Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет3/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Бәкен атының жалын оңдап, арқасын сипап, көзінің қиығымен Раушанға қарайды (Майлин) деген сөйлем бірнеше сөз тіркестерінен құралған: Бәкен қарайды, атының жалы, жалын оңдап, арқасын сипап, көзінің қиығы, қиығымен қарайды, Раушанға қарайды. Бұл сөз тіркестері іштей өз ара байланысқа еніп, біріне-бірі ұласып, бірнеше сөз бір сөзге ортақтасып бағынып, ақыр аяғында, жіптіктей, әрі тусінікті сөйлем құралған.
Тіл білімі жайындағы әдебиеттерде сөйлемді бір бөлек, сөз тірке-сін бір бөлек категориялар деп тану үшін олардың құрамы еш уақыт-та бірдей болмауға тиіс деген де пікір бар. Сондай көзқарасты қол-даушы тюркологтың бірі Н. А. Баскаков атқа мініп, атқа мінген дегендерді сөз тіркесі деп қарайды да, атқа мінді дегенді сөз тіркесі емес, сөйлем деп таниды. Мұндағы тұлғалық айырмашылық басыңқы сөздің (мін) тиянақты (мінді) не тиянақсыз (мініп, мінген) болуында. Егер ол критерияны негізгі шарт деп танысақ (ол тұлғалардың сөз тіркесін құрауға қатысы жоқ, сондықтан шарт емес) «атқа мін» дегенді не дейміз? Сөйлем бе, сөз тіркесі ме? Бұған жауапты мынадан іздейміз: егер тіркескен сөздер тобы байымдауды (суждение) білдірсе, — сөйлем, білдірмесе, — сөз тіркесі. Осы пікірді Н. К. Д м и т р и е в те қолдайды. [Ол туралы «Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков» (III, синтаксис) деген жинақтың 43, 5О-беттеріне қараңыз].
Біріншіден, байымдау (суждение) логикалық ұғым, оны сөйлемді танудың белгісі етуге болмайды; екіншіден, сөйлемнің құрамыңа еніп, оның бөлшегі болуға тиісті сөз тіркесінде сөйлем білдіретіндей ұғымның бар-жоқтығын меже етудің жөні жоқ.
Сөйтіп, сөйлем мен сөз тіркесін мағынасына қарап айыру да мүмкін емес. Егер сөз тіркесі тиянақты ойды білдіретіндіктен сөз тіркесі болудан қалады десек, онда әрі сөз тіркесі, әрі сөйлемдік қасиеттері бар сөздер тобының кейбір синтаксистік заңдылықтарын ескермегендік болады. Желсіз түн. Кең жайлау. Таудан аққан үлкен өзен сияқтыларды біреулер сөйлем етіп жұмсаса, сөз тіркесі қасиетін жояды деу шындық болмайды. Сондықтан ондай сөздер тобын сөйлемдік қасиеттеріне қарай сөйлем деп танып, сөз тіркесілік белгілеріне қарай әрі сөз тіркесі деп тани беруге тиіспіз. Тілдің табиғаты солай етуді тілейді.
Тілде бірінен-бірі оқшау жұмсалатын ешбір категория, тілдік еди-ница жоқ. Мысалы, сөз — лексикалогияның да, семасиологияның да, морфологияның да, синтаксистің де, стилистиканың да зерттеу объектісі. Сонда, сөзді, мысалы тілек, бақыт, ұшу дегендерді түрлі-түрлі ғылми талдаудың орайлы бөлшектері болуына қарай, әр түрлі мақсатпен кейде «сөз» деп, кейде зат есім, етістік деп, кейде бастауыш не толықтауыш деп айта береміз. Осылайша сөзді грамматикалық мағынасына, қызметіне қарап зат есім, сын есім.., бастауыш, анықтауыш, толықтауыш... деп қарағаннан «сөз» болу қасиетін жоймайды. Сондай-ақ желсіз түн. Кең жайлау. Кітап алдым сияқтыларды сөз тіркесі деп танығаннан олар сөйлемдік сапасын жоймайды және керісінше.
Сөйлемнің басты сыпаттамалары мыналар: сөйлем біршама тия-нақты ойды, предикаттың қатынасты білдіреді, сөйлемнің айтылу интонациясы болады, сөйлем жеке сөзден, сөз тіркестерінен құралады.
Сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден құралады, олар-дың бірі екіншісіне бағынып белгілі синтаксистік қатынаста сөйлем құрау үшін жұмсалады.
Оларды осындай белгілеріне қарап танимыз да, әрқайсысын өз ұясында, өздеріне тән синтаксистік сыр-сыпатын қоса қамтып, көп тармақты түр-тұрпаты бар, қомақты категория ретінде қарасты-рамыз.
I. СӨЗ ТІРКЕСІ
СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ СЫПАТТАМАСЫ

