кеңейтуге көз алартуы Эрхардтың атом қаруын иемдену правосын өршелене т а л а п е т у і н е н көрінеді (газеттен).
Шығыс септікті жанама толықтауыш кейде істі істеген, орындаған субъектіні де білдіруі мүмкін. Бірақ ондай субъект грамматикалық тұлғаның ықпалымен жанама объект болып ұғынылады. Үлкен ұ с- т а з қ о л ы н а н талай жас тәрбие алып шықты (газеттен). Бұл сөйлем құрамындағы ұстаз қолынан тіркесі жанама толық-тауыш болумен бірге, логикалық субъект екені де айқын.
Кейбір жанама толықтауыш іс-әрекеттің тірелген, тура келген объектісін білдіреді. Сол ұрыста ол қ о л ы н а н ауыр жараланды (газеттен).
Іс-қимылдың тура объектісінің нендей заттан, пункттен, құбы-лыстан т. б. бөлініп, ажырап шыққандығын білдіреді. Олардың бұ-тақтарынан, не салбыраған мәуелерден алма мен алмұрттың, өрік пен әнжірдің, шие мен шабдалдың неше сорттарын кездестіресің (Мұқанов). Ендеше, осы естіген, көрген ж а й д ан жыр туғызса нетеді? Қызығатының бар ма? — деді (Әуезов). Ішінде қ азақтан төртеуміз (Мұқанов). Түстен бері осы қонақтар Абайдың үстіне келіп сәлем берісіп, түстік а с т а н, күндізгі ш а й д а н ішісті (Әуезов). Егер жанама толықтауыш қызметінде жиынтық зат атаулары жұмсалса, шығыс септікте олар сол зат түгелдей емес,бел-гілі бір ғана бөлігі ажырап шыққандығын білдіреді. Соңғы сөйлемдегі (түстік) астан, (күндізгі) шайдан дейтін сөздер сондай. Егер, ішілген заттың аумақ-көлемін айқындау керек болса, онда сөз табыс септікте (көбіне жасырын түрі) жұмсалып ол бір кесе шай ішті, немесе бір табақ ас ішті түрінде айтылар еді. Заттың аумақ-көлемін айқындау қажет емес реттерде шығыс септікті жанама толықтауыштар қолданылып процеске қатысы бар объект қана айтылады. Жанама толықтауыштардың осы тобымен байланысты сөйлем құрамында мынадай ерекшелік кездеседі: егер сөйлемде жанама толықтауыштардың басқа тобы жұмсалса, керегіне қарай сөйлем ішінде тағы да тура толықтауыш айтылуы мүмкін. Олардың бұтақтарынан, не салбыраған мәуелерден алма мен алмұрттың... неше сорттарын кездестіресің. Ал, сөйлем құрамындағы жанама толықтауыш жоғарғыдай жиынтық зат атауларынан жасалған болса, онда сөйлем ішінде тура толықтауыш қолданылуының мағыналық тұрғыдан ешбір қажеттігі болмай қалады. Қазіргі қазақ тілінде күндізгі шайдан шай ішісті деп сөйлеу норма да емес, оның үстіне ой айқындығы тұрғысынан да ешбір қажеттігі жоқ деп қаралады.
Шығыс септік жалғауын қабылдап, жанама толықтауыш бола-тындар көлем-кеңістік, мезгілдік мән бере алмайтын зат есімдер, не-месе сондай мәнге ие болған сын есімдер мен зат есімдер, есімдіктер, т. б. Шығыс септік жалғауын қабылдайтын сөздер көп, бірақ басқа мағыналық топңа жататын ондай сөздер сөйлемнің басқа мүшелері болып жұмсалады.
Көмектес септікті жанама толықтауыштар. Көмөктес септікті жа-нама толықтауыштарды, көбінесе, шабу, кесу, сөйлесу тәрізді қимыл етістіктері, танысу, кездесу, ойласу тәрізді күй-қалыпқа байланысты айтылатын етістіктер меңгереді. Көмектес септік жалғауын қабыл-дап, жанама толықтауыш қызметін атқаратын сөздер де көбіне орын-мекендік, мезгілдік, қимыл-процестік мәні жоқ зат есімдер, немесе солардың мағынасына ие болған сөздер. Ондай сөздердің көмектес тұлғасында болуы меңгеруші етістіктің (баяндауыш қызметіндегі) ықпалы, соның лексика-грамматикалық мәнінің салдары. Егер шап-ты деген етістікті сөйлем баяндауышы қызметінде қолданатын бол-са,сол етістік мәнінен туатын бірінші сұрақ нені? одан соң сол мәнді
71
жіктей түсу үшін қойылатын екінші заңды сұрақ: немен? —ағашты балтамен шапты. Дегенмен, сөйлем құрамында көмектес септік тұлғасында келген, бір ғана лексика-грамматикалық топқа жататын сөздердің синтаксистік мәні мен қызметі әр түрлі болып та келеді. Сондықтан да көмектес септікті жанама толықтауыштардың негізгі мағыналық топтарын білу қажет.
Істің істелу құралын, немесе істі істеу үшін жүмсалған объектіні білдіреді: Жалғыз-ақ алгаш жығылған күннің ертеңінде, әжесінің бұйрығы бойынша, бір қартаң қатын күн батарда Абайды далаға алып шығып, жаңа сойған қойдың өкпесімен қақты (Әуезов). Пакистандықтар үнділердің шептерін минометтермен және пулеметтермен атқылаған (газеттең).
Істі істеу үстіндегі бірлестікті, қоғамдастықты білдіреді: Андрей
Достарыңызбен бөлісу: |