Зат есімдерден болған анықтауыштар. Зат есімдер біріне-бірі ір-гелес орналасып, алдыңғысы соңғысына анықтауыш болып жұмса-лады. Ағаш үй, кірпіш үй, ер бала тәрізді зат есімдер тіркесінің алдыңғы компоненті анықтауыш қызметінде жұмсалса, соңғысы анықтайтын сөз болады. Сөйлем құрамында мұндай тіркестердің соңғы компоненті басқа мүше (бастауыш, толықтауыш) қызметін атқарады да, алдыңғы компонент соңғының мағынасын конкреттеуші анықтауыш болады.
Матаса байланысқан анықтауыштар
Анықтауыштардың екінші бір үлкен тобы — матаса байланысқан анықтауыштар. Бұндай анықтауыштар ілік септікте тұрады да, анық-талатын сөз тәуелдік жалғаудың III жағында болады: оның інісі, Асанның үйі, адамның үлкені, сиырдың сүті, қойдың семізі, т .6.
Ілік жалғауында тұрып, анықталатын сөзбен матаса байланыса-тындар зат есімдер мен есімдіктер, заттанған басқа сөз таптары: Төс-тік шешесінің қолын босатып жіберді («Ертегілер»). Б і з д і ң партиямыз... көп уақыттан бері... реакцияшыл т о п т а р д ы ң... әрекеттеріне қарсы күрес жүргізіп келеді (газеттен). Б і з д і ң азығымыз өзімізге жеткілікті және дәмді де азық... (Мұқанов).
Кейде мұндай анықтауыштар ілік жалғаусыз да қолданылады.
Ондай жағдайда сөздің ілік септікте тұрғандығы тағы да анықта-латын сөздің тұлғасы арқылы белгілі болады. Кеңсе, мекеме аттары-ның құрамында, немесе күрделі атаулар құрамында ілік жалғаудың түсіріліп айтылуы қазіргі қазақ тілінде нормаға айналып бара жа-тыр. Қазақ мемлекеттік университеті, облыстық ауылшаруашы-лығы басқармасы, студенттер үйірмесі, т. б. Бірақ осындай сөздердің барлығы бірдей ыңғайлы жерде ілік жалғаусыз айтыла бермейді.
78
Әр түрлі лексика-грамматикалық заңдылықтарға сәйкес олар мынадай реттерде ілік жалғаулы болып, сөйлем құрамында анықтауыш қызметін атқарады.
1. Анықтауыш пен анықталатын сөз арасына басқа бір сөз түсіп айтылады: Көп б ө л м е н і ң әрбір есігін ашып, басын сұғып жүріп осы бөлмені зорға тапқан-ды (Әуезов). Т е ң і з д і ң өкпек суық дем алысын бақайшағына дейін сезініп, бар денең түршігіп қояды (Мүсірепов). Осы сөйлемдер құрамындағы бөлменің, теңіздің анықтауыштарын ілік жалғауынсыз айтып, — бөлме әрбір есігін ашып, теңіз өкпек суық демалысын деп айтуға сірә болмайды, сөздер арасындағы грамматикалық байланыс жүйесі бұзылып, мағынасыздыққа соғады.
2. Жіктеу, сілтеу есімдіктері, сол сияқты заттанған басқа да сөз-дер анықтауыш қызметінде жұмсалса, ілік жалғаулы болып қана ай-тылады. Мұндай мінезі б і р е у і м і з д і ң қарабасымызға арнаулы сөзі болып келгенде байқалатын еді (Мүсірепов)... Ал, тек үй оңаша, кең болғанмен, м е н і ң жолым тар ғой. «Өмірде қадір тұтар замандасымның бірі боларсын» деп байлады (Әуезов). Бекіністі қорғауға қалған он шақты солдат автоматтарын бізге қалдырып, бұдан былай хабарсыз кеткендердің тізіміне қосылатын болды (Мүсірепов).