Сөз және сөз тіркесі


Жаратылыстағы, қоғамдағы әрбір құбылыстың өз сыры, өз заң-дылықтары болады. Қоғамдық құбылысқа жататын тілдің де терең сыры бар. Тілдің даму, өмір сүру заңдылықтарын айқындау үшін оның құрамына енетін басты-басты бөлшектерінің табиғатын түсіну керек.


Тіл — қарым-қатынас жасаудың мықты құралы. Сол қызметін атқаруда ол жеке формалардан құралған, жалпыға ортақ жеке сөз-дерге негізделген сөйлеу тәсілдерін керек етеді. Сондай ойды айтудың (сөйлеудің) ең басты тәсілі — сөйлем.
Кісі сөйлем арқылы біршама аяқталған ойын айтуға жеке сөздерді қатынастырады. Сөздер адамдардың айналасындағы объективті шындықты тануының сана-сезіміне түскен сәулесі ретінде сөйлем құраудың материалы, ойлау процесінің тірегі болып есептеледі. Сөздер сөйлем құрамында жұмсалу үшін өз ара әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады да, белгілі қарым-қатынасқа енеді.
Лексикалық мағыналары әр алуан негізгі сөздер ғана сөз тіркес-терін құрай алады да, көмекші сөздер тек негізгі сөздердің жетегінде айтылып сөз тіркесінің құрамына енеді. Сөздер, әдетте, дараланған үғымдарды, лексика-грамматикалық мағыналарды білдіреді. Олар сөйлем ішінде мағыналық үйлесімдіктеріне қарай, тілдің синтаксистік байланыс тәсілдері арқылы әр қилы синтаксистік топ құрап тұрады. Сөздер тіркеске енбесе, сөйлем құраудың материалы бола алмайды. Сондықтан сөз бен сөздің тіркеске енуі — олардың ең басты грамматикалық қасиеттерінің бірі болып есептеледі.
Өз ара тіркесетін сөздердің сапасы әр түрлі болатындықтан, олар-дан құралатын сөз топтарының да сапасы әр алуан болады: екі (кей-де одан да көп) сөз тіркесінен кейде лексикалық (боз торғай, темір жолшы, жер май), кейде синтаксистік тіркес жасалады. Синтаксистік тіркестің екі түрі бар: негізгі сөз бен көмекші сөздер тіркесіп, бірі бірінің грамматикалық мағынасын толықтырады (мыс.: үйге таман, есіктің алды, оқи бастады, оқып кетіп бара жатыр еді), ал толық мағыналы екі сөз тіркесіп, жаңа грамматикалық мағына пайда болады (мыс.: ашық аспан, кең жайлау, бригадирдің көмегі, жолдасына көмектесу).
Осындай, екі сөзді тіркестіріп жаңа сөз жасау үшін емес және де бір сөздің грамматикалық мағынасын дәлдеу, толықтыру үшін емес, косымша, ж а ң а грамматикалық мағына тудыру үшін тіркескен
7
сөздер тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі де, басқалары «түйдекті тіркес» деген топқа енеді. Сөз тіркесінің құрамындағы екі сөздің екеуінің де дербес лексика-грамматикалық мағыналары болады.
Бір сөз басқа сөзбен қарым-қатынасқа енбей жеке тұрған қал-пында сөйлем мушесі болмайды; тіркескен сөздердің қосымша мағыналары олардың құрамының лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді.
Сөз тіркесінің бір белгісі — жаңа грамматикалық мағына туды-ратын сөздер тобы болатындығы. Екінші белгісі — кемінде толық мағыналы екі сөзден құралып, оның бірі бағыныңқы, екіншісі басыңқы болады да, әр уақытта сабақтаса байланысады. Осыларды ескеріп сөз тіркесіне мынадай анықтама беруге болады:
Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобын сөз тіркесі д е й м і з.
Сөздер өз ара тіркесу арқылы сөйлем құрамына енеді. Сондықтан
сөз тіркестері — сөйлем құраудың шоғырланған материалдары. Соны ескертіп, оларды сөйлемнен тыс тұрған қалпында да, сөйлем құрамында да қарастыруға болады. Сөйлем ішінде бір сөз тіркесінің бір сыңары (кейде екеуі де) екінші сөз тіркесінің бір сыңарымен синтаксистік қатынасқа еніп, олар өз ара ұласып, ұштасып жатады. Мысалы: бұл өзеннің маңы өмірі малдан арылған емес деген сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар. 1. Бұл өзен; 2. Өзеннің маңы арылған емес; 3. Өмірі арылған емес; 4. Малдан арылған емес, Сөз тіркестерін осылай сөйлемнен бөліп алып, оқшау тұрған қалпында қарастырсақ, жалаң сөздердің жайылмаға айналуы тәрізді де, сөйлем ішінде — ұласқан ойды білдіретін сөздер тізбегінің бір бунағы тәрізді. Екеуінің жігі екі түрлі болып та кетеді, мыс.:

ж а й ы л м а б у н а қ


бұл өзен бұл өзеннің маңы
өмірі арылған емес омірі малдан арылған емес.
малдан арылған емес

Сөйлемдегі сөздер бунақ құрамында жайылмаға айналған сөздер тобы болып ұғынылмай, сөз тіркесінің қосақтаулы жігі білінбей, өз ара ұласып, ұштасып кетеді. Бұдан сөз тіркестерін сөйлем ішінен бөлшектеп шығарудың қиындығын аңғаруға болады. Сонда да сөз тіркестерін өздерінің өмір сүру орталығы — сөйлем құрамында және сөйлемнен бөліп алып та қарастырамыз. Мұның ғылми тірегі мынада:


Сөз тіркестерінің ішкі және сыртқы байланысы болады;
біріншіге сөздердің дараланған тіркес аясында ғана байланысы жатады, екіншіге сол тіркес құрамындағы сөздер басқа сөздермен байланысып, ол бір сөз тіркесінің құрамында басыңқы болса, сол сөз екінші сөзбен байланысып оның бағыныңқысы болуы мүмкін. Мысалы, жұмыстың қызығына берілді дегенде, жұмыстың қызығы, қызығына берілді деген екі сөз тіркесі бар. Мұнда қызығына сөзі алдыңғыда басыңқы да, соңғысының құрамында бағыныңқы. Мұндайды сөз тіркестерінің грамматикалық ішкі және сыртқы байланысы дейміз.
Сөйлемдегі бірқатар сөздер өз ара тек мағыналық байланыста жұмсалады да, грамматикалық байланыста тұрмайды. Мысалы, Ай-


1 Мұндай бастауыш-баяндауыштық қатынастағы сөздер тобының сөйлемдік қасиеті айқын болғандықтан және қайталақтау болмау үшін бұдан былайғы талдауымызда оларды жай сөйлем синтаксисінде қарастырамыз.
8




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет