйтіп, бұлар мұндай реттерде сөз бен сөзді байланыстырушы аффикстің қызметін атқарады. Күрделі анықтауыштардың бұл тобының алдыңғы топтардан ерекшелігі де осында. Күрделі анықтауыштың басқа топтарының мән-мағынасы бір-бірімен байланысқа түскен негізгі сөздердің лексикалық жағынан ұласуынан қалыптасатыны белгілі. Ал, мына топтың мағынасы ондай күрделі емес, негізгі сөз — жалқы есім де, екінші компонент грамматикалық байланыс тәсілі дәрежесінде ғана.
Үйірлі анықтауыштар деп аталатын синтаксистік топ өзінің мүм-кіндігіне қарай сөйлем құрамына ұқсас болады: Төменде жалғыз қа-бат төселген сәкі, басқа жасталмай қабырғада ілулі тұрған қынама бел шинельдер, фуражкалар, мойынға асатын былғары сумкалар, іргеде тұрған радиола, стол үстінде қатарынан жанған үш шырақ, жалпы вагон ішіндегі кеңістік — мұнда командирлер келе жатқанын аңғартады (Аханов). Осы мысалдағы курсивпен берілген анықтау-ыштық топтардың қайсысы да өз ішінде жіктеліп, сөйлем мүщелерінің қызметіне ұқсас мәнде жұмсалған. Төменде жалғыз қабат төселген (сәкі) тобын баяндауыш (төселген) және пысықтауыш (төменде, жалғыз қабат) мүшелерге ажыратып қарауға да болар еді. Бірақ мұндай синтаксистік топтар сөйлем құрамындағы бір сөзге ғана қатысты болып, сонымен бір ритмикалық топта айтылып, бір ғана сөздің қызметін атқарады.
Анықтауыштар жасалу жолдары мен байланыс тәсілдеріне қарай
қ а б ы с а байланысқан анықтауыштар (немесе сапалық анық-тауыштар) және м а т а с а байланысқан анықтауыштар (немесе меншік анықтауыштар) дейтін топтарға бөлінеді. Анықтауыштардың мұндай түрлері осы қызметте жұмсалатын сөздер мен олардың мағынасынан сөз тіркестері құрамында пайда болады. Анықтауыштык қатынастағы сөз тіркестері жоғарыда айтылғандықтан, соларды қайталамау үшін бұл арада анықтауыштар түрлерін санап қана өтеміз.
Қабыса байланысқан анықтауыштар
Өзі қатысты сөзбен қабыса байланысып, анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер — сын есімдер мен сан есімдер, етістіктің есімге ұқсас түрлері (есімше және қимыл есімдері), зат есімдер және есім-діктер.
Достарыңызбен бөлісу: |