Анықтауыш қызметінде кісі аты — жалқы есімдер жұмсалса, олар да ілік жалғаулы болып қолданылады: С а л т а н а т т ы ң, ал-тынды, шолпысы бірде жіңішке шыңғыр салып, бірде сылдырай түседі (Әуезов).
Мұндай сөздердің ілік жалғаулы болып қолданылуы сөздердің синтаксистік қызметін саралау заңдылығынан туса керек. Өзінің бас-тапқы қызметі анықтауыштың емес жіктеу есімдіктері ілік жалғау-лы болмаса, анықтауыш ретінде үғынылмас та еді. Сол сияқты, зат-тың мәні жок, сан есімдер мен сын есімдер т. б. сөздер ілік жалғауы арқылы заттық мән алып, матаса байланысу мүмкіндігіне ие болады.
3. Алдынан сілтеу есімдігінен, сан есім, сын есім, есімшелерден жасалған басқа бір анықтауыштар айтылса, матаса байланысқан анықтауыштар ілік жалғаулы болып қолданылады: Абай... құла жи-рен аттың ері мойнына кетіп, шоқтығынан асып құларман бол-ған қалпына қарамады... Жуынған с ұ л у д ы ң қос шынтағы. шашын көтеріп бүлкілдегендей (Әуезов). Үлкен бір кітаптың бетін ашты да, сол күйінде тастап майданға кетті (Мүсірепов).
Егер анықтауыш қызметінде жұмсалған сөз тәуелдік жалғаулы болса, ілік жалғауы түсірілмейді: К ө б і н і ң жүзі ақшыл не қыз-ғылт, сарғыш (Әуезов). Қазіргі әдеби тілімізде ілік жалғаудың жасырын түрінде келген сөз бен тәуелдіктің үшінші жағындағы сөздер тіркесі аса көп қолданылатыны белгілі. Мұндай тіркестер құрамындағы компоненттердің мағыналық қатынастары да көп түрлі. Олар бірде этникалық атаулар (қазақ халқы, қазақ баласы) болса, бірде жер-су аттары (Арал теңізі, Балқаш көлі), бірде заттың арналған ісі, мақсатын білдіруі мүмкін (балалар бақшасы, мұғалім-дер бөлмесі, шөп машинасы). Ондай тіркестердің бірінші сыңары, сонымен қатар, заттың тәндігін, ортақтастығын, жалпылығын да (құс ұясы, колхоз малы, оқушылар комитеті, пионерлер отряды), немесе мезгіл-мерзімдік мән де (қыс күні, 1964 жылы) беруі мүмкін. Кейде мұндай тіркестің компоненттері өз ара бір-біріне балама болып, метафоралық ыңғайда да келуі мүмкін (сенсің жан ләззәті, сенсің жан шәрбәті). Алайда, мұндай тіркестер сөйлем құрамында қолданылғанда, олардың компоненттері бір-бірінен дара тұрған сөйлем мүшелері ретінде үғынылмайды. Бір-бірімен тығыз лекси-калық және грамматикалық қатынаста болудың салдарынан
79
бір ғана күрделі мүше болып ұғынылады, мыс: Түнде, ел орынға отыра, отарба К ө к ш е т а у қаласына келді. Бетіне ай с ә у л е- с і нұрын төгіп, төсектен жібек шашы салбырайды, (Сейфуллин). Осы сөйлемдер құрамындағы Көкшетау қаласына, ай сәулесі дейтін тіркестердің алдыңғы сыңарын анықтауыш, соңғы сыңарларын анықталушы мүшелер (пысықтауыш, бастауыш) деп талдауға келмейді. Бүкіл тіркес бір ғана күрделі мүше ретінде ғана жұмсалған. Сондықтан, мұндай тіркестер (компоненттері өз ара атрибуттың қатынаста болса да) күрделі мүшелер деп қаралады.
Айқындауыш муше
Тілімізде өзінен бұрын айтылған мүшені басқа сөзбен айқындап түсіндіретін тұлғалар да жиі кездеседі. Мұндай сөздер айқындауыш ( мүше деп аталады, мыс.: Біздерге, қарттарга, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді (Островский). Абай барлық айналадағы кең дүниеге, әсіресе, мынау өзі тұрған сахара, өлке белдеріне, соншалық бір туысқандық ы с т ы қ сезіммен қарайды. Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде дәл о с ы қ о н ы с т ан, Есенбайдан, кеткен болатын (Әуезов).
Бірінші, екінші жақ есімдіктен болған бастауышты түсіндіретін айқындауыш мүше ғана онымен қиыспайды. Бұдан басқа жағдайда айқындауыш мүше өзі түсіндіретін сөзімен қиысып айтылады.
Сонымен белгілі сөйлемдік тізбектегі өзінен бұрынғы мүшені анықтап, түсіндіріп тұрған сөзді айқындауыш мүше деп атаймыз. Айқындауыш мүше, көбінесе, есім сөздерден жасалады. Айқындауыш мүше өзінен кейінгі сөзбен кәдімгі, қалыпты мүше-лердей-ақ байланысады.
Айқындауышты анықтауыштың ерекше бір түрі деп қараймыз. Бірақ оның анықтауыштан кейбір елеулі ерекшеліктері де бар. Анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса, айқындауыш онан кеиін, соң тұрады. Айқындауыш өзі анықтайтын, түсіндіретін сөзінің мағынасын далелдейді нактылап, ерекшелей көрсетеді.
Айқындауыштың айтылу интонациясы жағынан болсын, айқын-дайтын сөзімен байланысуы жағынан болсын қалыпты анықтауыш-тардан елеулі ерекшелігі бар. Оның айқындауыш деп аталуы да со-ған байланысты. Айқындауыш сөйлемдегі басқа сөздерден интонация арқылы бөлініп айтылады, сөйлем ішінде мағыналық; дербестікке и болады.
Айқындауыш заттың, нәрсенің елеулі ерекшелігін, назар ауда-рарлық белгісін, сыртқ көрінісін, ішкі дүниесін, әлеуметтік орнын көрсетеді,
Айқындауыш сөйлем мүшелерінің қай-қайсысына болса да тән болып, соған бағынып айтыла береді. Айқындауыш мүше ерекше ек-пінмең, айырықша үнмен айтылады да, сөйлемнің басқа мүшеле-рінен оқшауланып, оңашаланып тұрады. Ол басқа сөйлем мүшелері-нен пауза арқылы жекеленіп, бөлініп айтылады. Айқындауыш сөйлемге қосымша, үстеме мағына береді. Ол мағына, көбінесе, бағыныңқы сөйлем мәнімен, мазмұнымен тең, барабар түседі.
Айқындауыштың кейбір өзіндік белгілері мен ерекшелігі де болады, олар мыналар:
а) Сөйлемдегі сөздердің дағдылы, қалыпты тәртібі онда болмайды. Анықтауыш анықталушыдан кейін, толықтауыш баяндауыштан кейін келеді;
ә) Айқыңдауыштың өзіне тән, өз маңына топтанып үйірілетіи сөздері болады.
80
Айқындауыш сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір, сызықша, қос нүкте, жақша арқылы бөлініп жазылады.
Мысалдар: Олардың бірі— сары сақал, арық, боз— өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады. Ахмет ағай, а ш, жалаңаш, арық, ауылға қарай кетіп бара жатты («Соц. Қаз.» газеті).
Айқындауыш жалпылау мәнді сөзден кейін келеді: Біз, жасы үлкендер, бұл туралы ойлануымыз керек (газеттен).
Айқындауыш мүшенің алдында соның ішінде, яғни, басқаша айтқанда, мәселен, яки сияқты т. б. сөздер айтылған ойды нақтылай, дәлдей түсетін сөздер келеді: Бәрі де, с о н ы ң іш і н д е, шешем де бұл жағдайға қатты өкінді. Ең жақын адамым, басқаша а й т- қ а н д а, әкем де, менің бұл қылығымды ұнатпады (газеттен).
Достарыңызбен бөлісу: |