ғ а ұлық қаққанға (Абай). Алдыңғы сөйлем құрамындагы өзі жоқта үйірлі пысықтауышы тек бастауыш пен баяндауыштан ғана құралган болса, соңғы сөйлемдегі арқаға ұлық қаққанға үйірлі пысықтауыш құрамында олардан басқа тұрлаусыз мүше де (арқаға) бар.
Пысықтауыштар мағыналық жағынан, негізінен, алты топқа бө-лінеді. Олар: мезгіл, мекен, мақсат, амал, себеп, мөлшер пысықтау-ыштар.
Мезгіл пысықтауыш
Мезгіл пысықтауыш мүше істің істелген, істелетін мезгілін, немесе істің басталған мерзімін, әлде бітетін мерзімін әр түрлі мағыналық мәнерін білдіреді. Мезгіл пысықтауыштардың бір тобы ешқандай конкреттігі жоқ мезгіл-мерзімді білдірсе, енді бір тобы бір шама дәл мерзім-уақытты білдіреді. Ол кеше келді. Ол сағат бесте келді дегенде кеше сөзінен гөрі сағат бесте дейтін тіркестің біршама дәл уақытты білдіретіні айқын. Кеше — кез-келген күн болуы да мүмкін және оның қай мерзімі екендігі де белгісіз. Сағат бесте деген болса, онда дәл қай мерзім екендігін көрсете алады.
Мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер әр алуан және ол сөздерді осы қызметке икемдейтін грамматикалық формалар да әр түрлі. Ең алдымен мезгіл пысықтауыш болатын сөздер, әрине, мезгіл үстеулері. Сонымен қатар бұл қызметте мезгіл мәнді зат есім-дер, қимыл-процесті білдіретін сөздер, көсемшелер, сын есімдер, не-гізгі сөздер мен көмекші сөздер тіркесі, т. б. қолданыла алады.
Мезгіл үстеулерінің біразы конкретсіз мезгіл-мерзімді білдіретін мезгіл пысықтауыштар жасайды, мыс.: Оқыста сыртқы есік ашылды да, Мағышқа тура қарама-қарсы қарап, үйге кіріп келе жатқан Абай көрінді... (Әуезов).
Кейбір мезгіл үстеулері біршама анық, біршама шектелген мезгіл-мерзімді білдіретін пысықтауыш жасайды, мыс.: ...комендант жаздай құрғақ айқаймен жүрді де, қыс түскесін үні өшті (Еруба-баев). Қ а р а ң ғ ы іңірде өзеннің арғы бетінен таныс белгі беріл-ген дауыс естілді (Мүсірепов).
Мезгіл үстеулерінің ешбір конкретсіз уақытты, әлде біршама шектелген, біршама анық мезгілді білдіруі олардың этимология-сымен ұштасып жатады. Оқыста, қапелімде, жөппелдемеде тәрізді сөздер ешбір конкретсіз мерзімді білдіретін болса, жаздай, қыстай, күздей тәрізді сөздер олармен салыстырғанда біршама айқын мерзімді білдіретіні белгілі.
Мезгіл үстеулерінің мағынасын конкреттеп, дәлдеудің, сөйтіп біршама айқын мерзімдік үғым берудің бір тәсілі — оларды өз ара тіркестіріп қолдану болады. Мұндай реттерде жалпы мағыналы сөз-ден соң біршама шағын мерзімді білдіретін сөз қолданылады, мыс.; Б ы л ты р а л а ж а з д а й серілік құрып ел қыдырып, қыз-келін-шекпен сауық-сайран салмадым ба (Әуезов). Жүмыскерлерді кеше кешке қонақ етіп, бүгін қоштасып қалғалы тұр (Мүсірепов). Е р- т е ң таңертең тағы сол күй басталды (Әуезов).
Мезгіл пысықтауыш қызметінде жиі кездесетін сөздер — зат есімдер. Мұндай қызметте мезгіл мағыналы зат есімдермен қатар әр түрлі құбылыс, процесс аттары болатын зат есімдер де қолданыла алады.
Мезгіл мәнді зат есімдерге мысалдар: Көктемде бұл жел игілік желі (Әуезов). Жас уақытта көңіл гүл (Абай). Осы к ү з г е Құнанбай тағы да бір топ жанды қырына алыпты... Бұл күніңнен мынадай алдамшылық, қиянаткерлік, зұлымдыққа барған соң,
88
ілгеріде кім боласың (Әуезов). Құбылыс, процесс аттары, әлде абстрактілі ұғым беретін зат есімдер, көбінесе, жатыс септікте тұрып мезгіл пысықтауыш болады. Мысалдар: Егесте сойыл соғар, е с е д е құм қабар (мәтел). Ж а у ы н д а... басқалар жатса да, малшы жатпайды (Мұстафин). Таршылықта қайраңдап, К еңшілікте ойраңдап, Көп батырға қалдыңыз (Абай). Мұндай сөздер кейде өз «анықтауышымен» бір топ құрап барып мезгіл пысықтауыш болады, мыс.: Ал, Инеш болса бұл с а б а қ т а алдыңгы столға отырғысы келді (Шаймерденов). Қ ы с қ ы кү й з е л і с т е Игілік кіресіне ілесіп көшіп келген. ...мына боранда қашып құтылғылары келеді (Мүсірепов). Бұл сөйлемдер ішіндегі мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалған сөз тіркестері бұл сабақта, қысқы күйзелісте, мына боранда. Негізгі мән зат есімдерде (сабақ, күйзеліс, боран) болса да, дәл осы қызметте оларды «анықтауыштар-дан» бөліп, дара қарастыруға келмейді. Жатыс, кейде көмектес септік жалғауларында келіп кейбір сапалық сан есімдер де мезгіл пысықтауыш болады. С а л қы н д а әлсіреп, өздігінен өліп қырыла бастайды (Әуезов). Қараңғыда қорқытқан күшті дүрсілді жарық- т а көзімен бір көргісі келіп артына қарады Жамал (Мұстафин). Бірінен бірі қызық романдарды күндіз оқуға тоймай, түн ж а р ы - ғ ы м ен де оқығысы келеді (Әуезов).
Жатыс септікте -ған, -ар тұлғалы есімшелер мен сан есімдер де мезгіл пысықтауыш қызметінде қолданыла алады. Қазір қоштасар-да мен саған осыны ғана айтып қалармын (Мүсірепов). Т уғанда дүние есігін ашады өлең (Абай).
Есімшелік тұлғалар бұл қызметте өзіне бағынышты сөздермен бір тіркесте тұрып та қолданылады: Бет-аузын с ө з сөйлерде жүз құбылтып қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ (Абай). Сусап ж ү р г е н д е көзіміз қайта-қайта түскен (Мүсірепов).
Достарыңызбен бөлісу: |