Біз ауылға қайтамыз дейміз, ауыл бізге келеміз дейді (Мүсірепов).
Бұл екі сөйлемнің алдыңғысы соңғыдан жеті еседей көлемді, бірақ соған қарамастан ол — жай сөйлем. Ал, кейінгі, алдыңғыдан әлдеқайда ықшамдылығына, шағындығына қарамастан, құрма-лас сөйлем. Өйткені алдыңғы қанша көлемді болғанымен, сөйлемдік сипаты бар элементтерге, бөлшектерге жіктеле алмайды, ал соңғы ондай бөлшектерге жіктеле алады. Олай болатын болса, с ө й - л е м құрмалас болу үшін өз ішінен сөйлемдік бөлшектерге бөлінуі шарт.
Бірақ құрмалас сөйлем жай сөйлемдерден құралады дегенге қарап, оны кез келген жай сөйлемдердің кездейсоқ тіркесе салған тобы деп түсінуге болмайды. Құрмалас сөйлем — компоненттері бір-бірімен органикалық байланыста, берік бірлікте тұратын және біріне-бірі бағынышты, өз ара шарттас болып келетін мағыналық күрделі бір бүтін. Оның құрамындағы компоненттер сөйлем деп аталғанда-рымен әдеттегі дербес жай сөйлемдермен бір емес. Егер әдеттегі жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да аякталған ойды білдіретін, өз алдарына бір бүтін болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компоненттері интонациялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайтын, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады.
148
Ол бөлшек өзі сияқты басқа бір бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бір бүтін бола алады. Егер ол бірліктері бұзылса-ақ, олар өздерінің алғашқы мәндерін, құрмалас сөйлем құрамында тұрғанда-ғы мәндерін жояды. Мысалы: Балапандар қанаттанғанша, дәуіт те қанаттанады (Мұқанов) деген құрмалас сөйлем — осы тұрған қалпында екі бөлшектен құралған бір бүтін. Оның бір жартысы балапандар канаттанғанша болса, екінші жартысы — дәуіттің де қанаттанатындыгы. Бұл екі жартының бірігіп бір бүтін болып тұрғандағы білдіретін мағынасы олардың жеке-жеке тұрғандарын-дағы мағыналарындай балапандардың немесе дәуіттің қанаттана-тындығы жайында емес, солардың қанаттануларының бір мезгілдің ішінде болатындығы жайында. Ал, бұл екі компоненттің бірлігі бұзылатын болса, осы негізгі мағына жойылады. Сонымен бірге, әр компоненттің формалық және интонациялық ерекшеліктері де өзгереді. Дәл осы жөнінде профессор В. А. Богородицкийдің өзінің «Орыс тілінің жалпы курсы» деген еңбегінде айтқан мына пікірі өте орынды. Ол кісі құрмалас сөйлем компоненттерінің өз ара байла-нысты бір бүтін екемдіктерін айта келіп, сөздің морфологиялық бөлшектерінің сөзден тысқары өмір сүре алмайтыны, тек сөзбен бірге ғана қолданылатыны сияқты, құрмалас сөйлемнің бөлшектерінде де дербестік болмайды, олар өз ара бірлесіп барып бір бүтін болып тұрады дегенді айтады.
Айтайын деген ойдың өзіндік ерекшелігіне, контекстіге қарай құрмалас сөйлем де түрленіп отырады: ол бірде екі компонентті, бір-де үш компонентті, кейде одан да көп компонентті болып келеді. Мыс.:
1. Көмір де осы, отын да осрі (Мүсірепов). Базарбай атының ба-сын бұрғанша, жас балалар анталап қарсы барып та жетті (Майлин).
2. Қолда қамшым жоқ еді, тұсаумен басқа бір тартып жіберіп едім, екіншісі қолдап кетті (Есенжанов). Батар күн бар жарығын сол сорлыға ғана төгіп, өзге дүние қараңғыда қалғандай, Нәзікеш сол жаяудан басқа еш нәрсені көре алған да жоқ (Мүсірепов).
3. Тіс кімде, күш кімде, бәрі соның қолында, таразы да сол (Мү-сірепов). Іші қабысып, жүрегі қарайып, көзі бұлдырап, өлім сағатын күткендей ыпыны кетіп отыр (Майлин).
4. Астыңда ауыздығымен алықцан жарау торы ат болса, бес қа-руың түгел бойыңда асулы болса, ат шапқанда, алдыңнан қарсы жел есіп, жүрегің тасып, қуанғаннан өзіңді өзің ұмытады екенсің (Майлин).
Бұл келтірген мысалдардың біріншісіндегі салалас сөйлем де, сабақтас сөйлем де екі компонентті болса, екінші мысалдағылар үш компонентті, үшінші мысалдағылардың әрқайсысы төрт-төрт компо-нентті болып келген. Ал, ең соңғы төртінші мысалдағы сабақтас сөй-лем құрамында бес компонент бар.
Құрмалас сөйлемнің бір келтірілген құрамдарының қолданылу дәрежесі біркелкі болмайды. Жазу тәжірибесінде бұлардың жиі кездесетін түрі — екі, үш компонентті түрлері, төрт, бес және одан да көп компонентті түрлері сирек кездеседі. Ал, поэзияда, әсіресе, жыр түрінде келетін өлеңдерде компонент саны он шақтыға дейін кете береді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |