шаның сымбатты бойы, жүйріктен жүйрік шықса... дегенде, Айшаның бойы әрі грамматикалық, әрі мағыналық ішкі байланыстағы сөз тіркесі. Айшаның деген сымбатты сөзімен де байланысты. Бірақ ол байланыс — тек мағыналық байланыс. Жүйріктен шықса — мағыналық та, грамматикалық та байланыстағы (ішкі) сөз тіркесі. Ал, жүйріктен жүйрік те өз ара мағыналық байланыста, бірақ грамматикалық байланысы жоқ сөздер тобы.
Сөйлемдегі бірқатар сөздер басқа сездермен тек сыртқы байла-ныста болады да, олармен сөз тіркесін құрай алмайды. Олар — сөй-лемдегі қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. Сөйлемдегі ондай оқшау сөздер сөз тіркестерінен құралуы мүмкін, бірақ олар сыртқы байла-ныс негізінде басқа сөз тіркесінің құрамына ене алмайды. Мысалы, менің қуанышым, қайдасың? дегенде, «менің қуанышым» — сөз тіркесі, әрі қаратпа. Сол тұрысында ол қайдасың? сөзіне қатысты болғанмен, онымен тіркеспейді. Оның орнына «менің қуанышым-ның шегі жоқ» десек, онда мынадай сөз тіркестері бар дейміз: менің қуанышым, қуанышымның шегі, шегі жоқ.
Сөз тіркесінің құрамы
Сөз тіркесінің құрамында екі компонент болады: бірі — басыңқы бөлегі — сөз тіркесін құраудың бас арқауы, екіншісі — бағыныңқы бөлегі — сөз тіркесінің желісі, оның басыңқымен сабақтасқан бөлегі.
Сөз тіркесіне берген анықтамамызда оның кемінде толық мағы-налы екі сөзден құралатыны айтылды.
Сөздер сөз тіркесінің құрамына енгенде, жаңа лексикалық мағына тумайды, қосымша грамматикалық мағына пайда болады. Сондай қатынас — қосымша грамматикалық мағына, толық мағыналы сөз-дердің ғана тіркесінде пайда болуы мүмкін. Сондықтан сөз тіркесінің құрамында толық мағыналы сөздер болуын — сөз тіркестерін құраудың басты шарты деп қараймыз.
Анықтамадағы «кемінде...» деген сөзден сөз тіркесінің құрамы екіден артық та болатыны аңғарылады. Рас, оның құрамында бірне-ше сөз болуы ықтимал. Ондай көп құрамды сөз тіркесін к ү р д е л і сөз тіркесі дейміз.
Күрделі сөз тіркесінің құрамында, әдетте, түйдекті тіркес болады. Түйдекті тіркестер былай бөлінеді.
1. Л е к с и к а л ы қ. Екі, одан да көп сөз тіркесі бір заттың не оның сапасының атауы болса, оны лексикалық тіркес дейміз. Мыса-лы: мысық құйрық (шөп), қара көк (сын); Арал тңізі; Оқу министр-лігі. Зар илеу, үрейі ұшу, дедек қағу, қырғи қабқц болу (тұрақты тір-кестер). Бұлар — сөздердің тіркескен топтары, бірақ сөз тіркестері емес, лексикалық түйдекті тіркестер. Олар сол түйдегімен сөз тіркесінің бір сыңары болады.
2. Грамматикалық. Екі не одан да көп сөздер тіркесу арқылы сөздердің бұрынғы грамматикалық мағыналары түрленуі мүмкін, Ол үшін толық мағыналы сөздердің шылауында көмекші сөздер айтылады, мыс.: жаза бастады, оқып кетіп бара жатыр еді, шапқан сайын,қцалаға дейін, сен үшін. Бұлар да — сөздердің тіркескен топтары, бірақ сөз тіркестері емес, — түйдекті тіркестер.
Түйдекті тіркестер синтаксистік қарым-қатынасты білдіре алмай-тындықтан, сол тіркескен тобымен сөз тіркесінің бір сыңары (кейде екі сыңарының да) қызметінде айтылады, мыс.: кітап оқып кетіп бара жатыр еді. Мұның бәрі — бір сөз тіркесі: бағыныңқысы — кі-тап, басыңқы сыңары — оқып кетіп бара жатыр еді — түйдекті тіркесі. Торы ат шапқан сайын үдей түседі.
9
Мұнда екі сөз тіркесі бар: 1) торы ат; 2) шапқан сайын үдей түседі. Соңғы сөз тіркесінің құрамында екі түйдекті тіркес бар: шапқан сайын — сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары, үдей түседі — сөз тіркесінің басыңқы сыңары. Қант қызылшасының шығымы... да — бір сөз тіркесі. Оның бағыныңқы сыңары қант қызылшасының — түйдекті тіркес, басыңқы сыңары — шығымы.
Осылардай, сөз тіркесінің құрамында түйдекті тіркестер болғанда ғана, олардың құрамындағы сөздердің саны екеуден артық болады да, сөз тіркесі күрделі деп есептеледі.
Бірқатар лексикалық тіркестер құрамы еркін болмай, тиянақты, берік болады, мыс.: жүрегі шайылу, қаһарын төгу, көз қырын салу, қабырғасымен кеңесу, жар құлағы жастыққа тимеу.
Сөз тіркестерінің құрылысы
Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін сөздер синтаксистік топ болып ұйысу арқылы сөйлем құрамына енетін болады. Синтаксистік топтар сөздердің тіркесу қабілеттілігіне негізделіп жасалады. Ал, сөздердің тіркесу қабілеттілігі — сөз таптарының мағыналық және синтаксистік байланыстарына, олардың грамматикалық ерекшеліктеріне негізделетін құбылыс. Сөздердің бір-бірімен тіркесуінен құрылымы және сапасы жағынан әр текті синтаксистік топтар жасалады.
Сөз тіркесінің «құрамы» деген мен «құрылысы» дегеннің мәні бір емес: «құрамы» дегенді айтқанда, олардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларының қандай-қандай сөз таптарынан жасалғанын ескереміз; «құрылысы» дегенде, олардың орын тәртібі, сыртқы тұлғалық ерекшеліктерін ескереміз.
Сөз тіркесінің қазіргі жүйесі — тілдің ғасырлар бойы дамып же-тілуінің жемісі. Ол тіліміздің даму барысында сөз қолданыс тарихы-мен байланысты қалыптасқан, Лексикалық құрам байып, синтаксис-тік құрылыс жетілген сайын сөздердің тіркесу қабілеті де арта түседі. Тіркес құрауға сөз неғүрлым көп қатынасса, оның әлеуметтік мәні де солғұрлым арта түседі.
Сөз тіркесі құрылымының негізгі ерекшелігі мынада: сөз тіркесі-нің қаңқасы — сөз. Сөздер тіркесінің құрамына енгенде, олар оның не бағыныңқы, не басыңқы сыңары қызметіңде жұмсалады. Бұлар-дың ара-қатынасы әр түрлі. Ол белгілі ұғымды білдіретін сол тіркес-тегі сөздердің мағыналық ерекшеліктерінен келіп шығады.
Сөз тіркестерінің құрылымдық типологиясын жасауда зат есім мен етістіктің алатын орны ерекше. Өйткені сөз тіркестерінің құры-лымдық ерекшеліктері осы өзекті екі сөз табына негізделеді. Ал зат пен қимылдың түрлі сапа, қасиет, белгілерін білдіретін сөздер, негізінен, зат есім мен етістікке тән болатындықтан, олар сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары қызметінде жұмсалады.
Қазақ тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңары әр түрлі тұлғада айтылады. Бірақ оның грамматикалық тұлғасы үнемі басты құры-лымдық элемент бола бермейді. Бұл заңды да, өйткені бір сөйлем ішінде бір сөз қатарынан бірнеше сөз тіркесінің құрамына еніп, олардың бірінде басыңқы, екіншісінде бағыныңқы сыңар қызметін атқаруы ықтимал.
Сөз тіркесінің үйытқы бөлегі — оның басыңқы сыңары. Алайда басыңқы мүшенің грамматикалық тұлғасының сөз тіркесін жасауға тигізетін әсері орыс тіліндегідей емес: орыс тілінде есімді сөз тіркес-терінің құрамындағы бағыныңқылар басыңқының тұлғасымен үйле-
10
сіп тұлғаланса, қазақ тілінде ол жоқ. Бұл — сөз тіркесінің көптеген түрлерінің байланысу тәсілдерінен байқалатын құбылыс. Мысалы, есімді сөз тіркестері (матаса байланысқандарынан басқалары) қабысу және меңгеру арқылы байланысады. Меңгеріле байланысқан есім тіркестердің құрамындағы екі сөздің бағыныңқысы басыңқысымен мағыналык, байланысына қарап тұлғаланады.
Етістікті сөз тіркесіндегі басыңқы сыңардың грамматикалық тұлғалары сөз тіркесі құрылымынан тыс жатады. Мысалы, үйіне кел-ді, бақыт құсын ұстадым, ақырын аяңдап деген сөз тіркестеріндегі жіктік және көсемше формалардың сол сөз тіркестерін жасауға еш-каидай қатынасы жоқ. Бұлардың атқаратын қызметі басқа. Атап айтқанда: жіктік жалғау сөйлем құрау үшін, баяндауышты бастауышпен киыстыру үшін жұмсалады да, етістіктің көсемше тұлғасы жалғанған сөзін басқа бір сөзге тән ету үшін қолданылады. Бірінші, екінші мысалдардағы сөз тіркестерінің құрылысы жеке сөйлем құрылымымен бірдей сияқты. Сырт қарағанда, бұлардың (үйіне келді. Бақыт кұсын ұстадым) солай көрінетіні де рас. Сондықтан бірқатар авторлар сөйлемді сөз тіркесінен, сөз тіркесін сөйлемнен айырамын деп баяндауыш қызметіндегі етістіктердің тұлғаларына қарайды.
Белгілі сөздер тобын сөз тіркесі қатарынан шығарып тастауға болмайды. Рас, хат жаздым, кітап оқыдық, су ішті сияқтылар — сөйлем, әрі сөз тіркестері.
Сөз тіркесі құрамына енетін есім басыңқы мүшемен қиысу ар-қылы емес, қабысу, меңгеру және матасу арқылы байланысады. Ба-сыңқы сөздің жіктелуі, септелуі бағыныңқы сөзге әсер етпейді. Олар белгілі сөз тіркестерінің сыртқы байланысына қатысты болады.
Сөз тіркестерінің сөйлемдегі құрылысы былай болады:
1. С а т ы л ы. Сөз тіркестерінің бір сыңары екінші сөз тіркесі-нің құрамына еніп шиыршықтана береді. Мысалы: үйдің терезесін ашып қарадым да тұрдым дегенде, сөз тіркестері былай құрылған: үйдің терезесі, терезесін ашып қарадым да тұрдым. Мұнда бір сөз тіркесінің басыңқысы, екінші сөз тіркесінің құрамына еніп, оның бағыныңқысы болған.
2. О р т а қ. Кейде бір сөйлемде бірнеше сөз тіркесі болса, солар-дың бағыныңқылары бір басыңқыға немесе, керісінше, бірнеше ба-сыңқы бір бағыныңқыға ортақтасып айтылады, мыс.: Сізді сырты-ңыздан бұрын да білуші едім. Бұл сөйлемде ортақтасқан 3 сөз тіркес-тері бар:
Сізді ----І
сыртыңыздан ----І білуші едім
бұрын да ----І
Достарыңызбен бөлісу: |